Азақстан Республикасы Ішкі істер басқармасы бастығығының жұмысының құзыреті

Кіріспе

Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында мемлекеттің міндеті – азаматтардың іскерлік белсенділігін жүзеге асыруына барынша мүмкіндік туғызу екенін, осы мақсатта ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңін бастау керектігіне баса мән берді. «Елу жылда ел жаңа» демекші заңнамалық базаның заманға қарайжетілуі, өзгеруі заңдылық іс. Бұл мақсатта мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша Қылмыстық-процестік кодекс Президенттің қол қоюымен өмірге жолдама алды. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.{1}

Жалпы, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Елбасы Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі «Құқықтық саясат» тұжырымдамасына сәйкес болуы шарт. Ал бұл тұжырымдамада қылмыстық заңнаманы халықаралық келісімдермен сәйкестендіру және заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізудің маңыздылығы қарастырылған болатын.{2}

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазіргі кезде, Қазақстанда өркениетті экономиканы құру және демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезінде маңызды роль мемлекеттік қызмет органдарына, сондай-ақ құқық қорғау органдарына тиесілі. Осыған байланысты, тергеу органының бөлім бастығы құзіретін, кейде тергеуші мұдделерін атқарып бөлім бастығы қылмыстық істі тергеуде заңды сақтай отырып айыпталушының кінәсін анықтап, оны қылмыстық жауапқа тарту үшін істі қозғап тергеу әрекеттерін жұргізу мәселелері қаралған.

Тергеу, тергеушілер құзретінің проблемасын зерттеумен әр кезеңдерде Ресей ғылым-заңгерлері, Воронин Э.И. , Газетдинов Н., И Гуляев А.П., Гуткин И.М., Радутная Е.С..Фаткуллин Ф.Н.,Строгович М.С.. және т.б-ларының еңбектері арналды.

Қылмыстық құқықтық қазақстандық теориясында тергеуші құзреті

мәселесі келесідей ғалымдардың: Е.О. Алаухановтың, Е.І.Қайыржановтың, М.Ш.Қоғамовтың, Доспулов Г.П. Н.А БекбергеновтыңЕ.В.Курбовтың, А.Х. Миндагуловтың, М.С.Нарикбаевтың, М.О.Нүкеновтың, У.У Нурмашевтың. Н.Ж Апахаевтың. Р.К.Судакованың. Б.Қ.Төлеубековың және т.б. еңбектерінде айтылып кетті. Сонымен, жоғарыда айтылғандар осы зерттеудің мақсатына алып келеді – тергеушінің өкілеттіктерінің мәні және олардың жүйесін. процессуалдық дербестігінің түсінігі тергеу бөлімінің бастығы және анықтау органдарымен тығыз байланыста ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстарды тергеу және олармен күресуде туындалған проблемалары айқындалады.

Зерттеудің мақсаты және міндеттері.

Осы зертеулердің мақсаты болып тергеу бөлімінің басшыларының тергеу құзыреті ретіндегі:

1) тергеу жұмысын ұйымдастыу;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша уақтылы ден қоюға, жедел-тергеу топтарының оқиға орындарына кідіріссіз шығуын қамтамасыз ету;

3) тергеушілерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету, жұмыстың оң тәжірибесін, заманауи ғылыми әдістерді тарату және енгізу, тергеушілердің кәсіби даярлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар міндетті түрде көздеді;

4) тергеу бөлінісінің жұмыс жоспарларын және жоғарыда тұрған органдардан келіп түскен бақылау тапсырмалардың орындалуын бақылауды;

5) тергеу бөлінісінің қызметін, оның жедел және ішкі істер органдарының және өзге де қызметтерімен, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдарымен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіруді;

6) анықтау органының басшысы ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үшін жедел-тергеу топтарын құру міселлерін зерттеп, қарап шығу.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

1. Қылмыстық істі өзінің өндірісіне қабылдау, оқиға орнын қарап тексеру, кейінге қалдырылмайтын жедел-іздестіру іс-шараларын, тапсырмаларды, нүсқауларды орындаудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, тергеу әрекеттерінің келісілген жоспарын дайындау және заңды процестік шешім қабылдау құқықтық аспектілерін зерттеу;

2. Келісілген жоспар қылмыстық құқық бұзушылықты тергеудің барлық кезеңдерін қамту;

3. Тергеу және іздестіру болжамдарын көрсету;

4. Тексеру үшін анықтауға жататын деректер ұғымын анықтау;

5. Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шаралар қабылдауға, қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамды күдіктінің әрекетін саралау, оған бұлтартпау шарасын таңдау белгілерін талдау;

6. Қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын баяндап, жиналған дәлелдемелерді сипаттай отырып, айыптау актісін құру арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асыру барысында туындайтын проблемаларды анықтау;

7. Көзделген жағдайларда прокурорды процестік келісімді жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы көздейтін заңдарды жетілдіруге байланысты ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеудің объектісі және пәні.

Талданып жатқан проблемаға кешенді қарау концепциясына сәйкес, дипломдық зерттеудің объектісі болып тергеу бөлімінің басшының қылмыстық іс бойынша оның құзіреті: тергеу жұмысын ұйымдастыру. жедел-тергеу топтарының оқиға орындарына кідіріссіз шығуын қамтамасыз етугу, тергеушілерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету, тергеу іс әрекеттерін жұргізу.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі.

Танымның диалектикалық тәсілінің базалық ережелері,сондай-ақ арнайы зерттеу әдістерінің жиынтығы: талдау, синтез, тарихи-құқықтық, жүйелік-салыстырмалы, статистикалық, формальды-логикалық, гипотеза құрайды.

Зерттеудің нормативтік барысы.

Нормативті негізі болып: Қазақстан Республикасының Конституциясы, 20 қыркүйек 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясы; "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы. Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу бөліністерін ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы.Жаңа Жалпы, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Елбасы Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі «Құқықтық саясат» тұжырымдамасы.

2015 жылдан бастап жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексі және Қылмыстық процестік кодексі.

Сонымен қатар, осы зерттеудің нормативтік базасы болып қылмыстық, процестік, әкімшілік, азаматтық заңдар саласындағы, сондай-ақ жедел ідестірі, сараптама саласындағы нормативтік актілер танылады.

Теориялық негізін зерттеу проблемасына қатысты: философия,мемлекет және құқық теориясы тарихы, қылмыстық құқық саласындағы ғылыми еңбектер құрайды. Нормативтік барысын Қазақстан Республикасының Конституциясы, отандық қылмыстық және қылмыстық- процестік заңдардың дерек көздері, нормативтік құқықтық актілері және басқа да заңға сәйкес актілері.

Қорғауға шығарылатын, тұжырымдар:

1) Қылмыстық iс жүргiзу заңы процесске қатысушылардың тергеу бастығының, тергеуші ретінде мiндеттi болып саналатын, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiн тағайындауы, қылмыстық-процестік кодексінің қағидаларын негiзге ала отырып, қылмысты тергеуде қолданылатын тактикалық нұсқауларды, тергеу іс әрекеттерін дайындайды.

2) ҚР ҚПК-нiң кейбiр баптары, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiне тергеу бастығына қатысы бар тактикалық шешiмдi таңдау құқығын тергеушiге ұсынған. Осылайша, ҚР ҚПК-нде, “тергеу бастығы қажеттi деп санаса, тергеу- әрекеттерін, жалпы қылмыстық істі өзінің өндірісіне алу, оны аяғына дейін тергеп, айыптау актісін шығарып, істі прокурорға жіберу тұралы мәселелер қаралған. Мұндай кезде тергеу бастығының тергеу әрекеттерін жүргізі тергеушіменен құқығы бірдей екендігін көрсету мәселелері қарастырылған.

Зерттеу үрдісі тактикалық тәсiл нақтылы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында қолданылып, оның тәртiбi қылмыстық iс жүргiзу заңымен рәсiмделедi.

Жоспарлау, тергеушiнiң қылмысты тергеу қызметiндегi ұйымдық бастамасы болып саналады. Жоспар және тергеулiк болжам тергеудiң дұрыс бағытын анықтайды, оны мақсаттылықпен қамсыздандырады және қылмыстың тез арада, толымды түрде әшкерленуiне жол бередi. Iстегi дәлелдемелерге терең және ойшыл талдау жүргiзу нәтижесiнде шығарылған болжам арқылы, тергеудiң дұрыс бағыты анықталады.

Жоспарлау мазмұнын анықтай отырып, тергеу бөлімінің бастығы тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:

1) тергеулiк болжамдарды дайындау;

2) анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;

3) осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;

4) осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт.

Тергеушінің тергеу ірекеттері заңға сәйкес дайындалады. Айыпкер, куә және басқа да iс жүргiзуге қатысушылардың заңды мүдделерi мен құқықтарын бұзуға бағытталған тергеу тәсiлдерi, заңдылық талаптары және шыңайылық қағидаларымен бiр қатарда тұра алмайды.

Қылмыстық iс жүргiзуде қорқыту, алдау, зорлық жасау және адамның намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын қимылдар орын алмау керек. Iс бойынша шыңайылыққа жету, тек заңдылық талаптарын бұлжытпай орындаған кезде ғана мүмкiн болады.

Жұмыстың құрылымы және көлемі.

Жұмыстың құрылымы негізі мақсатында және зерттеу пәніне жауап береді. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылап, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

азақстан Республикасы Ішкі істер басқармасы бастығығының жұмысының құзыреті

Наши рекомендации