Рухани қауіпсіздік» ұғымына түсінік
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Л- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Леуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
CӨЖ
Тақырыбы: Жаһандану кезіндегі қоғамның рухани қауіпсіздігі
Абылдаған: Мамытканов Д.К
Орындаған: Қалдыбек С.Т
Алматы-2017
Жоспар
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. «Рухани қауіпсіздік» ұғымына түсінік
2. Рухани қауіпсіздіктің түрлері
3. Жаһандану кезіндегі рухани қауіпсіздік
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қоғамдағы тұрақтылықтың басты кепілі – рухани қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы.
Қауіпсіздік– жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары;
Қауіпсіздік - 1) қауіп-қатерлерден қорғаные; 2) нысанның, қүбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, қүбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті; 3) аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы; 4) қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге үшырауы мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы; 5) қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі); 6) басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы. "Қауіпсіздік" үғымын осылайша түрлендіру, оның адам өмірінің көптеген нысандарына, процестеріне, қүбылыстарына қатысты қолданылуына байланысты.
Қоғамның рухани қауіпсіздігінің кепілі ұлттық құндылықтар болып табылады. Ұлттық құндылықтар материалдық және рухани құндылықтардан құралады. Қоғамның рухани құндылықтарына тіл, дін, салт-дәстүр, өнер, дүниетаным мен тарих жатса, жеке тұлғаның рухани құндылықтарына адам денсаулығы, психикасы, санасы, тілі, дүниетанымы мен діни көзқарасы, материалдық әл-ауқаты жатады. Рухани құндылықтар адамның руханиятын құрайды. Руханият – рационалды зайырлылық пен иррационалды діндарлықтың тепе-тең үйлесімі. Руханиятты дінсіз түсіну мүмкін емес. Дегенмен руханият пен діндарлықты бір-біріне теңестіріп қарастыру да орынсыз. Руханият – адамның көңіл-күйі мен қоғамдағы қарама-қайшылықтардың үйлесімді қосындысы. Ол қоғам дамуының идеологиялық бағытын көрсететін, адам болмысының ерекше түп негізі.
Рухани қауіпсіздік» ұғымына түсінік
Рухани қауіпсіздік –адамның рухани экологиясын қорғау, қоғамның ең маңызды өлшемдерін қорғайтын шарттар жүйесі. Бұл өлшемдерден шығу қоғамның біртұтастығын бұзады, оның рухани-адамгершілік негіздерін құртады.
Наполеон: «ар-ұяттың төмендеуі – мемлекеттің саяси тұтастығын құлдыратады» деген сөздері бекер айтылмаған. Егер ұлттық рухтың ұясы – тіл десек, тілінен, ділінен, мәдениетінен айырылған ел, мемлекет болудан қалады. Сондай-ақ, рухани қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің ерекше құраушы бөлшегі. Руханилық ұлттық қауіпсіздіктің ұйытқысы. Рухани қауіпсіздіктің объектісі адамдардың әлемді, табиғатты және қоғамдық болмысты қабылдауындағы сезімдері, бағыт-бағдарлары.
Рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегі шарттарды орындау керек:
1) қазақ тілін дамыту, оны әлемдік тілдер қатарына қосу, өркениет тіліне айналдыру.
2) мәдени, рухани-адамгершілік, тарихи салт-дәстүрлерді сақтау және дамыту.
3) халықты рухани тәрбиелеу негізінде мемлекеттік саясатты жүргізу» [1].
Қазақстан Республикасының негізгі 18 ұлттық мүдделерiнің қатарында қоғамның материалдық және рухани-имандылық құндылықтарын сақтау мен еселей түсу мүддесі орын алған. Аталмыш ұлттық мүдде қоғамның мәдени, діни, ғылыми, білім беру, ақпараттық, идеологиялық, психологиялық қауіпсіздіктерін қамтитын жүйелі, тұтас, жалпыға ортақ, бірегей рухани қауіпсіздік саласына жатады. Рухани қауіпсіздікті тек діни немесе мәдени қауіпсіздік деп түсінуге болмайды. Рухани қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздіктің бір тармағы болып табылатын қоғамдық қауіпсіздіктің бір саласы ретінде қарастырған жөн. Рухани қауіпсіздік қоғамның заманауи руханиятының, тұлға, қоғам мен мемлекет мүдделерінің сақталғандығының, дәстүрлі рухани құндылықтардың (адамгершілік, парасаттылық, сұлулық), әсіресе тұлға, топ және көпшілік санасының сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалғандығының жай-күйі болып табылады. Рухани қауіпсіздіктің объектілеріне ұлттық сана-сезім, қоғам өмірінің жалпыға ортақ дәстүрлері, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын қолдау қызметінде көрініс табатын ұлттың моральдық-психологиялық бірлігі жатады. Рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек мемлекеттік мекемелер мен органдардың айрықша құзыреті ғана емес. Оның субъектілеріне сонымен қатар қоғамның отансүйгіш азаматтары мен институттары, бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлттың рухани құндылықтарын сақтап байыта түсуді көздейтін қоғамның барлық патриоттық күштері мен белсенді зиялыларының мақсатты түрдегі қызметі болып табылады. Бұл қызмет әлеуметтік мәселелер кешенді әрі жүйелі түрде зерделенген жағдайда ғана тиімді болмақ.
«Ұлттық қауіпсіздіктің міндетіне елдің негізгі, өмірлік аса маңызды мүдделері – ұлттық дербестікті, аумақтық тұтастықты, халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйе түрінде танылады: ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекетің өзі де жоқ.