Коммуникативті дағдылардың дәрігер эпидемиологтарға қажеттілігін айтып беріңіз
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А. Линкольн айтпақшы әрбір есі кіріп, етек жап-қан адам-белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады.
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару - ол әр дәрігердің міндеті болып табылу керек.
Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану - «Ақ халатты абзал жандар» деп атан-ған дәрігердің парызы деп санауымыз қажет.
Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.
Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет.
Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды құрайтын биологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр түрлі болуы қайталанбас психикалық көрініс құрайтын тәуелділікке байланысты.
Дәрігердің мамандығы – ерлік.
Ол төзімділікті,қайсарлықты, жанның тазалығы мен ақыл ойдың ізгілігін, ішкі болмысының негізін қажет етеді,үздіксіз өнегелі қасиеттерін бойына сіңіре білген маман иесі ғана мақсатына жете алады.
Дәрігер ауру адамға моральдық жағынан да қолдау көрсету қажет. Дәрігер мен ауру адамдардың арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жүйеге түсу үшін дәрігердің де бойында адами қасиеттер болғаны дұрыс.
Күйзеліске түскен жандардың ең басты емі - жан жылуы екендігін жақсы түсінуіміз тиіс.
Коммуникативтік дағдыларды қолдану үшін науқастарды емдеудің жаңа технологияларын қолданысқа енгізіп,оның нәтижелі болуына көп көңіл бөліп,сапалы көрсеткіштерге қол жеткізуге үлес қосуымыз қажет.
Адам неғұрлым талантты, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, шығармашылығын, тапқырлығын үстей береді, сөйтіп оның еңбегі жігерлі еңбек болады.
«Басы ауырып, балтыры сыздаған» кез келген адамға қол ұшын бере алатын, көмек қолын соза алатын құдірет иесі біреу-ақ, ол – дәрігер.Жанары жәутеңдеген, ағзасын ауру меңдеген науқас адамға ерекше көңіл бөлу, рухани дем беру, дертіне шипа беру, жан жылуын сыйлау- әрбір дәрігердің парызы болғанын қалар едім.
Ежелгі грек философы Сократ айтқан екен:
«Жанды емдемей, тәнді емдей алмайсың» деген ұлағатты ойы есіме түседі осындайда.
Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлық.
Сол кезде жүрек сыздап, көңіл құлазитын кездер де кездесіп тұрады.Үстіне ақ желең киіп отырып, есіктен енді еніп үлгірмеген сырқатты сыздана қарсы алып, ызғарымен ықтыратын дәрігерлер де кездеседі:
-Алатыным аз айлық. Сенің асты-үстіңе түсіп бәйек болатын уақытым жоқ. Тезірек ауыратын жеріңді айт,- деп дікеңдейтін де дәрігерлер бар.
Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде,сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан әрбір дәрігер жақсы маман болумен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болу қажет деп ойлаймын.
Әр адамның мүддесі болады. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы амалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Сол секілді науқас адамның бойындағы жігерлікті, қайраттылықты жүрегіне ұялата алсақ, қажеттілікті сезіндіре білсек, психикалық тіршілігінің маз-мұнын байытатын қозғаушы күш болып табыламыз.
Әрбір науқас қуанышқа жетуге, ауруынан айығуға ұмтылады. Оған жетудің сенімді жолы - ойлау жүйесін бақылай білу. Ол сыртқы факторлар мен жағдайларға да байланысты,әрі қасында жүрген адамдардың да қарым-қатынасына да байланысты.
Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Кім жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа жеткісі келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.
Адам – ақыл ойы бар қоғам мүшесі. Сондықтан оның психикалық қасиеттері қоғамдық тұрмыс жағдайларының шешуші әсері арқылы қалыптасады. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Қазіргі күрделі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен бірге адамдардың түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет.
Адамдармен қарым-қатынасты орнықтыру үшін мәдениеттілікті басты назарда ұстау қажет. Адамдардың ішкі рухани әлемінің маңыздылығын, адамгершілікті жетілдіру қажеттілігін жете түсіну де керек. Ал дәрігер клиникада коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдаланғанда ғана философиялық концепцияларды терең түсінуге жол ашады. Дәрігер науқастардың әрқайсысына дұрыс қарым-қатынас орнату үшін жоғарыда айтылған дағдыларды ескеру қажет.
Блок