КурстыҢ саясаты жӘне оҚытушыныҢ кҮтуі

ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Негізгі әдебиеттер:

1. Абульханова –Славская К.А. Деятельность и психология личности.- М.: Наука, 200

2. Божович Л.И. Избранные психологические труды: Проблемы формирования А.Г. Психология личности / Под ред. Д.И.Фельдштейна.- М.: Междунар. пед.акад., 1995

3. Хьелл Л. Зиглер Д. Теории личности. Спб., 2001.

4. Ковалев А.Г. Психология личности. – М.: Просвещение, 2005

5. Психология «Адамзат ақыл-ойының қазынасы». 10 томдық: Л.С. Выготский. Мәдени- тарихи тұжырымдама. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары. Алматы: «Таймас» баспа үйі, 1- том 2005. – 464 б.

6. Маслоу А. Мотивация и личность. – СПб.: Евразия, 1999

7. Мельников В.М., Ямпольский Л.Т. Введение в экспериментальную психологию личности: Учеб.пособие. – М.: Просвещение, 2001

8. Небылициын В.Д. Избранные психологические труды/ Под ред. Б.Ф.Ломова.- М.: Педагогика, 2000

9. Е.Иманғалиев «Жеке тұлғаны әлеуметтік- психологиялық болжау әдістері» Фолиант- 2008

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 2000.

2. Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии. М.: Просвещение, 1986.

3. Немов Р.С. Психология: В 3 т. М.: Просвещение, 1995.

4. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология: учебник. М.: Академия, 1998

5. Практикум по экспериментальной и прикладной психологии./Под ред. А.А. Крылова/Л.: Изд-во ЛГУ, 1990.

6. Превин Л.А., Джон О.П. Психология личности: Теория и исследования. М.: Аспект-Пресс, 2000.

КУРСҚА СИПАТТАМА

Тұлға психологиясына кіріспе» курсы адамның іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін, заңдылықтарын, нақты фактілері болып табылады. Психология сонымен қатар психологиялық ғылымның методология мәселелерін, пәнаралық байланысын зерттейді. Тұлға психологиясына кіріспе жалпы психологияның маңызды бөлігі және сонымен бірге дербес ғылыми сала. Оқу пәні ретінде ол адам тұлғасының дамуы мен қызмет етуі, құрылымы қамтылған. Тұлға психологиясына кіріспе – едәуір қарқынды дамып келе жатқан ғылым. Тұлға психологиясының пәні мен пән аралық байланыстары: З.Фрейдтің, В.Джеймстің, А.Маслоудың, К.Роджерстің, Г.Олпорттың, Б.Г.Ананьевтің, В.С.Мерлиннің, Л.И.Божовичтің, С.Л.Рубинштейннің үлесі. Тұлға психологиясына кіріспе практикалық психологиямен тікелей байланысты.

Пәннің мақсаты алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.

Пәннің оқыту міндеттері:

1) тұлғаның басты индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің негізі туралы;

2)индивидуалды-психологиялық айырмашылықтардың ғылыми-психологиялық негіздері туралы;

3) тұлғаның индивидуалды-психологиялық және жеке-дара ерекшеліктерінің мазмұны туралы фактлерді білу.

Оқыту барысында студенттер негізгі білімдерді меңгеріп, келесі маңызды іскерліктер мен дағдыларды иеленуі қажет:

- студенттердің танымдық, тұлғалық сипаттамалармен таныстыру;

- студенттердің танымдық қызметін дамыту;

-психологиялық білімнің негізгі түсініктерімен, бағыттарымен, заңдылықтарымен таныстыру;

- психодиагностикалық білімдерді психологияның түрлі салаларында қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.

ОҚУ МАҚСАТЫ

Оқытуда күтілетін нәтижелер

«Тұлға психологиясына кіріспе» курсын меңгеру нәтижесінде студент білуі тиіс:

1. Психологиядағы және шектес ғылымдардағы тұлға теорияларына анализ жасай алу;

2. Тұлғаның өмір сүруінің негізгі формаларын саралай білу;

3. Эксперименттік және қолданбалы психологиядағы тұлғаның танымдық психикалық процестерді зерттеу әдістері мен негізгі заңдылықтарын;

4. Тұлға психологиясындағы ғылыми-ұғымдар негізі жайлы психологиялық білімдерді;

5. Жеке тұлғаны әлеуметтік- психологиялық болжау әдістерін жүргізе алу;

6. Тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі тұлғалық ерекшеліктерді саралай білу;

7. Тұлға жайлы түсініктердің жалпы ерекшеліктерін;

8. Тұлғаның құрылымына психологиялық талдау жасау.

9. Тұлғаны ғылыми зерттеудің аспектілерн саралай білу.

ДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ФОРМАТ

Курс форматы 30 контактілі сабақ ұсынады, сабақ барысында өзекті сұрақтарды талдау және сараптау жүргізіледі, өткен материалдарға байланысты тестік жұмыстар, шағын топтар негізінде міндеттерді шешу, шағын кейстер, диагностикалық шараларды ұйымдастыру, іс- тәжірибелік жұмыстар көрсету, слайд-презентациялар құрастырып, тренингтер жүргізу. «Таза үстел» негізіндегі глоссарий диктант, «Графикалық тірек конспектісі», «Ойлы (ақылды) сұрақ», «Психологиялық марафон» сияқты оқытудың белсенді әдістемелері негізінде басталады.

БАҒАЛАУ

Барлық студенттерге екі рейтинг қойылады:

Р1 –1нші 8 нші апта аралығында

Р2 – 9 нші 15 нші апта аралығында

Барлық оқу кезеңі барысында мынандай жүйе қолданылады «үш рет сабақ босату» - бір кредиттік сабақ бойынша студент контактілі сабақтың үшеуін босататын болса, ол студент емтиханға жіберлімей автоматты түрде рейтинг алмайды.

Рейтинг күнделікті алған бағалары негізінде төмендегідей формулада есептелінеді:

Рейтинг = (Сабақ барысындағы бақылау шараларына байланысты орташа бағалау *0,5) + (СӨЖ тапсырмасы бойынша орташа бағасы * 0,4)+ (Шағын-емтихан бағалауы*0,1)

Емтихан формасы —жазбаша, бір теориялық және бір практикалық тапсырмадан тұрады.

Қорытынды бағалау төмендегі формула бойынша есептелінеді:

курстыҢ саясаты жӘне оҚытушыныҢ кҮтуі - student2.ru

И – қорытынды баға; Р1 – рейтинг 1; Р2 – рейтинг 2; Э – емтиханда алған бағасы.

СӨЖ тапсырмалары бірнеше апта дайындалуды талап ететіндіктен 10 пунктте көрсетілген кестедегі мерзімде тапсырылуы тиіс, мерзімінен кейінгі жұмыстар қабылданбайды.

Бағалау шкаласы

Осы курс бойынша бағалау «КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ, Жоғары Экономика Мектебінің каталаогтағы схемасына сәйкес бағаланады. Төменде бағалау шкаласы ұсынылған:

Әріп жүйесі бойынша баға Балл Проценттік мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлық емес

КУРСТЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫНЫҢ КҮТУІ

“Тұлға психологиясына кіріспе” курсын меңгеру нәтижесінде студенттер тұлға психъологиясының өзекті мәселелерін, тұлғадағы биологиялық пен әлеуметтік өзарай байланысын, тұлғаны индивидуалды қасиеттерін зерттеу стратегиясын, тұлғадағы мотив,мотивация және іс әрекет пен бағыттылығын, тұлғаның әлеуметтік психологиялық теорияларымен жеке тұлғаны әлеуметтік болжаудың әдістері жайлы біле алады. Оқылған ақпараттар негізінде студент танымдық психикалық процестердің дамуына байланысты қойылған мәселені өз бетімен шеше білу, оқу және ғылыми психологиялық әдебиеттермен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру, теориялық және эксперименталдық психологиялық зерттеулерді өз бетімен құрастыра алу дағдысының болуы.

Осы пәнді сәтті меңгеруде оқу және ғылыми әдебиеттерді меңгеру, жеке тақырыптарға байланысты баяндама, рефераттар,слайд- презентациялар, өз бетінше зерттеулер жүргізе алу.

Аралық бақылау формалары: өзекті міндеттерді шешу, тестілеу, бақылау сабақтарындағы ауызша сұрау, жазбаша бақылау жұмыстары, рефераттар және т.б дайындау.

Студенттің өздік жұмысы төмендегідей формада жүргізіледі:

- Оқу құралдары мен, ақпаратты әдебиеттермен және коспект негізінде;

- Эссе жазу, презентация жасау;

- Жазбаша шығармашылық жұмыстар (белгілі бір кейіпкер немесе шынай өмірдегі бақылау барысына психологиялық талдам).

Наши рекомендации