Біреу я бірдеме жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады».
–Бір–біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу.
– Сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемнің оқылуын таныстыру. Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыруға жаттықтыру.
4.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
– Өлеңді мәнерлеп оқыту.
– Өлең мазмұнын талдау.
– Марал қандай сұрақтар қойды? Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылғанын айту.
– Маралдың сұрақтарына жауап беру.
5. Дәптермен жұмыс.
2-жаттығу.
– Өлеңді дауыс ырғағына келтіріп оқу.
– Сөйлемдердің қайсысы сұраулы мағынада айтылып тұр? Қай сөйлемдер сұрақтарға жауап беріп тұрғанын анықтау.
Сұрау мағынасында айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу.
– Ережені оқып таныстыру.
3-жаттығу. Шығармашылық жұмыс.
– Сызба бойынша сөйлем құрап жазу.
4-жаттығу.
– Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру.
– Жауаптарын дәптерге жазу.IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.– Бүгін біз сөйлемнің қай түрімен таныстық?–Сұраулы сөйлем қалай оқылады? – Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айтылады екен?– Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? –Мысылдар келтіру, талдау.
– Кесте арқылы хабарлы сөйлем туралы алған білімдерін қорытындылау.
V.Үйге тапсырма беру: 5-жаттығу. 83 бет.
VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай алып, бағалау
Тексерілді:
Күні: Пәні: қазақтілі Сынып: 2« »
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем . (2) Сабақтың мақсаты: БілімділікОқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру; сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;сұраулық мағыналы сөздерге жауап жаза білуге үйрету. Дамытушылығы: Зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.Өз беттерінше жұмыс істей білу дағдыларын арттыру. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу, бір-бірімен қатынас жасауда түсінікті сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:кесте, жұмыс дәптер. суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психожаттығу жасату.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
– Үй тапсырмасын тексеру.
–Хабарлы сөйлемге байланысты түсініктерін сұрақ–жауап арқылы бекіту.
ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын таныстыру.
2.Сұраулы сөйлемнің өзіндік белгілері туралы түсініктерін пысықтау.
- Сұраулы сөйлем сұраулық мағананы білдіреді.
- Сұраулы сөйлемде сұраулық мағынаны білдіретін сөзкөтеріңкі дауыспен айтылады.
- Жазғанда сқраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.
3.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
– Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқу.
– Сөйлем соңындағы тыныс белгісінің қойылуын түсіндіру.
– Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудару.
4. Берілген анықтаманы оқытып, талдау.
5.Дәптермен жұмыс.
2-жаттығу. Тақтамен жұмыс.
– Сөйлемдерді оқу.
– Жақшаның ішіндегі сөздер бірге жазыла ма, әлде бөлек жазыла ма анықтау.
– Жақшаны ашып, дұрысын жазу.
– Тиісті жерге сұрау белгісін қою.
3-жаттығу.
– Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жазу.
5-жаттығу.
–Екі баланың арасындағы сұрақ–жауапқа құралған диалогты жазу.
IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.
– Бүгін біз сөйлемнің қай түрімен таныстық?–Сұраулы сөйлем қалай оқылады? – Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айтылады екен?– Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? –Ережені хормен оқыта отырып, сабақты қорыту..
– Кесте арқылы хабарлы сөйлем туралы алған білімдерін қорытындылау.
V.Үйге тапсырма беру: 4-жаттығу. 84бет.
VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай алып, бағалау
Тексерілді:
Күні:27.11.14 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем .(1) Сабақтың мақсаты: БілімділікОқушыларға лепті сөйлем жайлы түсінік беру.
Адамдар көңіл –күйі, қуанышы, өкініші, реніші т.б сезімдерді лепті сөйлемдер арқылы білдіретінін меңгерту. Дамытушылығы: Зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.Өз беттерінше жұмыс істей білу дағдыларын арттыру. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу, бір-бірімен қатынас жасауда түсінікті сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.