Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы:
Сабақтың тақырыбы әдебиет теориясына байланысты өтілген материалды практикалық жағынан меңгеруге құрылады. Халықтық сөз мұраларын, олардың жанрлық түрлерін тек теория тұрғысынан меңгерту мүмкін емес. Сондықтан да ол ұғымдар әр түрлі талдаулар, салыстыру және басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста меңгертіледі.
Аудиториядан тыс жұмыстар:
Қазіргі оқу орындарындағы сабақ жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, практикалық сабақтағы аудиториядан тыс жұмыстар студенттердің өздігінен ізденуіне, өз тарапынан жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Бұл тапсырма жүйесі бір сабақ бойында меңгеруге мүмкіндік болмай қалған жағдайда студенттің өз бетімен ойлануына, тұжырым жасауына, ой қорытуына тигізер әсері мол.
Аудиториялық жұмыстар:
Қазақ әдебиетінен практикалық сабақтағы аудиториялық жұмыстар талдауға негізделеді. Осы бөлімде сол талдау жұмыстарының жүргізілу деңгейі, яғни сабақта жаңа зерттеулер мен бағдарлама жүйесінің сабақтастығы бір-бірімен тығыз байланыста өткізіледі.
Негізгі қаралатын мәселелер:
Әдебиеттің практикалық сабақтары тек талдау жұмыстарымен ғана шектелмейді. Білім жалаң меңгерілмес үшін, орындалатын талдау жұмыстарына орай практикалық сабақта қарастырылатын теориялық мәселелердің жүйесі ұсынылады.
Сабаққа тірек болатын мысалдар:
Қарастырылатын мәселеге орай орындалатын талдау жұмыстары алдымен үлгі ретінде ұсынылады. Көркем шығарманың мәтіні дайын күйінде студенттерге ұсынылғаннан кейін біраз жаңа тақырыпқа бейімделген студенттер келесіде талдау жұмыстарын өз тараптарынан орындай бастайды.
Түйін:
Әрбір практикалық сабақтың соңынан сол сабақта қарастырылған теориялық мәселеге қатысты және орындалған талдау жұмыстарына байланысты студенттер өздері ой қорытып, шағын ғана қорытынды жазады.
Практикалық сабақ №1. Ұлы дала ұланы
Қаралатын мәселелер:
1. Ілияс өмірінің жарқын беттері
а) Ілияс және Мамания мектебі
ә) Ілияс Алматыда
б) Ілияс Мәскеуде
в) Ілияс Қызылордада
г) Ілияс Алматыда
2.Ілияс жайлы естеліктер және олардың әдеби-танымдық мәні (Аңызға бергісіз ғұмыр. Естеліктер жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш. Талдықорған,2014ж.)
3. М.Әуезов, Т.Қожекеев, Ә.Нарымбетов, Р.Бердібай Ілияс шығармашылығы жайлы.
Әдістемелік нұсқау: 1сұрақ бойынша хабарлама, 2 сұрақ бойынша талдау, 3 сұрақ бойынша конспект дайындап келу.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Иманғазинов М. Жан қайығын жарға ұрдым. Алматы, 1994ж., Аңызға бергісіз ғұмыр. Естеліктер жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А. Талдықорған, 2015ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Дария кеуде, тау мүсін. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А., Ілияс тағылымы. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А.
Практикалық сабақ №2. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңі
Қаралатын мәселелер:
1. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөліміндегі ағаш түрлері.
2. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөліміндегі шөп түрлері.
3. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жалпы сын», «Жетісуда су суреті» бөлімдері
4. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Тау суреті» бөлімі
5. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» «Жетісу жәндігі» бөлімі
Әдістемелік нұсқау: Әр тарау бойынша жеке-жеке әдеби-танымдық слайд жасау, қорғау.
1. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөлімінде аты аталатын ағаштарға анықтама беріңіз, слайд жасаңыз.
Ағаш түрлері: қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар, шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, шырғай, тораңғы, сары ағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, бауырқұрт, қараған, бозқараған, шеңгел, шілік және т.б.
Жетісу суреттері
Жер түгі
Ағашта өзің білген қарағай, тал,
Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.
Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,
Ақ сасыр, қызыл қайың, барша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар,
Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен,
Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар;
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік
Сықылды ағаштардың талайы бар.
Биікте бітед шөптен сарыкүйік,
Тістеніп жатыр жұлып малы сүйіп,
Қымызын сарыкүйіктің ішеміз деп,
Албандар қоныстайды құстай биік.
Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, ендік, мейіз, киізкиік,
Аңшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра қисық иық,
Балдырған, уқорғасын, атқұлақты
Елік жүр сонысында соны қиып,
Жұлкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр.
Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.
Мыңтамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ,
Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоқайна, меңдуана, сора, шақпақ,
Ішінде сол қурайдың сұлу солар,
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ,
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінед жуалар мен таусарымсақ.
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,
Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.
Өріске біткен осы өңкей сүтгің
Ішінде бір сүйкімсіз отыр бір-ақ:
Қалақай қара тарғыл ол айтқаным,
Сүйеді сүйкенгенді шымшып, бұрап.
Өзге жан өмірі оған жоламайды,
Төңбекшіп түйе жесе қалар құлап.
Шалқиды шалғын көлдің қамысындай,
Атқұлақ Тасарықтың тарысындай
Үш қырлы, сұлу сырлы айылқияқ,
Кіндігі қырғыз ерме қамшысындай.
Селтеңдеп сепсе қурай сырға қадап,
Саржағал сәлемдесед танысындай.
Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез,
Шалма орап мұсылманның абызындай.
Құс таңдай самал соқса сыбырласад,
Әзілді әйел, ажын-абысындай.
Солармен судырласып ойнайды жел,
Дүрмектің көкпар тартқан шабысындай.
Неше елді аттандырған құтгы қоныс
Әлі тұр әсемдігі таусылмай.
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісудың бәрі сондай!