Азақстан Республикасы Ішкі істер департаментінің тергеу қызметінің тарихы
Қазақ ССР-нің 1963 жылдың 6-сәуірінде КСРО Қоғамдық тәртіпті қорғау министрлігінің құрамында тергеу органдары құрылғаннан кейін ішкі істер басқармасында тергеу бөлімі ашылып, қылмыспен күрестегі қиында, әрі қатерлі жолын бастады. Осы уақыттан бастап қылмыстың алдын алу және оны ашу, әрі сапалы тергеуде аянбай еңбек еткен тергеушілердің қоғамдық тәртіптің нығаюына қосқан үлестері орасан зор.
1970 жылдан бастап тергеушілер ҚІІБ және АІІб-нің құрамына кіре бастады. Бұл тергеу аппаратының ІІМ құрылымдық орнығуының аяқталуы болып есептелінеді.
Кейінгі 20 жыл ішінде тергеу құрылымдары ІІМ құрамында үздіксіз қызметерін атқарып келуде және айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.
1987-1988 жылдары ҚСРО ІІМ бірқатар мемлекеттер аймағында, сонымен бірге Қазақстанда да тергеу құрылымдарын өз алдына бөлектеу жөнінде тәжірибе жүргізді. Оның негізгі мәнісі тергеушілер ҚІІБ және АІІб-нің штатына қайта бөлініп, ІІБ-ның құрамына тергеу бөлімдері болып кіріп, ауданаралық тергеу бөлімін, бөлімшелерін және топтарын құру болып табылады.
Алайда, аталған тәжірибе ұйымдастыру, материалдық, психологиялық жағынан оңтайлы бекітілмегендіктен ІІМ-нен бөлініп, өз алдына бөліктенетін мүмкіндік жөніндегі негізгі мәселені шеше алмауы себепті 1988 жылы тоқтатылған.
1995 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тергеу комитеті құрылып, оның құрамына ІІО-ғы алдын-ала тергеу, прокуратурадағы тергеу қызметтері, сонымен бірге оперативті-іздестірумен айналысатын қызметтер кірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 5 қарашасындағы «ҚР құқық қорғау органдары жүйесін қайта құруды жалғастыру шаралары» туралы Жарлығымен МТК органдары таратылып, ІІМ жүйесінде Тергеу департаменті құрылған, сөйтіп алдын-ала тергеу органдары қайта қалыптасты.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа ҚІЖК-і шығып, онда алдын-ала тергеу жүргізу құқығы ІІМ, ҰҚК және салық полиция органдарына берілді. Іс негізінде Республика ІІО тергеу құрылымдары болған қылмыстың 90 пайызы бойынша алдын-ала тергеу жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнге өз тарихындағы кезекті бетін ашты. Ұдайы маман кадрлардың жетіспеушілігіне қарамастан, ІІМ тергеу құрылымдарында қай кезде де жоғары дәрежелі кәсіп иелері, тамаша тәжірибелі тергеушілер мен басшылар болды. Көптеген тергеу саласының қызметкерлері әр кезеңдерде басқармасы бастығы қызметтерін атқарған. Олардың ішінде Қызылорда. {3}
Облыстың тергеу құрылымын басқарып, облыстық ішкі істер органдарында тергеу құрылымының құрылып, қалыптасып дамуына, тергеу саласының мамандары майталмандарын, тәжірибелі, жоғары білімді, жаңа криминалистикалық құралдармен жарақтанып, онымен үздік жұмыс жүргізе алатын, қылмыспен күресте алға қойған мақсат - мүддеге жете алатын тергеу мамандарының қуатты құрамын жасақтауға өз үлестерін, білім және тәжірибелерін аянбай жұмсап абырой биігінен көрінген, тергеуші қызметінен өскен басшылар көп болды.
ҚР-да тергеу құрылымында әр кездері білікті, жоғары дәрежелі мамандар, төл ісіне керемет берілген тамаша тергеушілер мен тәжірибелі басшылар болды.
Көптеген тергеушілер өздерінің іскерлігінің нәтижесінде басшылық қызметтерге көтеріліп, қазіргі кезде арамызда қызмет атқаруда.
ҚР-ың Тергеу басқармасы құрылымдарының тергеушілері негізінен өздеріне тапсырылған қылмыспен күрес саласында нәтижелі еңбек етуде. Тергеу органдары қаншама қилы-қилы қиындықтарды бастан кешсе де тіршіліктің қара қазанында қайнап, қанаты қатайып, өміршеңдігін көрсетті. Ішкі істер органдарының тергеушілері қылмыстың қандай да ауыр түрі болса да сапалы, объективті түрде жүргізе алатындықтарын толықтай дәлелдеді.
Бүгінгі таңда қызмет атқарып қылмыстық іс жүргізіп, азаматтардың қылмыс туралы арыз-шағымдары бойынша дер кезінде заңды шешім қабылдап, кінәлі адамның жауапкершілігін айқын анықтап, қатардағы азаматтарға келтірілген мүліктік, моральдық залалдардың қалпына келуін қамтамасыз етуде.
Алдын-ала тергеу органының алдына қойылған тапсырмаларды орындау үшін мамандандырылған түп тамыры мықты және білікті де білімді тергеушіні өз қызметінде бекіту қажет.
Ішкі істер Тергеу басқармасында, статистика және аймақтық бөлімнің бастығықтары өз қызметi барысында жинақтаған тәжiрибесiн талдап ұйымдастыруда, жас тергеушiлерге үлгi болып келедi. ҚІІБ-сы және барлық АІІб-рі тергеу құрылымдарының жұмысына талдау жүргізіп, тәжірибелік көмек көрсетуде және күрделі қылмыстармен қозғалған қылмыстық істер бойынша нұсқаулар беруде.
Сонымен қатар, Тергеу басқармасының алдын-ала тергеу бөлімінде тергеушілерінің өндірісіндегі барлық қылмыстық істер бойынша тиісті нұсқаулар беріп, істер мен құжаттар бойынша уақытылы және заңды процессуалды шешім қабылдауына ықпал етеді, іс жүргізуде заң бұзушылықтарды болдырмауға, қылмыстық істердің сапалы жүргізілуіне бағытталған жұмыстарды өз дәрежесінде атқарады.
Ілгергі кезеңде де тергеушілердің негізгі жұмысы: қылмыстық іс жүргізуде заңдылық пен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, қылмыстық істердің тергеуін сапалы және заңда көрсетілген мерзімде жүргізіп, 2012-2015 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмыспен күрес жүргізуге бағытталған Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды орындауда сүбелі жұмыстар жүргізу мақсат - уақыт талабы. {4}