№ | Тақырыптың атауы | Тақырып бойынша тапсырмалар | Ұсынылатын әдебиеттер | СОӨЖ өткізу нысаны | СОӨЖ өткізу аптасы |
| Қылмыстарды саралаудың түсінігі және маңызы (1 сағат) | Сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз: ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімі баптарының ескертулеріне сілтеме жасау саралау болып табыла ма? Ескертудің қылмыстық-құқықтық норманың құрылымында алатын орнын анықтаңыз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Жазбаша жұмысты тексеру | |
| Қылмыстарды саралау үдерісі (2 сағат) | 1. Ғылыми мақалаларды конспектілеңіз: 1) Андреев Б., Бушуев Г. Компьютерная программа квалификации преступлений //Законность. - 1994. - С.41-44. 2) Кузнецова Н.Ф. Законодательные причины квалификационных ошибок //Вестник МГУ. Серия Право. -2005. - №6. 2. Сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз: Тергеуші мен соттың саралау жөніндегі тәжірибелік қызметіне олардың құқықтық білім деңгейі мен істің өзге қатысушыларының психологиялық ерекшеліктері әсер ете ме? Әділет органдарындағы еңбекті ұйымдастыру деңгейінің, қылмыстарды тергеу мен сотта қарау барысында техникалық құралдарды қолдану көлемінің, өзге де факторлардың (атап айтқанда қандай) саралау үшін маңызы бар ма (бар болса нақты қандай)? | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Конспект пен жазбаша жауаптарды тексеру | |
| Қылмыстарды саралаудың әдістемелік негіздері (1 сағат) | Сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз: Нақты қылмыстық істің мысалында өмірде орын алған оқиғаның қандай белгілерінің саралау үшін маңызы бар екенін көрсетіңіз; олардың қайсысының өзгеше қылмыстық-құқықтық маңызы бар; қайсыларының қылмыстық-іс жүргізушілік және криминалистикалық маңызы бар? Осы оқиғаның ешқандай құқықтық маңызы жоқ мән-жайын атаңыз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Жазбаша жауаптарды тексеру | |
| Қылмыс құрамы саралаудың құқықтық негізі ретінде (1 сағат) | 1. Ғылыми мақаланы конспектілеңіз: Кострова М.Б. О "языковом" толковании уголовного закона //Правоведение. - 2002. - №3. 2. Жазбаша тапсырманы орындаңыз: Мына қылмыс құрамдарының белгілерін атаңыз: а) ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚР ҚК 180-бабы); б) өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚР ҚК 102-бабы); в) адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (ҚР ҚК 113-бабы); жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзу (ҚР ҚК 142-бабы); г) көрiнеу заңсыз ұстау(ҚР ҚК 346-баб. 1-бөл). Осы қылмыстардың субъектісі, объектісі, объективтік және субъективтік жақтары туралы мәліметтерді қайдан алғандарыңызды түсіндіріңіз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Конспект пен жазбаша жауаптарды тексеру | |
| Қылмыс құрамының белгілері (2 сағат) | 1. Ғылыми мақаланы конспектілеңіз: Кобзева Е.В. Оценочные признаки у уголовном законе: результаты экспертного опроса. //Правоведение. - 2002. - №2. 2. Жазбаша тапсырманы орындаңыз: Келесі қылмыс құрамдары белгілерінің мазмұнын ашу үшін Қылмыстық кодекстен өзге қандай нормативтік құқықтық актілерге жүгіну қажет: «Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi» (ҚР ҚК 305-бабы); «Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату» (ҚР ҚК 227-бабы); «Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету» (ҚР ҚК 356-бабы)? Осы қылмыс құрамдарының нақты қай белгілерін бланкетті немесе бағалаушы белгілердің қатарына жатқызар едіңіз? Бұл құрамдарда тұрақты белгілер бар ма? | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Конспект пен жазбаша жауаптарды тексеру | |
| Ұқсас қылмыс құрамдарын ажырату ережелері (3 сағат) | Жазбаша тапсырмаларды орындаңыз: 1. Келесі қылмыстардың жұптары бірдей тәсілмен жасалуы мүмкін бе: адам өлтіру және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; бандитизм және жаппай тәртіпсіздіктер; көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру және жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу; бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру және бұзақылық? Бұл қылмыстар арасында объективтік жақтың өзге белгілері бойынша айырмашылық жүргізуге бола ма? Бұл қылмыстарды кешенді ажыратудың сызбасын жасаңыз. 2. Келесі қылмыс жұптары субъективтік жақтары бойынша өзара несімен ерекшеленеді: абайсызда қаза келтіру және абайсызда денсаулыққа зиян келтіру; мемлекеттік құпияны жария ету және алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету; бас бостандығынан заңсыз айыру және көрiнеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау; абайсызда қаза келтіру және қауіпті жағдайда қалдыру? Осы ерекшеліктерді сызба түрінде бейнелеңіз. 3. Қарақшылық, пара беру, пара алу, еңбек қорғау ережелерін бұзу қылмыстарының мысалында, егер субъект қылмыс құрамның жекелеген объективтік белгілерін (шабуылдың қауіптілігі, мүліктің тиесілігі және т.б.) ұғынбаған болса, оның әрекеттерін қалай саралау керек екенін көрсетіңіз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Жазбаша жауаптарды тексеру | |
| Нормалардың бәсекелестігін саралау ережелері (1 сағат) | 1. Ғылыми мақаланы конспектілеңіз: Иногамова-Хегай Л.В. Понятие конкуренции уголовно-правовых норм //Правоведение. - 2001. - №2. 2. Жазбаша тапсырмаларды орындаңыз: 1) Келесі баптардың жұбын қарастырыңыз: «Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану» (ҚР ҚК 308-бабы) және «Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу» (ҚР ҚК 256-бабы); «Өзiнше билiк ету» (ҚР ҚК 327-бабы) және «Лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемдену» (ҚР ҚК 309-бабы); «Заңсыз кәсіпкерлік» (ҚР ҚК 190-бабы) және «Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет» (ҚР ҚК 266-бабы). Аталған жұптар өзара бәсекелесе ме? Олардың қайсысы арнайы, ал қайсысы жалпы норма болып табылады? Олардың қайсысының және қандай жағдайларда екіншісінің алдында басымдығы бар? 2) Бүтін мен жартының бәсекелестігі тұрғысынан келесі қылмыстарды саралау үшін сіз Қылмыстық кодекстің қай бабын таңдар едіңіз: сәтсіз аяқталған тонауға оқталу әрекеттері барысында жәбірленушіге соққы беру; болашақта қарақшылық шабуыл жасау үшін заңсыз тапанша сатып алу; медициналық қызметпен заңсыз шұғылданған адамның осы қызметтен зардап шеккен адамға көмек көрсетпеуі; жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдана отырып, талан-тараждау мақсатынсыз мотоциклді айдап кету? Өз шешімдеріңізді негіздеңіз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Конспект пен жазбаша жауаптарды тексеру | |
| Қылмыстардың көптігін саралау (1 сағат) | 1. Мына қаулыларды конспектілеңіз, сұраққа жауап беріңіз: 1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» нормативтік қаулысы; 2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысы. Оларда қылмыстардың көптігін саралаудың қандай жалпы ережелері тұжырымдалған? 2. Жазбаша тапсырманы орындаңыз: Бір қылмыста Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында көзделген ауырлатушы мән-жайлар болған жағдайларда қылмыстарды саралаудың жалпы ережесін тұжырымдаңыз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Конспект пен жазбаша жауаптарды тексеру | |
| Қатысып жасалған қылмыстарды саралау (2 сағат) | 1. Қаулыны конспектілеңіз, сұраққа жауап беріңіз: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы №2 «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы. Қатысып жасалған қылмыстарды саралаудың осы қаулыда тұжырымдалған жалпы ережелері Жоғарғы соттың жекелеген қылмыстарды саралау мәселесі бойынша қабылданған нормативтік қаулыларында қалайша өрбітіледі? | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Конспект пен жазбаша жауаптарды тексеру | |
| Саралауды өзгерту (1 сағат) | Жазбаша тапсырманы орындаңыз: Қылмыстық заң өзгерген және істің фактілік мән-жайлары өзгерген жағдайларда қылмыстарды қайта сараалудың ортақ белгілерін және айырмашылығын көрсетіңіз. Қайта саралаудың екі жағдайға да қолдануға болатын жалпы ережесін тұжырымдаңыз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Жазбаша жауаптарды тексеру | |
| Барлығы: 15 сағат | | | | |