G.химиялық өндірістер 1 страница
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
білім алушылардың білімін, біліктілігі мен дағдыларын
бағалау үшін
( тесттер)
аралық аттестаттау (қорытынды бақылау)
Мамандығы: : Қоғамдық денсаулық сақтау (бакалавриат)
Мамандығының коды:5В110200
Пәні: «Еңбек медицинасының негіздері»
Пәннің коды:OМT 5347
Кафедра: Кәсіби аурулармен гигиеналық пәндер
Оқу сағаттарының/кредиттер*135 часов 3 кредита
Курсы:5 курс
Семестр: 9-10 семестр
Актөбе, 2015
Жауабымен 378 тесті
1. Еңбек медицинасы:
А. өндірісте зиянсыз және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру мақсатында химиялық факторлардың организмге әсерін зерттейтін еңбек гигиенасының бөлімі
B.организмге жеке өндіріс факторлары мен еңбек процесінің, сонымен қатар олардың қосарланған әсер етулерінің заңдылықтарын зерттейтін және алдын алу шараларын қарастыратын еңбек гигиенасының бөлімі. +C. адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың тиімді құралдарын практикалық қызметте пайдалану, кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын анықтау мақсатында жұмысшылардың денсаулығына еңбек сипаты, еңбек жағдайларының әсерін қарастыратын профилактикалық медицинаның бөлімі
D. Сауықтыру нұсқаулары мен санитарлық ережелерді жасау мақсатында өндірістің жеке салаларында жұмысшы денсаулығы мен жұмыс қабілетіне еңбек жағдайларының әсерлерін кешенді зерттейтін гигиенаның бөілімі
E.Адам және оның еңбектегі психикалық әрекетін зерттейтін психологиялық ғылымның саласы
2.Еңбек медицинасының мақсаты:
+A. еңбек адамының денсаулық жағдайын жақсарту
B. қоршаған орта жағдайын басқару
C. адамның денсаулық жағдайын басқару
D. еңбек адамын емдеу
E. адам денсаулығын зерттеу
3. Еңбек медицинасы туындады:
А. ХХ ғасыр 80-ші жылдардың басында
В. ХХ ғасыр 80-ші жылдардың аяғында
+С. ХХ ғасыр 90-ші жылдардың басында
Д. ХХ ғасыр 90-ші жылдардың аяғында
Е. ХХ ғасыр 70-ші жылдардың басында
4. Еңбек медицинасы келесі пәндер базасында туындады:
А. еңбек гигиенасы
В. терапия және кәсіби аурулар
С. эпидемиология және кәсіби аурулар
+Д. еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар
Е. эндокринология және кәсіби аурулар
5. Еңбек медицинасы – медицинаның келесі саласына жатады:
А. ішкі аурулар саласы
B. терапия және хирургия сабақтас мамандықтар
С. теориялық медицина мамандықтары
Д. клиникалық медицина мамандықтары
+Е. Профилактикалық және емдеу медицинасының интеграцияланған саласы
6. "Еңбекті қорғау" анықтама беріңіз:
А. Еңбек процесінде адамның жұмыс қабілеттілігін және денсаулығын сақтауға
бағытталған заңнамалық актілердің жүйесі
В. Емдік-алдын алу шаралары және гигиеналық, техникалық, ұйымдастыру,
әлеуметтік-экономикалық жүйесі
+ С. Еңбек процесінде адамның жұмыс қабілеттілігін және денсаулығын сақтауға
бағытталған, емдік-алдын алу шаралары, құралдары және гигиеналық, техникалық,
ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық заңнамалық актілердің жүйесі
Д. Зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын немесе азайтатын техникалық тәсілдер және ұйымдастыру іс-шаралары жүйесі
E. Еңбек процесінде адамның денсаулығын сақтауға бағытталған заңнамалық актілердің
жүйесі
7. Еңбекті қорғауда негізгі талап етілетін құқықтық құжаттар:
+А. ҚР Конституциясы, «Еңбек туралы» заң, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы заң
В. Шарт, азаматтық құқық, ҚР Конституциясы
С. Қылмыстық кодекс, ҚР Конституциясы, «Еңбек туралы» заң
Д. Бұйрық, «Еңбек туралы» заң, қылмыстық кодекс
Е. Азаматтық құқық, қылмыстық кодекс, шарт
8. Еңбекті қорғау бойынша нормативтік актілерге жатады:
+А. Санитарлық ережелер, нормалар, еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар
В. Қылмыстық кодекс, ҚР Конституциясы, «Еңбек туралы» заң
С. Азаматтық құқық, қылмыстық кодекс, шарт
Д. Шарт, азаматтық құқық, ҚР Конституциясы
Е. Кодекс, санитарлық ережелер, нормалар
9. Еңбекті қорғау қамтиды:
А. жол қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін
В. ауыр жұмыстарда еңбекті нормалау, өндірістік қауіпсіздігін
+С. техника қауіпсіздігін, өндірістік, санитарлық және өрт қауіпсіздігін
Д. еңбек процесін ұйымдастыру, санитарлық қауіпсіздік
Е. технологиялық процестерді өңдеуді
10. Гигиена және еңбекті қорғауда негізгі талап етілмейтін құқықтық құжат:
А. ҚР Конституциясы
+В. "Салықтарды төлеу туралы" ҚР Заңы
С. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы заң
Д. «Еңбек туралы» заң
Е. Гигиеналық нормалар
11. Еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік тексеріс нәтижесі толтырылады:
А. толтырылмайды
+В. актілермен
С. талап арыздармен
Д. бұйрықтарымен
Е. арыздармен
12. Жұмыс берушінің қауіпсіздік әдістері мен тәсілдеріне барлық жұмысқа қабылданатын адамдарды оқытуды ұйымдастыруға міндетті мерзімі:
А. жұмысқа қабылдағаннан кейін үш күн ішінде
В. еңбек шартын жасасқаннан кейін бір апта ішінде
С. жұмысқа қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он бес күн ішінде
Д. жұмысқа қабылдағаннан кейін жиырма күн ішінде
+Е. жұмысқа қабылдағаннан кейін бір ай ішінде
13. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады:
+А. Қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығы
В. Еңбекті қорғау саласындағы қызметті үйлестіру
С. Бірыңғай нормативтік талаптарды белгілеу
Д. Еңбекті қорғау талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау және бақылау, еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Е. Қоғамдық бақылаумен бірлесіп, еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау және бақылау
14. Еңбекті қорғаудың негізгі міндеттері болып табылады:
+А. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және тұрақты ұстап тұру
В. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету
С. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау
Д. Еңбекті қорғау туралы заңдардың орындалуын қамтамасыз ету
Е. Мекеменің әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
15. Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігін үздіксіз бақылауды қамтамасыз ететін және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты үйлестіріп ұйымдастыратын:
А. кәсіпорын басшысы
В. заң кеңесшісі
С. сала басшысы
+Д. еңбекті қорғау жөніндегі инженер
Е. кәсіподақ комитетінің төрағасы
16. Ұйымдағы еңбек қорғау қызметінің міндетті түрде құрылуы және еңбек қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізу, қызметкерлердің саны .... болғанда, заңнамада қарастырылады.
А. 10-нан астам адам
В. 30-дан астам адам
+С. 50-ден астам адам
Д. 100-ден астам адам
Е. 150-ден астам адам
17. Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациядан өткізу мерзімдері:
А. 3 жылда 1 рет
+В. 5 жылда 1 рет
С. 6 жылда 1 рет
Д. жыл сайын
Е.тоқсан сайын
18. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқауларды қайта қараудың мерзімдері:
А. 3 жылда 1 рет жұмыстары мен кәсіптерінің барлық түрлері үшін
В. 3 жылда 1 рет, ал жоғары қауіпсіздікті талап ететін кәсіптегі немесе жұмыстағы қызметкерлер үшін 1 жылда 1 рет
С. 5 жылда 1 рет жұмыстары мен кәсіптерінің барлық түрлері үшін
+Д. 5 жылда 1 рет, ал жоғары қауіпсіздікті талап ететін кәсіптегі немесе жұмыстағы қызметкерлер үшін 3 жылда 1 рет
Е. 6 жылда 1 рет жұмыстары мен кәсіптерінің барлық түрлері үшін
19. Еңбек қауіпсіздігі жөнінен білімін тексеру және оқыту мерзімділігі:
А. жылына 1 рет
В. 2 жылда 1 рет
+С. 3 жылда 1 рет
Д. 5 жылда 1 рет
Е. 6 жылда 1 рет
20. Еңбекті қорғау талаптары жөнінде барлық қызметкерлердің білімін тексеру рәсімделеді:
А. Ведомоспен және басшысының бұйрығымен
+В. Басшысының бұйрығымен бекітілген хаттамамен
С. нұсқаманы есепке алу журналына жазылуымен
Д. басшысының бұйрығымен бекітілген тізіммен
Е. рәсімделмейді
21. Жұмыс орындарын аттестациялау барысы мен сапасын бақылайды:
А. еңбек гигиенасы бойынша дәрігер
+В. еңбек жөніндегі мемлекеттік инспектор
С. прокурор
Д. өрт сөндіруші
Е. кәсіподақ комитетінің төрағасы
22. Еңбекті қорғау қызметі құрылады:
+А. өндіріс бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар, жоғары білімді мамандармен
В. өндіріс бойынша кемінде 1 жыл жұмыс стажы бар, жоғары білімді мамандармен
С. өндіріс бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, жоғары білімді мамандармен
Д. өндіріс бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, орташа техникалық білімді мамандармен
Е. өндіріс бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар, арнайы орта білімді мамандармен
23. Еңбекті қорғау саласындағы қызметкердің міндеттері:
А. Берілген арнайы киімдерді. сақтауды қамтамасыз етуге
В. еңбек және демалыс режимін сақтауға
С. жұмыс орнында авариялық жағдайларды болдырмау шараларын дереу қолдануға
+Д. жұмыс орындауда қауіпсіздік әдістері мен тәсілдеріне оқытудан өтуге
Е. жұмыс орнында жазатайым оқиғалар болғанда дереу шаралар қабылдауға
24. Ерлер үшін көтеретін және қозғалтатын ауырлық салмағы жеңіл еңбекте болуы керек:
+А. 15 кг дейін
В. 16 кг дейін
С. 20 кг дейін
Д. 25 кг дейін
Е. 30 кгдейін
25. Ерлер үшін көтеретін және қозғалтатын ауырлық салмағы ауыр еңбекте болуы керек:
А. 17 кг дейін
В. 20 кг.
С. 27 кг.
+Д. 30 кг көп
Е. 70 кг.
26. Ерлер үшін көтеретін және қозғалтатын ауырлық салмағы орташа ауырлықтағы еңбекте болуы керек:
А. 15 кг
В. 20 кг
+С. 30 кг дейін
Д. 35кг.
Е. 40 кг дейін
27. Ауыр жұмыстар орындауға арналған шектеу ... жастағы адамдар үшін қолданылады
+А. до 18 лет.
В. до 19 лет.
С. до 20 лет.
Д. до 21 лет
Е. до 25 лет.
28. 18 жасқа толмаған жұмысшылар жұмысқа қабылданбауы қажет, яғни тасымалдау немесе көтеруде ауырлық салмағы мынадан жоғары болғанда:
А. 3,0 кг
В. 3,5 кг
+С. 4,1 кг
D. 4,3 кг
Е. 4,5 кг
29.14-ден 16 жасқа дейінгі жұмысшылар үшін қысқартылған жұмыс уақыты болуы керек:
А. аптасына 8 сағаттан көп емес
В. аптасына 8 сағаттан кем емес
С. аптасына 12 сағаттан көп емес
+D. аптасына 24 сағаттан көп емес
Е. аптасына 36 сағаттан көп емес
30.16-дан және 18 - жасқа дейінгі жұмысшылар үшін қысқартылған жұмыс уақыты болуы керек:
А. аптасына 8 сағаттан кем емес
В. аптасына 8 сағаттан көп емес
С. аптасына 12 сағаттан көп емес
D. аптасына 24 сағаттан көп емес
+Е. аптасына 36 сағаттан көп емес
31. Зиянды факторлармен байланыстағы жұмысшыларды үнемі егжей-тегжейлі медициналық тексеру аталады:
А. жалпы медициналық тексеру
+В. мерзімді медициналық тексеру
С. алдын ала медициналық тексеру
Д. профилактикалық медициналық тексеру
Е. емдік медициналық тексеру
32. Өндірістік зияндылықтардың ықпалымен күшейуі мүмкін, денсаулығының бұзылысы бар адамдарды жұмысқа алмау мақсатында жүргізілетін медициналық тексеру, аталады:
А. жалпы
В. мерзімді
+С. алдын ала
Д. профилактикалық
Е. емдік
33. Өндірістегі жай жазатайым оқиғаны тергеу кезінде комиссия төрағасы болуы тиіс:
A. мастер
B. бас инженер
+ C. еңбекті қорғау маманы
D. цех бастығы
E. кәсіпорын басшысы
34. Шаңның шөгу жылдамдығы тәуелді:
+A. дисперстілігіне
B. консистенциясына
C. уыттылығына
D. үлес салмағына
E. химиялық құрамына
35. Амбулаториялық пациенттің медициналық картасына алдын ала міндетті медициналық тексерудің деректері келесі формада енгізіледі:
+А. 025/е
В. 028/е
С. 036/е
Д. 076/е
Е. 086/е
36. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараудан өткен және зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге жарамды деп танылған адамдарға келесі формада медициналық анықтама беріледі
А. 025/е
В. 028/е
С. 036/е
Д. 076/е
+Е. 086/е
37. Жарақат дегеніміз:
А. тұрғындарда қайталанатын жарақаттар жиынтығы
В. жұмыс жағдайында зиянды факторлардың әсер етуі
С. біртіндеп жұмыс істеушілердің денсаулық жай-күйінің нашарлауы
Д. өндірістегі жазатайым оқиға
+Е. қауіпті өндірістік факторлардың кенеттен әсер етуі салдарынан организмнің
анатомиялық тұтастығының немесе функцияларының кез келген бұзылуы
38. Өндірістегі қайғылы жазатайым оқиғаларға арнайы тергеу жүргізуге бөлінетін күндер саны:
А. 3
В. 5
+С. 10
Д. 15
Е. 20
39. Арнайы тергеу жүргізілуге тиісті қайғылы жазатайым оқиғалар:
А. Өрт сөндіру кезінде еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалту
+В. Өндірістегі адам өлімімен аяқталған және топтық қайғылы жазатайым оқиғалар
С. Есірткі немесе ішімдікпен уланған кезде
Д. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жоғалу
Е. Табиғи апатты жою кезінде уақытша еңбек қабілетін жоғалту
40. Өндірістегі еңбек ету қабілетін жоғалтумен болатын қайғылы жазатайым оқиғаларға Н-1 формасы бойынша актісі жасалып ... күнде тергеледі.
+А. 1 күн және одан да көп
В. 2 күн
С. 3 күн
Д. 4 күн
Е. 10 күн және одан да көп
41. Топтық жазатайым оқиға кезінде зардап шеккендердің саны болып есептеледі:
+А. 2 және одан да көп
В. 3 және одан да көп
С. 3-4
Д. 4-5
Е. 5-6
42. Өндірістегі жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып табылады:
А. кәсіпорын басшысы
В. еңбекті қорғау жөніндегі инженер
С. кәсіпорын өкілі
+Д. еңбекті қорғаудағы мемлекеттік қадағалау өкілі
Е. кәсіподақ өкілі
43. Жазатайым қайғылы оқиға өндірістік сақтандырылған болып саналады, егерде ол ... болса.
А. жеке қажеттіліктері үшін жұмыс орындау кезінде
В. коммуналдық көлікпен жұмысқа келе жатқан кезде
С. жеке көлігімен жұмысқа келе жатқан кезде
Д. жұмыс орнында табиғи қайтыс болған кезде
+Е. жұмыс уақытында еңбек (лауазымдық) міндеттерін орындау кезінде
44. Кәсіпорында Н-1 формасы бойынша тексеру актісі сақталады:
А. 30 жыл
В. 40 жыл
+С. 45 жыл
Д. 50 жыл
Е. 20 жыл
45. Ұйымдарда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктеледі:
А. Еңбекті қорғау маманы
+В. Бас инженер
С. Мастер
Д. Цех бастығы
Е. Кәсіпорын өкілі
46. Зардап шеккендер саны бойынша жарақат түрлерін атаңыз.
А. үлкен және кіші
+В. жеке және топтық
С. үлкен және жалғыз
Д. жеке және шағын
Е. топтық және шағын
47. Физикалық топқа жатпайтын факторлар:
А. жоғары деңгейдегі инфрақызыл сәулелену
+В. ауыр заттарды көтеру және тасымалдау
С. жоғары ылғалдылық
Д. жоғары деңгейдегі шу
Е. жоғары деңгейдегі діріл
48. Төменде аталған факторлардың ішінде біреуі физикалық топқа жатпайды:
А. жоғары деңгейдегі статикалық электрлік
В. жоғары шаңдану
С. жоғары деңгейдегі лазерлі сәулелену
Д. төмен температура
+Е. дененің ыңғайсыз қалпы
49. Психофизиологиялық факторлардың тобына жатпайды:
А. статикалық жүктемелер
В. динамикалық жүктемелер
+С. жоғары температура
Д. теріге ұзақ уақыт қысым көрсету
Е. ауыр заттарды тасымалдау
50. Төмендегі аталған факторлардың психофизиологиялық топқа жатпайтыны:
+А. жоғары шаңдану
В. гиподинамия
С. монотония
Д. бұлшықетке ұзақ уақыт қысым көрсету
Е. эмоционалды жүктемелер
51. Төмендегі аталған факторлардың химиялық топқа жатпайтыны:
А. газдар
В. булар
+С. антибиотиктер
Д. аэрозольдар
Е. сұйықтар
52. Төмендегі аталған факторлардың биологиялық топқа жатпайтыны:
А. микроорганизмдер
+В. шу
С. витаминдер
Д. антибиотиктер
Е. гормондар
53. Қолайсыз биологиялық фактордың әсері болуы мүмкін өндіріс:
А. металлургиялық зауыттар
+В. фармацевтикалық зауыттар
С. машина жасау зауыттары
Д. атомные электростанции
Е. тоңазытқыштар
54. Зиянды факторларға тән емес қолайсыз әсерлер:
А. жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі
В. жедел және созылмалы уланулардың пайда болуы
С. жалпы аурушылдықтың өсуі
Д. алыстатылған кезеңдегі теріс әсерлер
+Е. денсаулықтың күрт нашарлауы және өлім
55. Жұмыс істейтіндердің денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен қатар жұмыс қабілетін жоғарлату үшін жағдайлар жасаудағы еңбек жағдайлары:
А. зиянды еңбек жағдайлары
+В. оптимальды еңбек жағдайлары
С. рұқсат етілген еңбек жағдайлары
Д. қауіпті еңбек жағдайлары
Е. шұғыл еңбек жағдайлары
56. Зиянды өндірістік факторлардың деңгейімен сипатталатын,
әсері жұмыс ауысымы бойы өміріне қауіп -қатер төндіретін, еңбек жағдайлары:
+А. қауіпті еңбек жағдайлары
В. зиянды еңбек жағдайлары
С. рұқсат етілген еңбек жағдайлары
Д. оптимальды еңбек жағдайлары
Е. жақсы еңбек жағдайлары
57. Гигиеналық нормативтерден асатын факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары:
А. рұқсат етілген еңбек жағдайлары
В. оптимальды еңбек жағдайлары
+С. зиянды еңбек жағдайлары
Д. қауіпті еңбек жағдайлары
Е. шұғыл еңбек жағдайлары
58. Жұмыс орындарында белгіленген гигиеналық нормативтерден аспаған факторлар деңгейімен сипатталатын, бірақ организмде болуы мүмкін өзгерістер тынығуға берілген үзілістер кезінде жақсарып қолайсыз әсер көрсетпейтін еңбек жағдайлары:
+А. рұқсат етілген еңбек жағдайлары
В. зиянды еңбек жағдайлары
С. оптимальды еңбек жағдайлары
Д. шұғыл еңбек жағдайлары
Е. қауіпті еңбек жағдайлары
59. Гигиеналық критериилер дегеніміз:
+А. қолданыстағы гигиеналық нормативтерден еңбек процесі және өндірістік орта
параметрлерінің ауытқу дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер
В. кәсіптік аурулардың көрсеткіштері
С. Шектеулі рұқсат етілген концентрация (ШРЕК) және шектеулі рұқсат етілген деңгейден (ШРЕД) төмен зиянды факторлар деңгейінің көрсеткіштері
Д. бұзушыларға санкциялар қолдануға міндетті түрде құқық беретін көрсеткіштер
Е. ұсыным шамасы
60. Жылулық қасиеті бар белгілі бір толқын ұзындықты электромагнитті сәулелену аталады:
А. атомды сәулелену
В. рентгенді сәулелену
С. ультракүлгінді сәулелену
+D. инфрақызыл сәулелену
E. гамма сәулелену
61. Температураны белгілі бір шекте ұстап тұратын физиологиялық процесс
аталады:
+A. жылу реттелу
B. адаптация
C. акклиматизация
D. өздігінен реттелу
E. зат алмасу
62. Инфрақызыл сәулеленудің шығу көзі болып табылады
+A. кез келген қыздырылған дене
B. тербелмелі дене
C. кез келген салқындаған дене
D. кез келген тұрақты дене
E. кез келген мұздатылған дене
63. Өндірістегі ғимараттардың оптимальды шағын климат жағдайын қанағаттандыратын ауаның ылғалдылығы:
A. 30%
B. 30 — 40%
+C. 40 — 60%
D. 70 — 80%
E. 80 — 90%
64. Лазер:
+A. көру диапазонындағы электромагниттік сәулеленудің генераторы
B. ультрадыбыстық тербелістердің генераторы
C. инфрадыбыстық тербелістердің генераторы
D. жоғары жиілікті дірілді шығаратын қондырғы
E. төменгі жиілікті дірілді шығаратын қондырғы
65. Лазерлерді санитарлық жіктеу негізіне алынады:
+A. сәулелену қаупінің дәрежесі
B. сәулелену толқынының ұзындығы
C. импульстердің қайталану жиілігі
D. сәулелену сызығының ені
E. лазердің массасы
66. Шығатын сәулесінің көз бен теріге қауіптілігі жоқ қондырғылар жататын лазерлер класы
+A. I класс (қауіпсіз)
B. II 2 класс (қауіптілігі төмен)
C. III 3 класс (қауіптілігі орташа)
D. IV класс (қауіптілігі жоғары
E. V класс (нормадан жоғары)
67. Шығатын сәулесі тік және айналық шағылысқан сәулелер жағдайында көзге қауіпті болатын қондырғылар жататын лазерлердің класы: