VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

5. «Бұл қандай зат» ойыны арқылы сабақты қорытындылау

-Менің қолымда бет орамалға арналған бір зат бар. Сендер сол затты сипап-сезу арқылы сол заттың қандай зат екенін анықтайсыңдар. Мен сендерге «ия» немесе «жоқ» деп жауап беремін. Сендер сұрақты сол заттың қасиетін анықтау мақсатында қоясыңдар. Кім сол заттың атын тапса, сол оқушы «тапқыр» бола алады.

-Балалар, біз бұл заттың өшіргіш екенін қалай білдік. –Ал енді балалар, жаңа өздерің айтқан әдемі, қатты, төртбұрышты деген сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? -Осы сұрақтарға жауап беретін сөздер қай сөз табына жатады? -Сын есім ережесін хормен қайталау.

V.Үйге тапсырма беру:

3-жаттығу. (172 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

Тексерілді:

Күні:6.04.16 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ж»

Сабақтың тақырыбы:Сын есім (8) Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сын есімнің туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту. Дамытушылығы:Білік, білік, дағдыларын арттыру; ой-өрісін, танымын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжымдық жұмысқа және мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ–жауап,салыстыру–ажырату.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, плакаттар,кесте, жұмыс дәптер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық жаттығу

Ашық болсын қас қабақ.

Бізбен бірге бар қонақ.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

-Өткен тақырып бойынша түсініктерін сұрақтарға жауап бере отырып пысықтау.

-Сын есім дегеніміз не?

-Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді екен?

-Сын есім қай сөз табымен байланысады?

-«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойынын ойнату, жарыс түрінде.

Мысалы: бір оқушы зат есімді атаса, екінші оқушы сол сөзге байланысты сын есімді тіркестіріп атауы керек.

ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын таныстыру.

2.Сын есім ережесін кесте бойынша қайталап, еске түсіру.

3.Дәптермен жұмыс. Күн реті, сынып жұмысын жазу. Көркем жазу минуты.

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

4.Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.

-Өлең авторымен таныстыру.

-Өлеңді оқып мазмұнын талдау.

-Наурыз тойы, оның басқа мерекелерден айырмашылығы туралы түсініктерін әңгімелету.

-Сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен бірге теріп жазу

2-жаттығу.

-Берілген сын есімдерге мәндес сөздер жазу.

-Мәндес сөздерге сұрақ қою.

Сергіту сәті.

3-жаттығу.

-Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын жазу.

-Заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қою.

-Сын есімдер заттың қандай белгілерін білдіріп тұрғанын табу.

5-жаттығу.

-Өлеңді оқу. Абай атам.

-Абай Құнанбаев туралы мағлұмат беру.

-Сын есімдерді тауып, сұрақ қою.

-Қай зат есіммен байланысып тұрғанын айту.

6-жаттығу. (Ауызша)

-Заттардың пішіні қандай?

-Заттың пішінін білдіріп тұрған сөзге сұрақ қою.

VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.

-Сын есім туралы не білеміз?

-Сын есім заттың қандай белгілерін білдіреді?

1-топ пішінге байланысты.

2-топ түсіне байланысты.

3-топ көлеміне байланысты.

4-топ дәміне байланысты сөздер ойлап тақтаға жазады. Қай топ көп мысалдар жазса, сол топ жеңімпаз атанады.

V.Үйге тапсырма беру:

4-жаттығу. (175 бет)

VI.Рефлексия кезеңі:

Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.

Тексерілді:

Күні:8.04.16 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ж»

Сабақтың тақырыбы:Сан есім (1) Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сан есім заттың санын білдіретінін ұғындыру. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойғызу арқылы сан есімінің қандай сұрақтарға жауап беретінін түсіндіру. Дамытушылығы:Білік, білік, дағдыларын арттыру; ой-өрісін, танымын есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап,талдау–жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:кесте, суретер, дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық жаттығу

Ашық болсын қас қабақ.

Бізбен бірге бар қонақ.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Наши рекомендации