IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.
– Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?
– С-здердің өзгерген бөлігін табуға арналған тапсырмаларды орындата отырып, сабақты қорытындылау.
V.Үйге тапсырма беру: 4-жаттығу. 108 бет.
VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.
Тексерілді:
Күні:12.01.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы:Түбір және қосымша. (1) Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.Түбір сөздерге қосымшаны дұрыс жалғай алу; жаттығу жұмыстарына талдау жасай білуге үйрету. Дамытушылығы: Сөздің тек дыбыстарын ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатынына көздерін жеткізу; сөздің мағынасы туралы түсініктерін кеңейту.. Тәрбиелік:Тапсырманы тиянақты орындауға, өз білімін практикалық тұрғыда көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:кесте, жұмыс дәптер. суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психожаттығу жасату.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
– Сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін сұрақ–жауап арқылы пысықтау.
– Сөз неден құралады?
– Сөзге бөлшектер неге байланысты жалғанады?
– Сөзге жалғанатын бөлшектерді қалай айтылады?
–«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны арқылы мысалдар келтіріп, талдау
Дәрігер-ге, дәрігер-мен, дәрігер-лер, дәрігер-ді, дәрігер-дің.
ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:
1.Сабақтың тақырыбын таныстыру.
2.Сөздердің өзгерген бөлігін табуға тапсырмалар беру арқылы, және сабақтың тақырыбын ашу.
3.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
-Мақалды көшіріп жазу, мазмұнын талдау.
-Қарамен жазылған сөздерді оқып, салыстыру, ерекшелігін айту.
Еңбек-еңбектің, таза-тазалық.
4.Ережені оқып таныстыру.
2-жаттығу. Ауызша орындату.
-Екі қатардағы сөздерді салыстыру оқу.
-Сөздердің қалай өзгергенін түсіндіру, өзгеруіне себепші болған қосымшаларды атау
3-жаттығу.
-Сөздерге жақшаның ішіндегі тиісті қосымшаны жалғап жазу.
-Сөздерге жалғанған қосымшалардың жуан және жіңішке болып жалғануын түсіндіру.
Өнер-ді адам өрге озар,
Өнер-сіз адам жер соғады.
4-жаттығу.
-Өлеңді мәнерлеп оқу.
-Өлеңнен қосымшасыз түбірсөздерді тауып, көшіріп жазу.
Ана, аға, әке, тәте, ата, ана.
IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.
– Түбір дегеніміз не?
– Түбір сөздің белгісін көрсет.
–Түбірге қосылған бөлшекті қалай атаймыз?
–Қосымшалар неге байланысты жалғанады екен?
«Жалғасын тап» дидактикалық ойыны.
Бала, ыдыс, дала, сағат, кітап, қалам, гүл, бота, мал, алма, домбыра, қар, сөз, жол, су.
.Үйге тапсырма беру: 5-жаттығу. 110 бет.
VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.
Тексерілді:
Күні:12.01.16 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«З»
Сабақтың тақырыбы:Түбір және қосымша. (2) Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алғашқы түсініктерін пысықтау. Жаттығу жұмыстарына талдау жасай білуге үйрету. Дамытушылығы: Сөздерге қосымшаны дұрыс жалғай білу; сөз құрамына талдау, түбір мен қосымшаны ажырата білу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік:Тапсырманы тиянақты орындауға, өз білімін практикалық тұрғыда көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:кесте, жұмыс дәптер. суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психожаттығу жасату.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
– Үй тапсырмасының орындалуын тексеру, оқытып дұрыстығын анықтау.
– Түбір мен қосымша туралы түсініктерін сұраққа жауап беру арқылы пысықтау.
– Мысалдар келтіріп, талдау.
ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:
1.Сабақтың тақырыбын таныстыру.
2. Қосымша туралы ережені қайталап еске түсіру.
3.Күн ретін, сынып жұмысын жазу.
Көркем жазу минуты бойынша мақал жазып, қосымша арқылы жасалған сөздердің астын сызу.
Өнерліге нұр жаусын.
4.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
-Өлеңді мәнерлеп оқу.
-Қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша түбірі мен қосымшасын бөліп жазу.