IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.
– Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?
– Әртүрлі мағыналы сөздер деп неге айтады екен?
– Қарама-қарсы мағыналы сөздер қандай болады екен?
– Мәндес сөздер дегеніміз не?
V.Үйге тапсырма беру: 6-жаттығу. 106 бет.
VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.
Тексерілді:
Пән мұғалімі:Берлібаева Ж
Күні:20.01.2016 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«З»
Сабақтың тақырыбы:Диктант. «Біздің мұғалім» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімді қаншалықты меңгергендіктерін анықтау, тексеру. Дамытушылығы:Жазу сауаттылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту грамматикалық тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, зейінділікке, сауаттылыққа тәрбйелеу.
Сабақтың түрі:бақылау сабағы.
Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:диктанттар жинағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психожаттығу жасату.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі. – Сөй және оның мағынасы туралы білімдерін қайталау.
- Мәндес сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздер, әртүрлі мағыналы сөздер ережесін жатқа сұрау.
-Мысалдар келтіріп, еске түсіру.
ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі: 1. Диктант тақырыбын таныстыру. 2.Тақырып бойынша диктанттың мазмұнын әңгімелеу..
3.Мәтінді мәнерлеп оқу.
4.Сөздік жұмыс жүргізу.
Таңертең, терезесіндегі.
5. Диктантты жаздыру .
Біздің мұғалім.
Ысқы түн. Үйлердің оттары сөнген. Тек мектептің шамы сөнген жоқ. Бұл-ұйықтамай отырған біздің мұғалім. Мен терезе алдында отырмын. Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Шыдамай ұйықтауға жаттым. Таңертең ерте ояндым. Ауыл әлі ұйықтап жатыр. Тек мектептің терезесінде ғана от жанып тұр.
6.Диктантты қайталап оқу арқылы тексеру.
7.Грамматикалық тапсырма.
– Бесінші сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.
– Ерте-...., түн-....., жанып тұр-.... сөздеріне қарама-өарсы мағыналы сөздерді жаз.
– Мұғалім сөйлемнің астын сыз.
VI.Жаңа білім іс-әрекет амалдарын қорытындылау кезеңі.
-Жазба жұмыстарын жинап алу.
V.Үйге тапсырма беру:
Қайталау.
VI.Рефлексия кезеңі:
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалау.
Тексерілді:
Күні:29.12.14 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы:Сөз және оның құрамы. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың сөз және оның құрамы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Сөздерді әртүрлі өзгерістерге түсіре білу: сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету. Дамытушылығы: Сөздің тек дыбыстарын ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатынына көздерін жеткізу; сөздің мағынасы туралы түсініктерін кеңейту.. Тәрбиелік:Тапсырманы тиянақты орындауға, өз білімін практикалық тұрғыда көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:кесте, жұмыс дәптер. суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психожаттығу жасату.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
– Үй тапсырмасын тексеру.
– Сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін қайталау.
– «Мағынасына қарай ажырат!» ойыны арқылы сөздерді топтастыру.
Сұлу, әсем, көрікті, ажарлы. Үлкен–кіші, кең–тар,ащы–тұщы,терең–таяз.
Қыс,үй,түр, бет,жаз.
ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын таныстыру.
2.Кесте бойынша тақырыпты түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
-Мәтінді оқыту.
-Алматы сөзінің әр сөйлемдегі өзгерісіненазар аудару.
-Олардың айрмашылығын табу.
-Осы сөздерді тақтаға жазып дыбыстық талдау жасау, қзгерген бөліктерін көрсету.Бұл бқліктерді қосудың қажеттілігі қанша екенін өз беттерінше түсіндіру арқылы сөздер бір-
Бірімен байланысу үшін оған тағы бөлшектер қосу керектігін таныстыру.
4.Ережелерді оқып түсіндіру.
2-жаттығу.
-Жақшаның ішіндегі сөздерді өзгертіп, сөйлемдерді көшіріп жазу.
-Жақша ішіндегі сөздерді не үшін өзгерткенін сұрау.
3-жаттығу.
Қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша жазу.
Көмір-дің, көмір-мен, көмір-ді.
5-жаттығу.
-Мақал-мәтелді көшіріп жазу.
-Ер деген сөзден басталған сөздердің өзгермейтін бөлшегін бір сызықпен, өзгерген бөлшегін екі сызықпен сызу.
· Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.
· Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
· Ердің атын еңбек шығарар.