Есте сақтау қабылетін дамытуға арналған әдістер мен ойындар.

Бастауыш мектеп оқушыларының есте сақтау процестерін дамытуға өте икем. Олардың білмеген нәрсесін үйрету барысында еске сақтау, зейін аудару, жалпылау процестерін тереңдету жол-жөнекей жүреді деп айтуға да болады. Дегенмен арнайы жүргізген дамыту машықтарының ролі өте үлкен және жан-жақты әсері бар.

Бастауыш мектеп оқушыларының жұмыс жүргізу барысында балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған арнайы әдістемелерді орындау, ойындар мен жаттығулар ұйымдастыру арқылы балалардың жалпы таным процестерін және есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал жасалды. Бала ойынын жүргізгендегі басты мақсат оның амал-әрекеттерге қызығушылығын тудырып, оны ынталандыру. Егер бала бірінші талпыныстан барлық тапсырмаларды орындай алмаса, немесе оған ешқандай қызығушылық білдірмесе, бірақ біртіндеп өз бетімен, болмаса үлкендердің көмегімен қызығушылығы көрініс бере бастаса даму процесінің орын алғанын көрсетеді.

«Иә және жоқ деп айтпаңдар» ойыны

Мақсаты: «баланың ауызша айтылған нұсқауды есінде сақтап, тапсырманы орындау барысында ережеге сай» мінез көрсетуін бағалау.

Орындау ережесі. Баламен келесі әңгімелесу жүргізіледі: «Сен ойнағанды жақсы көресің бе? Қандай ойындарды ойнағанды жақсы көресің? Біз қазір жаңа ойын ойнаймыз. Мен саған әртүрлі сұрақтарды қоямын, ал сен оларға жауап бересің. Бірақ есіңе сақта – саған «жоқ», «иә» - деп айтуға болмайды. Мысалы, - «жоқ, білмеймін», «жоқ, болмайды», «жоқ, істемеймін». Есіңе сақтадың ба? Ал қандай сөздерді айтуға болмайды? (Егер де бала «тыйым салынған» сөздерді есіне түсіруге қиналса, онда нұсқауды қайта түсіндіру керек).

Балаға 25 сұрақ қойылады, олардың жауабын зерттеуші баланың көзінше бағаламайды және оларға деген қатынасын білдірмейді.

Тапсырмалар.

1. Сенің атың кім?

2. Сен қызсың ба әлде ұлсың ба?

3. Сен мектепке барып жүрсің бе?

4. Сен балмұздақты жақсы көресің бе?

5. Сен көк түсті балмұздақты көрдің бе?

6. Балмұздақ ашты ма?

7. Түнде күн жарқырайды ма?

8. Сенің үстінде көйлек бар ма? (шалбар) баланың үстінде жоқ киімінің аты аталады.

9. Қыста шөп өседі ме?

10. Шөп қызыл түсті ма?

11. Сен кіммен тұрасың?

12. Сенің әкең қуыршақпен ойнағанды жақсы көреме?

13. Сен төбеде жүре аласың ба?

14. Сен ұша аласың ба?

15. Сенің атың..... (басқа атпен атау) ма?.

16. Сен дәрігерге барғанды жақсы көресің бе?

17. Дәрігердің халатының түсі қандай?

18. Дәрігер балалардың шашын ала ма?

19. Сен ертегі тыңдағанды жақсы көресің бе?

20. Сен қандай ертегілерді жақсы көресің?

21. Бармалей өте мейрімді ме?

22. Ал Мыстан - кемпір мейрімді ме?

23. Мысық тышқаннан қорқа ма?

24. Сен қазір ұйқтап тұрсың ба?

25. Сиырлар аспанда ұшады ма?

«Иә және жоқ деп айтпаңдар» ойынының нәтижесінде баланың аты-жөні, тапсырманы орындауы, пайыздық көрсеткіші көрсетіледі.

Сұрақтардың жылдам темпте қою керек. Егер де бала ұзақ уақыт үндемей тұрса, онда сұрақты қайталау керек, тезірек жауап беруді сұрау қажет. Бала сұраққа жауап беруге қиналса, келесі сұраққа ауысып, кейбір кезде балалар қозғалыспен және ым-ишаралармен жауап беруге тырасса, мысалы, басын изеп және т.б. мұндай жағдайда баланы сөзбен жауап беруін сұрау керек (мысалы, зерттеуші оның айтқанын түсінбеді және т.б.).

Ойын аяқталғанда зерттеуші одан сұрайды: «Ойын саған ұнады ма? Қандай сөздерді атауға болмайтын еді? Қане айтшы.... Сен ол сөздерді атадың ба? Неге сен оларды атадың?»

Баланың барлық жауаптары және тапсырманы уақыт дұрыс жауаптардың саны (ойынның ережесіне дәл келетіндер) абсолюттік мағынада және проценттік қатынаста (20 арнайы сұраққа дұрыс жауап 100% құрайды), әрбір баланы тапсырманы орындау қорытындысы бойынша үш топтың біреуіне жатқызуға болады.

1-ші топқа – дұрыс жауаптардың саны орташа, 30 % көп емес. Бұл балалар көбінесе ырықсыз жауаптар береді,сондықтан да тапсырманы орындау уақыты ұзақ емес, олар тұра берілген сұраққа шыншыл жауап береді, ойын аяқталанда олар тыйым салынған сөздерді қолданған жоқпын дейді, білмеймін дейді.

2-ші топқа – дұрыс берілген жауаптардың саны орташа айтқанда 30-70% дейін. Бұл топ балалардың тапсырманы орындау уақыты ұзақ, оларға сұрақты қайталап отыру және жауапты жылдамдатуға тура келеді. Бұл топтың балалары ойынның ережесі бойынша берілген сұраққа тура жауап беруге болмайтынын түсінеді сондықтан да олар «айналма» жолды іздейді – басын мойындайды, басқаша қалай айту керегін білген жоқпыз деп жауап береді.

3-ші топқа - дұрыс берілген жауаптардың саны орташа есеппен 70% көп. Тапсырманы орындау уақыты – орташа немесе көп. Бұл балалар дұрыс жауаптардан тәсілін іздеп табады, мысалы, жауапта сұрақтың етістігін қайталайды. Олар мұндай жауаптың мағынасы жағынан қисынсыз екендігіне көңіл аударады, олар өз қателеріне есеп бере алады және ойын кезінде өздері өзін түзетеді, қажеттігі жоқ жердегі жауаптарында, біле тұра өтірік айтады.

«Баспалдақтар» ойыны

Баланың алдына отырып оның көзінше баспалдықтың суреті салынады.

«Міне, көрдің бе, баспалдақтар. Баспалдақтың ең жоғарғысына біз ең білімді балаларды, ал ең төменгі сатысына біліміміз төмен кезде тұрамыз. Сен қалай ойлайсың, қай сатысына сені қоюға болады? Оны анықтау үшін өлең қатарларын немесе жаңылпаштарды жаттап, оны мәнерлеп айтып беру керек»

«Білімді» және «білімі төмен» өлшеуіштерін басқаша атап: «күлегеш-күлмейтін», «дауысты-дауыссыз» тағы сол сияқты балалардың өздеріне ұнайтын сөздермен баспалдақтарды атап, балалармен жүргізілген жұмысты түрлендіріп өзгертуге болады.

Бұл әдістеме баланы жалықтырмас үшін және бала өзінің өткен тәжірибесін қайталамас үшін, әдістемені өзгерткенде баспалдақтар орнына ұшақта орын алу, ракетамен ғарышқа сапарға шығу, отыру керек, гүж көліктерінің ішінде олардың еске сақтауына арналған есек жеккен, ат жеккен арба, су көліктерінен теңіз кемелерінің палубалары т.с.с. көліктердің биік сатысында немесе үлкендеріне тапсырманы жылдам орындағандар, ал төменгісінде – бұларға қарама-қарсылар орналасады.

Балалардың сандар мен сөздерді есте сақтау қабілетін дамыту жаттығулары

Мақсаты: балалардың сандар мен сөздерді еске сақтау қабілетін дамыту.

Орындау ережесу. Балаларды ойын ойнауға шақырып, оларға сандар мен сөздер қатарын тыңдап, есінде қалғандарын қайталау тапсырылады.

1-ші жаттығу. Сандарды есте сақтау қабілетін дамыту

Баладан сіз жазған алты санды атауын сұраңыз: 7, 3, 6, 1, 9, 4. (әр санды есіне сақтап алуына екі секунд беріледі). Сосын одан сандарды кез-келген ретпен жатқа айтуын сұрау керек.

Сандар қатарын қайта жаңғырту тапсырмаларын бірнеше вариантта жасап алуға болады.

Зерттеу оперативті есті және зейінді анықтауға бағытталған, олар екі бөлімнен тұрады: сандар қатарын есте сақтау және сандар қатарын оң және кері қарай қайталау.

Тапсырманы орындау нәтижелерін бағалаған кезде жатқа дұрыс айтылған сандар санынан қате айтылған сандарды бастапқы ретімен атап шықса, нәтижесіне тағы бір балл қосуға болады.

Бағалау шкаласы:

Жоғары даму деңгейі – 7 балл;

Орташадан жоғары деңгей – 6 балл;

Орташа деңгей – 3-5 балл;

Орташадан төмен деңгей – 2 балл;

Төменгі даму деңгейі – 0-1 балл.

2-ші жаттығу. Қысқа мерзімді есте сақтауды дамыту

Бір-бірінің мағынасы үйлеспейтін 10 сөзді айтып шық: ПІЛ, ЖЫЛ, ДОП, САБЫН, ТҰЗ, ШУ, ҚОЛ, ЕДЕН, КӨКТЕМ, ҰЛ. (Сөздерді біркелкі үнмен, екі-үш секундтық үзіліспен айтыңыз).Сосын баладан есінде қалған сөздерді кез-келген ретпен айтып шығуын сұраңыз.

Бағалауда балалардың сөздерді дұрыс және қате айтқанын анықтайсыз.

Бағалау шкаласы:

Жоғары деңгей – 6 және одан көп сөздер;

Ортадан жоғары деңгей –5 сөз;

Ортаңғы деңгей – 3- 4 сөз;

Ортадан төмен деңгей – 1 - 2 сөз;

Төмен деңгей – 0.

3-ші жаттығу. Көру арқылы есте сақтауды дамыту

Мақсаты: Визуалдық есте сақтауды дамытуға арналған.

Орындау ережесі: Балаларға ынталандыру материалы ретінде бейнеленген суреттер беріледі. Оларға келесі мазмұндағы нұсқау беріледі. «Мына суретте тоғыз әр түрлі пішіндер берілген. Оларды есіңе сақтап және екінші суретті көргенде олардың ішінен бұрынғы суретте көргендеріңді қайта жаңғыртып тануың қажет. Екінші суретте бұрын көрсетілген тоғыз фигуралардан басқа, сен әлі көрмеген алты сурет бар. Екінші суреттен, бірінші суреттегі пішіндерді танып көрсет. Қазір саған суреттер ұсынылады.

Ынталандыру суретіне негізгі уақыт 30 секундқа созылады.

Визуалдық есте сақтауды зерттеуге арналған әдістемелерді осы қасиетті дамытуға кеңінен пайдалануға болады. Ол үшін неше түрлі геометриялық пішіндер салынған парақтар жұптастырылып алынады. Жұптағы суреттердің біреуін көрсетіп, екіншісінен сол бірінші көрсеткен суреттегіге ұқсастарын танып, оны тауып беруі керек. Тапсырмаларды бірнеше вариантта жасап, оларды бірнеше рет пайдаландық. Тапсырмалар алдын ала бланкілерге түсіріліп, оның бірнеше варианттары жасалды. Тапсырманы қайта орындатқан кезде орындау жолы бірдей, дегенмен орындауға арналған тапсырмаларда қатардағы сандар және есте сақтауға арналған сөздер өзгертіліп отырды. Сондықтан әр жаттығуды орындау барысында балалардың есте сақтау қабілетін дамыту бірнеше сатыда жүргізілді.

Төрт құбылыс
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
Көңілді шеңбер
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
Орныңды тап
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
Ойыншықты сипатта
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
Сөзді есіңде сақта
Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
көктем – жаңбыр
жаз – күн шықты
аспан – бұлт
жер – шөп

Мазмұны:

1)Ес туралы ұғым

2)Ес түрлері

3)Естің дара ерекшеліктері

4)Есті дамыту және тәрбиелеу

5)Есте сақтау қабылетін дамытуға арналған әдістер мен ойындар

Наши рекомендации