Практикалық сабақ 8. А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романы Ілияс аудармасында.

Қаралатын мәселелер:

1.«Евгений Онегин» романы қазақ тілінде.

2. Ілиястың «Пушкин – қазақ халқының ақыны» мақаласы

3. Ілиястың «Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?» мақаласы

Әдістемелік нұсқау: 1.«Евгений Онегин» романын оқу, талдау. 2.«Евгений Онегин» романы қазақ тілінде» тақырыбында Абай, Әсет, Ілияс аудармалары негізінде салыстырмалы талдау жасау. 3. Ілиястың Пушкин жайлы екі мақаласын конспектілеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы.6 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б.

Практикалық сабақ 9. Ілиястың Абай, Сүйінбай, Албан Асан ақындар жайлы зерттеулері.

Қаралатын мәселелер:

1. І.Жансүгіровтің Абай туралы ойларының эволюциясы

2. Ілиястың Сүйінбай мен Құл ақын шығармаларын жинап, жариялап, зерттеуі.

3. Ілиястың Қабан жырау және Бақтыбай Жолбарысұлы шығармашылығын

жинап, жариялауы.

4. Асантанудың ілкі бастамасы

Әдістемелік нұсқау: Әр тақырып бойынша реферат дайындау.

Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 6 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б.

Практикалық сабақ 10. Iлиястың театр, күй, ән, әнші, музыка жайлы толғамдары.

Қаралатын мәселелер:

1. Ілияс – сазгер.

2. Ілияс – актер.

3. Ілияс – киногер.

4. Ілияс – театртанушы.

5. Ілияс – әнші.

6. Ілияс – өнертанушы.

Әдістемелік нұсқау: «Абай әндері» (Ғ. Тоғжановпен бірге), «Ән, әншiлер жайында», «Өлең өнері», «Қазақ күйлері жиналсын», «Театр туралы» мақалалары мен «Қазақ театры туралы» (Ғ. Тоғжановпен бірге) кітабымен танысу, конспект жасау, коллоквиум тапсыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Дария кеуде, тау мүсін. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А., Ілияс тағылымы. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А.

Практикалық сабақ 11. Ілияс Жансүгіровтің фельетондарында елдің саяси-әлеуметтік жағдайын сынауы.

Қаралатын мәселелер:

1. Темірбек Қожекеев Ілияс фельетондары жайлы.

2. Мұратбек Иманғазинов Ілияс фельетондары жайлы.

3. Ілиястың бүркеншік есімдері.

4. Ілияс очерктері

Әдістемелік нұсқау: «Құқ», «Шылқыбай», «Сөз Қамысбаевқа», «Сыйға сый сыраға бал», т.б. фельетондарындағы әзіл мен мысқылдың күнделікті өмір шындығымен үндестігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 5 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Иманғазинов М. Жан қайығын жарға ұрдым. Алматы, 1994ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Андас Қ. Өткен күнде белгі бар. Талдықорған, 2015ж., Дария кеуде, тау мүсін. Мақалалар жинағы. Құраст.: Кыяхметова Ш.А.

Практикалық сабақ 12. Кестелі ой, көркем сөз.

Қаралатын мәселелер:

1. Ілияс шығармаларының көркем тілі.

2. Ілиястың қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы.

Әдістемелік нұсқау: Ілиястың бір туындысын алып, поэтикалық талдау жасау. «Ілияс және қазақ әдебиеті» тақырыбында реферат жазу.

Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш. Шығармалары. Алматы,1989ж., Сыдықов Т. Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Алматы. 2011ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б., Сарбасова Қ.Б. «Құлагер» поэмасы сөздігінің тілі. Талдықорған, 2015ж.

Практикалық сабақ 13. Ілияс поэмаларының этнографиялық сипаты.

Қаралатын мәселелер:

1. Үш ақын - үш Көкше (Сәкен, Мағжан, Ілияс).

2. Ілиястың «Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасы жөнінде айтылған өлеңдер

мен әңгімелер» атты этнографиялық еңбегі.

5. Ілиястың «Құдалық және құдандалық туралы ырымдар» атты

этнографиялық еңбегі.

Әдістемелік нұсқау: 1 сұрақ бойынша«Қай Көкше көңіліне жақын?» тақырыбында әдеби пікірталас өткізу. Сәкеннің «Көкшетау», Мағжанның «Батыр Баян», Ілиястың «Құлагер» поэмаларын оқу, Көкшетауды суреттеген тұстарын дәптерге жазу, талдау. Ілиястың екі этнографиялық еңбегімен танысып, соның негізінде ұлттық салт-дәстүр жайлы өз ой-пікіріңізді жазыңыз.

Наши рекомендации