Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуын сипаттаңыз
Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Ес және болашақ. Ес кұбылыстары. Фенеоменді ес жағдайы. Ес және үйрену. Ес және зейін. Ес және жеке адам. Автобиографиялык ес.
Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Бейнелі ес. Эйдетикалық ес. Моторлы ес. Эмоциялық ес. Сөздік логикалық ес, оның сөзбен, ойлаумен байланысы. Естің индивидуалды психологиялық ерекшелігі.
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Адам қоршаған ортадан әсер алады, ал олар әртүрлі іздерді қалдырады, сақтайды, бекітеді, ал керекті кезде қайта жаңғыртады. Рубинштейн айтқандай: «Ес болмаса – біз бір мезетті ағза болу шедік. Біздің өткеніміз болашақ үшін болмау еді. Қазіргі уақытта болып жатқанның бәрі қайтарымысыз түрде өткенде қала беру шеді.»
Ес адам қабілеттерінің негізінде жатыр, және де ол үйретудің, білім алудың, дағды мен икемдерді қалыптастыруының шарты болып табылады. Ессіз жеке тұлға, қоғам дамымау еді.
Бір нәрсені еске сақтау – оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды. Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель болды. Ол ассоциацияларды тікелей елестетумен байланыстырды. Ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген Павлов болды. Ассоциация ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуіне байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекітіп отыратын уақытша байланыстар.
Естің дамуы - мектепке жаңа келген бала көбінесе, қатты әсер еткен заттарды ғана есінде ұстайды. Ал оқу процесі барысында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. Осыған байланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды. Алдымен бірнеше рет қайталау негізінде, содан соң мағынасын түсініп, есте сақтауды үйрене бастайды. Психологияда мынадай заңдылық бар: қандай зат ақыл-ой әрекетінің заты болса, сол жақсы есте сақталады. 2-3 сынып оқушыларының еріксіз есі жақсы дамыған, бірақ осы кезеңде ес процестерінің сапалық өзгерулері болатыны байқалады. Ес екі бағытта дами бастайды- ырықты және мағыналылық. Мағыналық естің дамуы есте қалдырудың рационалды тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.
Мектепке бару балалардың логикалық есін дамытуда үлкен рөл атқарады. Оқушының есін тәрбиелеуге де мұғалім олардың жас дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен тандап ала алмайтындықтан, мұғалім үйге тапсырма бергенде материалдарды қалай оқу керектігін үнемі ескертіп отыруы керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрін де мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ балалардың назары бұған кейде жөнді түсе коймайды. Мүғалім мүны қатты ескергені жөн. Төменгі сынып оқушылары, әсіресе, 1-2 сыныптар көбінесе сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Оқулықтағыдай білсем болғаны деген ой қалыптасады. Бүлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы, әрі жинақылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, мұғалім бір жағынан баланың сөздік қорын дамытып, өз бетінше айта білуге үйрету қажет.
Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады. Жүйке жүйесінің, біртіндеп дамуы негізінде тәрбие процесі, ойын, оқу, еңбек және тіл қатынастары жетіледі. Баланың есте қалдыруы өмірінің бірінші айларында қимыл байланыстарына, қозғалу ассоциациясына сүйенеді. Ай жарым жастағы баланы тамақтандырай-ын деп қолға алғанда, емшек еметін қимылдар жасайды. Көру, есту анализаторлары біртіндеп жүмыс істей бастайды, төртінші, бесінші айлардағы бала анасын көріп, оның даусын естіп қимылдайды. Тілі шыққан бала өзінің сөз қорына сөз қосады, көрген-білгенін үйренеді, бірақ өмір тәжірибесі әлі аз, ойлауы, тіл дамуы жеткіліксіз, сондықтан есте қалдырудың механикалық түрі дамиды.
Қазіргі мінез-құлықта алдыңғы тәжірибенің қатысуы мен пайдаланылуы есті білдіретіндігі туралы ой Л.С.Выготскийге жатады. Бұл көзқарас тұрғысынан ес реакцияны сақтау мен қайта жаңғырту кезінде іс-әрекетті береді. Бұл ойды Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.Р.Лурия эксперименталды дамытты.