Танатология геронтологияның құрамдас бөлшегі ретінде, интерпретация жасаңыз

Танатология (Тһаnаtоlоgіа - өлім туралы ілім) - Өлу заңдылықтары және осыған байланысты мүшелер мен тіндерде пайда болатын өзгерістер туралы ілім

Өлім деген ұғыды биологиялық тұрғыдан қараcақ, ол — организм тірлігінің толық тоқталуы. Өлген адам өлі денеге, яғни өлікке (мәйітке) (cadaver) айналады. Өмір «сүрү өлу - деген сөз» деп Ф.Энгельс бекерге айтпаған.

¢Негізгі бөлім

Өлу заңдылыктарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп карау керек. Бірак, әр түрлі зерттеулер аркылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлгеннен кейін де біраз уақытқа дейін сақтай алатындығы анықталған. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіндерін трансплантация үшін пайдалану мүмкіншілігі туды. Қазіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға кешіріп отырғызу практикада кең колданыс

алған.

¢

Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасу күйі, жанталас (агония) және клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің әрбір сатысының ұзактык мерзімі әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатка немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалык өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организмді мәйіт деп атауға болады.

Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясының тромбоэмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін.

¢

Клиникалық өлім тынысалу және қанайналымының тоқталуымен сипатталады, бірак бүл өзгерістер бірнеше минуттай (ми қыртысының тіршілігі сақталғанша) қайтымды болады.

Клиникалық өлім агониядан (жанталас кезеңінен) басталады (грекше: agon - күрес. жанталас). Ол гомеостазды қамтамасыз ететін жүйелер жұмысының терминальдық (ақтық) кезеңдегі үйлесімсіздігін бейнелейді (аритмия, сфинктрлердің паралич, құрыспа (судорога), өкпенің сусіңрділенуі.

Биологиялық өлім организм тіршілігінің қайтымсыз өзгерістерімен және аутолиздік процестердің басталуы-мен сипатталады. Дегенмен клеткалар мен тканьдер бір мезгілде өлмейді.

Қазіргі қазақ әңгімесіндегі өмір мен өлім концепті (танатологиялық сарын) де қазіргі прозада баса назар аударатын сала болып отыр. Себебі, соңғы кезде көптеген қаламгерлер өлім тақырыбын (суицидті) өз шығармаларына арқау етіп алуы жиі кездеседі. Өмір сүре білу − әрбір адам үшін үлкен сынақ. Осы сынақта уақытша қиындықтар мен ауыртпашылықтарды көтере алмай, өзіне-өзі қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда.

Исламда өз-өзіне қол салу – үлкен күнә. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім өзін темірмен жарып өлтірсе, темір ішіне қадалған күйі тозаққа кіреді. Ал, кім у ішіп өлсе, жаһәннамда мәңгі сол уды ішеді, кім жардан өзін тастап жан тапсырса, тозақтың түбіне мәңгілікке тасталады», – дейді.

«Танатолгия» (өлімді зерттейтін ғылым саласы) термині қазақ әдебиеттануында әлі күнге дейін толығымен зерттеле қойған жоқ.. Әдеби-көркем туындалардағы танатология ең алдымен, идеялық-тақырыптық (П.Бицилли, Ж.Нива, К.Макамура), құрылымдық (Ю.Лотман), нарративті (М.Бахтин) тұрғыдан қарастырылды. Әдебиеттегі танатологияға деген қызығушылықты Аристотельдің «Поэтикасынан» байқауға болады.

Қазіргі қазақ прозасындағы өлім тақырыбында жазған шығармалардың қатарына Т.Нұрмағамбетовтің «Күнді жек көру» әңгімесін алуға болады. Осы заманғы фон. Әңгімеде исламға шет суицид тақырыбы сеңдей сіресіп тұр. Авторлық тұжырымдама бойынша мынау Бекбай – қазақ ұлтының бейнесі. Амал жоқ, солай деуге тура келеді. Өз ұлтын неге сонша қаралайды? Автор сонда қазақтың болашағын осылай көре ме? Бекбайда жан жоқ сияқты, қуыршақ. Баласын құтқарушы періште көретіні де аса сендірмейді. «Бекбай өз әйелінен өзі шошып жүрді». Мынау − енді отбасы деуге ауыз бармайтын хал. Бекбай еркек пе, жоқ па? Неге сонша жігерсіз, бос белбеу? Қазақтың бәрі сондай ма? Автордың айтпағы не? Әңгіме соңында да автор біраз үміт шоғын қыздырғанмен, «Бекбай күнді жек көріп кетті» деуі арқылы сол әлсіз үміттің күл-талқанын шығарады. Бұл ненің белгісі? Қазақ прозасын шарттылық жайлап алды. Жаны жоқ құр дүниелерді көп қаузайды. Соның кесірінен көркем сөз қорланып жатыр. Жақсылықты емес, жамандықты шегіне апарып тірнектейді. Жазушының миссиясы төмендеп кетті. Бекбай шартты кейіпкер болғандықтан, ол туралы тұшынып сөз айту − қиынның қиыны. Тірінің белгісі жоқ. Суға кеткен тал қармайды дейтіндей ештеңе табылмайтыны ұлтқа жабылған жала тәрізді ауыр әсері бар.

Д.Амантай «Мен сізді сағынып жүрмін» [32, 127] атты повесінде өлім мен өмір концептісін негізгі арқау етіп алған. Қаламгер кейіпкерінің «ой ағымын» күйінішке толы ауыр мұңның текетіресі арқылы пайымдаған. Ар тазалығын ой мен жады тазалығымен қатар қойып, пенде атаулы жүрексінетін «мәңгілік бар – шындық» үшін, кейіпкер өзін жазым етіп отыр. Автор шеберлігінің өзі кейіпкерінің суицидтік іс-әрекетін құптамағандығын, жақтамағандығын «Құдайды іздеп кеткен» пендесінің: «Менің өлгім келмейді екен», – деген ақтық сөзімен білдіруінде.

Г.Шойбекованың да «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесінің идеясы − суицид. Әңгіменің басты кейіпкері қылқаламмен сурет салатын бойжеткен ғана. Оның аты-жөні, кескін-келбеті жазылмаса да, дүниетаным дербестігі, тағдыр-талайы – тайталасқан жан әлемін алдымызға жайып салады. Оның шеше алмаған түйіні: «біреу жоғары, біреу төмен; біреу білімді, біреу топас; біреу өтірікші, біреу қатыгез», «адал аңдардан, жалғандықтан, денесіндегі тыртығын жасырып, әдемі көйлек киген қоғамнан жеритіндей». Мұның барлығы кейіпкер жанының қайшылықты, үйлесімсіздігінен дерек береді. Жазушы кейіпкерінің өмірден түңілуінің себебін анасымен тіл табыса алмауына әкеп тірейді. Бұл – «жәннат ананың аяғының астында» деген қазақы танымымызға тосын идея. Кеіпкер ана құрсағында жатқанында нағашы атасы мен қос нағашы ағасы дүние салғандықтан, шешесі мұның жарық дүние көруін қаламапты. Әкесінің ақ тілегімен ғана пәни ғаламның есігін ашса да, азапты жолы ана құрсағында басталыпты. Қолға алған ісін аяғына дейін апармайтын, болмашы сынға сіркесі су көтермейтін «боркемік, күйгелектігі» соның салдарынан деп ой түйдіреді. Автор танымы қоғамдық құбылыстан тысқары, айнымалы, тербелмелі, тұрлаусыз, толқымалы адам жанының қайшылыққа толы екендігін, адам жаратылысынан бара-бара жалғыздық тығырыққа тірейтін заңдылығын белгілеп тұр. Дегенмен, автордың жалғыздыққа бой ұрған, сәтсіздіктен, рухани жүдеушіліктен қажыған адамның бейнесін беруге ұмтылғандығымен суицидке бой ұрғандығына өрсей кейіпкер бейнесі жасанды шыққан. «Уақыт емші», − дегендей анасымен өмір бойы тіл табыса алмай, өзінен-өзі жеріп, ел-жұртты жатсынған кейіпкерді ақтау қиын. Өз кемшілігін көре алмай, көрсе де, білсе де мойындай алмай жүрген кейіпкерін жазушы басқа сипатта көрсетуге ұмтылған. Әлбетте ол − жалғыздық жанын жеген жан. Өзінің тұла бой толған күмән. Қадір түні мінәжат қылып, Құдайдан өзіне өлім тілейді. Қадір түні! Ол «Тіршілікке қарсы тіршілік» атты картина салған. Ана махаббатына да күдікпен қарайды. Қысқасы, мінезі суретшіден ғөрі тамұққа қуылған малғұндыққа ұқсас. Әңгіменің тұла бойы толы парадокс. Тым биік пафос, шарттылыққа толы. Әңгімеде жалғандық мол. Автор әлімсақтан адамзатқа аян шындықтарды қайталайды. Ажалды күтіп жатқанда келген мистикалық Дауыс иесі суретшіні қабірдегі Әңкүр-Мүңкірдей тергейді. Ол − әңгімеде Құдайдың тұлғалануы. Жалпы автор философиялық трактат жаздым деп ойлайды, бірақ бәрі жаттанды, жалпақшешей сөздердің жиынтығы. Логикалық тұрғыдан ақталмайды. Қазақ прозасындағы бір сарынды, біртекті проза осындай жаттандылықтан туады. Соны, көркемдік тәсілі өзгеше дүниелер сирек. «Көк жерге, жер көкке тәуелді». Ар соты − бұл да. Жалғыздық диалогы. «Жылылықтың да салмағы бар». Бұл енді сендіреді. Суретші Дауысқа: «өмір сүру ережесін үйрет», − деп өтінім жасайды. Суицидтен арылып өмір сүруге ол тез оралады. Қалай тіршіліктен тез жерінсе, солай тез сүйінеді. Психологиялық конфликт (дау) мен психологиялық ақталу әңгімеде атымен жоқ. Кейіпкер – шартты. Ол бақшадағы қарақшы сияқты, иығына жалбыратып киім ілгенмен, жан жоқ. Қоғамдағы адамдарды доңыздар мен тауықтарға теңеу де құрғақ уағыз ғана емес, мизантропия (адамды жек көру). Бұлай ойлау тегінде жазушылықтың кредосына жат. Шынайы жазушы мейірімді ұлықтайды.

Г.Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесіндегі кейіпкері өз-өзінен, өсіп-өнген ортасынан жеріп жүрсе, А.Алтайдың «Сібір офицері» атты әңгімесіндегі Бурахан бүкіл саналы өміріне, адамдық болмысына, қазақы танымына төңкеріс жасаған Желтоқсан көтерілісінің елесінен құтыла алмай әлек. Сол бір қанды оқиғаның ізі жанына жазылмас жара салып, ақыры кейіпкер өмірмен өз еркімен қоштасуға бел буып отыр.

Қаламгер кейіпкерінің өзіне-өзі қол салуына қоғам, кеңестік саяси жүйе кінәлі десе, екінші бір «Альпинист» деген әңгімесінде автор тәккапарсынған талай таудың кеудесін басып, менменсінген талай шыңның ұшарын таптаған, өмірінің мәні де, сәні де тау деп түйсінген альпинист жігіттің азаматтық болмысын оқиғаны шиеленістіре барып, шешеді. Авторлық таным әңгіменің өн бойында: таулар ғана өз болмысын бұзбаған, таулар ғана тәңір алдында таулық мінезін сақтап тұр, таулық миссиясын адал атқаруда», − деп сендіргенмен, шығарма соңында өзінің адамдық болмысын таудан да биік ұстап, өмірден озған альпенист Тайшын бейнесі нанымды суреттелген.

Қасындағы серігі, бауырындай болған жас жігіттің өмірін сақтап қалу үшін арқанды қиып жіберіп, альпенист Тайшынның өзін-өзі өлтіруі арқылы автор танатологиялық сарында мүлдем басқа сипатты таңдап алған. Суреткер таудың биіктігі мен адами болмыстың биіктігін психологиялық параллелизм тұрғысынан қатарластыра алған. «Адам парасаты биіктігінің қасында таудың биіктігі бұйым емес», − деп ой түйдіреді авторлық таным.

Қорыта келгенде, қазіргі қазақ әңгімелеріндегі өмір мен өлім концептісі сан арналы түрлі пішінде бейнеленеді. Әсіресе, өзін-өзі өлтіру сарыны – шешуі жоқ күрмеулі тақырып болса да, қазақ қаламгерлері өзіндік көркемдік шешім табуға тырысқан. Аталмыш тақырыпта қарастырылған әңгімелер әртүрлі болғанымен, қаламгерлердің айтары бір. Ол − әрқашан да, тіпті өлім алдында өзінің болмысыңды төмендетпей биік ұстау. Авторлардың ұсынатын тұжырымдамасы – нендей жағдай болса да, осалдық танытып, күнәһар болып, өзіне-өзі қол салудан жирендіру.

Наши рекомендации