Нелiктен портфолио қолданылады?
Топтық жұмыстың бағалануы.
Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.
Топтық жұмысты бағалау
Кесте №5
Топ нөмірі | Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы) | Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау) | Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы | Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау. | Барлық ұпайы |
І | + | + | +++ | + | |
ІІ | + | + | |||
ІІІ | + | - | ++ | + | |
ІV | - | - | + | ++++ | |
V |
Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде ұстаз қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.
· Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?
· Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңуге болады?
Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.
Ал екінші сұрақ оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.
Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.
· Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра береді;
· Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.
Оқушының жеке қабілетін бағалау.
а) топтық жұмыс кезінде мұғалім әр оқушының жетістіктерін жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін ұстаз «Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау» үлгісін қолданады (№6 кесте). Мұғалім алдын-ала (сабаққа дейін) кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады. (2-6 оқушы)
Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.
Кесте №6
Оқушылардың аты-жөні | 1. Асан | 2. Шынар | 3. Бақыт | 4. | 5. | 6. | |
Топта әрқайсысына міндеттерді үйлестіріп, өз міндеттерін атқарады. | + | + | + | ||||
Идеялар ұсынады | - | - | + | ||||
Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады. (ұсынған идеялар, мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды) | + | - | + | ||||
Топ қатысушыларына көмектеседі | + | ++ | |||||
Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды | + | ||||||
Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім беруге тырысты) | ++ | + | |||||
Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды | + | ||||||
Ортақ ұпай | |||||||
Мұғалім топтардың тапсырмаларды қалай орындайтын қадағалап, әр оқушының қабілеттіліктерін зерттеп кестеге түртіп отырады. Жұмыстың қорытындысы бойынша оқушыларға бақылаудың қорытындысын жариялап, әрқайсысымен кері байланыс жасап өзіне белгілеп отырады.
б) Мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісін қолданып, жұмыстарының нәтижесін және оқушылардың қабілеттерін байқап оларды бағалайды. Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға бағаның межелеріне (критерилеріне) назарын аударту қажет.
Бұл маңызды!Топтық жұмысқа бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім қатысушыларға осы белгілемелердің қорытындысы жеке оқушының жетістіктерін бақылауға қажет екендігін түсіндіре кетуі керек.
Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.
Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiмдер талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының дамыту деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.
Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:
(1 ) топта жұмыс iстеу процесін бағалау;
(2 ) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.
Портфолионы бағалау
Портфолио - бұл бір мақсатқа бағытталған оқушылардың жұмыс жинағы, оқушының жұмыс істеу кезіндегі талабын, оның дамуын және бір немесе бірнеше пән бойынша жеткен жетістігін көрсетеді.
Кілтті (түйіндік) кезеңдер:
• Қарастырылатын материалдың мазмұнын таңдаудағы оқушының қатысуы.
• Материалды таңдау үшін ойластырылған белгiлер.
• Ойластырылған бағалау белгiлерi.
• Оқушылардың аналитикалық ойлауына түрткі болатын (рефлексия) дәлелдер.
Портфолио іріктеп алынған жақсы жұмыстарды көрсететіндіктен, жоспарлаған нәтижелерінің табысқа кенелгендігін, оқушының өсуі мен дамуын көрсететін оқушы өзі таңдап алған жұмыстардан тұрады.
Нелiктен портфолио қолданылады?
Қазіргі замандағы оқыту кезеңінде бағалау бағыты оқушылардың оқу жоспары бойынша негізгі пәндерден шеберлігі мен дағдысын жақсы меңгеруі мониторинг арқылы анықталады. Сондықтан портфолионың маңыздылығы:
§ бағалау процесін жақсартады, оқушының осал жағы немесе күшті жақтарын көрсетеді;
§ оқу мақсаттарының табысқа жетуіне бағыт-бағдар береді;
§ үйрену барысындағы өзгерiс пен өсудің деңгейін көрсетеді;
§ оқушының, мұғалiмнiң және ата-аналардың аналитикалық ойлауына мүмкiндiк туғызады;
§ оқушыны үйретудегi мирасқорлықтың жылдан-жылға қамтамасыз етуі.
Мұғалiм әр түрлi мақсаттар үшiн портфолио қолдана алады.
§ Өздігінен бағытталған үйренудi мадақтау.
§ Оқудағы өрісін кеңейту.
§ Оқуда білуге мүмкiндiк туғызу.
§ Жоспарланған нәтижелердiң табысқа жетудегі өрлеуін көрсету.
§ Оқушылардың өзін өзі бағалауына мүмкiндiк беру.
§ Оқушыларға өзара қолдау және дамытуды мүмкiндiк ретінде ұсыну.