№ | Тақырыптың атауы | Тақырыптар бойынша тапсырмалар | Ұсынылатын әдебиеттер | СӨЖ өткізу нысаны | СӨЖ өткізу аптасы |
| Қылмыстарды саралаудың түсінігі және маңызы (4 сағат) | ҚР ҚК бойынша кісі өлтіруге қатысуға дайындалу мен кісі өлтіруге дайындалуға қатысуды саралаңыз. Бұл оқиғаларды саралауда ерекшеліктер бар ма? | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Жазбаша жұмысты тексеру | |
| Қылмыстарды саралау үдерісі (5 сағат) | 1. Істерді тергеу немее сотта қарау барысында істің фактілік мән-жайларын анықтау мен жасалған әрекетке қылмыстық-құқықтық баға беруді жекелеген сатыларға бөлу қиындық туғызатын жағдайлардың мысалын келтіріңіз. Бұл үдерісті аталған екі сатыға бөлу оңай жүргізілетін өзге де мысалдар келтіріңіз. 2. Қылмыстарды саралау үдерісі барысында тергеуші, прокурор және сот қызметінің эвристикалық ерекшеліктері қандай? Логикалық бағдарламалар мен эвристикалық тәсілдерді қолданудың ұтымды және кемшін тұстары қандай? | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Конспект тексеру | |
| Қылмыстарды саралаудың әдістемелік негіздері (4 сағат) | Жалпы тек қана жалқы арқылы жасай алатынын ескере отырып, жаңа қылмыстық заң қабылданып, бірақ онда көзделген қылмысты әрекеттер әлі жасалмаған жағдайларды түсіндіріңіз. Бұл нормалар қандай жекелеген оқиғаларды жалпылаудың нәтижесі болып табылады? | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Сүлбе мен жазбаша түсініктемені тексеру | |
| Қылмыс құрамы саралаудың құқықтық негізі ретінде (4 сағат) | ҚР ҚК 280-бабында көзделген«Ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердi бұзу» қылмысының субъектісі тек қана лауазымды адам бола алады деп шектеулі түсіндіру дұрыс па? Өз пікіріңізді заңға сілтеме жасай отырып негіздеңіз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Есептің жазбаша шешімін тексеру | 8-11 |
| Қылмыс құрамының белгілері (4 сағат) | 1. Келесі бағалаушы белгілердің мазмұнын ашқанда сіз қандай жіктерді басшылыққа алған болар едіңіз: жәбірленушінің «дәрменсіз» күйі (ҚР ҚК 120-бабы); журналистiң заңды «кәсiптiк қызметiне» кедергi келтiру(ҚР ҚК 155-бабы);балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден «әдейi» жалтару(ҚР ҚК 136-бабы)? 2. Қылмыстық-құқықтық норманың мазмұнын өзгертпей келесі жағымсыз белгілерді оларға сәйкес келетін жағымды белгілерге айналдырыңыз: тергеушінің «өзге де заңсыз iс-әрекеттері» (ҚР ҚК 347-бабы); Қылмыстық кодекстің 103 және 104-баптарында көзделген «зардаптарға әкеп соқпаған» ұдайы ұрып-соғу(ҚР ҚК 107-бабы); «өмір мен денсаулыққа қауіпті емес» күш қолдану (ҚР ҚК 178-бабы). Сіздің ойыңызша,осы және өзге де қылмыс құрамдарындағы заңның мәнін бұрмаламай немесе өзгертпей жағымды белгілерге айналдыруға келмейтін жағымсыз белгілерді көрсетіңіз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Конспект тексеру Есептерді тексеру | |
| Ұқсас қылмыс құрамдарын ажырату ережелері (6 сағат) | 1. Өзара қылмыс құрамының объективтік жағы; субъективтік жағы; қылмыс объектісі бойынша ғана ажыратылатын қылмыс құрамдарын атаңыз. Қолданыстағы қылмыстық заңнамада қылмыс субъектісінен басқа белгілерінің барлығы бірдей қылмыс құрамдары бар ма? 2. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар, сот әділдігіне қарсы қылмыстар және басқару тәртібіне қарсы қылмыстар арасында қол сұғушылық объектісі бойынша қандай айырмашылық бар? Қылмыстардың аталған топтарын қылмыс объектісі бойынша ажыратудың сызбасын жасаңыз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | Слайд-презентацияны тексеру | |
| Нормалардың бәсекелестігін саралау ережелері (4 сағат) | Арнайы норманың жалпы норма алдындағы басымдығына не негіз болады: қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясы ма, әлде санкциясы ма және неге? Екі норманың қайсысы арнайы, қайсысы жалпы норма екенін қалай анықтауға болады? | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | | |
| Қылмыстардың көптігін саралау (5 сағат) | 1. Қылмыстардың шынайы жиынтығы идеалдық жиынтықтан несімен ерекшеленеді? Заңсыз сақталған атыс қаруымен абайсызда қаза келтіруді сіз жиынтықтың қай түріне жатқызар едіңіз? Шынайы жиынтықты құрайтын қылмыстар бір әрекетпен жасалуы мүмкін бе? 2. Қылмыстардың идеалдық жиынтығының нормалардың бәсекелестігінен айырмашылығы қандай? Кеме капитанының кінәсінен қозғалыс қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы салдарынан болған осы капитанныңтеңізде апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi қалай саралануы керек? Өз шешіміңізді негіздеңіз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | | |
| Қатысып жасалған қылмыстарды саралау (5 сағат) | Р.Р.Галиакбаровтың «Квалификация групповых преступлений» (М., 1980) еңбегімен танысып, кеңес заманындағы ғылыми зерттеулердің қолданыстағы қылмыстық заңнамаға қалай әсер еткеніне баға беріңіз. | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | | |
| Саралауды өзгерту (4 сағат) | Түрлі қылмыстық іс жүргізушілік актілерде орын алған саралау қателіктерін жөндеудің қандай тәсілдері бар: тергеушінің қаулыларында; айыптау қорытындысында; соттың ұйғарымында? Процессуалдық заңға сай үкімде жіберілген саралау қателіктерін жөндеуге мүмкін болмайтын жағдайлар бола ма? | Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген | | |
| Барлығы: 45 сағат | | | | |