Адамның ішкі «Мені» және сыртқы әлемнің өзара қарым-қатынасына сипаттама беріңіз.
Жоспар:
1.Мен өмір сүретін әлем және бүкіләлемдік тіршілік негіздері.
2.Адамның ішкі «Мені» және сыртқы әлемнің өзара қарым-қатынасы.
3.Адам өмірі мен тағдыры. Қарым-қатынас және жалғыздық философиясы.
І. Адам баласы өмір сүріп жатқан ортада күн, жер, ауа және су деп аталатын төрт құдіретті негізі бар. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн – барлық тіршілік тірегі. Оның нұры-сәулесі, құдіретті күші – от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты халық қастерлеп, “отты баспа”, “отпен ойнама”, “отқа түкірме” деп, ырым, тиым жасап, кесір-қырсықты отпен “аластап”, отқа табынған. Отбасы, отағасы, отау деген сөздер отты қастерлеуден шыққан.
Ал Жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Халық Жер-ананы әулие тұтады. “Баптағанға – жер жомарт”, “жері байдың – елі бай”, “Туған жер – алтын бесік” деп, Жер-ананы аялаған. Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Ел – ер-азаматтың думанды ортасы. Жер –жарық дүние бесігі. Жер-жаһандағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет – су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін “әулие бұлақ” дейді. “судың да сұрауы бар” деп, суды ысырап жасамау керектігін өз ұрпақтарына ескертіп отырған. Жанды дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе – ауа. “Ауа - өмір тынысы”, - дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені “ауадай қажет” деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды. Осы құдіретті төрт негізден адамның өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті құндылықтар тарайды. Қоршаған орта, табиғат, ғарыш және кеңістік адамның тіршілік аясы ретінде өмірлік қажеттіліктерді үйлестіреді.
Әлем біртұтас, себебі адам-қоғам-табиғат бір-біріне өзара тәуелді. Еш нәрсе өзінен-өзі абсолютті кеңістікте дербес бола алмайды. Біз қайда назар аударсақ та, бізді қоршаған әлем алуан түрлі болғанымен, ол осы алуан түрліліктің бірлілігімен ерекшеленді. Барлық элементтердің байланысы, біртұтастығы - әлем құрылысының іргелі қағидасын құрайды.
Әлем әркімнің орны алдын ала белгіленген тұтастық емес, сондықтан адам әлемде өзін еркін сезінеді. Адамдарды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын, яғни рухани әлемін білу қажет. Рухани әлемді тек «эмпатикалық» ену, бойлау арқылы, яғни сол зерттейтін субьектінің орнына өзіңді қойып, ұғыну арқылы танимыз. Табиғатты біз түсіндіреміз, сипаттаймыз, ал рухани өмірді ұғынамыз. Адам әлемде өмір сүргені тәрізді, әлем де адамның ішінде болады.
Адам көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жерден шалғай ғалам кеңістігін де мейлінше зерттеп, оларды шынайы өмірмен байланыстыру үшін ізгі талпыныстар жасайды. Адам төңірегіне тек пенделік өз түсінігі тұрғысынан қарай алмайды. Ол жаратылыс шындығын қандай болса, сол күйінде, яғни қаз-қалпында сезінуі керек. Жер-жаһанмен рухани сабақтасу дегеніміз ғаламның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» танып-білу талабынан туындап жатыр. Дүние тұңғиығына бойлайтын сұңғыла сезім Адам дейтін осы ғаламат ұлы құдіретке бұйырған. Бұл өзіңді өзің тану ғана емес, бұл – бүкіл ғалам ғажайыбын тану.
ІІ. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адамның рухани даму жолындағы талпынысы оның танымдық көзқарасы мен ойлау деңгейін кеңейтеді. Адам баласының қоршаған кең дүниемен, әсіресе табиғатпен қарым-қатынас жасау барысында өз бойына ештеңе дарытпауы мүмкін емес. Адам белгілі бір кезеңде қалыптасқан мұрат-мүддесі негізінде ғалам көркін танып, жаратылыстың мән-мағынасын әділ саралап, баға беруге талпынады. Таным нысанасы айқындала түскен сайын адамның ой-өрісі кеңейіп, мүмкіндіктері ашыла түседі.
Адам өзінің тұлғалық сапасын жетілдіру үшін алдына қойған мақсатына орай өз мұратын іске асырады. Адам өмірінің алғашқы мақсаты - өзін-өзі тану, өзінің тұлғалық қасиетін жетілдіру. Адамның өмірлік мақсатының екінші қыры – бақытты отбасын құру. Адам өмірінің үшінші мақсаты – айналамен, табиғатпен шығармашылық қарым-қатынас орнатып, оны өмірде қолдана білу. Адам өзін танудан бастап, бүкіл жаратылыс сырын түсінуге талпынады. Адамның шығармашылығында үш түрлі қарым-қатынас орын алады: адамның өзіне деген қатынасы; тұлғаның басқалармен қарым-қатынасы; тұлғаның табиғатпен қарым-қатынасы. Осы қарым-қатынастар арқылы адам тәжірибесі жетіледі.
Әр адамның бойында ашылмаған мүмкіндіктер өте мол. Сондықтан оларды жүзеге асыру үшін бойымыздыға қалыптасқан жаман әдеттерден, теріс пиғылды ойлардан араылып, жақсылыққа, еркіндікке ұмьтыла білуіміз керек. Бойымыздағы шынайы «Мен»-ді ашу үшін оған бөгет болатын әдеттерді, ойларды, идеяларды жоғары «Мен»-імізбен үйлестіру оңай емес, алайда ол орындалса өмірдегі игілікті істерге қол жеткізуге болады. Кейде шынайы «Мен»-імізді сыртқа шығармай жасырамыз. Сондықтан да адамдар біздің шынайы сипатымызды біле бермейді. Өміріміздегі өзгерістерге ұшыраған кезде ғана біз шынайы «Мен»-імізге жақындаймыз. Сөйтіп өмірдің әр деңгейінде өзіміз қолдан жасап алған, өзімізге қолайлы көрінген сыртқы жалған қабығымызды «бетпердемізді» алып тастаймыз. Осы жерде өзімізге мынадай сұрақ қоюымызға болады: «Мен өзгелерге ұнау үшін және олар мені дұрыс түсіну үшін өзімді қалай ұстауым керек еді?». Бұл кейде оңайға түскенімен, ал кейдеқиындықтарға да ұрындыруы мүмкін. Мысалы: біреуге көмек көрсетіп, жақсылық жасау немесе жағдайды түсініп, қайшылықты өзгенің көзімен көре білу керек. Бұл да қажырлылықты талап етеді.
ІІІ. Адамдар арасындағы ең маңызды нәрсе ол - өзара және айналамен қарым-қатынас орнату. Адамның бақыты мен аман-саулығы түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады.
Олар: адам ағзасындағы байланыстар, оның ақыл-ой, ерік-жігер, сезім және жан мен тәнарасындағы қарым-қатынасы; өзінің ата-ана, аға-қарындас, достарымен қарым-қатынасы; өзі тұрған ортамен қарым-қатынасы. Сондықтан да ешкім өмір бойы жалғыздықта, жақын адамдардың қолдап-қоршауынсыз өмір сүруді қаламайды. Адамзат қауымдастығы негізінен тұлғалардың, отбасының, топтың, кәсіпорынның, халықтың, тұтастай елдердің қарым-қатынасынан тұрады. Адамзат қоғамының біртұтастығынан әлеуметтік және рухани байланыстар түзіледі, оның ең жоғарғы түрі – махаббат екені мәлім. Сонымен адам жалпы қарым-қатынас қағидаларының саналы бөлігі болғандықтан, ол арөылы дүниенің құрылымын анықтауға болады. Кез келген қарым-қатынаста субьект те обьект те болады, субьект-обьектілік қарым-қатынас салыстырмалы нәрсе, олар бірінсіз бірі бола алмайды, екеуі бірігіп қана біртұтастықты құрайды. Тек субьект пен обьектінің тепе-теңдігі ғана біртұтастықты қамтамасыз етеді. «субьект-обьект» арасындағы үйлесімді әрекет жаңа құндылықтарды тудырады. Жаңаның пайда болуы қарым-қатынастардың әрекеті мен дамуына байланысты. «Субьект-обьект» бірі-біріне қызмет етеді. Әрқайсысы өзінің құндылығын жүзеге асырып, жаңа мәнге ие болады. Қарым-қатынастағы тағы бір ағида бірін-бірі толықтыру, дамыту, жетілдіру. Адамдар арасындағы қарама-қайшылықтар өзіне деген сенімсіздіктен, өзгенің пікірін құрметтей білмеуден, өзгенің пікірін бағалап, одан үйренуді көздемеуден пайда болады.
Табиғат әлемі алуан түрлі. Олардың айырмашылықтары қайшылық тудырудан гөрі үйлесімділікке, бүртұтастыққа, бір-бірімен қарым-қатынасқа, әрекет етуге бейім болады. Мысалы: бақта әралуан гүл неғұрлым көбірек өссе, бақта соғұрлым көркейе түспек. Сұлулық біртектіліктен туындамайды, керісінше алуан түрліліктің біртұтас үйлесімдігінен тұрады.
Адамдар да біркелкі емес, әр түрлі болады, олардың осы алуан түрлілігі адамзатты шығармашылыққа, үйлесімділікке жеткізеді. Өзіңіз оқитын топтға студенттердің бәрі бірдей деп көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Ондай жағдайда топтағы өмір қалай қалыптасар еді?
Жетістікке жету үшін қарама-қайшылықтар емес, керісінше түрлі элементтердің бірігіп, үйлесімді болуы қажет.
Қарым-қатынастың дамуы үшін бірнеше жағдайдың қалыптасуы шарт. Біріншіден, әрекеттердің негізі қалануы тиіс. Адамдар бір-бірімен тіл табысып, түсінісуі үшін бір тілде сөйлесуі қажет. Олардың неғұрлым бір-бірімен ортақ қасиеттері болса, онда олар мәнді әрі мазмұнды әңгіме құра алады. Сонымен бірге олар ортақ сеніммен жігерленсе, бұл олардың бірігіп қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Екіншіден, олардың ортақ мақсаты болуы тиіс. Қарым-қатынасты одан әрі өрбіту үшін белгілі бір тәртіпті сақтау керек. Адамзаттың қарым-қатынасы әр түрлі (топ бастаушы, орындаушы, екі адамның тең құқықта болуы, бірігіп қызмет етуі, т.б.) болады, алайда белгілі бір жағдайға сәйкес қарым-қатынас нақты анықталуы шарт. Жалпы алғанда мақсат пен тәртіп анықталғаннан соң ғана қарым-қатынастың екі құрамы: беру және қабылдау үрдістері пайда болады.
Даму барысында осы қарым-қатынастың құрамы жетіліп, үйлесіп, екі үрдістің біртұтастығы арта түседі. Демек, кез-келген тіршілік иесі бірін-бірі толықтыратын екі мақсат атқарады: жеке - өз тіршілігін; ал жалпы – күрделі деңгейдегі тіршілікті қамтамасыз ету. Қалыпты экологиялық жүйеде осы екі мақсат тепе-теңдікте болады. Осы қағида адамзат қоғамына да тән. Жек бастың және жалпы дамудың мақсаты бір-біріне байланысты әрі тәуелді. Оның өз мәнініде дамуы тұтастай алғанда әлемді үйлесімді етеді. Егер де біз әлемнің үйлесімді қарым-қатынасының бөлігін құрайтын болсақ, онда осы қағидаларды ұстануға тиіспіз.
Өзін-өзі бақылау сұр