Иял және шығармашылық өзарабайланысын айқындаңыз
Шығармашылық қиялмен тығыз байланысты. Қиялдың даму деңгейімен ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.Шығармашылықтың психологиясы оның барлық нақты түрлерінде көрінеді. Сурет, ғылыми, әдебиет көркем өнерде т.б. Нақты адамның шығармашылық мүмкіндігін қандай факторлар айқындайды. Шығармашылықтың мүмкіндігі адамның білімімен және олардың қабілеттілігімен сипатталады.Ұзақ уақыт белгілі психологы Т.Рибоның негізделген алгоритмизация мен шығармашылық процесске үйретудің мүмкін еместігі туралы көзқарас үстем болды. Алайда бұл көзқарасқа кейін күмәндана қарай бастайды. Бірінші орынға шығармашылыққа қабілеттілікті дамытуға болады деген гипотеза шықты.Ағылшын оқымыстысы Г.Уоллес шығармашылық процесін зерттеуге тырысты. Нәтижесінде ол төрт кезіңін бөліп шығарды:1)дайындық ( идеяның туы);2)пісіп-жетілуі ( концентрация);3)озарение (кенеттен шешім табуы);4)тексеру.Г.С. Альтимуллер шығармашылық міндеттерді шешудің тұтас бір теориясын жасап шығарды. Ол шығармашылықтың бес деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейдің мәселесі осы мақсатқа тікелей бағытталған құралдармен шешіледі. Объекті бұл жағдайда өзгермейді. Мұндай міндеттерді шешудің құралдары бір ғана арнайы саланың шеңберінде ғана болады. Екінші деңгейдің міндеттері қежетті эффекті алу үшін объектіні өзгертуді қажет етеді. Мұндай түрдегі міндеттерді шешудің құралы бір білім саласына жатады. Үшінші деңгейдің міндеттері дұрыс шешімі жүздеген дұрыс емес шешімдердің арасында жасырылған. Төртінші деңгейдің міндеттерін шешуде объекті толықтай өзгереді. Шешімді ғылым саласында өте сирек кездесетін эффектілермен құбылыстар арасында іздеуге тұра келеді. Бесінші деңгейде міндетті шешуде барлық жүйе өзгереді. Мұнда қателіктер көп болады. Міндетті шешудің құралы бүгінгі күнгі ғылымның мүмкіндігінен тыс жатуы мүмкін. Сондықтан да бірінші жаңалық ашу керек, содан соң жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып шығармашылық міндетті шешу керек.Альтилуллердің пікірі бойынша шығармашылық міндеттерді шешудің маңызды әдістерінің бірі олардың жоғарғы деңгейден төменге түсуі болып табылады. Мысалы: егер төртінші немесе бесінші деңгейдің міндетін арнайы әдістер арқылы бірінші немесе екінші деңгейге ауыстырса, онда ары қарай варианттардың әдеттегі салмағы асып кетеді. Бұндағы бар мәселе ізденіс жиегін тез тарылту болып табылады.Осылайша, пайда болған образдардың жеңілдігіне еріктілігіне қарамастан іс-әрекеттердің шығармашылық қайта жасалуы қиялда өзінің заңдарына бағынады және белгілі бір әдістермен жүзеге асады. Жаңа түсініктер санада болған түсініктердің негізінде анализ бен синтездің арқасында пайда болады. Қиял процессі түсініктердің құрамдас бөліктерге бөлінуінен және олардың жаңа үйлесімге бірігуімен яғни аналитикалық синтетикалық сипат алуымен анықталады. Шығармашылық процесс қиялдың күнделікті образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.
29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды..Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пәнi, эмоционалды уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттарда кездесетiн қақтығыстар: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады. Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы және адамның iшкi рухани әлемiн (зейiнiн, ойлауын, есiн, қабылдауын), физиологиялық процестерiн (жүрек қан—тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.) өзгертедi.Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады.Қорыта айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн және адамның өмiрлiк түрлi жағдаяттарының түрткiлерiне субьективтi реакция болып қарастырылады.