Кәсіптегі жұмыс орны динамикалық компонент ретінде

Мамандық, еңбек және жұмыс орны сияқты күрделі әлеуметтік феномендерді зерттей келе, оларды бір бірінен абстрактілеуге және өзінің жиынтығына байланысты басқа қасиеттер мағынасымен екпіндеуге болады. Басқа сөзбен айтқанда еңбек психологиясы ғылыми пән ретінде «еңбек посты немесе орны» және «профессия-мамандық» феномені, теориялық обьектілер арқылы көрінетін жиынтықтар арқасында, орындалатын мәндер қасиетінің атрибуттары ретінде көрінеді. Кеңес дәуіріндегі еңбек психологиясында 80-шы жылдардың соңында профессия-мамандықтың мәні мен еңбек орны қайта құрылды.Е.А.Климовтың пікірі бойынша негізгі түсініктің компонентін сипаттаушы кәсіби еңбек іс-әрекеті «еңбек посты немесе еңбек орны» болып табылады.

Еңбек орны өзінің әртүрлі қасиеттерінің жиынтығына қатысты келесідей болады:

1) еңбек нәтижесіне және әлеуметтік міндеттелген мақсаттарға қатысты;

2) міндеттелген пән (заттық, ақпараттық, әлеуметтік, биологиялық-өндірілген материалдар, обьектілер, процесстер);

3) еңбек құралдарының жүйесі;

4) кәсіби қызметтік міндеттердің жүйесі (міндеттелген еңбек қызметі);

5) жұмысшының құқық жүйесі;

6) өндірістік орта (еңбектің заттық және әлеуметтік шарттары).

Еңбек орнының жеті атрибуттарын көрсетуге болады:

1) әлеуметтік міндеттелген мақсаттар;

2) еңбек өндірушісінің өнімі мен шарттарының көріну нәтижесі;

3) міндеттелген зат (өндірілген материалдар,обьектілер, процесстер);

4) еңбек құралы;

5) қызметтік міндеттері (міндеттелген еңбек қызметі);

6) жұмысшының құқығы;

7) өндірістік орта (еңбектің заттық және әлеуметтік шарттары).

Әлеуметтік міндеттелген мақсаттар мен еңбек нәтижесінің көрінісі жұмысқа сәйкес құжаттық үлгі тізімделуі арқылы бекітіледі. Еңбек пәні адамдардағы практикалық және ойша еңбек орнын анықтайтын процесстер көрінісі, обьект қатынастары мен қасиеттердің жүйесі болып табылады. Еңбек пәні мен шығарылатын материалдар кәсіби дәстүрлі құжаттары мен өндіріс материалдарына байланысты бекітіледі. Еңбек пәнінің жағдайлық тобына тура жағдайлары (мысалға, көлік жүргізушінің жол жағдайлары) жатуы мүмкін. Еңбек пәні қызметтік жүйе жағдайлары болуы мүмкін. Мысалы: тәрибеші үшін- баланы тәрбиелеу қызметінің жағдайы, тренер үшін-организм жағдайы, спортсменнің арнайы дайындығы мен жаттықтырылуы; жетекшіге-еңбек коллективінің әлеуметтік-психологиялық кәсіби даму жағдайы, дәрігер үшін- адам денінің саулығы.

Еңбек құралы -адамдардың еңбек пәніне, оның мақсаттарына сәйкес әрекет етуіне қатысты болып табылатын обьективті шындық. Педагог, жетекші, мемлекеттік қызметкер, жалпы «адам-адам», «адам-әлеуметтік топ» барлық кәсіби типтегілерге еңбек құралының сапасы ретінде техникалық құралдар, технология үлгілері, эталондары, әдістемелік жетекшілік, сонымен қатар, жалпы организм және еңбек субьектісінің жеке органдары жатады. Еңбек құралын Е.А.Климов сыртқы (обьект қалыптасуына қатысты) және ішкі (психикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері) деп екіге бөледі. Олардың жалпы классификациялары төменде келтірілген:

Еңбек құралдары-жабдықтары мен заттық құралдары:

- Ақпаратты қабылдау, алу құралдары (ақпараттарды шарттық сигналдар түрінде, суреттер түрінде беретін приборлар ).

- Ақпаратты өңдеу құралдары.

- Ақпаратты жеткізу құралдары.

- Биологиялық, технологиялық, белгі жүйелерінде, көркем-өнер жүйесінде (еңбек қол өнер құралы, қолмен басқарылатын машиналар, автоматтандырылған және автоматтық жүйелер) практикалық әрекетті орындаушы құралдар.

Сыртқы қызметтік еңбек құралы:

- Адамның сөзі мен мәнерлі мінез-құлық құралы (жетекші, мемлекеттік қызметкер, педагог, актер,радио және тележүргізуші жұмысында) .

- Адам организмі (тренер, балет, цирк артистті ).

- Адамдарды құраустырушы топтар (жетекші, дирижер, режиссер жұмысында).

Ішкі қызметтік еңбек құралы:

- , шеберлік, дағды.

- Үлгілер, мақсаттар, іс-әрекет нәтижесіне көрінісі.

- Еңбек мотивтері

- Тұлғалық және дербес ерекшеліктері, үлкен тұлғалық және кәсіби потенциалдары.

Е.А.Климов көрсеткендей өндірістік орта эргатикалық жүйе ретінде қаралады. Оның негізгі орта компоненттеріне мыналар қатысады:

1) Өмірлік, еңбектің саниатарлық-гигиеналық шарттары (температура, ылғалдық, қысым, шаршаудың әртүрлі түрі, күштік кеңістік, шаң, шу, дабыл, ультродыбыстар, улы заттардың жиынтығы, агрессиялық заттар, инфекциялар негізі, травматизмның болуы, экстремальды факторлардың көрінуі).

2) Еңбектің әлеуметтік шарты. Адам субьект ретінде іс-әрекетке қатысты белсенді және интенсивті тұлғааралық қатынаста болады. Соңғысы фонның мағыналық шарттары ретінде ғана емсе, сонымен қатар психикалық және соматикалық бұзылыстардың факторы болады. Бұл психикалық микроклиматты қалыптастырушы үлкен топтық шарттар. Еңбек психологиясының тарихында уақыт өте келе бұл топтар арнайы зерттеу тақырыбы болады. XX-шы ғасырдың ортасында олар формальды емес құрылымдық ұйым ретінде қаралады. Біздің зерттеуімізде адамдардың белсенді ұйымы еңбек пен жұмыс орнының құрылымдық шарттарда іс-әрекеттің психологиялық кеңістігі деп аталды.

3) Өндіріс технологиялары.

4) Корпоративтік мәдениет.

Еңбек субьектісінің міндетті жүйесіне еңбек орнын сипаттаушы еңбек етушінің белсенділік формасы мен талаптары жатады. Еңбек қызметі түсінігіне – адамдардың белсенділігіне қатысты барлық процесстер, еңбек міндеттері мен мақсаттары кіреді, ал қызметтік міндеттердің астарында - нормативтік құжаттардағы еңбек қызметінің көріністері жатыр. Жұмысшы құқығының жүйесі - кәсіби міндеттерді шешу әдістері мен жұмысшының кеңістіктегі бостандықты таңдау құралы, сонымен қатар басқа түрдің іс-әрекетінен оның тұлғасын сақтау деңгейі. Конфликтердің болуы өкінішке орай жұмысшының құқықтық жүйесінің міндеттерінің байсалды нәтижесінен алынады.

Профессия, кәсіп (латын тіл. profession- «оглашать», «көпшілік алдында сөйлеу»)- «адамдарда болуға керекті дағдылар мен білімдер, кәсіби маңызды сапалардың дамуы мен арнайы қабілеттердің болуы, еңбек іс-әрекетінің тарихи қалыптасқан формасы»- еңбек орнының шегіне шығатын әлеуметтік феномен ретінде, өзіне сапалық компоненттерді қосады.

Е.А.Климов бойынша кәсіп феномені төрт негізігі мағынада келтірілген және олар негізгі әлеуметтік қатынастар аспектісі немесе оның төрт компоненті. Оны 1980 жылдың ортасындағы жалпы хронотоп ретінде қарастырады:

1) Күш мазмұнының аймағы, адам еңбек субьектісі ретінде еңбек іс-әрекетінің шектелген түрі (еңбектің тарихи жіктелуі негізінде).

2) Адамдардың ортақтығы, берілген еңбек қызметін орындаушы, жарамды қоғамдық мінездің болуы.

3) Дайындық (білімі, шеберлігі, дағдылары, квалификациясы) арқасында адамның еңбек қызметіне сәйкес қабілеттілігі.

4) Іс-әрекет профессионалды процесс ретінде, кәсіпкердің еңбек қызметін орындауындағы шыңдалуы.

Профессияның эволюциялық аспектілеріне екпіндік мән беріледі:

1) адам еңбек субьектісі ретінде күш мазмұнының аймағында,

2) адамдардың ортақтығы,

3) іс-әрекет және тұлғаның көріну аймағы,

4) тарихи дамушы жүй

5) субьектінің шығармашылық қызметінің шындығы.

Е.А.Климов пен Н.С.Пряжников кәсіптің негізі сипаттамаларын былайша көрсетеді:

1) Еңбек іс-әрекетінің шектелеген түрі (еңбектің тарихи жіктелуі).

2) Қоғамдық пайдалы іс-әрекет.

3) Арнайы дайындықты пайымдайтын іс-әрекет.

4) Анықталған марапаттауды орындаудағы іс-әрекет, адамдардың мүмкіндіктерін беретін қанағаттану, оның көпжақты даму шарттарына қажетті моральдық және материалдық қажеттіліктері.

5) Адамға қоғамдық және анықталған әлеуметтік мәртебе беретін іс-әрекеті (адамның негізгі қызметі, өзекті визит карточкасы ретінде көпшілік кәсіптерге қатысты: қызметі, еңбек ету мезімі мен ұзақтығы, квалификациясы, кәсіби жоғарлауы, басынан өткен экстремальды жағдайлары) көп жағдайда «Мен»-концепциясымен қалыптасады.

6) Психологиялық мінездеме ретінде таңдаған мамандығына қатынасы.

Э.Ф.Зеер кәсіптің кәсіби компетенттілік, кәсіби автономия, топтық нормалар мен құндылықтар, өзін-өзі бақылау сияқты айырмашылық қасиеттерін көрсетеді. А.К.Маркова кәсіптік феноменін келесідей үш аспектіде қарастырады:

1) кәсіп іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан және әлеуметтік талаптандырылған

формасы;

2) қоғам пікір бойынша кәсіп - еңбек қызметін орындаушы әлеуметтік бекітілген кәсіби міндеттердің жүйесі, іс-әрекет түрлері мен формалары, тұлғалық ерекшеліктері;

3) нақты тұлғалық пікір бойынша кәсіп - адамның қоғамдық өміріне қатысты іс- әрекеті және өмір сүруіне қажетті материалдық құралдардың негізі.

«Профессия» феноменінің мәнін аша келе, Н.С.Пряжников бірнеше түсініктерді ажыратады:

· профессия - туысқандық мамандықтардың тобы (дәрігер профессиясы: терапевт, хирург,окулист; мұғалім мамандығы: математика, география, тарих мұғалімі).

· квалификация- кәсіби шеберліктің деңгейі. ресми бөлімдерде, класстарда, қызметтерде, категорияларды бекітілген формальды квалификацияны ажыратады, ал реальды квалификация - адамдардың көрсете алатын шеберлік деңгейі.

· қызмет (должность) – кәсіптік көрінуінің обьективті және құжаттық бекітілуі.

А.К.Маркова профессия феноменін: маманның моделі, маман дайындығының моделі, квалификациялық мінездеме деп түсіндірген. Е.А.Климов бұл түсініктерге: мамандық- жеке меншік бөлімшелерге қатысты, адамдардың қалай бос еместігі, олардың не істей алатындығы мен білетіндігін көрсетеді. Қызмет- ұйымда, өндірістік құрылыста еңбек етушінің алатын орны. Э.Ф.Зеер бойынша, профессия- жоғарға мәртебелі кәсіби іс-әрекет түрлерінің мінездемесі.

Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері.Адамның еңбек етуі және еңбек барысында қалыптасқан бағалы құндылықтар мен қасиеттер еңбек психологиясының зерттеу объектісі болып табылады. Адамның еңбек етуін зерттеумен қатар адамның іс -әрекетін, биологиялық-әлеуметтік ерекшеліктерін, еңбек физиологиясы мен гигиенасын, терапиялық және профилактикалық маңызын, еңбек экономикасын, еңбек құқығы мен этикасын, еңбек ету теориясын қарастырады. Еңбек психологиясының дамуы және оның пайда болуы археологиялық және тарихи мәліметтермен байланысты. Сондықтан Б.Г. Ананьев әділетті түрде оның дамуына керекті комплекстерді айтты: «Өмір туралы және практика туралы айтқанда оның қажеттіліктерін, толық синтетикалық картинасын білу қажет, бірақ физиологиялық-психологиялық, әлеуметтік картинаны көрсете алмайды». Еңбек психологиясы психологиялық заңдарды, психологиялық процесстерді және олардың жеке тұлға қасиеттерін және еңбекпен қатар физиологиялық және әлеуметтік ортамен байланыстарын қарастырады

Еңбек психологиясының пәні өзінің даму тарихын әлеуметтану саласынан алады. Әлеуметтанудың шығуы американ зерттеушісі Фредерик Уинслоу Тейлордың есімімен байланысты. Ф.Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ғылыми негізін ең алғаш көтерген. Оған дейін техниканы басқару мен фабриканы басқару мәселелері айтылған. Тейлордың эволюциялық қөзқарасты үш кезеңге бөлеміз:

- ақы төлеу жүйесі – жұмысшының әрекетіне қарай жалақысы сайболуы, негізгі әдісі – жұмыс уақытының хронометражы.

- жұмыс өнімділігін емес, керісінше, жұмыс әдісін бақылау - өте ауыр жұмысқа максималды жалақы көлемі, өте жеңіл жұмысқа – минималды жалақы көлемі төленуі.

- «функционалды әкімшілік» жүйесі – басқарудың бір ортаға шоғырлануы.

Тейлор жүйесінің негізгі міндеті - әр жұмысшы жағдайының максималдығын кәсіпкердің максималды түсетін пайдасымен байланыстыру. Тейлор жүйесінің негізгі төрт қағидасы бар:

- Барлық жұмысшылардың іскерлік пен дағдыларын топтастыру жәнежинақтау;

- Ғылыми ұстанымдар негізіне сәйкес белгілерді мұқият іріктеу;

- Жұмысшылар мен әкімшілік жүзеге асыру, мысалы: тез істелген жұмыс үшін күнделікті мен жакапкершілігін тендей етіп бөлу;

Тейлор жүйесі жұмысты ұйымдастыру мен басқарудың тиімді әдістері, қағидалары мен қөзқарасы, тейлоризм әлеуметтік құбылыс, ғылымның алдыңғы жетістіктерін қолдана отырып жоғарғы өнім пайда алу.

70 жылдары АҚШ-та «өмір сапасы» концепциясы пайда болды. Бұл терминді ең алғаш енгізгендер: 50-is жылдары Д.Рисман және Дж. Гелбрейт. Еңбек психологиясы қалыптасуына басқа да көзқарастар, пікірлер, концепциялар ықпал етті, мысалы

- «Еңбек мотивациясы» концепциясы – Э.Мейо, А.Маслоу еңбек мотивациясын айқындауды былайша ажыратады:

v Физиологиялық және жыныстық қажеттілік;

v Экзистенциалдық қажеттілік;

v әлеуметтік қажеттілік;артық болу қажеттігі;

v жоғарғы рухани қажеттілік.

- Д. Макгрерордың «икс теориясы» мен «игрек теориясы» - «икс теориясы» және оны зорлап істету.

«Психотехника» терминін 1903 жылы В.Штерн ұсынған. Психотехниканың негізін салушылардың бірі Г. Мюнстенберг былай жазған: «психотехника- мәдени міндеттерді психологияны практикалық қолдану туралы ілім». ХХ-шы ғасырдың 20 жылдарында ғалымдар психотехниканың үш негізгі мәселесін ажыратқан:

- Кәсіптік іріктеу мен кәсіптік кеңес беру арқылы сәйкес келетін адамдарды іріктеу;

- Еңбектің ең жоғарғы өнімділігіне жету;

- Қалаған психологиялық жетістіктерге жету.

Наши рекомендации