№ | Термин сөз | Шығармасы және қысқаша баламасы | Қысқаша сипатамасы |
1. | Автология | Грек сөзі aujugcat, logos – слово | Сөздің тура мағынасында қолданылуы |
2. | Автор | Лат. auctor – негізгі қалаушы | Өнер туындысын жасаушы шығармашылық тұлға |
3. | Ақ өлең | | Силлабикалық және силлабо-тоникалық өлең жүйесіндегі ұйқассыз өлең. |
4. | Аллитерация | Лат. ad-lettera дыбыстас | Шығарма мәтінінде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы. |
5. | Анафора | Грек anaphora – биікке шығару | Өлең жолдарының басында үйлесе қиысатын, қайталанатын сөздер. |
6. | Антитеза | Грек. antutesis – қарама - қарсы | Шендестіру, кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың түрі. |
7. | Архетиптер | Грек. arhet – алғашқы образ | Архаикалық рәсім-салттарда, наным-сенімдерде қылаң беретін мотив сарындар. |
8. | Ассонанс | Лат. assono – үйлесім | Дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы |
9. | Аят | Араб – керемет | Құран сүресінің тиянақты бір бөлшегі, не бір шумақ өлеңі. |
10. | Антоним | Грек. | Қарама-қарсы мағынадағы бір сөз табының сөздері |
11. | Антротопонимика | Грек. | Адам есімдерін зерттейтін ономастиканың бөлімі |
12. | Әдбиет | Араб үлгілі сөз | Көркем өнердің негізгі түрлерінің бірі. |
13. | Әпсана | Парсы – афсане ғажайып оқиғалы әңгіме. | Парсы-тәжік фольклорының жанры. |
14. | Әсірелеу | Грек. hyperbole – күшейту | Құбылысты не белгілі бір нәрсені шамадан тыс үлкейтіп айту. |
15. | Баллада | Франц. Ballada- би әні | Оқиғаға құрылған лирикалық сарындағы өлең. |
16. | Бәйіт | Араб - шатыр | Қос тармақты өлең шумағы. |
17. | Библиография | | Әдебиеттанудың жанама тарауы. |
18. | Герменевтика | Грек. hermentike түсіндіремін | Мәтіндерді ұғындыру мен принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім. |
19. | Глосса | Гр.Glossa тіл сөйлеу | Сирек кездесетін сөздердің кітап ішіндегі түсіндірме сөздігі. |
20. | Градация | Лат. gradatuo біртіндеп көтеру | Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, не ойды асыра айту. |
21. | Гротекс | Франц. grotesgue таңғажайып | Шендестіруге құрылатын әжуә, күлкіге мән берілетін бейнелеу тәсілі. |
22. | Газал | Араб | Кемі үш, көбі 12 бәйіттен түзілетін өлең. |
23. | Драма | Грек. drama қимыл-әрекет | Сахнаға арналған шығарма. |
24. | Дәйексөз (цитата) | | Басқа біреудің айтқан пікірінен үзінді алынып, өзгертілмей беріледі. |
25. | Диалектизм | | Әдеби тілге енбейтін, белгілі бір территорияға тән тіл ерекшеліктері |
26. | Диалог | Грек. | Екі не бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы |
27. | Ремарка (ескертпе) | Франц. remargue ескерту | Драмадағы қажетті түсініктеме сөз. |
28. | Жанр | Франц. genr | Әдеби шығармалардың тегі мен түрлері. |
29. | Жаргон | Франц. | Жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыстағы сөйлеу түрі |
30. | Идиллия | Грек. eidyllion ықшам өлең | Қарапайым еңбек адамын, табиғат аясын суреттейтін өлең. |
31. | Интермедия | Лат. intermedius ортадағы | Күлкілі пьеса немесе көрініс. |
32. | Интонация | Лат. | Мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, айту тембрі сияқты бір-бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі |
33. | Историзм | Орыс тілінен | Көнерген, ескірген ұғымды білдіретін сөз немесе сөз тіркесі |
34. | Комедия | Грек. comos - көңілді, oide - өлең | Драмалық жанр түрі. |
35. | Көсем сөз | Лат. publicus қоғамдық | Журналистиканың қоғамдағы өткір мәселелерді қозғайтын саласы. |
36. | Калька | Франц. | Шет тілдерден жолма-жол аударудың арқасында пайда болған жаңа сөз |
37. | Коммуникация | Лат. | Араласу, ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу т.б. |
38. | Латифа | Парсы латифа | Қызықты, күлкілі шағын әңгіме. |
39. | Лирика | Грек. lira - аспап | Әдебиеттің негізгі тегі. |
40. | Магиялық поэзия | Грек. magos – абыз, сиқыршы. | Әртүрлі құбылыстарға табиғаттан тыс әсер етуге болады деген сенімнен туған ғұрып өлеңдері. |
41. | Мемуар | Франц. memoires еске алу | Автордың өзі қатысқан, көрген оқиғалары жайындағы жазбалары. |
42. | Метафора | Грек. metahora ауыстыру | Екі құбылысты салыстыру арқылы астарлы тың мағына беретін құбылту түрі |
43. | Метонимия | Грек. | Троптың бір түрі, бір объектінің не объектілер тобының атауын басқа объектіге қолдану. |
44. | Миф | Грек. mythos - баян, аңыз | Аңыз ретінде ертеден қалыптасқан көне жанр |
45. | Модернизм | Франц. moderne -жаңа | Әдебиет пен өнердегі философиялық-эстетикалық қозғалыс. |
46. | Монолог | Грек. mono – бір, logos - сөз | Кейіпкердің ішкі көңіл күйін білдіретін толғау сөзі. |
47. | Натурализм | Лат. natura – табиғат | Өмір құбылыстарын табиғи қалпында айтып, баяндауды мақсат ететін бейнелеу тәсілі. |
48. | Нәзира | Араб | Шығыс поэзиясында қалыптасқан әдеби үрдіс. |
49. | Новелла | Итал. novella | Әңгімеге жуық прозалық шығарма. |
50. | Ода | Грек. ode - жыр | Салтанатты көтеріңкі леппен айтылатын арнау өлең |
51. | Параллелизм | Грек. parallolios қапталдас | Екі нәрсені қатар жанастыра алып бейнелеу тәсілі. |
52. | Пейзаж | Франц. paus – ел, жер | Әдеби шығармадағы табиғаттың суреттелуі. |
53. | Перифраза | | Бір ойды көптеген тәсілмен жеткізетін стилистикалық тәсіл. |
54. | Плагиат | Лат. plagio – ұрлау | Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену. |
55. | Повесть | Орыс. повествование – баяндау | Оқиғаны баяндауға негізделген көлемді прозалық шығарма. |
56. | Портрет | Фр. portrait – бейнеленген | Кейіпкердің сырт көрінісін кескін-кейпін суреттеу. |
57. | Поэма | Грек. poiema туынды | Оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын көлемді шығарма. |
58. | Поэтика | Грек. – noietuk fehne шығармашылық өнер | Көркем шығарманың бар болмысын танытар жүйе, көне ғылым саласы. |
59. | Полилог | Грек. | Бірнеше адамның әңгіме құруы. |
60. | Полисемия | Грек. | Тіл бірлігінде бірнеше мағынаның болуы. Сөздің мағыналық жағынан дамуы. |
61. | Прототип | Грек. prototypon – түп төркін | Кейіпкер бейнесінің өмірдегі тірегі, негіз болған тұлға. |
62. | Реализм | Лат. realus - шындық | Өмір құбылыстарын, оқиғаларды шынайы суреттейтін көркемдік әдіс. |
63. | Рецензия | Лат. recensio -тексеру | Көркем шығарманы талдап, баға беретін әдеби сын жанры. |
64. | Риторика | Грек. rhetorike -шешен | Прозалық қара сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филологиялық пән. |
65. | Роман | Франц. – roman | Сюжеті күрделі, кең көлемді эпикалық жанр. |
66. | Ритм | Грек. | Құрылымдық, мәтін жасау және экспрессивті-эмоциялық қызмет атқаратын ұқсас, үйлесімді тіл бірлектерінің жүйелі қайталанып тұруы. |
67. | Романтизм | Роман сөзінен шыққан | Әдебиетте өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көтере суреттейтін көркемдік әдіс. |
68. | Сентиментализм | Франц. – sentiment сезім | 18-19 ғасырдағы әдеби ағым. |
69. | Семантика | Грек. | Тіл немесе оның бірлігі (сөз, сөздің грамматикалық тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы берілетін мағына, хабар |
70. | Сонет | Итал. sonet сыңғырлау | Әр шумағы 14 тармақшадан тұратын өлең түрі. |
71. | Стиль | Лат. stylos – жазу өзегі | Жазушының өзіндік жеке дара ерекшелігі, жазу мәнері |
72. | Сюжет | Франц. sujet – зат | Өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі. |
73. | Синекдоха | Грек. | Жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын стилистикалық тәсілмен жаңа мағына жасау жолы. |
74. | Синоним | Грек. | Мағыналары толық не жартылай сәйкес келетін, бір сөз табына жататын сөздер (фразеологизмдер, морфемалар, синтаксистік құрылымдар). |
75. | Сөйлеу этикеті | | Қоғамда қабылданған ресми не бейресми жағдайда әңгіме құрушылардың әлеуметтік рөліне сай болатын сұхбаттасу ережелерінің тұрақты жүйесі. |
76. | Стилистика | | Тіл білімінің бір бөлімі. Оның негізгі зерттеу объектісі-стиль |
77. | Табу (полинезия) | | Кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тиым салу. |
78. | Тартыс | Лат. confliktus – қақтығыс. | Сюжет желісіне арқау болатын қайшылық, тартыс. |
79. | Текстология (мәтінтану) | Лат. textus және гр. logos – сөз | Шығарма мәтінін түпнұсқамен салыстыра зерттейтін ғылым. |
80. | Термин | Лат. | Ғылымның арнайы саласындағы ұғымды білдіретін сөз не сөз тіркесі. |
81. | Трагедия | Гр. tragedia | Драмалық жанрдың бір түрі. |
82. | Троп | Грек. | Троп –ауыспалы мағынада қолданылатын сөздер, образдар: (метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, гипербола, литота, оксюморон, перифраза.) |
83. | Футуризм | Лат. futurum – болашақ | ХХ ғасырдың басында туған ағым. |
84. | Филология | Грек. | Гуманитариялық пәндердің кешені, олар: тіл білімі, әдебиеттану, текстология, палеография т.б. |
85. | Фраза | Грек. | Толық ойды білдіретін сөйлеудің негізгі бірлігі. Паузамен шектелген кез келеген интонациялық-мағналық бірлік. |
86. | Экспозиция | Лат. exspositio – түсіндіруі | Оқиға дамып өрістейтін орынды, оқиғаға қатысты кейіпкерді алғаш оқырманға таныстыру. |
87. | Экспромт | Лат. expromtus – дайын, әзір. | Ақынның тұтқиылдан, дайындықсыз шығарған өлеңі. |
88. | Эпизод | Гр. epeisidion – кірістіру | Шығармадағы бас-аяғы бар оқиғаның бөлшегі. |
89. | Эпопея | Гр. epos – сөз poieo - жасаймын | Кең тынысты, сапалы, аса көлемді эпикалық жанр. |
90. | Эпифора | Гр. epihora | Өлең тармақтарында бір сөздің соңында қайталанып келуі. |
91. | Эвфемизм | Грек. | Құлаққа ерсі естілетін сөздер. |
92. | Эллипсис | Грек. | Сөйлеуде не мәтінде тіл бірлігінің жетіспеуі, әдейі түсірілуі. |