Жағдайда адамдардың өзін өзі қорғауы – 1 сағат
Дәріс жоспары:
1. Жалпы түсінік.
2. Криминальды жағдайлардың алдын-алу.
3. Қылмыскерді сипаттай алу.
Өмірге қауіп төндіретін жағдай кім-кімнің өмірінде бір рет болса да қылмысты әлеммен бетпе-бет ұшырасатын кезі болады. Осы кезде бәріне бірдей мұндай қылмысты жағдайдан оңай құтылып шығуға мүмкіндік бола бермейді.
Өкінішке орай біз өзімдің жауапсыздығымыздың кесірінен қиындық көріп жатамыз. Көбінесе біз өзіміз қауыпты жағдай туына мүмкіндіктер туғызамыз. Әрине барлығы бізге байланысты емес. Әйткенменде әр адам өзін өте сақ ұстап жүруі қажет соның арқасында ол өз өмірінде денсаулығын аман сақтай алады.
Практика жүзінде кісі өлтірудшің құрбаны болу мынадай себептерге байланысты: көпшілікке қарсы өмір сүру образын жүргізуші, спирттік-ішікдіктер ішу т.б.
Қылмыстың құрбаны болмау үшін:
1. Әр адам егер үйіне немесе тұратын жеріне кеш қайтатын болса онда, ол адам үстіне бағалы киімдер немесе қымбат нәрселер тағып көпшіліктің көзіне түсіп жүрмеуге тырысуы керек.
2. Көшеге қымбат магнитафон немесе радиоқабылдағышпен шықпаныз. Әйтпесе сіз шабуыл жасау объектісі болуыңыз мүмкін.
3. Таксиден түсер алдында шоферге ақша беру үшін әмияннан көп ақша көрсетпеңіз сонымен қатар асыл бұйымдарыңызды да.
4. Көшеде, транспортта, және аулада танымайтын адамға үйінізде қымбат жиһаздар бар екенін айтып ашылмаңыз
5. Үйіңіздің адресін немесе телефонын көрінген-адамға бере бермеңіз. Жаман оймен кездескен адам сіздің бетіңізге жылы қарап, қашан жұмыста болатыныңызды немесе демалысқа шығатыныңызды біліп алуға тырысатынын естен шығармағаныңыз жөң.
6. Хат жәшігін көп уақыт газет-журналдарыңыздың тұрып қалмауын қадағалаңыз.
7. Үйіңіздің сыртқы есігін көршіңіздің есігімен бірдей қылуға тырыспаныз.
8. Хабарландыру ілгеніңізде (яғни заттар сату жөнінде) өзінізді қай уақытта кездестіруге болатының жазбаңыз әйтпесе басқа уақытта пәтеріңізді тонап кетуі мүмкін.
Информациялық фактор қылмыскерді қызметінен айыратын жалғыз фактор емес. Анда-санда біз өзіміз қылмыскердің болуына мүмкіндік жасаймыз.
Криминалды жағдайлардың санын азайту үшін не істеу керек.
1. Қараңғы түскен кезде кісі аз жермен жүрмеуге тырысыңыз. Аялдамада тұрғанда сақ болыңыз. Көшеде келе жатқанда үйлердің бұрышына тақалып немесе қабырғаларына жанасып жүрмеңіз. Көшеде жол ережесін сақтап жүрініз. Соның арқасында сіз көлік апатынан құтыласыз.
2. Алдыңыздағы бір топ мас адамдарды немесе тоқтап тұрған автомобиль болса айналасында жүрмеуге тырысыңыз.
3. Көшеде жүргенде өзіңізге сенімді және ұқыпты болып жүріңіз.
4. Кинотреатр залында көрермендер аз болған кезде оқшауланып отырмаңыз. Қала ішіндегі транспортта шоферға жақындап тұруға тырысыңыз. Және трамвайдың жалғасқан вагонына отырмаңыз. Қараңғы түскен кезде бірінші вагонға отыруға тырысыңыз.
5. Таныс адамдарыңызды таңдауда ұзақ ойлануыңызға тура келеді. Жақсы таныс емес адамды қонаққа шақыруға немесе қонаққа баруға қызықпаңыз.
6. Көпшілік транспортқа мінгенде сумкаңызбен қалтаңызға мұқият болыңыз. Сумкаңыздың ашық тұрмауын қадағалаңыз және оның басқа жерге бақылаусыз қалдырмаңыз.
7. Үйден шығарда есікті кілттеуді ұмытпаңыз әсіресе бірінші қабатта тұрсаңыз терезеңізді жауып шығыңыз.
8. Кілтті есікте қалдырып кетпеңіз.
9. Түнгі уақытта және айналаңызда адамдар жоқта телефон будкасына кірмеңіз.
10. Таныс емес адамдарды машинаға отырғызбаңыз, отырғызған күнде бірінші орындыққа отырғызбаңыз.
11. Кілтіңізді ешқашан тастамай өзіңізбен бірге алып жүріңіз, бір минутқа шығып кетсеңізде.
Қылмыскерлерден сақ болыңыз.
Қорғанудың 3 түрі бар.
Ең алдымен, адамдар қылмыс болған жерден қашық жүруге тырысады. Ал басқалары қулықпен жүреді. Бұлардың бірнеше стратегиялры бар;
1.Егерде сізді біреу соңыңыздан қалмай аңдыса, онда сіз жүру жылдамдығын өзгертіп, көшенің әр жерімен жүріңіз. Егерде сіздің соңыңыздан аңдығанын қоймаса, онда көмекке шақырыңыз.
2.Подъезбен немесе жердің астымен, ескі жерлермен, жүрмеңіз. Бұл жерлер сізге өте қауіпті, телефон будкасына тек артыңыздан аңдыған адам қалған кезде ғана кіріңіз. Міндетті түрде милицияға телефон шалып, көмек сұраңыз. Өзіңіздің тұрған жеріңіздің адресін айтыңыз. Шындығына келгенде ең қолайлы жағдай ол өзіңіздің күшіңізге сену.
Бірінші жағдайда шығу.
Ешқашанда қызулық жасамаңыз. Өзіңізді-өзіңіз басып, дұрыс қалыпқа келіңіз өзіне қарсы болған адамды да тыныштандыру керек.
Екінші жағдайдан шығу.
Бір мақсатпен байқаусызда соққы беру. Бұл мақсатта қолда тұрған затты қолдану (шатыр, байлаулы кілті) ал егерде ол заттар жоқ болса қарсы шыққан адамды аяқпен қатты ұру керек. Бұл ауыртпалық қарсы келген адамның көңілін біразға дейін аударады. Егерде сіз мұндай жағдайда шешімге келсеңіз, егерде сізді қорқытып сумқанызды тартып алса, ақшанызды, киімді, көмек күте алмасаңыз, онда бере салыңыз.
Егер бұдан кейін тез арада милицияға хабарласаңыз ол қылмыскерді ұстап сізге заттарыңызды қайтаруы мүмкін.
2.Егер қылмыскер сізді ұстап алып кісі аз жерге баруға бұйырса сіз қарсыласыңыз, өйткені ондай жерде не болатыныңызды естен шығармаңыз. Жалпы сізге қауіп төнсе қарсыласу үшін тез ойланыңыз, қолыңыздағы нәрселердің көмегімен (үй) басқа адамдардың көңілін аударыңыз.
3.Сізге қауіп төндірген адамның сыртқы түрін танып алуға тырысыңыз және дереу хабарлаңыз.
Ізін суытпай хабар берсеңіз заң қызметкерлеріне қылмыскерді табу оңайға түседі.
Қаншалық деталдарды еске сақтасаңыз соншалық сізге оңай болады. Милицияға хабарламас бұрын қылмыскердің көзіне көп түспеуге тырысыңыз, бейне бір оны танымайтын түр көрсетіңіз.
3.Қылмыскерді еске түсіру үшін не нәрселерді еске сақтау керек.
Жынысы , жасы бет пішіні бойы, салмағы, шаш өсіру түрі мен шашының түсі тістері, көзінің түсі, көзгілдірігі, мұрты, сақалы бакенбарды, комплекция, шрамдары, денесінің кейбір мүшесінің болмауы тіл ерекшелігі жүріс, ерекшелігі, сақина- брослеті, сырға, алқасы бас киімі көйлегі, галстугы пальто, плащ, халат, шалбары аяқ, қаруы түсі негізгі белгілері сериясы мемлектік номері.
Заң қызметкерлері сізден міндетті түрде нені сұрайды?
- Қашан және қайда болды қылмыс?
- Қанша адам болды?
- Олар не істеді?
- Олар не айтты?
- Сіздің ойыңызша қылмысқа қатысы жоқ пысықтаулар?
- Олардың қолында не болды?
- Қай жаққа қарай кетті?
- Басқа да куәгерлер болдыма, олардың аты-жөні?
Көбінесе қылмысты жасаушылар (ұрлық т.б.) камелетті жасқа толмаған балалар.
Кісі аз жерде қауіп төндіру қалалық жерде көп кездессе ауылдық жерде сирек кездесетін жайт. Өздеріне керек адамдарды мектептің жанында тосып, лифтіде, квартирада, өздеріне ыңғайлы шабуыл жасайтын жерді көздейді. Қылмыскер балалардың соңынан бірнеше күн аңдыуы мүмкің және де ол мектептен қайтып келе жатқанда, лифтіге, пәтерге кіріп тосып отыруы мүмкін. Ол балаларды алдау үшін әртүрлі айлалары болады, мыс: «Сенің көзің әдемі екен», «Маған кілтімді табуға көмектесші», «Жүр мен саған подвалдан маторды көрсетейін». Баланы мұндай жағдайдан қалай аман сақтау керек. Мұның бәрі әке-шешесіне қатысты, мектеп мұғалімдеріне байланыстты, олар балаларға қарап жүру керек, жүріп тұру қаупсіздігін үйретуге олар міндетті.
1. Жалғыз өзі отырғанда бөтен адамға есік ашуға болмайды.
2. Бөтен адаммен ешқашанда ешқайда баруға болмайды. Қанша ол үгітеседе, қанша бағалы заттарды көрсетсе де баруға болмайды.
Америка мектептерінде мұндай жағдайларды мұғалімдер мен полейцилер өздерінің қолдарына алады. Мұндай жағдайдан кейін балалар бөтен адамдармен байланыс жасауды әдетке айналдырмайды.
3. Егер кәмелеттіқ жасқа толмаған жасөспірім көшеде келе жатып бөтен адамды көрсе, ол ұялмай өтіп бара жатқан адамнан көмек сұрасын.
4. Егер бала үйдің есігіне кіргенде бөтен адамды көрсе таныс адамдардан көмек сұрап үйіне қайта кіруі керек.
5. Бөтен жеткіншікпен лифтіге «Үйге кіруге болмайды». Баланы қараусыз ұзаққа тастамаңыз.
6. Егерде шабуыл болса қарсы шығу керек, көмекке шақыру қажет біреудің есігін қағу керек. Мұндай жағдайдан кейін қылмыскер қылмыс істеген жерінен тайып тұрады. Олар қорқақтар және психологиясы тұрақты емес.
Негізгі балалар танымайтын адамға «жоқ» деп айту керек.
Қысқаша тағы бір мәселе. Қазіргі уақытта сексуал аурулар жайында көп жазады. Мұндай қылмыстар мен ішкі істер органдары көп кездеседі. Бұлардың көбісін оқу орындарда, ПТУ-да жеткіншектерді аңдумен болады.
Негізгі әдебиеттер [4,5,7,12,18]
Қосымша эдебиеттер:[34,35,38]