ІІІ Демеушілік көмекті беру тәртібі

БЕКІТЕМІН

«Shakhmardan Yessenov Foundation»

ғылыми-білім беру Қорының

Атқарушы директоры

Малишева А.Т.

Ақпан 2016ж.

«Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру қорының

Ытайдың инновациялық кәсіпорындарында тағылымдама» бағдарламасы туралы ереже

І Жалпы ереже

1.1. Бұдан әрі Қор деп аталатын «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру қорының «Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында тағылымдамадан өту» бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) ақпараттық технология, робототехника саласында студенттердің оқу, ғылыми, қоғамдық қызметте ынталандыруға және студенттер мен мамандардың жоғарыда көрсетілген салаларда кәсіби машықтарын дамытуға, сонымен қатар қазақстандық стартаптарды қолдауға бағытталған.

1.2. Бағдарлама мақсаты – үздік қазақстандық мамандарды қолдау және қазіргі қоғам талап ететін біліктіліктерді дамыту арқылы Қазақстан Республикасында ақпарттық технологиялар және робототехника саласын дамытуға көмектесу.

1.3. Ережедегі «демеушілік көмек» терминінің мағынасы бағдарлама қатысушысына тағылымдама орнына ұшу, панажай және де тамақтану шығындарына, қажет жағдайда тағылымдамаға жіберілген жеңімпаздар тобына аудармашы жалдауға 3 (үш) ай көлемінде төленетін ақшалай төлем табылады. Байқауға қатысушылар қатарынан Байқаудың жеңімпазы ретінде тек 5 (бес) үміткер іріктеліп алынады.

1.4. Жеңімпаздар ашық байқау негізінде іріктелініп алынады. Байқау жылына бір рет өткізіледі.

ІІ Бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптар

2.1. Бағдарламаға жас жағынан шектеусіз ҚР-ның азаматтары, ақпараттық технологияларға қатысы бар салада еңбек етіп жатқан мамандар, сонымен қатар бакалавриат және магистратураның студенттері қатыса алады.

2.2. Ізденушілердің интеллектуалдық әлеуеті жоғары, кәсіби машықтарының шоғыры кең, өздері нәтижеге талпынған, мақсатты, бейімделу қабілеті жоғары болулары керек. Қытай тілін білу міндетті талап емес, дегенмен оны білуді қошаметтейміз.

2.3. Ізденуші белсенді кәсіби, ғылыми, қоғамдық қызметін, әрі кәсіби машықтарының төменде көрсетілген талаптарға сәйкестігін мәлімдеп, құжат негізінде растауы қажет.

Қор тек қана IT саласының мамандықтарына қызығушылық танытады: робототехника саласына қызығушылық танытатын бағдарламашылар, бағдарлама жасаушылар, инженерлер.

Жалпы талаптар:

· English upper intermediate (артықшылық береді)

· IT саласында бакалавриат дипломы (үлкен артықшылық береді)

· Жұмыс тәжірибесі – бір жыл көлемінде (артықшылық береді)

ІІІ Демеушілік көмекті беру тәртібі

3.1. Демеушілік көмек 2.3. тармағында көрсетілген кәсіби машықтары бар үздік қатысушылар тарапынан іріктеліп алынған 6 (алты) адамнан көп емес жеңімпазға беріледі. Жеңімпазды анықтау барысында келесі критерийлер ескерілетін болады:

а) жоғары интеллектуалдық әлеует;

б) ғылыми техникалық конференцияларға белсенді қатысу;

в) қоғамдық өмірге белсенді қатысу;

г) жеке кәсіби машықтарды дамытуға деген үнемі талпыныс.

3.2. Байқауды өткізу үшін Байқаудың үш туры нәтижесінде іріктеу жүргізетін Сарапшылар комиссиясы құрылады.

3.3. Сарапшылар кеңесінің шешімі Бағдарлама жеңімпаздарының есімі ресми түрде расталған қордың бұйрығымен бекітілетін болады.

3.4. Бағдарламаның байқауына қатысу үшін ізденушілерден келесі құжаттар талап етіледі:

· Толтырылған сұраным, түйіндеме, жеке куәліктің көшірмесі, ынталандыру хаты, кепілдемелік хат;

· IT саласында жетістіктеріңізді көрсететін толыққанды портфолио;

· Қосымша курстардан өткендігі туралы сертификаттар.

3.5. Бағдарламаның байқауына қатысуға ниет білдірген ізденушілер құжаттардың жиынтығын 2016 жылғы 17-ші ақпаннан 10-шы сәуірге дейін жіберулері қажет. Байқаудың ашылғандығы туралы хабарландыру қор сайтында yessenovfoundation.org, және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

3.6. Байқауға құжаттарды тапсыру арқылы ізденуші байқау мақсаттарын бөлісетіндігін және көрсетілген байқауды өткізу бойынша барлық шарттармен келісетіндігін және оларды толығымен орындайтындығын осы ережеде растайды.

3.7. Барлық өтінімдер Қордың [email protected] электрондық мекенжайына жіберілуі тиіс немесе келесі мекен-жай бойынша кеңсесіне тапсырылуы тиіс: Алматы қ., 050040 әл-Фараби даңғылы 36, «AFD» бизнес орталығы, блок Б, 4-қабат, тел.: + 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05

3.8. Өтінімдер қор қызметкерімен тіркеледі және әрбір қатысушыға жеке тіркеу нөмірі беріледі. Құжаттар жиынтығының толықтығы мен ізденушінің ресми талаптарға сай екендігі анықталған соң байқауға қатысуға рұқсат/рұқсат еместігі жөнінде шешім қабылданады. Шешімнің нәтижесі тек өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі. Бағдарламаның жұмыс тілі орыс тілі болып саналады.

Наши рекомендации