Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Тақырыбы:Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу

ЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы

Тақырыбы:Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу

Орындаған:

Медбикелік іс» мамандығы қолданбалы ғылым бакалавры

Топ студенті - Шаихыбек Ақерке

ЫЗЫЛОРДА 2016 Ж

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу

Неге бұл тақырыпты таңдадым?

Бұл тақырыпты таңдау себебім-қазіргі таңда жассөспірімдер арасындағы суицид өте көп тараған және Қазақстан дүние жүзі бойынша үшінші орында тұр, және жыл өткен сайын жасөспірімдер арасындағы суицид қарқын белең алуда. Бұл тақырыпты таңдау себебім: жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткішінің неліктен жыл өткен сайын қарқындап жатқанын анықтау.

Зерттеудің өзектілігі:

Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.

Зерттеудің мақсаты

Барлық өзіне өзі қол жұмсау жағдайларын бағалау барысында, бұл құбылыстың экономикалық кірісі төмен және орта деңгейдегі елдерде орын алатындығы анықталған.

Мақсатым жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында мектептегі мектеп мейірбикесі жұмыс жасайтын «жасөпірімдер арасындағы суицидтің алдын алу » бағдарламасын іске асыру.Бұл бағдарлама бойынша

мектеп мейірбикесі пектеп психологімен бірге 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерден әр бір 6 ай сайын сауалнама жүргізеді.Сауалнама нәтижесін мейірбике мектеп психологімен бірге бағалайды.Нәтижесінде жасөспірімдерде депрессия анықталса,мейірбике депрессияға қарсы жаттығулар,тренингтер жүргізеді.2 апта өткеннен кейін депрессия анықталған жасөспірімдерден қайтадан сауалнама алады.Еліміздің барлық мектептерінде осы бағдарлама іске асырып,жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу.

Зерттеудің міндеті

-Әдебиеттер оқу;

-Әдіс таңдау,сипаттама беру;

-Зерттеу жүргізу объектісі

-Анализдеу

-Зерттеу қорытындысы

-Ақпарат көздері

Теориялық негіздеме:

Теориялық негізі:

Жоспар

Кіріспе

Суицид туралы жалпы түсінік

Негізгі бөлім

І. Статистикалық мәліметтер

II. Суицид алдындағы синдром

III. Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар

IV. Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:

V. Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті болдырмау

Орытынды

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алудағы мейірбикенің рөлі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Суицид (өзін өзі өлтіру)- проблеманы шешуден қашу,біздің өміріміздің әралуандығын құрайтын жаза және абыройсыздық,қорлау және үмітсіздік,түңілуден,қазадан, көңілі қалғандықтан,өзіне өзі құрметі жоғалғандықтан өмірімен қош айтысу.

Бүкіл дүние жузі көтерген мәселе өз-өзіне қол жумсау әсіресе жас өспірімдер кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау-философиялық (өмірдің мәнін жоғалту),психологиялық(психологиялық теріс бейімделу,фрустрация),әлеуметтік(әлеуметтік жағынан өз орнын таппау,қанағаттанбау сезімі,әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б), медициналық (күрделі ауру,психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.Ал енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне,осы дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің түпкір-түпкірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса керек.

Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім. Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау,айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы, міне,осы және т.б себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр.

Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар,мұғалімдер,психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар,бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқару керек.Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалу қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер,әңгімелесулер ,сұхбаттасула,кеңес беру,сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс.Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады,сонымен қатар психикалық ауырулармен,көңіл күй бұзылыстарымен,әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталған:тұтастай алғанда көп жағдайларды жасөспірімдер ата-аналарының,мұғалімдердің назарын өз мәселерлеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы,парықсыздық,арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық,жаны жараланғыш,жалғыздық сезімнен,өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек,мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

Наши рекомендации