Когнитивті-эмоционалдық терапияның негізгі ережелері

Когнитивтік психотерапия күйзелістерді, мазасыз ауытқушылықтарды, психологиялық жарақаттаушы стресстерді және басқа да психологиялық және психикалық бұзылуларды жеңуде тиімді екендігін дәлелдеді. Когнитивтік психотерапия әсіресе эмоционалдық бұзылуларды емдеуде аса тиімді.

Когнитивтік психологияның аса көрнекті өкілдері - Арон Бэк (Beck) және Альберт Эллис (Ellis). Арон Бэк – когнитивтік психотерапияның негізін қалаушы, Когнитивтік терапия зерттеу институтының жетекшісі, медицина докторы, профессор.

Кейбір авторлар когнитивтік психотерапияны мінез-құлық психотерапиясының құрамдас бөлігі деп қарастырады. Ал басқалар оны дербес бағыт деп санайды.

М.Махонидің пікірі бойынша когнтитивтік психотерапияда үш негізгі үлгіні бөліп көрсетуге болады:

1) жасырын шартталу үлгісі – мінез-құлық психотерапиясына когнитивтік айнымалыларға ықпал ететін тәсілдерді енгізумен сипатталады;

2) ақпаратты өңдеу үлгісі – адамның ақпаратты өңдеу тәсілдері оның келесі реакцияларын анықтайды деген тұжырымға негізделген;

3) когнитивтік оқыту үлгісі – жағдаяттар үстіндегі когнитивтік паттерндердің (наным-сенім, сызбалар, ережелер және басқа) рөліне баса мән беріледі.

Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:

1. Когнитивтік-бихевиористтік теориялардың негізі неде?

2. Когнитивтік элементтерге не кіреді?

3. «Бос орынды толтыру» ұстанымы нені білдіреді?

4. Когнитивтік репетиция дегеніміз не?

ТАҚЫРЫП 11

ЭКЗИСТЕНЦИАЛДЫҚ ПСИХОТЕРАПИЯ

Сабақтың мақсаты:

Экзистенциалдық психотерапияның пайда болуы мен даму тарихын зерделеу. Бастапқы және заманауи техникаларын зерттеу әрі практикада қолдану білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Жоспар

1 сұрақ.Экзистенциалдық психотерапияның пайда болуы мен даму тарихы

2 сұрақ.Экзистенциалдық психотерапияның кезеңдері

3 сұрақ.Экзистенциалдық психотерапияның негізгі техникалары

XX ғ. 50 жж. ортасына қарай бір жағынан, психодинамикалық, екінші жағынан - мінез-құлықтық принциптеріне негізделген психотерапиялық жүйелер, адамның табиғатын жаңа көзбен көруге әкелетін «үшінші күштің» пайда болуына алып келді. Еуропада пайда болып, америка континентіне жылдам тараған психотерапияның жаңа бағыты экзистенциалды-адамгершіліктік бағыт деген атауға ие болды.

«Экзистенция» (existencia) ұғымылатынның existere сөзінен шығып, тура аудармасында «дараланып көріну, пайда болу» дегенді білдіреді. Қазақ тіліне көбіне «тіршілік ету» деп аударылады, алайда оның шығу тегін ескере отырып, өзгермейтін ахуал емес, пайда болу немесе қалыптасумен тығыз байланыстағы үдерісті білдіретіндігін ұмытпау керек.

Психотерапиядағы экзистенциалдық әдістер өмірдегі шектеулерге қарамастан, емделушінің өзіне ғана тән өзіндік, ерекше тіршілік етуін бекітіп әрі дәлелдеуге көмектесуге бағытталған онтологиялық (грек тілінен ontos – «тіршілік ету») деңгейдегі психологиялық жұмыспен байланысты.

Экзистенциалдық психотерапия классикалық (Сократ, Платон, Әулие Августин, Б. Паскаль, Ф. Шеллинг, Л. Фейербах, К. Маркс және басқа да ойшылдар) және заманауи еуропалық және шығыс философиясынан тамыр тартады.

Невроздың генезисі мен психотерапия теориясының философиялық-психологиялық үлгісі

Ирвин Ялом. Сëрен Кьеркегор (Діни этика). Фридрих Ницше (1894-1900) (Генеология морали)). Эдмонд Гуссерль феноменологиясы.

Ролло Мэй. Мартин Хайдеггер. К. Ясперс. X. Ортега-мен-Гассет, М. де Унамуно, Н. Бердяев, Л. Шестов,

Неміс термині Dasein — Da — sein (бұл жерде — тіршілік ету).

«Құлау» - адамның өзінен-өзі қашу экзистенциалдық үдерісі, өзіндік табиғилығын (аутентичность) жоғалтуы, «бұқаралық» әлемге еніп жойылу.

«Қаңырап бос қалу» - адам мен әлемнің бір-біріне өзара үндестік үдерісі.

«Жоба» - өзінің мүмкіндіктерін ашуға ұмтылып, өзінің «алдына жүгіру» экзистенциалдық үдерісі.

Шынайы (аутентикалық) тіршілік ету «мазасызданудан» басталады.

Хайдеггер ілімін жалғастырушы Жан Поль Сартрдың экзистенциалдық психоанализі.

Француз жазушысы Альбер Камю.

Швейцариялық психоаналитик Людвиг Бинсвангер (XX ғасырдың 30 жж.). Экзистенциалдық анализ (Daseinanalyse). Тіршілік ету тәсілдері: сингулярлық модус, дуалистік модус, плюралистік модус, анонимдік модус.

Медард Босс.

Тіршілік етудің кеңістіктік экзистенциалы әлемнің құпиялылығымен әрі айқындығымен байланысты.

Тіршілік етудің темпоралдылығы экзистенциалы бір нәрсе жасау үшін жеткілікті уақытпен анықталады.

Көңіл-күй (күйлену) экзистенциалы біздің әлемді қабылдауымыздың кей кезде түрлі құбылыстарды көрсетіп, неге кеңейіп, тарылатынын, түсіндіреді.

Гуманистік психоаналитиктер (неофрейдистер).

Рональд Лэнг.

Мартин Бубердің философиялық-теологиялық көзқарастары.

Ролло Мэй. Сыртқы әлем. Өзара әлем. Ішкі әлем.

Қалыпты мазасыздану. Невротикалық мазасыздану.

Виктор Франкл. Экзистенциалдық вакуум. Экзистенциалдық невроз. ---------------

Логотерапия өкілі Сальвадор Мадди. Экзистенциалдық патологияның клиникалық формалары: крусадерлік; нигилизм; вегетативтілік.

Өлім.Бірінші экзистенциалдық конфликт. Өлімнен қашып құтылмайтындықты мойындау. Бостандық. Экзистенциалдық изоляция. Өмірдің мәнсіздігі.

Наши рекомендации