Ылым мен білім саласының этикалық өлшемдерін ашыңыз
Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық – этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер сан қырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзінің жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көре алмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе – ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек.
Білім – адам баласының маңызды қасиеті. Сол арқылы ол өзінің ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, өзіндік «менін» сезініп, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда бола алады. Білім – адамды түбегейлі өзгертетін және оның тіршілік ету мүмкіндігін кеңейтетін рухани фактор. Қазіргі адамаралық қатынастардағы мобильділікті, динамизмді, сәт сайын өзгеріске ұшырап тұратын іс-әрекетті рухы биік, білікті маман ғана қабылдай алады.
Білім этикасы – білім мен адамгершіліктің өзара қарым-қатынасын қарастырып, адамды ірілендірудегі білімнің маңызын анықтайды. Білім эстетикасы – жан мен адам қарым-қатынасындағы сұлулық пен ұсқынсыздық, әдемілік пен сүреңсіздіктің табиғатын анықтаудағы білімнің маңызын зерттейді.
Білімнің басты мақсаты – жан-жақты дамыған, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі басқаруға жетілдіруге, өзін-өзі басқаруға қабілетті адамдарды қалыптастыруға негіз болу.
З кәсіби салаңызда жетістікке жеткен тұлғаға сипаттама беріңіз
Біздің кәсіби саламызды жетістікке жеткен қазақ азаматын білмейді екенмін. Бірақ танымал Apple Inc негізі салушылардың бірі Стивен Пол Джобс. Бұл кісі біздің кәсіби қзметті танымай, біздің кәсіптегі адамдарды қызықтырып, қазіргі кездегі атақты бренд иесі атанды. Бұл бізге лидерлік қасиеттің қаншалықты керек және адамға өзін сендіре білу күшінің қаншама маңызды екенін көрсетіп берді. Бұл адам Психологияның Әлеуметтік инденерия әдстерін толығымен меңгеріп адамдарды өзінің мақсатын басқалардың мақсаты ретінде көрсетудің мысалы болып табылады. Стив өз арманына жету үшін барлық нәрсен көруге және өз мақсатымызға жеткізетін жолды таңдап, стандартты ойламау керектігін бізге анық көрсетіп берді.
Жетістілік және көшбасшылық түсініктеріне толық анықтама беріңіз
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі – жетістік.
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР
· Алдыңа мақсат қою
· Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену
· Іске дайын болу
· Адымыңды анық басу
· Алға ұмтылу
· Қорықпау, күмәнданбау
· Көңіліңді тоқ ұстау
· Жаңашыл болу
· Басқалармен кеңесу
· Тәуелсіз болу
· Біртұтасты бөлшектеу
· Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінентшыға алмайды, көксегені де орындала бермейді.Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастарға илеуінде кетіп, тағдырдың тәлкегіне ғана көнуді жол тұтып, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс боымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа (бұрыс жолға) немесе оң жаққа (дұрыс жолға) бұрылатының таңдап, қадағай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, дегенмен, жеттістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенің білуі керек және оған қалай жетуге болатының білуі керек.
Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмсысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
Сіздің көшбасшылық қасиеттеріңіз төмендегілерге тәуелді:
· Сіздің мінезіңіздің сипаттамалары, туа біткен, жүре біткен
· Өмірдегі жағдайлар, өзіңізді көрсететін жерлер
· Сіздің ішкі жан дүниеңіз және зейініңіз адамдарға әсер етеді
Көшбасшылық адамның мінезі негізінде құралады. Көшбасшы болу үшін сізге өзіңіздің дамуыңызға , жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.
Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді. Әдетте шын көшбасшы болып адам 30-35 жаста өмірілік тәжірибе жинағанда болады.
Адамдарды басқару бойынша адамдар екі типке бөлінеді:
· «ойыншылар»
· «ашықтар»
«Ойыншылар» сыртқа жақсы әсер қалдырады, бірақ еш одан пайда жоқ. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері жоқ және олар оны пайдаға орай тез өзгертіп отырады. Олардың өз пайдаларын ойлауы арқасында осы жақсы әсердің арқасында өзгелерге шығын жатқанын жасырып қалады. Бұл өз рөлдерімен маскаларын әрқашанда өзгертіп отыратын «ойыншылар» деп аталады. «Ойыншылар» карьера қуған және ешкімге дер бермейтін, өз мақсатын ған көздеген адамдар.
«Ашықтар» бұл ұжым көзқарасымен әрекет ететін көшбасшылар. Олар «ойыншылардың» толықтай қарама-қарсы түрі. Бұл адамдар нағыз көшбасшылар болып есептеледі және бұл адамдар ұжыммен шын қарым-қатынас құрады. «Ашықтар» қоршаған ортаның үлкен беделіне ие болады. Мұндай адамдар «Ойыншыларға» қарағанда аздау болады.