Пәні бойынша тест тапсырмалары
1. Этнография мен тіл білімінің ұштас жақтарының бірігуінен тіл мен этнос мәдениетінің өзара қарым-қатынасын зерттеумен айналысатын тіл біліміндегі жаңа бағыт:
А) лингвомәдениеттану;
В) психолингвистика;
С) этнография;
D) этнолингвистика; +
Е) прагматика.
2. Материалдық лексиканы танытатын қару-жарақ атауын табыңыз:
А) қарқара;
В) атұстар;
С) бодан;
D) жезайыр;+
Е) шідер;
3.Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы:
А) сөздік қор; +
В) сөздік құрам;
С) табу;
D) синонимдер;
Е) тұрақты тіркестер.
4. Жиеншар дегеніміз кім:
А) атасының баласы;
В) жиеннен туған бала; +
С) қыздың баласы;
D) ағасының баласы;
Е) құда бала.
Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп" – мақалының мағынасы қандай?
А) қуаныш, көңіл;
В) алдау, арбау;
С) бірлік, ынтымақ; +
D) қонақжайлылық;
Е) араздасу, жанжалдасу.
Азіргі заманның басты бағыттары мен мәдени ұстанымдарын негізге ала отырып, тілдік және тілдік емес этномәдени мазмұнды бірліктерді біртұтас құрылым ретінде кешенді әдістемелер көмегімен жинақтаушы (синтезирующий) түрінде зерттейтін кешенді ғылым саласы.
А) лингвомәдениеттану; +
В) психолингвистика;
С) когнитивті лингвистика;
D) этнолингвистика;
Е) прагматика.
7. Малға байланысты айтылған ою-өрнектер:
А) аққу, құстұмсық, қазтабан;
В) құлжамойын, түлкібас, бөріқұлақ;
С)иттабан, итқұйрық, итемшек, иттіс;
D) аттіс, атерін, түйетабан; +
Е) шыбынқанат, жұлдызқұрт;
Этнолингвистика ғылымының қазақ топырағында іргетасын құйған ғалым
А) І.Кеңесбаев;
В) Ә.Жүнісбек;
С) Е.Жанпейісов;
D) Р.Сыздық;
Е) Ә.Қайдар.+
9. Өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін атаулар:
А) баламалар;
В) мақал-мәтелдер;
С) жұмбақтар;
D) этнографизмдер; +
Е) тұрақты тіркестер.
10.Этнолингвистиканың Еуропада қалыптасуына үлес қосқан ғалым:
А) А.Потебня ;
В) Э.Сепир;
С) В.фон. Гумбольдт;
D) Л.Вайсгербер;+
Е) Н. Бартольд.
11. Қазақтың рухани дүниетанымында аспан сағатыесебінде саналған жұлдыз:
А) Жетіқарақшы;
В) Темірқазық; +
С) Шолпан;
D) Үркер;
Е) Есекқырған;
12. Аттың алдыңғы екі аяғы мен аттанар жақтағы артқы аяққа салынатын құрал:
А) өмілдірік;
В) боқан ер;
С) ноқта;
D) жүген;
Е) шідер;+
Ал бүгін оқи да, жаза да білмейтін ақындар менің алдымда өнерлерін жайып салды. Олардың жыры жаныма жайлы тиіп, жүрегімнің қылын қозғады, сонысымен өзімді тәнті етті. Сонда бұлар тағы, жабайылар болғаны ма? Бүкіл болашақтан мақұрым қалған, маңдайына түкке тұрғысыз бақташы болудан басқа ештеңе жазылмаған халық осы болғаны ма? Жо-жоқ! Имандай сырым! Тәңірім бойынша осыншама қабілет дарытқан халық цивилизацияға жат болып қалуы еш мүмкін емес, - деген қай Еуропа ғалымының пікірі ?
А) В.В. Радлов;
В) В.Мелиоранский;
С) Л.Гумилев;
D) А.Потанин;
Е) А. Янушкевич +
14. Жүгеннің екі ұшына бекітілген, ортасы тұйық, атты басқаруға және қаңтарып қоюға қажетті бөлшек:
А) кекілдік;
В) сулық;
С) кеңсірік;
D) сағақ;
Е) тізгін; +
15. Төрт қыл ішекті, мойны ұзын, шанағы шөміш тәрізді, пернесі жоқ ыспалы аспап :
А) кекілдік;
В) домбыра;
С) жетіген;
D) бозаншы; +
Е) дүмбақ;
Сакральды мәнге ие ұлттық ұғым
А) қарыс;
В) босаға; +
С) бәйбіше;
D) елі;
Е) дабыл;
17. Қарындас сөзінің көне түркі жазба ескерткіштегі мәні:
А) бір жұрттың адамы;
В) бір рудың адамдары;
С) бір атаның балалары;
D) бір қарыннан шыққан адамдар; +
Е) бір жердің адамдары.
18. Бір саусаққа салатын, сүйір болып жасалған жүзік :
А) құдағи жүзік;
В) құстұмсық жүзік; +
С)бауырдақ жүзік;
D) алтын жүзік;
Е) неке жүзік;
Байырғы өлшем бірлігі
А) кебенек;
В) бақан;
С) қозыжауырын;
D) еңлік;
Е) сүйем; +
20. Арпабас, жапырақ, жармагүл, құлпынай жапырақ, гүл ою атауы :
А) құстарға байланысты ою-өрнектер;
В) космогониялық ою-өрнектер;
С)үй хайуаны – итке байланысты ою аттары;
D) бауырымен жорғалаушыларға, балыққа, құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейге байланысты ою-өрнектер;
Е) өсімдіктер бейнесіне байланысты ою-өрнектер; +
21. Қару-жарақ бейнесінен алынған ою-өрнек атаулары:
А) табақ, тарақ;
В) бағанагүл, жұлдызгүл;
С)шыбынқанат, жұлдызқұрт;
D)айбалта, балта, селебе, найзекі; +
Е) түлкібас, бөріқұлақ;
22. Тамақ, ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы:
А) қауға;
В) сандық;
С) асадал; +
D)көнек;
Е) күбі;