Студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындауға әдістемелік нұсқаулар
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша студенттердің өзіңдік жұмыстары аудиторияда оқытылмайтын немесе шолып қарастырған материалдарды оқып білу жатады. Өзіндік жұмыстардың тақырыптары студенттің мамандығына және осы мамандық бойынша өзіндік жұмыстарға берілетін сағат көлеміне байланысты анықталады.
Студенттің өзіндік жұмысы мамандыққа сәйкес білімді игеріп, дүниетанымын, рухани әлемінің ауқымын кеңейтіп, ойлау логикасын дамыту қажеттілігінен туындаған аудиториядан тыс жүргізілетін сабақ.
Жұмыстың негізіне студенттің өзіндік бақылауы, ізденіс нәтижесі жатады. Студент баспасөз беттерінде арнайы тақырып төңірегінде жарияланған ғылыми мақалалар, ұсыныстар, пікірлер бойынша өз беттерімен ізденіп, мәселе жөнінде жарияланған мақалаларды сараптап, талдай отырып өзіндік ой-пікірлерін жинақтап бере білуі керек. Берілген бағдарламаны басшылыққа ала отырып еңбектенеді, өзіндік ғылыми тұжырымдамаларын баяндайды. Жоспар бойынша берілген кезекті тапсырмаларды орындау үшін тақырыпқа қатысты жарияланған әдебиеттерді пысықтап, мол мағлұмат жинау; пікірлерді, тұжырымдарды, салыстыру; күмәнді және қате түсініктерді тауып, оның себебін анықтау, оларды түзеудің жолдарын табу және соның негізінде ғылыми еңбек жазып, көптің назарына ұсыну. Студент тиісті деректерді келтіре отырып, өз көзқарасын, пікірін дәлелдейді, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасайды.
Мұндай анализ бен синтез жасау болашақта шұғылданатын гипотезаны жан-жақты мысалдармен дәлелдеп, берік тұжырым жасауға бастамақ. Ауырдан жеңілге, жеңілден ауырға қарай ойысып, нәтижелі істі жүзеге асыруға мүмкіндік жасалмақ.
Студенттің өзіндік жұмысының мақсаты – студентті ғылымға, кәсіптік терең білім алуға баулу. Міндеттері:
- Ақпараттық, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын орнықтыру;
- Шығармашылық ойлау және объектіні зерттеуде анализ және синтез жасау қабілетін нығайту;
- Қазақ әдебиеті материалдарын талдаудың теориялық көздерін, әдістерін, методологиялық алғышарттарын жетік меңгерту;
- Тіл мен әдебиеттің өзекті мәселелерін танып-білу ұлттың ұлылығын, мәңгілігін қамтамасыз етудің басты факторы екенін сезіну;
- Ғылыми-зерттеу және танымдық әдебиеттермен жұмыс істеу технологиясы мен әдістерін меңгеру;
- Оқу пәні арқылы зерттейтін проблемаларының маңызы мен мәніне бойлап, алған білімдерін тереңдетіп, мол тәжірибе жинау, дады-білігін бекіте түсу.
Студенттің өзіндік жұмысының тақырыбы, сағат саны типтік бағдарлама негізінде құрастырылады. СӨЖ-дің мақсаты мен міндеті қойылады. Қарастырылатын сұрақтар, тапсырмалар және әдебиеттер тізімі беріледі. Пән 1 ғана кезең оқытылады, ағымдық бақылау мен 2 аралық бақылау тапсырмалары бар. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындау, баспасөз материалдары және тақырыптық сөздіктер мен анықтамалар бойынша жоспар құру сынды қосымша тапсырмалар беріледі. Осы талаптарды орындаған студент емтиханға жіберіледі. Бақылау түрлері – тест, реферат, конспект, ауызша баяндау, рецензия жазу.
СӨЖ түрлерінің тізімі мен мазмұны:
1. Реферат – Белгілі тақырыпқа сәйкес ғылыми әдебиеттерге шолу жасап, баяндама жасау.
2. Эссе жазу – тақырыптың өзекті мәселелеріне шолу жасап, өз тұжырымдамасын ұсынып, анықтама түрінде қысқаша түсініктеме беру (0,5 беттен артық емес).
3. Тақырып бойынша шолу – Интернет ақпараттық жүйесі мен периодты басылымдардан тақырыпқа сәйкес қысқаша әдебиеттік шолу жасау.
4. Глоссарий жазу - берілген тақырып бойынша кездесетін терминдерге қысқаша анықтамалар беріп, түсіндіріп жазу.
5. Презентация – студент белгілі бір тақырып бойынша материал жинап, өз көзқарасын, пікірін білдіреді.Презентацияда мәтін шектеулі, видео, сурет, т.б. жағы басым болады.
6. Іскерлік ойын –болашақ кәсіби қызметке байланысты топ (4-5 студент) болып бөлініп, тақырып бойынша жобалар дайындалады. Блок-схемалар, кроссвордтар дайындап, жарыс түрінде жүргізуге болады.
7. Есте сақтау картасы (ментальные карты)
8.Ассоциограмма ( ақыл -ой картасы)
9. Курс портфелі (портфолио);
11. Жобалар:
- Шығармашылық жоба өнімді презентациялауда түрлі дәстүрлі емес
тәсілдерді кеңінен қолданады. Бұлар альманах, сахналау, спорттық ойын, видеофильм т.б. түрде болуы мүмкін
- Тәжірибеге-бағытталған жоба жобаға қатысушылардың мүддесін
қорғайтын әлеуметтік мәселелерді шешуге мақсатталады.
- Зерттеушілік жоба құрылымы бойынша ғылыми жобаға ұқсайды.
Өзектілігі, мақсат, міндеті, болжам, нәтиже сипатталады. Мәселені шешуде: лабораториялық эксперимент, модельдеу, әлеуметтік сауал т.б. әдістер қолданылады
- Ақпараттық жоба мәселені шешуге бағытталған әртүрлі құбылыстар
туралы ақпарат жинау, оны жалпылау, талдау. Нәтижесі БАҚ және Internet желісінде жарияланады.
- Рөлдік жоба. Мұны құрастыру да, жүзеге асыру да қиын. Жобаға
қатысушылар белгілі бір кейіпкерлердің бейнесін сомдайды.
- Дербес жоба- ғылыми-зерттеу элементі бар жұмыс.