Неофункционализм принципі, негізгі ұстанымдары

3. Нейролингвистиканың ғылым ретінде қалыптасуы.А.А.Игісінова: «Тілдік қабілетті жетілдіруде лингвистиканың алатын орны ерекше, алайда нейроғылымның заңдылықтарын білмейінше, тілдік қабілеттің жоғары мәресіне жету мүмкін емес. Бұл жерден байқайтынымыз, тілдік қабілетті және тілдік қызметті ми арқылы ұйымдастыруды түсіну үшін ең алдымен, жоғары психикалық функциялардың негізінде жатқан жалпы қағидаларды білген жөн»,– дейді [1, 55 б.]. Тілді абстрактылы түрде емес, шынайы болмысында түсіндіргенде, оның барлық жүзеге асу үдерісі адам миының қызметіне тікелей байланыстылығы көрінеді. Сөйлеу тілінің өзгешелігі, интонация, ырғақ, эмоция, сөздер мен 116 сөйлемдердің дұрыс құрылуы немесе керісінше грамматикалық, лексикалық қателер, сөйлеу кезіндегі іркіліс, кідіріс т.б. көптеген құбылыстар – ми қызметінің жемісі.

Е.И. Горошко сол жақ жарты шардың қызметіне: «сөздерді топтастыру және тану; абстрактылы лексика мен квазисөздерді қабылдау; дыбысты сөйлесімнің аналитикалық кодталуы мен декодталуы; сөздердің морфологиялық мүшеленуін түсіну (опора на собственные языковые связи при обработке лексики); сөздердің валенттілігіне қарай актуалдануы; сөздің өзгеруі; сөздің туылуы; күрделі синтаксистік құрылымдардың мүмкіндігі; грамматикалық құрылымдардың (үстеу, көмекші етістіктер, етістіктің белгілі бір формалары) қалыптасуына қатысатын лексиканың қолданылуы; сөйленімнің құрылымдылығы, қағидалылығы (концептуальность), тиянақтылығын, оң жақ жарты шардың қызметіне: сөйлесімнің дыбыс ырғағын (тембр голоса) жасау мен қабылдау (сонымен бірге, сөйлемнің актуалды мүшеленуімен байланысатын просодикалық элементтердің бөлінуі); нақтылы лексиканы тану; сөйлесімде дайын сөз формаларының біртұтас бөлінбейтін бірліктер ретінде айтылуы, яғни номинацияның біртұтастығын қамтамасыз етеді; нақтылы мазмұнды сөйленімдердің толықтырылуы, сөйленімнің тілден тыс шындық пен жеке тәжірибеге бағыт-бағдарына жауап беретінін» жатқызады.

Байқағанымыздай қазақ нейролингвистикасының сұлбасын жасау үшін шетел лингвистикасына жүгіну қажеттілігі туады. Өйткені осы салада қарастырылған ғылыми- зерттеу жұмыстары, зертханалық-тәжірибелік жинақталған нәтижелер бар. Айталық АҚШ- тың Чикаго университетінде жасаған зертханалық жұмысында бала тілінің дамуы қоршаған ортаға байланысты екендігін анықтайды. Сол сияқты сөйлеген кезде адамның даусы мен бетәлпетінің қозғалысы сәйкес келу керектігін сәбилерге жасаған сынақтарынан көрсетеді. Алты айлық бала барлық дауысты, кез келген тілдің иірімін ажырата алады екен. Бір қызығы бала он айға толғанда ересектер сияқты барлық тілді ажырата алмай қалады екен. Бұл туралы отандық еңбектерден ғалым Б.Хасанұлының «Ана – ата мұра» атты монографиясында жан- жақты айтылған. Ана тілі баланың туылғанынан бастап анасының тілінде шығатын тілі, ғалымның өз сөзімен айтқанда «ана тілі – адамның емшек сүтімен бойына дарыған өмір бойғы серігі» [6, 47 б.]. Сонымен бірге Б.Хасанұлы басқа тілді білу үшін де өз ана тілін жетік меңгеру керектігін баса айтқан. Шындығында да балабақшаға немесе бірінші сыныпқа барған бала өз ана тілінің қыр-сырын енді ғана үйрене бастайды емес пе? Қазіргі білім беру жүйесінде бастауыш сыныптан бастап шет тілдерін үйрете бастайды. Өз ана тілінің грамматикасын толық меңгеріп үлгермеген бала шет тілінің грамматикасын қалай үйренуі мүмкін? Баламен ұғынысуға адамның бетәлпеті қандай қызмет атқарса, жест, реплика да соншалықты қажет. Баланың тілді үйренуі үшін сегіз ай, бір жасынан бастап жест пен назар аударуды қажетсінеді. Баланың туылғанынан бастап түрлі репликалар арқылы қатынас орнатуға болады.

Нейролингвистика тіл біліміндегі этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика салаларымен тығыз байланыста қарастырылып, соның ішінде психолингвистика ілімімен етене жақын болып келеді. Себебі ми қызметінің өзгерісі мен табиғи қалыптасқан функциясына байланысты сөйлеушілердің психикасы, мінез-құлқы анықталатындықтан психология нейрологияның мәліметтеріне сүйенеді. Қорыта келе айтарымыз, қазақ тіл білімінің нейролингвистика саласы дамуы үшін тілші ғалымдар адам миының дамуындағы жас ерекшелігін, гендерлік сипатын ескере отырып, бірнеше маңызды мәселелердің шешімін табуы тиіс. Ол мынадай сатылардан тұруы мүмкін: - нейрология ғылымын жетік меңгерген тілші мамандар дайындау; - нейролингвистикалық тәжірибелер жүргізетін, түрлі техникалық құралдармен жабдықталған зертханалар ашу; - алынған нәтижелерді сұрыптап, ғылыми негізге салу.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Наши рекомендации