В) интоксикациялық психоз, делириозды синдром
Г) интоксикациялық психоз, аментивті синдром
Д) соматогенді психоз, психопатия тәрізді синдром
139. Науқас, 36 жаста. Анамнезінен: екі жыл 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейшіл, тұйық. Клиникалық, лабораториялық және рентгенологиялық зерттеулер соматикалық аурудың өршуін көрсетті. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальды ойлар айтады. Критика жоқ.
Төменде аталғандардан қандай синдром аса тән?
А) галлюцинаторлы-сандырақтық
Б) реактивті параноид
В) депрессивті-ипохондриялық
Г) сенесто-ипохондриялық
Д) обсессивті-фобиялық
140. 16 жастағы жасөспірім, оқушы. Бес күн бұрын тұмаумен ауырып қалған, температурасы 40°C дейін жеткен, жөтел, мазалаған. Мазасыз, үрейшіл. Айналадағының барлығы ”әдейі ойластырылып қойған”, ”қос ойын” жүргізіліп жатыр дейді. Біресе ол ауруханада, біресе тергеу изоляторында. Айналадағы дәрігерлер – дәрігерлер емес, оған қылмыстық іс жүргізіп жатқан тергеушілер, ал медициналық персонал ”киімдерін ауыстырып алған агенттер”. Көндіруге келмейді, толығы мен өзінің дертті күйзелістерінің қармауында.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы-параноидты синдром
Б) жедел шизофрениялық эпизод, әсер ету сандырағы
В) интоксикациялық психоз, сананың аментивті күйі
Г) интоксикациялық психоз, сахналау сандырағы
Д) интоксикациялық психоз, қарым-қатынас сандырағы
141. 17 жасар қыз балада жоғары температурамен тұмау болған. Қарау кезінде мазасыз, үрейшіл, зейіні тез ауысады. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы жағдайды бағдарлауы бұзылған. Жиі төсектен ыршып тұрады, жастық астынан әлденені іздейді, төсек астына қарайды, көз алдына елестеген жәндіктерді ұстауға тырысып, қолдарымен қабырғаны сипалайды. Кезеңмен қорқынышпен жан-жағына қарайды, өз-өзімен сөйлеседі.
Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?
А) галлюцинаторлы
Б) параноидты
В) делириозды
Г) сананың қарауытқан бұзылысы
Д) аментивті
142. 42 жастағы әйел, сауыншы. 5 жылдан бері бруцеллезбен науқастанған. Бас ауыруына, әлсіздікке, температураның жоғарылауына, бүкіл деенсіндегі сырқыраған ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде тері жабындысы бозарған, перифериялық лимфа түйіндерінің барлық топтарының аздап ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ірі буындар аймағындағы ауру сезімі. Көңіл-күйі төмен, әлсіреген. Бөлменің тереңінен оны өлтіремін деп қауіп төндірген әйел дауысын «естиді». “Дауыс” шынайы адамның дауысы тәрізді естіледі.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
Б) шизофрения, параноидты формасы
В) реактивті параноид
Г) интоксикациялық психоз, депрессивті синдром
Д) интоксикациялық психоз, делириозды синдром
143. 48 жастағы ер адам. Мастану жағдайында 2-ші және 3-ші дәрежедегі күйік алған. Күйік бөлімінде ем алып жатыр. Қарау кезінде: беті, құлақтары, қолдары, кеудесі іріңді қабыршықтармен жабылған, температурасы – 39,3. Науқас өзін үйімдемін деп ойлайды, мазасыз, қозған, тоқтамастан бірдеңені іздейді, ауадан қармайды. Төсектен тұруға талпынады, өз денесінен дәкелерді алып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. өз есімін дұрыс атайды «денсаулық үшін» алып қоюға «шақырып» тұрған “достарын” кіргізуді өтінеді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
Б) интоксикациялық психоз, сананың қарауытқан күйі
В) интоксикациялық психоз, делириозды синдром
Г) алкогольді делирий
Д) интоксикациялық психоз, аментивті синдром
144. 47 жастағы әйел жедел жәрдеммен өз үйінің өртінен кейін жеткізілді. Қозғалыссыз қалыпта отыр, жанары кеңістікке қадалған, қоршаған ортада болып жатқан жайттарға қатыссыз, контакт мүмкін емес. Осындай жағдайда болғанына алты сағаттай өтті.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?