Егде жастағы және қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс технологиясына сипаттама беріңіз.
Әлеуметтік жұмыс технологиясы – бұл қиын жағдайға душар болған азаматтарға көмек пен қолдау, яғни әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған әлеуметтік технологияның бір бөлігі. Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Адам қартайған кезде бұрынғы әлеуметтік ролінен айырылып, жиі туғандары мен жақындарын жоғалтады. Рухани құлдырап, байланыс шеңбері, әлемге көзқарасының нұсқалары таратылады. Егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс атқарудың қазіргі технологиясы қарт адамдарға қатысты қарастырылған. БҰҰ- ның принциптері бойынша «Үлкен, егде жастағы адамдардың толық мағыналы етіп қамтамасыз ету негізінде құрылу керек». Қарт адамдарға әлеуметтік қызметпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы; ротездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге көмек көрсету. Әлеуметтік қызмет көрсету түрлері келесідей болып келеді:
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі:
әлеуметтік-тұрмыстық;
әлеуметтік-медициналық;
әлеуметтік-психологиялық;
әлеуметтік-педагогикалық;
әлеуметтік-еңбек;
әлеуметтік-мәдени;
әлеуметтік-экономикалық;
әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.
2. жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға көмек
3. жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету;
4. санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету;
5. тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);
6. қарттарға хат жазуда және оқуда көмек көрсету;
7. медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
8. қарттармен психопрофилактикалық жұмыс;
9. қарттардың бойында ұмыт болған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер;
10. қарттарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру.
11. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың заңдық көмегін тегін алуға жәрдемдесу;
Зейнеткерлік кезеңге бейімделудің әлеуметтік-психологиялық үлгілерін көрсетіңіз
Адамдардың қарт адамдар тобына қосылуы оның қоғаммен қарым-қатынасын және өмірдің мәні мен мақсаты, жақсылық пен бақыт деген сияқты құнды нормативтік түсініктерге қатынасын түбегейлі өзгертеді. Адамның өмір сүру салты да өзгереді. Бұған дейін олар қоғаммен, өндіріспен, қоғамдық қызметпен тығыз байланыста болады. Ал зейнеткер ретінде олар өндіріс орнымен жүрген қарым-қатынасты жоғалтады. Бірақ қоғамның мүшесі ретінде олар қоғамдық өмірдің кез келген бір аясына қатысты болып қала береді. Халықтың қартаю кеңеюіне енген кейбір елдердің тәжірбиесі мыналар көрсетеді. Зейнетақыға шыққан жеке адамдардың қоғамда бейімделуі қиын және күрделі жағдайда өтіп отырады. Біздің елімізде еңбекке қабілетті жастағы адамдардың және жасы бойынша еңбекке қабілетсіз адамдардың ара қатыннасы, балалармен егде адамдарды жүру қарқынынан нақты айқындалып отыр. Соңғы он жыл кезегінде демографиялық жүктеме коэфициенттің уақытша төмендеп, кемуі еңбекке қабілетті адамдар жүктемесінің азаюымен қатар өтіп жатыр. Бұл ситуация құрамында қарт адамдар бас отбасыларға мемлекетті қолдаудың маңыздылығын күшейте түседі. Зейнетке шығу, әсіресе, еңбек қызметі жоғары бағаланған адамдарға ауыр тиеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай еңбек қызметінен айырылу адамдардың психикасына, өмірлік тонусына және денсаулық жағдайына кері әсерін тигізеді. Адамдардың өмір сүру салты көбіне олардың бос уақытын ұйымдастырумен байланысты. Қоғамдық қызметке белсенді қатыса отырып, қарт адамдар өздерінің өмірлерін әлде қайда қызығырақ етеді. Бұл тұрғыда егде жастағы адамдарды қоғамның түрлі жұмыстарына, жиналыстар ұйымдастыруға, қарт адамдарға арналған теле, радио бағдарламаға қатыстыру жөн.