Адамдар арасыидағы қарым-қатынас. топтар
Жеке адамдар мен топтар күнделікті ѳмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, ѳзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, ѳмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан үжым күрып, ресми топка айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық жағдайда максатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі, Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат — әр адамның әлеуметік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның ѳзі де — қоғам мүшесі әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан, оның емір-тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық ѳмірдің кѳрінісі болып табылады.
Шартты және байланысты топтар — әлеуметтік психологпядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты
қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына т. б. сәйкес бѳлінуі мүмкін. Оған енгізілген адамдардың бір-біріне және осы топқа тікелей де, жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топқа қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеп алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологияның объектісіне жатады.
Байланысты топ — белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат-мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бѳлімдер, отбасының құрамы — мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы — адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар құрды. Ал кооперациялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ құрайды. Мысалы, пойыз ішіндегі бір купеде келе жатқан жолаушылар біршама уакыт ѳткен соң, ѳзара тіл табысып, станцияларда бірі қажетті нәрселер сатып әкеледі, енді бірі өзгелерді сѳзге айналдырады, қалжың әңгімелер айтып, қасындағыларды кѳңілдендіреді. Сѳйтіп, кездейсоқ адамдар тобы арасында қарым-қатынас орнайды. Әдетте, мұндай топ ѳз арасындағы біреуді басшы тұтып, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды. Ѳздерінше ішкі топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты. Ұйымдасқан осындай бір топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді. Бұған әскери бѳлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін-бірі толықтырады. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы ѳндіріс бригадасының ұйымдасып еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншік ретінде құрылған ѳндіріс бірлестігі осыған мысал бола алады.
Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кез-келген топтың сайлап алған, не белгілеп қойған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшының жетекшілігімен әр алуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі болуы жетекшіге байланысты. Тәжірибелі ұстаз, тәлімгер мен тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі-ұжым. Оның шығу тегі — отбасы. Отбасы — белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бѳлшегі. Адамдардың әлеуметтік ѳмірінің тірегі де — осы отбасы. Ұрылар мен гангстерлердің бандасы да — топ. Бірақ, олар ұжым емес. Олардың ұйымдасуының ішкі және сыртқы мақсаттары — жеке бастың қамы,қара ниет құлқы мен қоғамға деген зиянкестік әрекеттер.
Адамдардың ұйымдасқан тобы — ұжымның түпкі мақсаты — адамдардың игілікті мұрат-мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына ѳз үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам ѳз қауымдастығында ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сѳйтіп, қоғамға ѳз пайдасын тигізеді.
Топтағы адамдардың ѳзара қарым-қатынас түрлер. Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат ѳзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық ѳмірде, әсіресе ѳндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, ѳзара кѳмектесуі—олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын кѳрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы ѳзекті мәселе — адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды ѳзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі ѳзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап кѳрсетіп, олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді:
а) диффузиялық топ — бұл аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы адамдардың ѳзара қарым-қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне байланыссыз-ақ жүзеге асады;
ә) ассоциация — бұл күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-қатынас жандана бермек;
б) корпорация, мұнда да жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек;
в) ұжым — топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдық мақсат-мүддесімен ұштасып жатады.
Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі — адамдардың уйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің кѳңіл-күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда ѳзекті жайт ретінде дара түрді қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүдде деп саналады.