Ытушылар мен студенттерге психологиялық кеңес беру.
Психологиялық кеңес беру туралы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялық тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдағы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялық кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындағы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында тұрады. Жалпы алғанда студенттер үшін психологиялық кеңес беруді ұйымдастырудың маңыздылығы мынада: - бірінші курсқа қабылданған студенттер жаңа оқу жағдайына бейімделу кезеңінен өтуі керек; - студенттердің ішінде бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесіне қарай стресстік жағдайдан шыға қоймағандар кездеседі; - мектеп бітірушілер мамандықты таңдауға қарағанда, мамандыққа қатысты емтихан тапсыратын пәнді таңдауға көбірек мән береді. Соңында пән мен мамандықтың сәйкес келмеуінен туындайтын қиындықтарға тап болады; - жоғары оқу орындарындағы қазіргі заманғы кредиттік жүйеде оқу ерекшеліктеріне төселудің қиындықтары жетерлік; - тұлғалық ерекшеліктері мен қажет болатын кәсіби сапалары арасында пайда болатын сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп, оқудағы белсенділігін тежейді; - жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент пен оқытушы арасындағы адамаралық тікелей қарым-қатынасты шектейді, және т.с.с. Міне, осы себептерге байланысты бұл мәселенің өзектілігін келесі жағдайлар анықтай алады: - жоғары оқу орындарында психологиялық көмек көрсететін орталықтар жоқ, ал студенттердің әлеуметтік-психологиялық проблемалары көптеп саналады; - психология пәні барлық мамандықтар бойынша жүргізіледі (студенттер кредиттік оқу жүйесіндегі таңдау бойынша пәндердің ішінен психологияны таңдайтыны жиі кездеседі), дегенмен бұл пәннің студенттерге пайдалы тәжірибелік мүмкіндіктерін қолдану мәселесі негізінен психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістермен шектеліп отыр; - студенттердің тұлғалық дамуы мен кәсіби даярлығына психологиялық ықпал ету мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде емес; Оқыту іс-әрекетін психологиялық кеңес беру іс-әрекетіне ұқсастыруға негіз болатын факторлар: - психологиялық кеңес беру де, оқыту да құрылымы жағынан іс-әрекеттік мазмұнда сипатталады; - екеуі де белгілі бір нәтижелерге жетуді көздейді; - екі іс-әрекетте де екіжақты байланыс қамтамасыз етіледі: - екеуінде де өзара әрекеттестік қалыптасады, т.с.с. Психологиялық кеңес беру іс-әрекетін зерттеушілердің ортақ пікірі кеңес беру адамның қоршаған ортасын жақсы жағына қарай өзгертіп, жағымды деңгейге көтере алатындығына ықпал ететін демеуші күш екендігін түсіндіреді. Психологиялық кеңес берудің әдіснамалық негізі жеке адам теорияларынан құрылатындықтан, зерттеу бағытымыз студенттің тұлғалық қалыптасуы мен дамуы болып табылды. Сонымен, психологиялық кеңес берудің оқытумен байланысты белгілеріне тоқталсақ: 1) психологиялық кеңес беру ісі психолог маманның іс-әрекеттік құрылымының бір бөлігі болып табылғанымен, психология пәнінің оқытушысы үшін кәсіби тәжірибесін жетілдіру жолдарының біріне жатады; 2) психологиялық кеңес беру тұлғалық өсу, адамның жағымды, жайлы өмірі, карьерасы және психикалық өзгерістері туралы мәселелермен айналысатындықтан, оқытудың басты мақсаттарын шешуге көмектеседі; 3) психологиялық кеңес беруді проблемаға тап болған адаммен де, өмірі жайлы адаммен де ұйымдастыруға болатыны студенттердің психологиялық білімді меңгеруде қолданылуына негіз бола алады; 4) психологиялық кеңес беру психологиялық ғылыми теорияларға (когнитивтік, бихевиористік, жүйелік, т.с.с.) сүйенеді, ал бұл теорияларды психологияны оқитын студенттер білулері қажет; 5) психологиялық кеңес беру – даму құралы ретінде де, арнаулы қажетті тәсіл ретінде де жүргізілетін процесс; 6) психологиялық кеңес беру әртүрлі бағытты қамтиды: психикалық денсаулық, оқу-тәрбие мәселелері, отбасы жағдайлары, реабилитациялық, тәуелділік-тәуелсіздік, құқық бұзу, карьера, т.б.
3. Студенттік ұжымды психологиялық зерттеу.
Студенттің әрекеті табысты болуының қажетті жағдайы - жоғары оқу орнында оқудың өзіне таныс емес жаңа ерекшеліктерін, ішкі дискомфортты жоюды түйсінуді және ортамен шиеленісті болдырмау мүмкіншілігін игеру. Бастапқы курстарда студенттік ұжым құрылады, ақыл-ой жұмысын рационалды ұйыдастырудың дағдылары мен ептілігі қалыптасады, таңдап алған мамандыққа икеміділігін түсінеді, еңбекке, бос уақытты пайдалануға және тұрмыс тіршілігіне оптималды күн тәртібі қалыптасады, тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері бағытында өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу бойынша жасалатын жұмыс жүйесі анықталады. Студенттердің жұмыс жасау іс-әрекеті өзінің мақсаты мен мінеттерімен сыртқы және ішкі жағдайларымен, психикалық процесстерінің өтуімен олардың жеке тұлға ретінде және де ұжымда жұмыс жасауында ерекшеленеді. Студенттің жұмыс жасауы әлеуметтік мәні бар іс-әрекет, себебі оның ең негізгі мақсаты - әр түрлі салаларға жұмыскерлерді дайындау, жоғары білімі бар тұлғаларға жағдай жасау. Студенттік жұмыс жасау іс-әрекеті жалпы айтқанда, материалдық түрге жатпайды. Студенттің жұмыс жасау іс-әрекетінің негізі – оқуды оқып, ғылыми және әлеуметтік өмірге қатысу. Студенттердің жұмыс жасау іс-әрекеттерінің қатарына мақсаттар мен қорытынылардың ерекшеліктерін еңбекке дайындау, білімді тану, жеке тұлғалық қасиеттерді қосуға болады. Зерттеу объектісінің ерекше қасиеті (білім, келешек мамандық бойынша ақпарат) сонымен бірге студенттің жұмыс істеу іс-әрекеті жоспарлы түрде өтуі жатады. Жұмыс жасау іс--әрекетінің негізгі құралы – оқулықтар, зерттеу құралдары және тағы басқалар. Студенттердің жұмыс жасау іс-әрекетіне психиканың интенсивті түрде жұмыс жасауы, жоғары деңгейлі білім қағмидасы жатады. Студенттердің жұмыс жасауында әлсіздік пайда болады да, соның салдарынан міндеттер пайда болады. Оқудың жетістігі білімді қабылдау деген психикалық процессімен анықталады. Осы анықтаманың негізінде тұлғалық ерекшеліктер жатады. Әр түрлі әрекеттің жетістігі, ең алдымен білім деңгейінің дамуына байланысты.