Теориялық мәліметтер. «Инені алға қарай» тігісі – бұл бірдей тепшімдер қатары, олар оңнан солға қарай жүргізілген.Олардың
«Инені алға қарай» тігісі – бұл бірдей тепшімдер қатары, олар оңнан солға қарай жүргізілген.Олардың ұзындығы 2-10 мм. Оларды одан да ұзын қылып жасауға болмайды. Өйткені байқаусызда ілінген тепшім тігісті құртуы мүмкін. Тепшімдер арасындағы ара- қашықтықтар бірдей болуы керек, ережеге сай олар тепшімнен кіші немесе оған тең болуы керек. Олар кесте кергішсіз жұмыс істейді. Тігіс қарапайым болғанымен сәнді мүмкіндіктері шектеусіз. «Әшекейлеу» және «саналымды тығыз кестелеу» тігістері. Бұл тігістерді мата жіптерінің белгілі бір мөлшерде санап немесе белгіленген сурет бойынша орындайды. Әуелі суретті инемен шаншып қағазға түсіреді. Дайындаған қағазды қағазға клтіреді және суретті матаға түсті бормен және қағаздың тесігі арқылы щеткамен түсіреді. «Әшекейлеу» тігісін «кресше» қабу тігістері сияқты жүргізеді.
«Инені артқа қарай» тігісі – ол бірдей тепшімдер қатары болып есептеліп, сол бір ара-қашықтықтан бір-бірінен оңнан солға қарай жүргізіледі. Беткі жағынан ол «Инені алға қарай» тігісіне ұқсайды, бірақ тепшімдері аса шығыңқы, ішкі беті мүлдем басқаша, өйткені бұл кестелердің орындалу техникасы әр түрлі. Кесте кергішсіз тігеді. Жіпті ішкі жағына бекітіп, артқа қарай тепшім жасайды, матаның астынан 2
тепшімге алға қарай өтеді, қайтып келіп жаңа тепшімді алдыңғысынан бір тепшімнің ара- қашықтығында өткізіп, солайша сызылған өрнек контуры бойынша жалғастырылады.
Тамбурлап кестелеу немесе тамбур – бұрыннан келе жатқан сәнді тігістердің бірі. Үлкен барабан – тамбурға ұқсас кесте кергішімен кілем және жамылғылар тіккен. Тігіс бірінене кейін бірі шығатын ілмектерден тұрады. Сурет контурының ыңғайына қарай жоғарыдан төмен және оңнан солға қарай тігіледі.Бұл тігісті қазақ шеберлері ілгекпен тігеді.Тамбурлық кестелеуді сурет өрнегінің контурын алу, дайын таспаны бекіту, сондай-ақ өңдеу тігістерін орындау үшін пайдаланады.
Тік тігісті алу үшін (33сурет) жібі бар инені теріс жағынан оң жағына шығарады және қабуды тартпай тор жасай отырып матаға сол тесіктен қайтарады. Теріс жағынан ілгектің ұзындығына тең қабу жасайды, инені оң жағына тордың ішінен шығарады, одан кейін қабуды қайталап отырып тігіс жасайды. Тордың бағытын түзуден оңға және солға кезектесе өзгерте отырып иректелген тігіс алуға болады (33 сурет)
«Ілгекті! Тігіс- бұл соңнан оңға қойылған тік ілгекті тепшімдердің қатары. Тепшімдерді әрқалай қояды: тығыз немесе арасын ашық қылып, біреулеп немесе топтап, көлбеу немесе тік бұрышпен. Тік контурлы өрнекке әр қатарда жіптің түсін үндестіре немесе қарама- қарсы түске ауыстыра отырып, тепшімдер қатарын бір-біріне қоюға болады. Егер тамбурлап тігілген тепшім немесе «Инені артқа қарай» тігілген тепшімдерді алдын-ала дайындалған көпшікке тігілсе, онда сол өте тығыз тепшімдер томпақ болуы мүмкін.
Крест немесе қолөнер шеберлері оны қалай сүйіспеншілікпен атаған крестик – көпшілікке белгілі тігістердің, атақты суретшілердің бояу жаққыш пен салынған суретін таңқаларлықтай айнытпай түсірген озат суретшілер сирек емес.Тігісті тігу оңай, өйткені крестик дегеніміз – ортасы қиылысатын екі тепшім. Жіпті матаға тоқылуын есептей келе, кесте кергішпен крестеп тігеді, бірақ канвада жұмыс істеу ыңғайлы.
Кресшелер. «Кресшелер» қабуын матаның жіптерінің белгілі бір мөлшерін санап немесе белгіленген нүктелер бойынша квадрат формасында орындауға болады. Инені белдемшенің теріс жағынан квадраттың сол жақ астыңғы жағынан қабып, жіпті үстінен астына қарай өткізіп матаға теріс жағынан квадраттың оң жақ астыңғы нүктесінен сол жақ үстіңгі оң жақ нүктесінен шығарады, одан кейін теріс жағынан қабып, жіпті үстінен астына қарай өткізіп матаға теріс жағынана квадраттың оң жақ астыңғы нүктесінен енгізіп қабуларды қайталайды, кресшелердің тек бір жағын ғана суреттің белгілі бір ұзындығына дейін жасайды. Бұдант кейін қабуларды квадраттың астыңғы оң жақ нүктесінен сол жақ үстіңгі нүктесіне қарай кері бағытта жасайды, инені матаға теріс жағынан үстінен астына қарай түзу бойынша енгізеді. Кресшелер горизонталь, вертикаль және диоганальдары бойынша орналасуы мүмкін.
«Текешік» тігісі – бетінде айқаса орналасқан тепшімдер, ал астыңғы
жағында екі қатарлы паралель көлденең орналасқан майда тепшімдер. Тігісті оңға, солға қарай әртүрлі ұзындықтағы тепшімдер орындайды. «Текешік» қабуларымен (34сурет) белдемшенің етегін сәндеуге болады. Мұндай қабулардың тігісін дайын таспаны өңдегендей ұсынуға болады.Әуелі қарындашпен екі паралель сызықты белгілейді немесе екі жіпті жұлып алады, олардың ара қашықтығы қабудың мөлшері.
Тігісті солдан оңға қарай жүргізеді матаны кері бағытта біресе бір сызық, біресе екінші сызық бойынша теседі. Қабуларын еркін орналастырып қатты тартпайды. Қабудың жиілігі мен мөлшері суретке байланысты.
1.3.Қажетті құрал-жабдықтар:
Әр түрлі маталар, баулар, моншақтар, биссерлер, ине, жіп, қайшы, қалам, кесте кергіш.