Балалардың өзін-өзі бағалауының ерекшелігі
Бала өз қылықтарының түрткі күштері мен салдары жөнінде көбірек ойлай бастайтын болады. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың сана–сезімінің дамуына, өзінің кім және қандай қасиеттерге ие екенін, төңіректегі адамдардың бұған деген қарым-қатынасын, ол қарым-қатынастардың неден туатынын түсінгенде ғана мүмкін болады. Сана- сезім айқын өзін-өзі бағалауынан, яғни бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін, өзінің сапалары мен мүмкіндіктерін қалай бағалауынан көрінеді. Өзіне-өзі дұрыс баға беруді үйрену үшін бала алдымен өзге адамдарды, сырттай қарап тұрып, бақылай білуі керек. Ал мұның бірден бола қоймайтынын біз білеміз. Бұл кезеңде бала өзінің құрдастарына баға бергенде, олар жөнінде үлкендер айтқан пікірді жай ғана қайталайды. Өзін-өзі бағалауда да осылай болады.(«Мен жақсымын, өйткені апам солай дейді»). Үлкендер мақұлдаған барлық жақсы қасеттерді көбіне түсінбей-ақ өз басына жай таңа салатын мектепке дейінгі кішкентайларда әлі өзі жөнінде ешбір негізделген дұрыс пікір болмайды. Өзін ұқыптымын деп санайтын бір баланың бұл нені білдіреді деп сұрағанда, ол: «Мен қорықпаймын», - деп жауап берді. Өздерінің ұқыптылығын мақтан ететін кейбір балалар бұл сұраққа «Білмеймін», - деп жауап қатты.
3.Қандай тұлғалық қасиеттерді диагностикалау үшін мини-мульт сұраулығы керек:1.Мини – Мульт сұраулық(опросник)
Мини – Мульт сұраулығы ММРІ-дің қысқартылған варианты. Ол 71 сұрақтан , 11 шкаладан (оның ішінде 3 – бағалық ) ( Адаптация Ф. Б.Березина және М.П.Мирошникова ) Бірінші 3 бағалау шкаласы зерттелетін адамның шындығын өлшейді. Қалған 8-і негізгі деп саналып тұлғаның қасиеттерін бағалайды. Бірінші шкала астено-невротикалық типті зерттелетіннің тұлғалық қасиеттерін өлшейді. Екінші шкала зерттелетіннің социопатикалық вариантты тұлғалық деңгейге басымдылығын көрсетеді. Бесінші шкала бұл вариантта қолданылмайды 4-тен кейін бірден 6-шы қолданылады.
6-шы шкала зерттелетіннің өкпелегіштігін сипаттайды.
7-ші шкала күдікті типті тұлғаны зерттеуге қолданылады.
8-ші шкала эмоциональдық алшақтықтың дәрежесін өлшейді.
9-шы шкала тұлғаның гипертимдік түріне жақындығын көрсетеді,белсенділікті өлшейді. Сұраулықты өткізу уақыты шектелмеген. Сұраулыққа арнайы бланк беріледі, оның бір жағында зерттелетіннің жауаптары жазылады. Егер зерттелетін адам тұжырымдаманы мақұлдаса , онда + қойылады , мақұлдамаса – қойылады. Бланктың арғы жағында экспериментатор коррекция шкаласын есепке алып зерттелетіннің тұлғасының профилін құрайды. Бланкта бұл өлшеулер таблицада берілген.
Д шкаласының өлшеулері № 1,4,7,8,9 негізгі шкалаларға қосылады. Мысалы , егер Д шкаласы бойынша 9 ұпай жиналса , онда №1 шкаласының өлшеулеріне , таблицаға қарап 5 ұпай қосады, №4 ке -4 ұпай, №7 мен 8-ге – 9 ұпайдан , №9 – 2 ұпай қосады. Шкалалардың сипаттамасы :
1. Өтірік шкаласы (L) зерттелетіннің шындығын анықтайды.
2. Шын шкаласы (F) өтірік жауаптарды анықтайды.
3. Kоррекция шкаласы (К) . Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіштері әрекетті санасыз бақылау туралы айтады.
Билет
Андай тұлғалық қасиеттерді диагностикалау үшін «аяқталмаған сөйлемдер»тесті қолданылады:« Аяқталмаған сөйлемдер » әдістемесі.
Тест 60 аяқталмаған сөйлемдерден тұрып , 15 топқа бөлінуі мүмкін. Әр топ зерттелетіннің жанұядағы жұмыстағы қарым-қатынастар жүйесінің дәрежесін сипаттайды. Сөйлемдердің кейбір топтары адамның қорқыныштарына , өзінің кінәлі екендігін сезінуге қатысы бар , оның өткен шағы мен болашағын куәландырады, ата-аналар мен достары арасындағы қарым-қатынастарды зерттейді, өзінің өмірлік мақсаттарын. Тест (өңдеусіз) 20 минуттан бірнеше сағатқа созылуы мүмкін (зерттелетіннің тұлғасына тәуелді). Тест бланкісінде сөйлемдерді бір немесе бірнеше сөздермен аяқтау керек.Мысалы: 1.Мен ойлаймын , шын дос__. 2.__ұмыту үшін бәрін істер едім.дегендей
2.Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін қандай тесттер қолданылады:Л.И.Божович:Мектепте оқуға дайындық,ойлау іс-әрекетінің дамуының,өзінің танымдық іс-әрекетін ырықты зерттеуге және баланың әлеуметтік позициясына дайындықтың белгілі бір деңгейінен тұрады.Мектепке оқуға дайындық – көп компонентті құрылым және де кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді.
Психологиялық дайындық құрылымында келесі компоненттерді бөледі;
1.Тұлғалық дайындық;Оқушы болу тұғыры,қарым-қатынасы:Мектепке,оқу әрекетіне,ұстаздарға,өзіне деген қатынасын көрсетеді.
2.Интеллектуалды дайындық балада ой-өрістің,нақты білімдер қорының болуын ұйғарады.Балада қабылдау,аналитикалық ойлау,логикалық есте сақтау,ырықты сөйлеу болуы тиіс.
3.Әлеуметтік дайындық балада басқа балалармен,оқушылармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті сапалардың болуын қамтиды.
Әр бір жас бүлдіршіннің мектепте оқуға даярлығын осы жоғарыда аталған 3 компонент басты рөль атқарады.
Енді мектепке барар балалардың ақыл – ойының оралымдылығын анықтау үшін логикалық ойлауын,арифметикалық дағдыларын,кеңістікті бағдарлауын,қабылдауының жылдамдығын тексеретін әдістемелерді қолдандым:1.Векслер тесті.Балалардың сөздік қоры,заттардың ұқсастық белгілері мен айырмашылықтарын ажырату,санамақты есіне сақтау дағдыларын өлшейтін тапсырмалардан құралады.Тест мазмұны ақыл-ойдың жалпы көрсеткішін құрайтын сөздік және сөздік емес тапсырмалардан тұрады.2.Л.С.Выготский әдістемесі.Балаларға топтама сөздер оқылып,оларды бір сөзбен қалай атауға болатыны сұралады.Мысалы: көйлек,күрті,шалбар,малақай-киім.Бұл әдістеме арқылы ұғымдырдың қалыптасуы мен оларды жинақтай білу іскерлігі анықталады.3.Д.Чейнидің әдістемесі.Графикалық тест арқылы баланың мектепке дайын ба екенін білу.Бағалау түрлері: + - Өте жақсы !-жақсы ?- орта ((-төмен.Адамның бейнесін салу ең ескі диагностикалық әдістерге жатады. 1926 жылы Ф.Гудинаф адам суретінің сапасын бағалау стандарттық сипаттар шкаласын құруға әрекет жасаған. Бұл шкала интелектуалдық даму көзқарасымен сурет бағалауына бағытталған.
1963 ж. Д.Харрис, Ф.Гудинафтың оқушысы, берілген тапсырманың жаңа стандартизациясын өткізді. Гудинаф-Харрис шкаласы 10 информативтік қасиетінің 10 категориясынан тұрады:
Сұрақтарды қоя отырып ,баланың неге бейім екенін,ойының қаншалық ұшқыр екенін т.с.с біліп,анықтауға болады.Анықтай отырып баланың кемшіліктерін дамытатын ойындар мен сабақтар,жаттығулар,яғни түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі.
3.Интеллектің анықтамасын беріңіз,интеллектуалдық коэффицент дегеніміз не:Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке ұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргікезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект – адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект – ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.Адамның ақылы туралы біз өте аз білеміз. Соңғы жылдары ғана ғылымның қарқынды дамуының арқасында ақыл- ой мен психикаға байланысты зерттеулердің арқасында біз білімнің негізгі бөлігіне қол жеткіздік. Мысалы,IQ идеясы(ақыл- ойдың коэфициенті) ақыл- ойдың жан-жақты табиғатына сәйкес екенін білеміз. Бұл әдістеме ой қабілеттерінің белгілі бір ғана бөлігін, мәдени ортада, белгілі бір мақсатпен өлшейді. Қысқасы, ол әдістеме тілмен , логикамен, акамубен, академиялық біліммен байланысты «солдық – жартышарлық» функцияларды өлшейді , және ол интеллекттің қызығушылық қабілеттермен байланысты функцияларды өлшейді.
«Интеллект» сөзі психологияда «дарындылық», «ақыл-ой дарындылығы» сөзінің синонимі ретінде жиі кездеседі. Интеллект тестері «дарындылық тестері» деп, ал интеллект коэффициенті Q ақыл-ой дарындылығының көрсеткіші деп аталады. Табиғи интел лект – таным сферасының сипаты, адамның ақыл-ой мүмкіндіктерінің өзегі болатын дəл ортасын айтамыз. Интеллект – адамның қолданбалы, көрнекі-бейнелі немесе символдық түрде алдына мақсат қойып, оны орындаудың ең тиімді жолын тауып алуға қабілеттілігі. Қазіргі интеллект теориялары бойынша ақыл–ой жетістіктері өзінің негізінде ұйымдастырылған жеке тəжірибені яғни адамның өзінше көрінуін, түсінуін, қоршаған ортаны қабылдауын көрсетеді. Ақыл-ой қабілеттерін арнайы немесе жалпы деп жиі айтады. Негізінде, ақыл-ой қасиеттері (мысалы, ақыл-ой процесіндегі са- лыстыру, талдау, жоспарлау жəне т.б.) əр түрлі тапсырмаларда кең көлемде көрінеді. Осы мағынада олар жалпы іс-əрекеттің түрі болып табылады. Сондықтан адамдар бір-бірінен тек ақыл-ой қабілеттері ғана емес, іс-əрекеттерінің жалпы деңгейімен де ерекшеленеді . Интеллект коэффициентін Стенфорд-Бине тесті мен Векслер шкаласы бойынша өлшеуге болады. Шығармашылық ойлаудың өзгешелік белгілері болғанымен, интеллекті бірдей бол- майды, ІQ – 120–дан жоғары болған жағдайда шығармашылық пен 127 интеллектуалды іс-əрекет арасындағы корреляция жоғалады, себебі шығармашылық ойлауда интеллектіге тəн ерекшелік болады.
Билет