Г) сананың қарауытқан бұзылысы
Д) дисфория жағдайы
164. 35 жастағы әйел, сатушы. Бала кезінен күдікшілдікпен, ұяңдықпен ерекшеленген. Тапсырмаларға өте ұқыпты қараған. Ерлермен қарым-қатынастан, әсіресе өзі танымайтын ер адамдардан үнемі алшақ жүруге тырысқан. Жұмысында таныс емес ер адам қолынан ұстап алғаннан кейін ”оның тазалығы жөнінде” күдік пайда болды, таныс емес ер адамдармен таңдаусыз контакттардан кейінгі салдар жөнінде көп оқығандықтан бұл күдігі мерез ауруын жұқтыру қорқынышына ұласты. Өз күйзелістерінің негізсіздігін түсінеді, дегенмен олардан құтылуға күш-жігері жетпейді.
Төмендегі аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) обсессивті-фобиялық
Б) контрастты жабысқақтықтар
В) жабысқақ көз алдына келтірулер
Г) невроз тәрізді
Д) психопатия тәрізді
165. 17 жастағы жасөспірім, наркология бөлімінде тері астында жәндіктердің жорғалауына шағыммен жатыр. Қарау кезінде дертті сезімдердің орналасқан жерінде көптеген тырнақ іздері бар. Туыстарының айтуы бойынша, науқас екі жыл наркотикалық заттарды қабылдайды.
Төменде аталған препараттардың қайсысы аталған бұзылысты шақыруы мүмкін?
А) героин
Б) кокаин
В) гашиш
Г) барбитураттар
Д) морфин
166. 17 жастағы жасөспірім, көшедегі жүргінші адамды тонауға әрекет жасағаны үшін полиция қызметкерлерімен жеткізілді. Контакт бар, сұрақтарға ниетсіз жауап береді. Қарау кезінде көптеген көктамырлық иньекциялар анықталды. Наркотиктер қолданғанын табанды түрде теріске шығарады. Сол күні кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық пайда болды, ”ыстық толқындар” сезінеді. Жас ағуы, ринорея, дене температурасының жоғарылауы, тыныс жиілеуі, бұлшық еттік спазмдар, дененің әр жерінде ауру сезімдері бақыланды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) токсикоманиялық абстиненция
Б) кокаиндік психоз
В) героиндік абстиненция
Г) гашиштік абстиненция
Д) апиындық мастану
167. Төменде аталған наркоманиялардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығына толеранттылықтың өсуі тән:
А) кокаиндік
Б) апиындық
В) гашиштік
Г) барбитураттық
Д) метадондық
168. 17 жастағы жасөспірім, мастану дәрежесін анықтау мақсатында медициналық куәландыруға жеткізілді. Объективті: тері жабындыларының бозаруы мен құрғақтығы бақыланды. Қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ. Жүрісі тербелмелі, Ромберг позысында тұрақсыз, саусақ-мұрын пробасынқиындықпен орындайды. Сұрақтарға ниетсіз, үзілістен кейін жауап береді. Наркотик қабылдағанын теріске шығарады. Көктамырлар жолымен көктамырішілік иньекциялардың бірнеше ізі бар. Алкоголь иісі жоқ. Раппопорт пробасы теріс.
Төменде аталған психоактивті заттардың ішінен қайсысын қолданған?
А) кокаинді
Б) героинді
В) гашишті
Г) барбитураттарды
Д) эфедронды
169. 17 жастағы жасөспірім, мастану дәрежесін анықтау мақсатында медициналық куәландыруға жеткізілді. Объективті: тері жабындыларының бозаруы мен құрғақтығы бақыланды. Қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ. Жүрісі тербелмелі, Ромберг позысында тұрақсыз, саусақ-мұрын пробасынқиындықпен орындайды. Сұрақтарға ниетсіз, үзілістен кейін жауап береді. Наркотик қабылдағанын теріске шығарады. Көктамырлар жолымен көктамырішілік иньекциялардың бірнеше ізі бар. Алкоголь иісі жоқ. Раппопорт пробасы теріс.
Төменде аталған мастану түрлерінен қайсысы болуы мүмкін?
А) апиындық мастану
Б) алкогольді мастану
В) кокаиндік мастану
Г) токсикоманиялық мастану
Д) эфедриндік мастану
170. 16 жастағы жасөспірімге келіп жеткен жедел жәрдем бригадасының дәрігері пациентте әлсіздік, тремор, қалтырау, қарашықтар кеңеюі, жасаурағыштық, тұмаурату, жиі түшкіру, жөтел бақылады. Пациент мазасыз, үрейшіл, аяқ-қолдарының бұлшық еттерін уқалауға тырысады, өйткені бүкіл денесінің, әсіресе бел және аяқ қолдарының буындарындағы айқын сырқырап ауыруына шағымданады. Қарау кезінде шынтақ буыны аймағында көктамырлар жолымен көптеген нығыздалулар және көктамырішілік инъекциялардан кейінгі майда қан құйылулар анықталды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) жедел респираторлы вирусты инфекция
Б) гашиштік наркомания