Ндірістік жарықтандыруыға қойылатын талаптар
Өндірісте жарықтандырудың гигиеналық тұрғыдан ұтымды жағдайларын жасау үшін, жарық жағдайының қалай сан дәрежесінде болса, солай сапалық сипаттамаларын көрсететін белгілі бір талаптар қойылады. Жұмыс беткейінің жарықтандырылуы нақты жұмыстық үрдісті жүргізу үшін жеткілікті болуы керек. Жарқытандырудың жеткіліксіздігі мен көздің кернеулігі кезінде көру қызметтерінің жағдайы төмен функционалдық деңгейде болады, жалпы еңбекке қабілеттілік деңгейі мен еңбек өнімділігі төмендейді, кемістіктер саны көбейеді, өндірістік жарақат алу қауіпі жоғарылайды. Жарықтандырудың төмен болуы жақыннан көргіштіктің, нистагмның дамуына ықпал жасайды.
Жарықтандырудың қажетті жағдайлары орындалатын өндірістік әрекеттердің дәлдігіне, жұмыстық беткейлердің және қаралатын бөлшектердің жарықтық қасиеттеріне, жарықтандыру жүйесіне байланысты болады. Жарықтандырудың жеткіліктілігі,сандық көрсеткіш болып табылады.
Өндірістік жарықтандырудың сапасын көрсететін гигиеналық талаптарға жататыны:
- көру алаңында жарықтықтың біркелкі таралуы және көлеңкелерді шектеу;
- тік және шағылысқан жарқылды шектеу;
- жарық ағамының тербелісін шектеу немесе болдырмау.
Көру алаңында жарықтың біркелкі таралуы адамның еңбекке қабілеттілігін сақтауда аса маңызды. Егер көру алаңында үнемі жарық (жарықтандыруы) бойынша біршама өзгешленетін беткейлер болса, онда көзді, ашық жарықтан әлсіз жарықты беткейлерге аударған кезде, көзге қайта бейімделу қажет болады. Көздің жиі қайта бейімделуі көздің шаршауына алып келеді және өндірістік әрекеттердің орындалуын қиындатады.
Жарықтандырудың біркелкілік емес дәрежесі біркелкі емес коэффициентпен - максимальды жарықтандырудың минимальды жарықтандыруға қатынасымен анықталады. Жұмыстың дәлдігі қаншалықты жоғары болса, біркелкі емес коффициенті соншалықты төмен болуы тиіс. Жарықтандырудың біркелкілігі жарықшамдарды орналастырудың рационалды сызбасымен, жарықтандыру жүйесімен, тек жергілікті жарықтандыруды қолдануға тиым салумен байланысты болады.
Көлеңкелердің болуы жарықтандырудың күрт біркелкіздігін тудырады, әсіресе жылжымалы көлеңкелер қауіпті болады. Оларды жою керек немесе жұмыстық беткейге жарық ағамын дұрыс бағыттау, сонымен қатар жарықтандыру құрамдастарының шағылысуын көбейту жолымен оларды жұмсарту керек. Жұмыс беткейіндегі көлеңкелер жойылмаған жағдайда көлеңке жердегі жарықтандырудың қараңғы емес жерге қатынасы 0,3 кем болмауы керек.
Шектен тыс көз шағылыстыратын жарық (жарқыл) - жоғары жарықтықты жарқырайтын беткейлердің комфортты көру жағдайын бұзу, контрасты сезімталдылықты нашарлату немесе бір мезгілде осы екі қызметке бірдей әсер ететін қасиеті. Жарқыл көз шағылыстырады, көрінгіштікті бұзады, көздің шаршауы мен жалпы еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне алып келеді. Жарқылдың тік (жарық көзімен және жарық беру құралдарымен - жарық шамдармен, терезелермен туғызылуы), шеткері (көру бағытынан қашық оналасқан жарқырайтын беткейледен), шағылысқан (тік беткейлерден) түрлерін ажыратады.
Шағылысқан жарқыл бөлшек пен фон арасындағы контрастты төмендетеді, көз шағылыстырады, көзді шаршатады және бақытсыздық жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Көз шағылыстыратын әсері қалай шектен тыс жарықрауына байланысты болса, солай ажырату нысанының фонмен контрастына да байланысты. Контрастылық қаншылықты аз болса, көз шағылыстыру соншалықты үлкен болады. Тік жарқылдан қорғану әдісіне жарық көзінің көрінетін бөлігінің жарықтығын, жарықты шағылыстырғыштар мен таратқыштарың, яғни арнайы арматуралардың көмегімен төмендету жатады. Қорғаныс шарасына жарық шамның қорғаныс бұрышы мен оны ілу биіктігі жатады.
Шағылысқан жарқылды азайту, жарық ағамының бағытын дұрыс таңдауымен, жарық көздерінің жарықтығын төмендетуімен, шағылысқан жарықтандыруды орнатумен, жұмыс беткейінің еңіс бұрышын өзгертумен, жарқырайтын беткейлерді ақ беткейлермен ауыстыруымен мүмкін болады. Жарық ағамының тербелу себебіне, желідегі кернеудің өзгеруі, жарық көздерін қозғалмалы бекіту және газды разрядты шамдардың жарық ағамының пульсациясы жатады. Жарық ағамының тербелісін төмендету үшін, жарық беретін және кернеулі желілер жеке-жеке болуы керек, жарықшамдарды, әсіресе жергілікті жарықшамдарды мықтап бекітуді, газды разрядты шамдарды арнайы қосу схемасын (желінің үш фазасына, екі фазасына, озбалы-қалмалы схема бойынша және т.б.) қарастыру керек.
Соңғы жылдарда жарықтандыру гигиенасында жаңа бағыт-динамикалық, яғни жұмыс күні бойы өзгеріп тұратын жарықтандыруды жасау пайда болды. Ол сәуле беру қарқындылығы немесе спектрі бойынша динамикалық болуы мүмкін. Мұндай жарықтандыру зорығудың алдын алуда тиімді әдіс болып табылады. Оны табиғи жарықтандыру жеткіліксіз үй-жайларда, сонымен қатар кернеулі көру-эмоционалды және кернеулі жұмыстарды қолданған дұрыс.