Минерализациялық емес қызылиекүсті тіс жұғындыларын алып тастау үшін құралдар мен заттар
Жұмсақ қызылиекүсті тіс жұғындылары кәсіби гигиенаның бірінші болып табылады, өйткені олар басқалардың бәрінің үстінде, оларды жасыра отырып жатады, жағдайды бағалауды және гигиенаның бірдей заттарын таңдауды қиындатады. Минерализациялық емес тіс жұғындыларын алып тастау үшін ысудың азғантай күші қажет, сондықтан бұл мақсатпен жоғары емес агрессивтілігі бар заттар мен әдістер қолданылады. Осы заттар оларды толық тазалағаннан кейін тіс беткейлерін жылтырату үшін ең ақырын тәртіпте қолданылады.
Ротациялық (циркулярлы) щетканың металлды негізі және синтетикалық талшықтары бар (сур. 6.6). Щетканың ұстағышының бормашинаның бұрыштық төмен жылдамдықты ұштығында бекіту үшін қажет мөлшерлері мен түрлері бар. Щетканың басшығы дөңгелек түрде және диаметрі 0,5-0,8 см болады. Қылшықтары тек басшығының сыртқы жиегі бойымен немесе шеңбердің бүкіл ауданы бойымен бекіген, 0,4-0,6 мм биіктігі бар. Жарақат мүмкіншілігін төмендету үшін щетканы суда немесе (жиі) сықпамен ылғалдандырады. Сықпаның қасиеттеріне байланысты щеткамен тістің, пломбаның және бекітілген аппараттардың және протездердің беткейлерін тазартуға немесе жылтыратуға болады. Тістің вестибулярлы және оральды беткейлерін тазарту үшін айналмалы щетканы ақырын тістің бүкіл ауданы бойымен кескіш жиегінен, қызылиек жиегін тимей жүргізеді. Шайнау беткейінде жұмыс кезінде соңғы молярлардың дистальды бөліктеріне ерекше көңіл аудара отырып, тереңделулерді тазартуға тырысады.
Сур. 6.6. Ротациялық щеткалар.
Ротациялық ершиктер басқа қол бормашинаның бұрыштық ұштығына бекітілетін ұстағышының болуымен ерекшеленеді.
Ротациялық тостағаншалар – бұрыштық ұштық үшін металлды ұстағышта бекітілген иілгіш резинадан қуыс конустар (сур. 6.7).
Сур. 6.7.Тіс жұғындыларын кәсіби алып тастау үшін ротациялық тостағаншалар.
Тостағаншаның мөлшерлері мен түрлері ротациялық щетка басшығының мөлшерлерімен ұқсас. Тостағаншаның қаттылық дәрежесі дайындалған материалдың қасиетіне байланысты, көбінесе түспен белгіленеді: ақ – жұмсақ, қара – қатты, жасыл, көкшіл, көк – қаттылықтың аралық дәрежелері. Тостағаншаның қуысына кәсіби тазартушы сықпаны енгізеді, ол айналу кезінде тістің тазартылатын беткейі бойымен және резинаның үйкелу әсерін толықтырады. Тостағаншалар мен сықпаларды қолдану жаман емес тазартушы және әсіресе жақсы жылтырағыш әсер береді. Тостағаншаның жұмысшы алаңы конустың жиегі және сыртқы беткейі болып табылады, сондықтан бұл құралдармен төмпешіктердің ылдилары және ойыс беткейлерді тазартқан ыңғайлы. Қауіпсіздік мақсатында тіндерге айналмалы тостағаншаның қандай да бір бөлігінің қысымы дәрігердің күшіне, сонымен қатар жұмысшы беткейінің ауданы мен түріне байланысты екенін есте сақтау қажет. Ең жоғары қысымды конустың жұқа жиегі (сыртқы жиегі) көрсетеді, сондықтан оны мойыналды аймағының қажалған эмалінде, түбірдің жалаңаштанған цементінде және - әсіресе қауіпті! – қызылиек тіндерінде тістің ұзын осіне перпендикулярлы орналастыруға болмайды.
Кәсіби сықпалардың жеке гигиенаның сықпаларында сияқты принципиальды құрамы бар. Кәсіби сықпалар абразивтіліктің әр түрлі деңгейлеріне ие: жоғарыдан – тазартуға арналған сықпаларда (циркониймен, ірі кремнеземмен), төменге дейін – жылтырату үшін сықпалар. Кәсіби сықпалардың төмен мөлшерде беткей-белсенді заттары бар, үрдіске көз бақылауының қажеттілігі негізделеді.
Флосстар мен баулар тістердің проксимальды беткейлерінен жұмсақ тіс жұғындыларын алып тастау, алынбайтын ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдардың «ішкі» беткейлерін және олардың астындағы эмаль бөліктерін өңдеу үшін қолданылады..
Штрипстер мен жылтыратушы баулар пластикалық немес металлды жұқа жолақтар түрінде келеді, оларға агрессивті абразивті материалдың қабаты бекітіледі (алмазды ұсақ силикатты бөлшектерге дейін). Абразивтілік дәрежесіне сәйкес штрипстер мен жолақтарды тістердің проксимальды беткейлерінен тығыз (Пристли қағы) және жұмсақ тіс жұғындыларын алып тастау үшін, сонымен қатар тістердің осы беткейлері мен пломбаларды жылтырату үшін қолданылады. Кең жолақтарды, олармен бір уақытта бүкіл проксимальды беткейді өңдеуге болады, және жіңішке, олар тісаралық қатынасты пунктің үстінде және астында проксимальды беткейдің бөліктерін таңдамалы тазартуға (жылтыратуға) мүмкіндік береді, ажыратады. Тығыз қатынасты тісаралық пункттері арқылы штрипстер мен жолақтардың өтуін жеңілдету үшін, өңдірушілер штрипстерде абразивті жабуы жоқ азғантай тегіс («жұқа») бөлікті қалдырады. Тістерді және реставрацияларды штрипстермен тиімді және қауіпсіз өңдеу техникасы тұтас алғанда флоссинг техникасына сәйкес келеді.
Ауа-абразивті жүйелер абразивті бөлшектердің қарқынды ағымын жасайды, олар стоматологиялық қондырғыға немесе автономды блокқа байланысатын ұштықтың қуысы арқылы тістің тазартылатын беткейін бастырмалайды. Аппарат әр түрлі абразивті ұнтақтармен зарядталуы мүмкін: су содасы, лимон қышқылы және т.б. Ауа-абразивті өңделу үшін қолданылатын ең кең таралған абаразив диаметрі 5 мкм. алюминий тотығының бөлшектері болып табылады. Бұл зат улы емес, химиялық және биологиялық инертті, тұрақты. Дегенмен, абразивті қоспа бүйір және шағылысқан «бұлт» жасайды, осымен абразивтің аспирация және қоршаған микро кеңістіктің ластану қауіптілігі байланысты. Сондықтан коффердам немесе салфетка (5х5 см) көмегімен науқастың жұтқыншағын қорғау туралы ойлау, шаң сорғыш қолдану, міндетті түрде көзілдірік және алжапқыш қолдану қажет (науқасқа да, дәрігерге де). Тіс жұғындыларын және ауыз қуысы тіндеріне қатысты процедураның агрессивтілігі тек абразивтің қасиетіне ғана емес, сонымен қатар бөлшектердің жылдамдығына (импульсына) байланысты, бұл аппараттың жұмыс тәртібімен және беткейге қатысты қуыстың орналасуымен анықталады. Абразивтің ағымын жалаңаштанған түбір мен периодонт тіндерін жарақаттан, сонымен қатар композитті реставрацияның зақымдануынан сақтана отырып, тек эмаль беткейіне бағыттау қажет. Тістің ұзын осіне қатысты канюльдің еңкею бұрышы 60-тан 900-қа дейін құрауы қажет, абразивті жіберу бағыты – қызылиектен сауыттың окклюзионды беткейінің кескіш жиегіне дейін, тістің беткейі мен ұштық арасындағы қашықтық 5 см-ден төмен болмауы қажет (сур. 6.8). Беткейді импульсті тәртіпте, 5-10 с өңдеу қажет, бұл тіндердің қызып кетуін адын-алуға және жұмыс нәтижесін көзбен бақылауға мүмкіндік береді. Ауа-абразивті жүйелер жұмсақ және тығыз (Пристли, темеке тартушы қағы) жұғындыларды алып тастау және тістердің беткейін жылтырату, сонымен қатар жапсыру алдында фиссуралардың эмалін өңдеу, қышқылмен өңдеудің орнына композитті реставрацияға эмаль беткейін дайындау үшін қолданылады.
Сур. 6.8. Ауа-абразивті жүйені қолдану сызбасы.
Ызылиекасты кеңістіктерді тазарту және қатты қызылиекүсті жұғындыларды алып тастау үшін заттар және құралдар және аппараттар
Химиялық заттар
Тіс жұғындыларын алып тастау үшін химиялық заттар сирек қолданылады: қызылиекүсті тасты алдын-ала жұмсарту туралы сөз. Мұндай препараттар жиынтық түзушілерді (ЭДТА, трилон Б), немесе қышқылдарды (тұз, лимон) құрайды. Препараттарды тас беткейіне 0,5-2 мин-қа жағады, осы мерзімде олардың компоненттері жұғындының минеральды байланыстарымен реакцияға түседі. Препараттарды қызылиек тінінен тікелей жақын жағуға тура келгендіктен, оны қорғау үшін шараларды қолдану қажет (коффердам).