Саяси психология тарихының негізгі кезеңдері

3.1 Ежелгі Грекия

3.2 Ежелгі Рим

3.3 Қайта жаңғырту кезеңі

3.4 Ағарту кезеңі

3.5 ХIХ ғасырдың саяси психологиясы

3.6 ХХ ғасырдың психоанализі

Ежелгі Грекия

Элладада тәжірибе ғылымынын маңызы болды. Бірақ, дәл ежелгі Грекияда, саясаткерлерді ораторлар алмастырғанда ораторлық шеберлік саясаткердің әрекетінің міндетті және шешуші компоненті болды. Шешендік өнердің ең ұлы шеберлерінің бірі – Демосфен, саяси әрекеттің, топтың санасы мен эмоцияларына бағытталған әсерінің механизмдерін зерттеген алғашқы ғалым болған шығар. Бізге белгілі, Демосфеннің өзі саясатқа тәжірибе арқылы кірді. Оның туғанда сөйлеуінде кемшіліктер болғаны белгілі. Ол ораторлық шеберлікке үйрену үшін, теңіз толқынының шуынан дауысын естірту үшін, сағаттар бойы, аузын тастарға толтырып, жаттығатын. Осылайша ол өзінің күн күркірегендей,зілдей дауысына қол жеткізді және арнайы ойлау үшін жаттығу уақытын пайдаланып, ол түрлі топтың алдында сөз сөйлеу мен топтың кейбір ерекшеліктерін ашты.

Жеке алғанда, Демосфен екі типті топты ажыратқан. Бірінші топ, бұл «эмоцияларға берілген» топтар болды. Яғни олар, оратордың сөзін жиі сыңсыз қабылданғаннан, олардың алдында сөз сөйлеген саясаткерге ұқсас сәйкестендіру әсерін тудыру үшін, психологиялық жұқтыру механизмдерін жүргізу қажет деп есептеген. Осындай «иілгіш топтардың мысалы ретінде демосфен бүгінгі тілмен айтқанда, «рухы биік көсемдердің» алдында құрмет көрсетуге үйренген «тоталитарлы халықтарды» келтірген.

Екінші бір топ бұл, – «санаға иілгіш» топтар. Демосфенның айтуынша, бұл топпен саясаткер арасындағы қарым-қатынасты басқа тұрғы бойынша құрастыру қажет. Жеке алғанда, саясаткер олармен сұхбаттасқанда, оларға тән өздік ойлауға қабілетін сақтау үшін, логикалық мысал келтіру механизмдерін қолдануға міндетті. Мысалы, Демосфеннің тұжырымдауынша «афиндықтар өздігінше ойлап және пікір қорытуға үйренген, сондықтан олармен сезімдерге сөйлесудің пайдасы жоқ». Бұл, бүгінгі тілмен айтқанда, олардың логикалық шешімдерді өздігінше қабылдау қабілетін ескеріп, олармен ең әуелі рационалды сөйлесуге міндетті саясаткердің тілдесетін «демократиялық халықтары».

Саяси тәжірибеден, ежелгі Грекияда адамның саяси-психологиялық табиғатын қарастырғанда, негізінен, жалпыланған түрде екі дәстүрді бөлуге болады. Бір жағынан, басты «саяси қатысушылардың» мүмкіндіктерінің теңдігін қарастыратын «демократиялық» дәстүр, яғни, саяси үрдістің шын субъективтілерінің мүмкіндіктерін қарастыратын дәстүр туындайды. Басқа жағынан, саяси үрдістегі рөлдерін және басымдығын белгілі бір топ өкілдерінің, ашық жариялайтын «аристократиялық» (элитарлық) дәстүр нақты өмір сүрді.

Мысалы, Платон мектебінің көзқарастарында «аристократиялық» саяси дәстүр өте анық көрінген еді. Бұл грек ойшылын, жеке алғанда, билеушінің барлық жағынан шыңдалған түрі – «тақтағы философ» деп есептеген. Оның көзқарастарына қарағанда, барлық емес, тек белгілі адамдар ғана «нағыз» билеуші бола алады. Басқа адамдар (бәрі емес), мысалға, «жауынгерлер бола алады». Халықтың көпшілігі, саяси өмірге тіпті үйренбеген және лайық емес. Жоғары, яғни, «саяси», нақты айтқанда, рационалды-логикалық, «сананың» (жанның) интеллектуалды элементі тек билеуші топ өкілдерін де ғана басым, Платонда биліктің – иерархиялық «Республикасы» туындаған.

Аристотель, биліктің құлдырауына бағытталған жалпылық толқулар мен қақтығыстардың табиғатын түсіну жолында билік пен бағыну проблемаларының талдауына келуге әрекет етуге тырысқан алғашқы ойшылдардың бірі болды. Ол «көтерілісті бастайтын адамдардың көңіл-күйін» (яғни, психологиялық күйін) «билік үшін соғыстармен және саяси тұрақсыздықтармен» байланыстырған. Билікке жалпылық қарсы шығуларды зерттеп, былай тұжырымдаған: «Біріншіден, көтерілісті бастайтын тұлғалардың көңіл-күйін білу қажет, екіншіден, - олардың алдына қойған мақсаттарын және үшіншіден, саяси тұрақсыздықтар мен билік үшін күрестің себептерін білу қажет».

Осылайша, Аристотель кезеңінің өзінде шын саясатты түсіну үшін жалпылық психологиядағы өзгерістерді, оның ішінде, бағынышты күйден – бағынбайтын күйге ауысуы динамикасын зерттеудің қажеті болды.

Аристотель түрлі ғылымдар, соның ішінде, саяси психологияның дамуына көп жаңалық енгізді. Тек қазір, оған қазіргі өмірдің саяси шындығының негізінде оралып, біз қайтадан ойланып отырамыз: мысалы, онымен сипатталған басқарудың негізгі формалардының саяси-психологиялық құрамымен: тиранияның, аристократияның және демократияның. Ресейдің жаңа тарихын қарастырған дәрежесі жоғары зерттеушілердің айтуынша, бұрынғы кеңес көсемдерінің тираниясы, еркіндік және 80 жылдардың соңы – 90 жылдардың басындағы «охлократиядан» кейін нақты В. Путиннің «аристократиялық» режимі мұра етіп алып қалған, Б. Ельциннің «олигархиялық» режимі қалыптасты (мұнда айтылатыны – басқару мен билік жеке элементтерді құраластын және берілетін өзіне жақын «аристократтар» туралы айтылады). Осылайша, Аристотель бойынша демократияға күрделі ресейлік жол пайда болады.

Ежелгі Грекия дәл теориялық саяси психологияның көп мысалдарын береді. Әрине, қазіргі көзқарастарында алыс антикалық ойшылдардың тілі және зерттеу деңгейі түсінікті. Бірақ, ең маңыздысы басқа, антикалық кезеңнің өзінде саяси-психологиялық сұрақтар адамдарды белсенді алаңдатқан.

Ежелгі Рим

Егер, ежелгі грек ойшылдары, тек қана түрлі саяси-психологиялық феномендерді анықтаса,онда Ежелгі римде көшбасшылық феноменің өзі мен көшбасшылардың саяси - психологиясы саласындағы Плутарх пен Светонийдің ашылған жұмыстары пайда болды. Шынын айтқанда, ұлы саяси психологияның әрі қарай дауында, ХХ ғасырдың өзінде психологиялық өмірбаяндар тәсілі деп аталатын еді. Жарқын мысал ретінде бір ғана мысалды қарастырайық. Плутарх Гай Юлий Цезарьдің өмірін жазғанда былай деп келтірген: «Цезарь, провинциядан орала салып, консулдық қызметке орнығуға ойлайды. Ол Кросс пен Помпейдің бір-бірімен тағы тату еместігін көріп, біреуіне өтініш айтуымен, екіншісін өзіне жау етіп қойғысы келген жоқ, ол сонымен қатар, екеуінің қолдауынсыз жетістікке сенген жоқ. Сонда ол оларды татуластыруға кірісті, оларға өздеріне қарсы әрекеттермен тек Цицерондар, Катуллдар және Катондардың билігін күшейтетінін айтқан және олар, Кросс пен Помпей, достық одаққа біріксе, онда біріккен күштермен және бірегей жоспармен билейтінін ұғындырды. Осыдан ғылым тарихында, саяси айтқанда «фракцияға», яғни, жаушылдық одаққа «өзінше қарсы қоюшылық болатын «достық» ұғымы туындайды. Оларды үгіттеп және татуластырып, Цезарь барлық үшеуінен сенатты да, халықты да биліктен айырған мықты күшті жасады, және де істі жүргізгені сондай, анау екеуі бір-бірінің арқасында күшті тұлғалар мен билеушіліерге айналған жоқ, бірақ, оның өзі, Кросс пен Помпей арқылы Керике ие болды, және тез арады екеуінің қолдауы арқылы өте жарқын түрде консул атағына ие болды».

Бәрі түсінікті: достарымен жауларының психологиясын ескеріп, «бөлісте, белес» принціпі бойынша әрекет ет. Осылай, енді Плутарх бізге Цезарьдің әрекетінің нақты саяси – психологиялық моделін берді. Ол оның мақсат қоюшылығын және саяси стратегияны жарқын көрсетті, және оның жарқындылығы жоғарыда аталған психологиялық сәттерді ескеру арқылы іске асады.

Цицерон өзінің еңбектерінде, ораторлық шеберлік бойынша, «саяси ораторларға» ерекше мұқият психологиялық кеңес берген. Жеке алғанда, ол ораторлық нұсқау ретінде, сотта істі жеңуге құмар (қазіргі тілмен айтқанда, қорғаушыларға) былай деп жазған: «Талап етілетіні, төрешілер оратордың іске қандай көңіл-күймен келсе, олар сондай көңіл-күймен келгені жөн. Егер мұндай «көңіл-күй болмаса, онда төрешілердің көңіл-күйін оңғартып, ақылдың барлық күшін және ойларды төрешілердің не сезетінін, не ойлайтынын, не күтетінін, не қалайтынын, оларды неге ауыстыруға болатынын білу қажет».

Цицерон бойынша, оратордың сөзінің көбі тыңдаушылардың көңіл-күйін және оларды өзінің артынан ерітуге барлық амалдарды қолдануға бағытталуы тиіс. Оратордың - саясаткердің сөзі, оның есептеуінше, өте күшті және ыстық болуы қажет және де оратор басқаларды қоздыруға бағытталған саяси сөз, оратордың өзін тыңдаушыларға қарағанда көбірек қоздыруы тиіс деп Цицерон ескерткен.

Жалпы Ежелгі Рим саясаткерлері қолданбалы психология бойынша алысқа жетті – әсіресе, ораторлық шеберлік саласында одан маңыздысы сол уақыт авторлары саяси психологияны теориялық және методикалық (психологиялық өмір баяндар тәсілі) негіздерін жасауды бастаған.

Наши рекомендации