Неркәсіп әлеуметтанудың негізін қалаушы– Элтон Мэйо

Жоспар

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1. ­Өнеркәсіп әлеуметтанудың негізін қалаушы – Элтон Мэйо

2. Хоторн эксперименті

3. Әлеуметтанудағы эмпиризм мен әлеуметтік теориялар дамуының негізгі бағыттары

4 . Хоторн тәжірибесінің басты міндеті

Орытынды

Пайдаланылған əдебиеттер

Кіріспе

ХХ ғасырдағы негізгі әлеуметтанымдық тенденциялардың бірі – ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табылады. Бұл тенденцияның мәні – нақтылы әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға байланысты сауалнама, әлеуметтанымдық байқаулар, тәжірибелер жасау сияқты арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қолдану. Мұндай зерттеулер 20-30 жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған қоғам көптеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириалдық әлеуметтанымның жетістіктеріне көңіл аударудан бас тартала алмады. Қоғамдық өмірдің нақтылы проблемалары жөніндегі әлеуметтанушылардың еңбектері коғамның да және ғылым ретінде әлеуметтанудың да ашылғалы тұрған мүміндіктерін жаңа қырынан көрсетіп отырды. Сонымен бірге ХХ ғасырдың басында жүргізілген эмпириялдық зерттеулер көп ретте жетілмеген, бытыраңқы болды, оларды дайындау мен өткізудің жасақталған методологиясы мен әдістемесінің болмағандығы да рас. Сол кездегі қалыптасқан әлеуметтанымдық теориялық мұндай зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бере алмады, себебі олар кең көлемдегі тарихи-эволюциялық схема сипатында ғана болған еді. Ал бұларды шағын деңгейде тексеру шын мәнінде мүмкін болмады. Дегенмен де, эмпириалдық тенденцияның дамуына кедергі жасауға болмайтын еді. Ал, мұның негізгі себебі – әлеуметтану принципті түрде басқа қызметке – өндіріс аясына шығып, сол саланы да қамтитын ғылымға айналды. Ірі өнеркәсіп әлеуметтанудың іргетасы қаланды. АҚШ оның орталығына айналды.

Басқа елдермен салыстырғанда әлеуметтану зерттеулерінің көбірек дамыған елі – АҚШ болды. Егер де ХІХ ғасырда әлеуметтанымдық ойдың орталығы Батыс Еуропа болды десек, ал ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап дүниежүзілік әлеуметтанудың орталығы АҚШ-қа ауысты. Ғылымтану ілімінің тұрғысынан қарастырсақ, кез келген ғылымның пайда болып, аяғынан нық басып кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы институттандырылуына, яғни әлеуметтік институттардың барлық қасиеттеріне ие болуына байланысты.

Бұл процесте әрқайсысы дәйекті түрде институттандыру ісін тереңдететін бірнеше сәттерде атап көрсетуге болады:

1. белгілі бір ғылым саласы бойынша маманданатын ғалымдардың сана-сезімінің қалыптасуы, яғни ғалымдар бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысында өзінің ерекше объектісі мен ерекше әдістері барлығын түсінеді;

2. арнаулы мерзімдік басылымдардың болуы;

3. ғылыми пәндердің мәліметтерін түрлі оқу орындарының оқу жоспарларына енгізу;

4. сөз болып отырған білім салалары бойынша арнаулы оқу орындарын ашу;

5. осы білім пәндері бойынша жұмыс жасайтын ғылымдар бірлестігінің ұйымдық түрлерін, яғни ұлттық және халықаралық ассоциациялар құру. Мінеки, бұл аталған процесс сатыларын әлеуметтану ғылымы Еуропа елдері мен АҚШ-та ХІХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап бастан өткерді.

АҚШ-тағы әлеуметтанудың біркелкі жақсы дамуына бір-бірімен байланысқан екі жағдай:

1. жоғарыда келтірілген институттандырудың бес сатысынан АҚШ-тағы әлеуметтанудың тез өтуі;

2. нақтылы, эмпириялық әлеуметтік зерттеулердің үлкен аумағының болу жағдайлары шешуші ықпалын тигізді.

Бұл елдегі әлеуметтану әуел бастан-ақ беделді университеттік ғылым ретінде қалыптаса бастады. 1901 жылы әлеуметтану оқу курсы ретінде 169 университет пен колледждерде оқытылды, ал 80-жылдардың аяғында бұлардың саны 250-ге жетті. АҚШ-тағы әлеуметтану әуел бастан қолданбалы эмпириялдық ғылым ретінде орнықты. 1910 жылдың өзінде бұл елде 3 мыңнан аса эмпириялық зерттеулер жүргізілсе, ал қазір бұл көрсеткіш екі еседен асты.

неркәсіп әлеуметтанудың негізін қалаушы– Элтон Мэйо

ХХ ғасырдың басынан бастап ірі өнеркәсіптік әлеуметтану АҚШ-та да пайда бола бастады. Бұл елдегі өнеркәсіп әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі – американ әлеуметтанушысы және психологы Элтон Мэйо (1880-1949). Оның тәжірибесі Чикаго маңында орналасқан қаланың атына байланысты Хоторн эксперименті деп аталады. Мэйо өзінің тәжірибелік зерттеулерін 1927-1932 жылдарда сол қала маңындағы «Вестерн Электрик Компани» кәсіпорнында жүргізді. Мэйо экспериментіне дейін сол кездердегі өндіріс саласында Фредфик Тэйлор тұжырымдамасы үстемдік етті. Ол өндірісті тыңғылықты саралап, өндіріс «жеткілікті тиімді емес» деген тұжырымға келді. Өйткені жұмысшылар енжарлық танытып, жеңіл жұмыс істегілері келеді. Жағдайды өзгерту үшін зерттеуші алғашқы болып Еңбекті Ғылыми Ұйымдастыру (ЕҒУ) және Өндірісті Парасатты Басқару (Менеджмент) жүйесін ойлап тапты.

Әлеуметтану дамуының соғыстан кейінгі дәуірі (40-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдар) өте жемісті және көпқырлы болды. Осы уақытта әлеуметтанудың маңызы зор көптеген бағыттары мен тұжырымдамалары пайда болып, дамыды. Әлеуметтанымдық теориялардағы тұғырлы орынды көрнекті американ теоретигі Т. Парсонстың (1902-1979) еңбектері иеленді. Оның ұсынған көптеген тұжырымдамаларының ішіндегі ең елеулілері екеу: 1) әлеуметтік әрекет теориясы; 2) құрылымдық-функционалдық сараптау тұжырымдамасы. Методологиялық жағынан бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ біріншісі негізгі болып табылады. Әлеуметтік әрекет теориясын Парсонс 30-жылдардың өзінде-ақ Вебер мен Дюркгеймнің, т.б. идеялары ықпалымен қалыптастыра бастады. 1937 жылы оның «Әлеуметтік әрекет құрылымы» деген кітабы шықты. Соғыстан кейінгі жылдары Парсонс бұл теориялық идеяларын дамытуды жалғастырды. Бұл теорияның мәні мен мазмұны мынаған саяды: кез келген әлеуметтік әрекет, біріншіден, әрекет жасайтын адамдардың болуын талам етеді, екіншіден, әрекетті тудыратын нақтылы жағдайдың, үшіншіден, әрекеттің мақсаттары мен алдын ала белгіленген өлшемдерден тұратын шарттарының болуын көздейді. Әрекеттің өзі, Парсонс пікірінше, өздігінен ұйымдастырылатын жүйе. Ал бұл жүйе реттеудің символдық механизмдерімен (тіл, құндылықтар, т.б.), өлшемдікпен (яғни әрекеттің қоғамда орныққан ережелері мен құндылықтарына тәуелділігіне), волюнтаристікпен (ортаның жағдайларына тәуелсіздігімен) сипатталады. Әлеуметтік әрекет теориясында басты орында «әрекеттер жүйесі» деген ұғым алады.

Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асады және адамдардың өмір тіршілігі үрдісінде пайда болған әлеуметтік проблемаларды шешуді ойластырады. Іргелі әлеуметтанулық зерттеулермен әдетте, университет ғалымдары шұғылданады, ал бірқатар елдерде ғылыми зерттеу институттары айналысады. Әлеуметтанушылардың мұндай еңбектерінің мамандануы зерттеулерді жүргізуге әлеуметтік тапсырыстардың пайда болуы мен кеңінен тарауына байланысты АҚШ-та XX ғасырдың 30-жылдарында пайда болған.

Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер көптеген елдердегі әлеуметтанушылардың кызметінің басым түрі болды. Алайда 80-жылдары Батыс Еуропада, әсіресе АКШ - та әлеуметтанушыларды бір-бірінен әлеуметтанудың объектісі мен пәнін талдау тұрғысынан, ғылым ретінде әлеуметтанудың әдістерін түсіндірумен ерекшеленген әлеуметтанудың бағыттарын ықпалдасу үрдісімен байланысты әлеуметтану теорияларын дамыту проблемаларын дайындау қызықтырды.

Өздері жасаған зерттеу дәстүрінің шеңберінде жұмыс істеуші әлеуметтанушылардың тобын әлеуметтанудағы кең мағынадағы қайсыбір мектеп ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтанудағы тар мағынадағы мектеп дегеніміз ортақ дәстүрі бар және сәйкес институттың формасы бар зерттеу тобын айтамыз. Эмпириялық (эмпирия — тәжірибе деген мағынаны береді) әлеуметтанудың Чикаго мектебінде ертеректе қалыптасқан зерттеу кызметінің дәстүрі орныққан және сол елдің, кейін бүкіл дүниежүзі әлеуметтанушыларының кызметіне үлкен ықпал еткен XX ғасырдың бірінші жартысында әмір сүрген университеттің ерекшелікті бөлімі іспетті болды.

XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтанудағы эмпиризм мен әлеуметтік теориялар және олардың дамуының негізгі бағыттары

XX ғасырдың әлеуметтануы 20-30-жылдардан бастап 2000 жылға дейінгі уақытты қамтиды, яғни қоғамның дамыған индустриализм дәуіріне аяқ басқан кезеңінен басталады. Сонымен катар осы уақыттан бастап әлеуметтанудың теориялық және әдістемелік табыстары олардың одан әрі даму процесінде өздерінің өзектілігін жоймады. 20—30-жылдар тоғысында казіргі әлеуметтанудың қарқынды дамуының маңызды кезеңдерінің бірі басталды. Атап айтқанда, эмпириялық әлеуметтанудың әдістері мен техникалары, өлшем реттері мен сандық эквиваленттері жасақталды. 50-жыл-дардан бастап, қысқа мерзім ішінде коғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен процестерге жауап беретін әлеуметтану теориясында үлкен эволюция болды.

Әлеуметтану ғылымында әр түрлі ілімдер дүниеге келді, оның бірін позитивтік - сциентикалық теориялар толтырса, екіншілерін позитивтік танымға балама тенденцияны көрсететін сапалы стиль ілімдері байытты. Олардың арасында қиыстырылған және аралас түсіндірме шеңберінде синтез орын алған.

Теориялық - методологиялық көп пікірлік батыс әлеуметтануында әр түрлі бағыттардың қалыптасуына себепші болды, олардың әрқайсысы әлеуметтанудың пәні жөнінде өз мағлұматын берді және керекті мәлімет пен нәтиже алу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін жасақтады.

Әлеуметтанудың даму кезеңдеріне сәйкес сол кезеңдерді сипаттайтын және кеңінен танымал болған бағыттар қалыптасты, атап айтқанда, эмпиризм бағыты (20-40 жж.); теориялық-әдістемелік құрылымдарды күшейту бағыты (40 ж. екінші жартысы - 60 ж.); теориялық пен эмпириялық зерттеулерді біріктіру, теорияны жаңа деңгейге көтеріп, әлеуметтану дамуында түбірлі жаңа тенденцияларды табуға ұмтылған бағыт (казіргі кезең, 1970-2000 жж.). Теориялық - методологиялық кеп пікірлік жағдай сонымен катар әлеуметтанушылардың кәсіби кызметінің ұлғаюымен қабаттаса жүрді және әлеуметтану зерттеулерінде жаңа тұрғыдағы әдістер мен техникалар кептеп пайда болды.

Осы тұрғыдан қарағанда XX ғасырдағы негізгі әлеумет танымдық тенденциялардың бірі — ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табылады. Бұл тенденцияның мәні - нақтылы әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға байланысты сауалнама, әлеумет танымдық байқаулар, тәжірибелер жасау сияқты арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қолдану. Мұндай зерттеулер 20-30-жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған коғам кептеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириялық әлеумет танымның жетістіктеріне көңіл аударудан бас тарта алмады. Қоғамдық өмірдің нақтылы проблемалары жөніндегі әлеуметтанушылардың еңбектері коғамның да және ғылым ретінде әлеуметтанудың да ашылғалы тұрған мүмкіндіктерін жаңа қырынан көрсетіп отырды. Сонымен бірге XX ғасырдың басында жүргізілген эмпириялық зерттеулер кеп ретте жетілмеген, бытыраңқы болды, оларды дайындау мен еткізудің жасақталған методологиясы мен әдістемесінің болмағандығы да рас. Сол кездегі қалыптасқан әлеумет танымдық теориялар мұндай зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бере алмады, себебі олар кең көлемдегі тарихи - эволюциялық схема сипатында ғана болған еді. Ал бұларды шағын деңгейде тексеру шын мәнінде мүмкін болмады. Дегенмен де, эмпириялық тенденцияның дамуына кедергі жасауға болмайтын еді. Ал, мұның негізгі себебі - әлеуметтану принципті түрде басқа кызметке — өндіріс аясына шығып, сол саланы да қамтитын ғылымға айналды. Ірі өнеркәсіптік әлеуметтанудың іргетасы қаланды. АҚШ оның орталығына айналды.

Басқа елдермен салыстырғанда әлеуметтану зерттеулерінің көбірек дамыған елі - АҚШ болды. Егер де XIX ғасырда әлеумет танымдық ойдың орталығы Батыс Еуропа болды десек, ал XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап дүниежүзілік әлеуметтанудың орталығы АҚШ ауысты. Ғылымтану ілімінің тұрғысынан қарастырсақ, кез келген ғылымның пайда болып, аяғынан нық басып кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы институт тындырылуына, яғни әлеуметтік институттардың барлық қасиеттеріне ие болуына байланысты.

Бұл процесте әрқайсысы дәйекті түрде институттандыру ісін тереңдететін бірнеше сәттерді атап көрсетуге болады:

1) белгілі бір ғылым саласы бойынша маманданатын ғалымдардың сана-сезімінің қалыптасуы, яғни ғалымдар бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысында езінің ерекше объектісі мен ерекше әдістері барлығын түсінеді;

2) арнаулы мерзімдік басылымдардың болуы;

3) ғылыми пәндердің мәліметтерін түрлі оқу орындарының оқу жоспарларына енгізу;

4) сөз болып отырған білім салалары бойынша арнаулы оқу орындарын ашу;

5) осы білім пәндері бойынша жұмыс жасайтын ғылымдар бірлестігінің ұйымдық түрлерін, яғни ұлттық және халықаралық ассоциациялар құру. Мінеки, бұл аталған процесс сатыларын әлеуметтану ғылымы Еуропа елдері мен АҚШ-та XIX ғасырдың 40-жылдарынан бастап бастан өткерді.

АҚШ-тағы әлеуметтанудың біркелкі жақсы дамуына бір-бірімен байланысқан екі жағдай:

1) жоғарыда келтірілген институт тандырудың бес сатысынан АҚШ-тағы әлеуметтанудың тез өтуі;

2) нақтылы, эмпириялық әлеуметтік зерттеулердің үлкен аумағының болу жағдайлары шешуші ықпалын тигізді.

Бұл елдегі әлеуметтану әуел бастан-ақ беделді университеттік ғылым ретінде қалыптаса бастады. 1901 жылы әлеуметтану оқу курсы ретінде 169 университет пен колледждерде оқытылды, ал 80-жылдардың аяғында бұлардың саны 250-ге жетті. АҚШ-тағы әлеуметтану әуел бастан қолданбалы эмпириялық ғылым ретінде орнықты. 1910 жылдың өзінде бұл елде 3 мыңнан аса эмпириялық зерттеулер жүргізілсе, ал қазір бұл көрсеткіш екі еседен асты.

XX ғасырдың басынан бастап ірі өнеркәсіптік әлеуметтану АҚШ-та да пайда бола бастады. Бұл елдегі өнеркәсіптік әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі — американ әлеуметтанушысы және психологы Элтон Мэйо (1880-1949). Оның тәжірибесі Чикаго маңында орналасқан қаланың атына байланысты Хоторн эксперименті деп аталады. Мэйо өзінің тәжірибелік зерттеулерін 1927—1932 жылдарда сол қала маңындағы «Вестерн Электрик Компания» кәсіпорнында жүргізді. Мэйо экспериментіне дейін сол кездердегі өндіріс саласында Фредфик Тэйлор тұжырымдамасы үстемдік етті. Ол ендірісті тыңғылықты саралап, өндіріс «жеткілікті тиімді емес» деген тұжырымға келді. Өйткені жүмысшылар енжарлық танытып, жеңіл жұмыс істегілері келеді. Жағдайды өзгерту үшін зерттеуші алғашқы болып Еңбекті Ғылыми Ұйымдастыру (ЕҒҮ) және Өндірісті Парасатты Басқару (Менеджмент) жүйесін ойлап тапты.

ЕҒҮ жүйесі әдетте еңбектік операциялардың толық сараптамасын, артық және икемсіз қозғалыстарды аластату, енбектің оңтайлы әдістерін анықтап, оларды автоматтандыруға дұрыс жеткізу, жұмыс айналымының қатаң тәртібін, еңбек және демалыс элементтерінің ауысуын, т.с.с. қарастырады. Өндірісті ұтымды басқару әз кезегінде мына шараларды жүзеге асыруды:

— өндірісте қатаң тәртіп орнату мен қадағалауды;

— кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыруды;

— жүмысшылардың біліктіліктерін арттыру және кызмет бабында көтерілуін;

— олардың өндірістегі материалдық мұқтаждықтарын жіктеу негізінде (яғни әр түрлі деңгейде белгілеу), еңбек нәтижесіне байланысты жалақы беруді және т.б. жүзеге асыруды қарастырады.

Тэйлор ендірісті басқаруда ешқандай филантропия, яғни адамдарды сүюшілік, қайырымдылық, көмекке мұқтаждарға көмектесу болмауы тиіс деп санады. Әр адам өзінің сәттілігіне өзі жауап беруі тиіс. Енбек процесі қажетті түрде тиімді, ал әнім шығару нормалары жоғары болуы керек. Кім нормаларды орындамаса, басқалардан жалақыны кем алады. Жұмысшының жалақысы оның жеке басының өндіріске қосқан үлесіне сәйкес болуы керек деп есептейді. Бұл тұжырымдама бойынша адам механизмнің тек қосағына айналды.

Конвейерлі тасымалдық деген қисын осыған негізделген. Адам мен оның өндірістегі орны жөніндегі мұндай ұғымды Э. Мэйо жоюға тырысты. Мұның өзі адамға деген басқаша көзқарастың — «адамдық» деп Мэйо атаған жана әлеуметтік қатынастардың пайда болып, қалыптасуына негіз қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік тудырады, Мэйо осыны дәлелдеп бақты. Өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастарды Мэйо бригада деп атады да, бригадалардың өз ішіндегі қатынастарды ол «адамдық қатынастар» деп бағалады, себебі бұл қатынастар адамдардың бірін-бірі ұғынуға деген ұмтылыстарына негізделген.

Хоторн қаласында қолданылған тәжірибесінің басты міндеті — өндірістің тиімділігін арттыру бағытындағы қосымша факторларды іздестіру болды. Еңбек өнімділігіне ықпал жасайтын көптеген факторлардың ішіндегі ең бастысы — еңбек процесінің психологиялық және әлеуметтік - психологиялық алғышарттары екендігін Мэйо тәжірибесі дәлелдеді. Өндірістің өнімділігін арттыру үшін тек материалдық қана емес, сонымен қатар психоз әлеуметтік ынталандыру қажет, олар:

- жағымды моральдық ахуал;

- жұмысшының мүдделерімен санасу;

- оның жұмыспен қанағаттануы, т.б.

Осы тәжірибенің негізінде пайда болған «адамдар арасындағы қарым - қатынастар» теориясының методологиялық негізін мынандай принциптер құрайды:

- адам басқа адамдарға бағытталған және топтық жүріс-тұрыс тәртібі байланысына енгізілген әлеуметтік жан болып табылады;

- адам табиғаты қатал басқарушылық және бағынушылықтың бюрократтық тұрғыда ұйымдастырылуына сәйкес келмейді;

- өнеркәсіп басшылары өз қызметін көбінесе адамдардың қажеттерін қанағаттандыруға я болмаса еңбек өнімділігін арттырудың таза техникалық факторлары арқылы ең жоғары пайдаға жетуге бағыттауы тиіс;

- егер жеке адамдарды көтермелеуді топты, ұжымды көтермелеумен қатар жүргізсе, бұған қоса экономикалық тартымдарды әлеуметтік - психологиялық тартымдармен қосарлап отырса, сонда ғана еңбек өнімділігі неғұрлым тиімдірек болады.

Мэйоның зерттеулері бригада мүшелерінің топқа бірігуге тілек білдіретіндігін, солай ете тұра олар әздерін ерікті ұстағысы да келетіндігін көрсетті. Мэйо адамдардың белгілі бір қауымдастыққа бірігуге деген ұмтылысын «социабильность» («әлеуметтік орын ауысу») сезімі деп атады. Демек, өндірісте мұндай орын ауысушылық құрылымдарды жасауға, яғни қызметкерлердің маңызды шешімдерге әздерінің де қатысы барлығын сезіне білуіне ұмтылдырады. Мінеки, таза пайдалылық сипаты бар және біраз экономикалық әрі әлеуметтік тиімділік әкелген Мэйо қорытындыларының бірі осындай. Сонымен, өнеркәсіптегі эмпириялық зерттеулер — әлеуметтік – психологиялық факторлардың үлкен рөл атқаратынын және олар әлеуметтанудың кең мүмкіндіктерін ашып, бұл ілімнің өндіріс орындарының кызметіне белсенді түрде енгізілуіне түрткі болғандығын көрсетті. Бірыңғай тәжірибелік зерттеулердің артуы теориялық әлеуметтануға бір жағынан зиянын да тигізді. Дегенмен, бұлай болу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін емес еді.

Қоғамды зерттеу жұмысының ішінде методология мен теория проблемалары өздерінің лайықты орнын таба бастаған уақыт туды. Әлеуметтанудағы эмпириялық зерттеуді теориялық зерттеумен біріктіру идеясын Р. Мертон өзінің «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» деген еңбегінде өзекті мәселелердің бірі етіп қойды. Оның пікірінше, бұларды біріктірудің «алтын ғасыры» басталды. Р. Мертонның идеялары эмпиризмнің баса-көктеуіне қарсы, зерттеушілерді теориялық ізденістерге қатыстыруға бағытталды. Теориялық зерттеулерге П. Сорокиннің (1889— 1968 жж.) методологиялық және теориялық тұжырымдамалары да ықпал етті. Бұл белгілі әлеуметтанушы ғалым алғашқы маңызды еңбектерін Ресейде, кейін АҚШ жазды. Оның көптеген ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалған еді. Солардың арасында «Революция әлеуметтануы», «Қазіргі әлеуметтанулық теориялар», «Әлеуметтік және мәдени мобильдік», төрт томдық іргелі шығарма: «Әлеуметтік және мәдени динамика» және т.б. бар.

«Әлеуметтану жүйесі» атты туындысында П. Сорокин әлеуметтанудың ғылыми принциптерін жан - жақты, толық етіп баяндайды. Оның пікірінше, әлеуметтану ғылым ретінде жаратылыстану ғылымдарының типі сияқты құрылуы тиіс. «Табиғат туралы ғылым» мен «мәдениет жөніндегі ғылымды» бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Өйткені басқа ғылымдардың зерттеу объектілері әр түрлі болғанымен олардың бұл объектілерді зерттеу әдістері бірдей. Әлеуметтану дүниені зерттегенде өзгеріссіз, сол қалпында қарастыруы қажет. Кез келген нормативизм, яғни ғылымға адамгершілік және басқа да субъективтік нормалар тұрғысынан қол сұғулар әлеуметтанудан біржола аластатылуы керек. Бұл тұрғыдан алғанда шындық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. сол сияқты принциптер мен нормалардан бөлінуі тиіс. Әлеуметтану «объективтік пән» болуы керек, яғни адамдардың объективтік өлшеуге және зерттеуіне қолайлы нақты өзара әрекеттерін қарастыруы қажет. Әлеуметтану тәжірибелік және нақты ғылым болғысы келетіндіктен кез келген философиялық, құрғақ ой түріндегі пайымдаулардан, ғылымда дәлелденбеген құрулардан бас тартуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда жақсы жасалған статистикалық диаграмма қандай да болсын әлеуметтік – философиялық трактатқа тұрарлық. Философиялық пайымдаудан алшақтау — монизм идеясынан да, яғни кез келген құбылысты қайсыбір бастауға апарып қоса салудан да бас тарту болып саналады. Монизмнің орнына П. Сорокин табанды әлеуметтанулық плюрализмді ұсынды.

П. Сорокин әлеуметтануды теориялық және практикалық деп бөледі. Теориялық әлеуметтануды ол ұш бөлімге: әлеуметтік аналитикаға, әлеуметтік механикаға, әлеуметтік генетикаға белді1. Әлеуметтік аналитика әлеуметтік құбылыстың кұрылымын және оның негізгі формаларын зерттейді. Әлеуметтік механиканың (немесе әлеуметтік физиологияның) пәні — адамдардың өзара әрекет ету процестері, басқаша сөзбен айтқанда, адамдардың басқа да күштердің мінез-құлығын анықтауы, тигізер әсері. Әлеуметтік генетика әлеуметтік өмірдің дамуын, оның жекелеген жақтары мен институттарын зерттейді. Әлеуметтік құбылыстың дамуы оның құрылымымен және өзге құбылыстармен өзара әрекет етуі арқылы анықталады, сондықтан да әлеуметтік генетика әлеуметтік аналитиканы және әлеуметтік механиканы ез құзырына біріктірген.

Практикалық әлеуметтану қолданбалы пән ретінде сипатталады. Теориялық әлеуметтану қалыптастырған заңдарға сүйене отырып, ол алға қойылған мақсатқа орай коғам мен адамға әлеуметтік күштерді басқаруға көмектесуі қажет. Практикалық әлеуметтану, түптеп келгенде, әлеуметтік саясат ретінде де көрінеді, өйткені ол әлеуметтік саясатты бағыттайды және дәлелдейді.

«Әлеуметтану жүйесі» еңбегінде П. Сорокин ең алдымен әлеуметтік мінез - құлықты және адамдардың кызметін, әлеуметтік топтарды және коғам кұрылымын, сонымен катар оларда жүріп жатқан әлеуметтік процестерді неопозитивтік әлеуметтанудың зерттеу объектілері етіп алады. Бүкіл қоғамдық өмір және барлық әлеуметтік процестер құбылыстарға және екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әрекет процесіне ажырайды. Міне, осы адамдардың өзара әрекеттері әлеуметтанудың тікелей зерттеу пәні болуы тиіс. Бұл жерде әңгіме индивидтердің мінез - құлқы мен қызметінен сырттай байқалатын «психорефлекторлық» өзара әрекет туралы болып отыр. Конттың позитивизмінен Сорокиннің неопозитивизмінің мәнді ерекшелігі осында. Конттың позитивтік әлеуметтануы коғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде зерттесе, Сорокиннің неопозитивтік әлеуметтануының тікелей зерттеу пәні болып екі немесе шағын топтар деп аталатындарды құрайтын бірнеше адамдардың өзара әрекеттері қарастырылады. Осындай қарапайым өзара әрекеттерден әр түрлі әлеуметтік процестер қалыптасады. Екі индивидтің өзара әрекетін П. Сорокин қарапайым әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттайды. Бір индивидтің психикалық әсерленулігі немесе сыртқы әсерлердегі өзгерістер келесі бір индивидтің әсерленулігі және сыртқы әсерлер арқылы пайда болады. Мұндай өзара әрекетті Сорокин «әлеуметтік клеткалар» деп атаған, сол клеткалардан барлық қалған жеңіл және күрделі қоғамдық құбылыстар қалыптасады.

П. Сорокин жоғарыда аталған шығармаларында «күрделі әлеуметтік агрегаттарды», алуан түрлі әлеуметтік топтарды, олардың құрылымдарын және өзара әрекетін зерттейді. Ол әлеуметтік топтарды топтастырудың біржақты және көпжақты критерийлерін ұсынды. Осы критерийлерге сәйкес әлеуметтік топтар бір ғана белгісімен, айталық, тіл, аумақ, жынысы немесе көптеген белгілеріне қарай бөлінеді. Кептеген белгілеріне орай таптар, ұлттар және басқа да күрделі, әсіресе әлеуметтік біртекті топтар бөлінді.

Қоғамның біртекті еместігі, оның түрлі әлеуметтік топтарға объективтік бөлінуі П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теорияларынан көрініс тапты. Бұл теориялар бойынша бүкіл қоғам әр түрлі қабаттарға — страттарға бөлінеді, олар өз арасында табыс деңгейлеріне, кызмет түрлеріне, саяси көзқарастарға, мәдени бағдарларына және т.б. қарай өзгешеленеді. Әлеуметтік стратификацияның негізгі формаларына П. Сорокин экономикалық, саяси жағдайды және кәсі билікті жатқызған. Оның пікіріне қарағанда, әлеуметтік стратификация коғамның табиғи және әдеттегі жағдайы. Ол қоғамда орын алып отырған коғамды еңбек бөлінісі, мүлік теңсіздігі, түрлі саяси бағдарлар және тағы басқаларымен объективті түрде қамтамасыз етіледі.

Өзінің мамандығын немесе кызмет түрін, экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарастарын өзгерткен кезде адам әлеуметтік топтың бірінен екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік мобильдік деген атқа ие болды. П. Сорокин әлеуметтік мобильдік горизонтальды және вертикальды деп ажыратады.

Горизонтальды мобильдік адамның әлеуметтік топтың бірінен келісіне өтуін білдіреді, әлеуметтік стратификацияның өзгеріссіз деңгейінде қалған адам, айталық, село тұрғыны қала тұрғынына ауысса да, бірақ оның мамандығы және табыс деңгейі бұрынғы қалпында қалады. Вертикальды мобильдік деп адамдардың әлеуметтік жіктің бірінен екіншісіне иерархиялық тәртіппен өтуін, мысалы, қоғамның төменгі жігінен жоғарғысына немесе керісінше, жоғарғы жіктен төменгі жікке өтуін айтады. Вертикальды мобильдікі болуының объективті негізі — көбінесе адамдардың экономикалық теңсіздігінде. Дәлірек айтқанда, халық ішіндегі жіктердің табыстарының әр түрлі болуы, байлар мен кедейлердің өмір сүру деңгейлерінің әр түрлі болуы. Осыған орай адамдар қайсыбір қатынаста жоғарғы жікке жатады, әдетте басқа да параметрлер бойынша да сол жікте немесе керісінше болады. Жоғары экономикалық жіктің өкілдері бірден жоғары саяси және кәсіби жіктердің қатарына жатады. Мүліксіздер, әдетте, азаматтық құқығынан айырылады және кәсіби иерархияның төменгі жігіне орналасады. Әлеуметтік мобильдікі жалпы ережесі осындай.

П. Сорокин әлеуметтік мобильдікі де әлеуметтік стратификация сияқты табиғи және сезсіз болатын құбылыс деп қарайды. Әлеуметтік мобильдік әлеуметтік стратификация негізінде өмір сүреді.

П. Сорокин АҚШ-та жұмыс істей жүріп, эмпириялық әлеуметтануды тақырыбының ұсақтығы үшін және оның кең әлеуметтік проблемаларды қамтудағы орашолақтығы үшін сынады. Сонымен бірге «әлеуметтік орын ауысу», әлеуметтік құрылымдар мен жіктер жөнінде эмпириялық зерттеулер жүргізе отырып, П. Сорокин оларды кен әлеуметтік құрылымдарға жатқызуға және коғамдағы қозғалысты бұл құрылымдардың кызмет жасауымен байланысты қарауға ұмтылды. П. Сорокин әлеуметтік мекемелерді әлеуметтік құрылымдардың бірі деп есептейді, сондықтан да әлеуметтік жұмысқа мектептің, бюрократияның, армияның, шіркеудің және т.б. ұйымдардың қалай әсер ететіндігіне оның көңіл аударуы кездейсоқ емес еді. П. Сорокин — ірі әлеумет танымдық тұжырымдамалардың авторы ретінде белгілі болған ғалым. Осы тұжырымдамалардың көмегімен ол дүниедегі өзгерістерді түсіндіруге талпынды. Бұлардың бірі — әлеуметтік-мәдени динамика тұжырымдамасы. Екіншісі — коғамның интегралдық (тұтастыққа) жақындау түрінің тұжырымдамасы. Біріншісінің шеңберінде ол тарихи процесті мәдениеттер типтерінің қозғалысы ретінде қарастырады да, олардың әрқайсысын белгілі бір тұтастық деп есептейді. П. Сорокин мұндай негізгі типтердің үшеуін атап көрсетеді. Олар: сезімділік, ақылға қонымды пайымдылық, идеалистік. Бұлардың біріншісі шындықты тікелей сезімділікпен қабылдаудың басымдылығымен сипатталады, екіншісі ақылға қонымды, пайдалы ойлардың үстемділігімен, ал үшіншісі - сезімталдықтың (интуицияның) басымдығымен сипатталады. Мәдениеттің бұл түрлерінің әрқайсысы дамуда болады да, дамудың әр түрлі кезеңінде адамзат коғамымен бірге жасасады.

П. Сорокиннің әлеуметтік-мәдени, динамикалық тұжырымдамасы — әлеуметтік өзгерістердің болу кезеңдері мен қозғаушы күштерін және олардың қоғамдағы диалектикасын талдауға арналған алғашқы әрекеттерінің бірі болды. Ал енді, коғамның тұтастығы туралы теориясына келетін болсақ, мұнда ол келешектің өзіндік нұсқасын ұсынуға ұмтылды. Бұл теория қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары мен жүйелерінің өзара байланысын түсінуге және бұлардың әрқайсысының жақсы жетістіктерін адамзат мүддесіне пайдалануға деген нақтылы шындық түріндегі көзқарастар арасындағы неғұрлым алдыңғы қатарлы теория болды. Адамзат қоғамының шынайы жетістіктері жөніндегі бұдан басқа да айтқандарының бірқатары П. Сорокиннің көзқарасының дұрыстығын көрсетті. Атап айтсақ, бұл — меншік пен саяси құрылымның көп түрлілігі, еңбек пен экономикалық тәртіпті ынталандыру, жоспарлау тәсілдері және т.б. жөніндегі мәселелер. К,алай дегенмен де, адамзат көптеген қиыншылықтарға ұшыраса да, баяу болса да интеграция жолымен алға жылжуда.

Әлеумет танымдық тұжырымдамалардың бірі — шиеленіс теориясы. Бұл теорияны неміс әлеуметтанушысы Г. Зиммель (1858 -1918) негіздеген болатын. Мұнда ол қақтығыстарды әлеуметтік процестерді талдаудың өзекті мәселесі ретіндегі адам қоғамының табиғатына тән құбылыс деп қарайды. Соңғы жиырма жылдың ішінде шиеленіс теориясы Д. Беллдың, К.Боулдингтің, М. Крозьенің, А. Туреннің, т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Бұл теорияның қолдаушылары әлеуметтік жүйелердің тұралауын болдырмайтын және олардың дамуын ынталандыратын қақтығыстардың объективтік кұндылығын атап көрсетеді. Сонымен бірге олар қоғамдық процестің дамуына кедергі келтіретін қақтығыстарға да назар аударады. Бұлардың қатарына әлеуметтанушылар тап күресін де жатқызады. Олар әлеуметтік қақтығыстардың себептері коғамдағы, ондағы топтар арасындағы қатынастардағы әрекет жасайтын психологиялық механизмнің жетілмеуін де жатыр деп санайды. Бұл әлеуметтанушылардың пікірінше, ең бастысы әлеуметтік шиеленіске ұласып кетуі мүмкін әлеуметтік қақтығыстардың кеңеюіне жол бермеу керек.

Әлеуметтану дамуының соғыстан кейінгі дәуірі (40-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдар) өте жемісті және көпқырлы болды. Осы уақытта әлеуметтанудың маңызы зор кептеген бағыттары мен тұжырымдамалары пайда болып, дамыды. Әлеумет танымдық теориялардағы тұғырлы орынды көрнекті американ теоретигі Т. Парсонстың (1902-1979) еңбектері иеленді. Оның ұсынған кептеген тұжырымдамаларының ішіндегі ең елеулілері екеу: 1) әлеуметтік әрекет теориясы;

2) құрылымдық - функционалдық сараптау тұжырымдамасы. Методологиялық жағынан бұл екеуі бір - бірімен тығыз байланысты, бірақ біріншісі негізгі болып табылады. Әлеуметтік әрекет теориясын Парсонс 30-жылдардың өзінде-ақ Вебер мен Дюркгеймнің, т.б. идеялары ықпалымен қалыптастыра бастады. 1937 жылы оның «Әлеуметтік әрекет құрылымы» деген кітабы шықты. Соғыстан кейінгі жылдары Парсонс бұл теориялық идеяларын дамытуды жалғастырды. Бұл теорияның мәні мен мазмұны мынаған саяды: кез келген әлеуметтік әрекет, біріншіден, әрекет жасайтын адамдардың болуын талап етеді, екіншіден, әрекетті тудыратын нақтылы жағдайдың, үшіншіден, әрекеттің мақсаттары мен алдын ала белгіленген өлшемдерден тұратын шарттарының болуын көздейді. Әрекеттің өзі, Парсонстың пікірінше, ездігінен ұйымдастырылатын жүйе. Ал бұл жүйе реттеудің символдық механизмдерімен (тіл, құндылықтар, т.б.), өлшемдікпен (яғни әрекеттің коғамда орныққан ережелері мен кұндылықтарына тәуелділігімен), волюнтаристік пен (ортаның жағдайларынан тәуелсіздігімен) сипатталады. Әлеуметтік әрекет теориясында басты орынды «әрекеттер жүйесі» деген ұғым алады. Бұл жүйе туралы айтқанда оның астарынан Парсонс өзара бір-бірімен байланыстағы әлеуметтік нақтылықтың әр түрлі деңгейлерін түсіндіреді. Парсонс негізгі төрт жүйені: әлеуметтік жүйені, мәдениет, тұлға және организм жүйелерін көрсетеді. Әрекеттің әрбір жүйесінің дұрыс кызмет етуі үшін оның төрт шартты орындауы талап етіледі: а) жүйенің кұндылық үлгісін қолдау;

б) интеграция;

в) мақсатқа жетушілік;

г) бейімделушілік шарттары. Парсонстың теориялық құрылымдарының соншалықты күрделілігіне қарамастан, оның зерттеулерінде әлеуметтанудың басты міндетіне сай келетін, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететіндей құрылымдар мен механизмдерді зерттеу ісі өзекті мәселе етіп қойылды. Бұл міндетті шешуге құрылымдық – функционалдық талдау қолданылып, соған сәйкес коғам мен оның қосалқы жүйелерінің өздері белгілі бір функциялар жиынтығын орындауы тұрғысынан қаралды. Алайда, 60-жылдарда әлеуметтік процестерге осылай түсінік беруде өмірдегі қайшылықтарды, қақтығыстарды, тұрақсыздықты және т.б. ауытқушылық құбылыстарды түсіндіру оңайға сықпайтындығы анық болды. Бұдан құрылымдық – функционалдық талдауды тереңдету кажеттілігі туды. Парсонс әз тұжырымдамасының нығаю жолын өзгелердікінен басқа бағыттан іздеді. Сөйтіп, коғамды құрылымдық бөліктерге бөлуге байланысты туған оның неоэволюционизм (жаңа эволюционизм) теориясы пайда болды.

Әлеуметтік нақтылықтың жергілікті жердегі көріністерін, оның проблемаларын, процестерін, мекемелері мен ұйымдарын білуге деген қоғамдық қажеттілік нәтижесінде, сондай - ақ Мертон идеяларының ықпалымен «орта деңгей» әлеумет танымдық теорияларының белсенді дамуы басталғанда, әлеуметтанудың көптеген салалары қалыптаса бастады. Бұлардың тек кейбіреулері: еңбек, қала, ауыл, жастар, демалыс, білім беру, мәдениет, ғылым, отбасы, саясат, дін, тіл, құқық, қылмыс, пікір, дәрігерлік, т.б. әлеуметтанулары пайда болды. Бұлардың әрқайсысында эмпириялық зерттеулер деректеріне талдау жасауға, жергілікті проблемалар мен процестерді түсіндіруге міндетті арнаулы әлеумет танымдық теориялар пайда болып, көбейді. Әлеуметтану ілімі дамуының екінші кезенін (40-60-жылдар) қарауды аяқтай отырып, бұл кезеңнің академиялық та, қолданбалық та әлеуметтанудың даму жолдарын және оларды біріктіру мүмкіндіктерін іздестірумен көзге түскендігін атап өту керек. Тұтас алғанда әлеуметтану ғылымы елеулі табыстарға жетіп, жаңа белестерге көтерілуде. Бұл ғылымның беделі артып, ғылым мен пән ретінде жоғары оқу орындарында берілетін кәсіби мамандық санатында біржола орнығуда. Оның беделі дүниежүзілік көлемде де өсіп, халықаралық әлеумет танымдық ынтымақтастық күшеюде. Бүкіл дүниежүзілік әлеумет танымдық конгрестер жиі ұйымдастырылатын болды. Халықаралық әлеумет танымдық ассоциация (ХӘА) өз қызметін белсенді түсті.

Элтон Мэйоның жұмыстары адам психологиясының маңызды екенін білдірді, оның кейбір «қисынсыздығын» көрсетті. ХХ ғасырдың басында психология саласындағы азғатай білім еңбек ету мәселелерімен шұғылданбайтын, ал адами факторлардың байланыстары тек қана еңбек ақы төлеумен, оны сыйақы арқылы ынталандырумен және бағынышты кісілерге жеңіл-желпі ғана қарайтын.

Мэйо Хоторн әсері деп кейін атаған: ерекше көзқарас еңбек өнімділігін – тіпті нашар көзқарас адами факторлардың оң нәтиже беретіндігі. Еңбек өнімділігі – ол негізінен жұмысшыға нұсқау беру қызметі екенін анықтады. Жұмыскерлерге көңіл аудару, олардың құзырын мен маңыздылығын көтеретін еді. Жұмысшының кіші-қоғамда құзыры мен оның рөлін көтеру мүмкіндігі, олардың құрал-жабдықтарды пайдаланғанымен бірдей әсер етеді.

Мэйоның зерттеулері мынаны көрсетті:

1. Адамның әлеуметтік және психологиялық қажеттіліктері ынта есебінде ақша сияқты ол да ұтымды.

2. Жұмыс тобында әлеуметтік-психологиялық әсер, орында-латын жұмысты ұйымдастырумен бірдей.

3. Басқаруды кекелген жоспарлау барысында адами фактор-лармен санаспауға болмайды.

Адами факторлардың маңыздылығын басқарудың ғылыми және классикалық көзқарастар авторы мойындағанын айта кету керек, алайда олардың онысы әділ еңбек ақы төлеумен, оны экономикалық тұрғыда ынталандырумен және еңбек ұжымында формалды қарым-қатынастар орнатумен шектелетін. Адами қарым-қатынастар бет бұру басқарудағы бұрынғы мектептерінің адами фактордың ұйымдас-тыру тиімділігінің негізгі элементі екенін толық түсіндіре алмағанынан туған еді.

Бұл күнде адами қарым-қатынастарға негізделген ұйымды басқару индустриялды парасаттылық, немесе жаңа классикалық мектеп депаталады.

Адами қарым-қатынастар мектебінің белгілі өкілі Элтон Мэйо Хоторндегі (хоторн әсері) анық қойылған жұмысоперациялары мен жақсы еңбек ақы төлеу еңбек өнімділігін ылғи көтере бермейтіндігін байқады. Тәжірибе барысында еңбек өнімділігіне жұмыскердің әлеуметтік-психологических факторлары көп әсер ететіндігі анықталды.

Ұйымды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыратын болды. Бұл – психология мен әлеуметтанудағы басқаруды адами қажет-тілік.зерттейтін ғылым (ғылым) тұрғысынан қарау еді. Сөйтіп, мінезқұлықтық-бихевиористтік бағыттың, немесе мінез-құлықтық ғылыми мектебі пайда болды (1950 жылдан бері). Бихевиоризм мінез-құлықтықты қарайтын әдеттегі түсіну мен ойлауды зерде-лейтін америкалық психологиядағы теориядан басқаша бағыт.

Адами мінез-құлықтық көзқарас психология мен әлеуметтану ғылымдарымен қоса дамыды. Бұның басында тұрған 1938 жылы «Әкімшінің қызеттері» еңбегін жариялаған Ч. Барнард еді. Кейінгі зерттеушілер арасынын К. Аджиристі, Т. Лайкертті, Ф.Герцбергті, А. Маслоуды атауға болады.

Бұл бағыт өз бастауын «ынталандыру-әсерлесу» схемасы (белгілі бір мінез-құлық белгілі бір ынтаның туындысы) бар белгілі психология-бихевиоризм бағытынан (мінез-құлықтық туралы ілім) алады. Бұл схеманы басқару ісіне көшірсек, тиімді жұмыс істеу дегеніміз – ынталадыру есебінде берілген жақсы сыйақыға (материалды және моралды) қайтқан оң әсер.

Мінез-құлықтық ғылым мектебінің негізгі мақсаты – ұйымның тиімді ұйымдастырылуын оның адами ресурстарының тиімді жұмыс істей алуы арқылы арқылы жету. Бұл мектеп зерттеушілері жекеше қарым-қатынастарға көп көңіл бөлді. Менеджменттің міндетін олар адамның көкейкесті қабілеттерінің дамуына қолайлы жағдай жасап, жұмысшыларды ұйымның мәселелерін белсенді шешуге қатыс-тырылунда деп білді.

Бұл мектепті қолдайтындар әртүрлі әлеуметтік әсердің, уәждеменің, билік пен авторитеттің сипаттарын, ұйымдастырушылық құрамдардың, ұйымдағы коммуникациялардың, көшбасшылықтың жағдайларын зерттеді. Бұл мектептің негізгі мақсаты адами ресурс-тарды пайдалану арқылы ұйымның тиімділігін арттыру болды.

Басқаруда бихевиористического бағытты дамытуда маңызды үлес қосқан Абрахам Маслоу болды. Өзінің уәждемелік теориясын өткен ғасырдың 40-шы жылдары жасаған А. Маслоу адамдарда көптеген қажеттілік бар, оларды бес негізгі санатқа бөлуге болады:

1) Физиологиялық қажеттілік.

2) Қауіпсіздік пен келешекке сенімді қарау қажетілігі.

3) Құрыметтілекке қажеттілік.

4) Өзін-өзі таныту қажеттілігі.

Мінез-құлықтық көзқарас танымал болғандығы соншалық, өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдары басқару саласын толық қамтып кеткен еді. Оның алағашқы пайымы мінез-құлық ғылымын дұрыс пайдаланғанда жеке жұмыскердің де, ұйымның да өнімділігін арттыратындығында еді. Алайда, көптеген оң жақтарына қарамастан, бұл көзқарас кейде зертеушілерге белгісіз жағдайларында дәрменсіз еді.

Советтік заманда басқаруды адами қарым-қатынастар негізімен жүргізуге болады дегенді буруазиялық ниет деп есептелінетін. Бұл отандық басқару ғылымына тез оңала қоймайтын зиян тигізді.

XX ғасырдың ортасына оның басында тұрған таман Н. Винер, Л. В. Кан­торович, А. И. Верг, Р. Акофф, Р. Беллман және басқалары тұрған басқарудың математикалық мектебі қалыптасты (кибернетика, экономико-математикалық әдістер). Басқаруда оңтайласқан және сандық, математикалық үлгілеу әдістерімен пайдаланатын мектеп қалыптасты. Мұнда шешуші жағдай сөйлеу және суреттеу арқылы пайымдау, үлгілерді құру мен сараптауға ауыстырылды. Метеп жұмысының негізгі бағыты болып мыналар қалыптасты

· развитие оңтайландыруды математикалық әдіспен жүргізуді дамыту,

· нақтылы ұйымға математикалық әдістерді жасау,

· ұйым қызыметі үдерісін математикалық үлгілеу.

«Операцияларды зерттеу» деген ортақ атпен сан жағынан зерделеу, үлгілеу және компьютерлік технологиялар әдістері – ХХ ғасырдың екінші жартысында басқаруда негізгі ғылыми көзқарас ретінде сандық көзқарас теориясы қалыптасты.

Математиканы, статистканы, инженерлік ілімді қолданатын сандық көзқарас ұйымның операциялық мәселелерін зерттеп, математикалық үлгілерді жасауды. Компьютерлерді дамыту операцияларды зертеушілерге өскелең қийындықтағы үлгілерді құрастыруға, үлгілердің өзін нақтылы жағдайға жақындатуды қорларды басқарудағы, жаппай қызмет көрсетуде және басқаларындағы аса күрделі мәселелерді жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Операцияларды зерттеу – бұл ұйымның операциялық мәселеріне ғылыми зерттеулер жүргізу. Операцияларды зерттеудің мәні мынада жатыр. Мәселені шешештін операциялық зерттеулер жүргізетін топ оны анықтағанынан кейін жағдайдың үлгісін жасайды. Үлгі жасалғаннан кейін компьютерлік технология бойынша құбылмалы шамаларға сандық мағына беріледі. Компьютерлік технология операцияларды зертеушілерге шын жағдайға сай келетін және дәл саналатын қйындығы жоғары математикалық үлгілер қарастырады.

XX ғасырдың екінші жартысында басқаруды жетілдіретін екі бағыт қалыптасты. Олардың негізіне көбінде нақтылы мақсатты көздеген ұйымды элементтер (субъ­ектілер) есебінде санайтын жүйелік көзқарас қағидасы болатын.

XX ғасырдың 70-ші жылдары басқарушылық идеясын бұзатын, ұйым көпмәнді сыртқы және ішкі ортаға үздіксіз беймделіп отыратын ашық жүйе деп қарайтын жаңа ой қалыптасты. Мұнда басқаруда кезкелген жағдайға «дұрыс жауап» жоқ, сондықтан ұйымның ішінде болып жатқан жағдайдың себептерін сырқы жағдайдан іздеу керек деген ұғым қалыптасуы, негізгі идея болатын.Алайда әмбепаптық басқарудағы мүндай «жағдайлық көзқарас», шын мәнінде бұл салада нағыз үлкен ғылыми жаңалықтардың бірі болғанымен, бүкіл қоғам сияқты тоқырауда болған, отандық басқару пікірінде елеусіз қалды.

Өткен ғасырдың сесенінші жылдары тағыда басқарушылық ойында жаңа сілкініс болды – басқарудың қуатты құралы ретінде қаралатын, әсіресе жапондықтар тиімді пайдаланатын «ұйым-дастырушылық мәдениеті» ашылды. Бүгігде көптеген зерттеушілер ұйымдастырушылық мәдениетінің адамдарға әсер етуін басқада басқарудағы қыралдармен бір қатарға қояды. ХХ ғасырдың 90-ші жылдары оқу бағдарламаларында бизнестің шетекші мектептері ұйымдастырушылық мәдениетін кіргізуді белгілі үлгі қылып алды.

Қазіргі уақытта басқарудағы көзқарастардың қалыптасқан түрі жаңа басқарушылық парадигмасы (теориясы) деп аталады. Біздің елде соңғы онжылыдық аралығында басқаружа әміршіл-әкімшілдік ескі түсініктен арыла бастады. Сонымен қатар соңғы кездері ғана түсіне бастадық, өз тарихында адамзат басқаруда адамдарға әсер етудің құралдары ретінде, яғни үш-ақ құрал ойлап тапқандығын.

Бірінші құрал – бұл иерархия (сатылылық), мұнда ұйымдағы негізгі күш – адамға билік арқылы әсер ету, күштеу, материалды ізгіліктерді бөлуді бақылауға қою.

Екінші – бұл мәдениет, ұйымның жасайтын және мойындайтын құндылылықтары, әлеуметтік мөлшерлер, мінез-құлықтың қалып-тасқан үлгілері, адамды олай емес, былай жүріне берілетін нұсқаулар.

Үшінші – бұл нарық, яғни тең құқылы көлденеңдік қарым-қатынаста екі жақтың да бірінен бірі тәуелді болып, өзара келісім жасау негізінде болу.

Күнделікті шаруашылық және әлеуметтік жүйелерде іс жүзінде иерархиялық та, «ұымдастырушылық мідениет» те, нарық та кездесе береді. Еске саллатыны: олардың қайсысы басым, ұйымның бас-қаруда экономикалық бейнесі солай болмақ.

Басқарушылық пікірдің басқа бір әлемдік мәселесі болып біздің басқару санамызда мәдени деңгейді көтеру болып саналады. Қазіргі уақытта үлкен өкінішке қарай, басшының да, ойы тұтынушыға, жаңашылдыққа, мәдениетке бұрылмаған.

Орытынды

Наши рекомендации