Тірек сөздер: фонетика, фонема, акустика, артикуляция, резонанс
Адам баласының тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер дыбыстардың өзара тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да бола алмас еді. Тілдің лексикасын құрастыратын сан мыңдаған сөздер дыбыстық жағынаи алғанда, ондаған ғана дыбыстардың әр түрлі комбинацияларынан құралған. Лексикалық элементтер болсын, грамматикалық элементтер болсын, белгілі бір дыбыспен немесе дыбыстардың тіркесімен айтылады, сол арқылы өмір сүреді. Тіл дыбысгары, дыбыс заңдары тіл білімінің арнаулы бір саласы - фонетиканың зерттеу объектісі болып саналады.
Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді. Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл.дыбыстары классификациясының принциптерін белгілейді. Жалпы фонетика ғылымының басқа салаларымен, мысалы акустика, физиология және психологиямен тығыз байланысты болады. Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді. Сипаттама фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өз ара байланыстарын белгілеп айқындайды. Сипаттама фонетикада қазіргі тілдің фонетикалық жүйесін және оның ары қарай даму мүмкіндіктерін айқындаудың құралы ретінде ғана қаралып, есепке алынады. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.
Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика(akustikos- естілу) деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп козғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта - ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес. Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені, дыбыстың созылыңқылығы.
Дыбыс ырғағы (высота звука). Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің (уақыт мөлшеріне, әдетте, секунд өлшем ретінде алынады) ішіндегі дірілдің санына (количество колебаний) байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді. Адамның құлағы бір секунд ішіндегі 16-дан 20 000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады.
Дыбыс күші (сила звука). Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің амплитудасы, яғни қарқыны, неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе береді. Мұны шекті аслаптардан да айқын аңғаруға болады.
Дыбыстың созылыңқылығы (длительность или долгота звука). Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен коса дыбыстың созылу уақытына (ұзақ не қысқа болуына) байланысты. Орыс тілінде екпінсіз буындағы дауысты дыбысқа карағанда, екпін түскен буындағы дауысты дыбыс созылыңқы, ашығырақ айтылады.
Дыбыс әуені (тембр звука). Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс дірілінің түрлерімен (типтері) байланысты. Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы (колебательное движение) күрделі болады. Ол негізгі тон мен бірнеше көмекші тонның қосындысынан жасалады.
Сөйлеу тілінде әуен (тембр) туралы ұғым, ең алдымен, дауысты дыбыстар туралы мәселемен байланысты. Есту мүшесі дауысты дыбыстарды бір-бірінен әуені (тембр) жағынан ажыратады. Дауысты дыбыстарға тон тән болады да, дауыссыздарға, негізінен алғанда, салдыр тән болады.
Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс ( resonance- фр. сөзі-жаңғырық деген мағынада) айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде (үрлеп ойнау аспаптарындағы қуыс, шекті аспаптардың декасы, ауыз қуысы, мұрын қуысы) пайда болады. Ауыз қуысында әр түрлі тәсілдер арқылы дауыстылардың әуені жасалады. Жұтқыншақ қуысы да белгілі дәрежеде резонаторлық қызмет атқарады, ауыз қуысымен бірге дауыстылардың әуенін (тембр) жасауға қатысады. Мұнымен бірге, мұрын қуысының да резонаторлық қызметі бар.
Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық (articulare- латын тілі- ажыратып айтып беру) жақтарын түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. Дыбыстау мушелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы. мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін т. б. Дыбыстау мушелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады.
Ауыз қуысындағы мүшелердің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше - тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы тіске тиюінен тіс (немесе денталь) дыбыстары (т, д..), ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға тиюінен немесе жуықтауынан тіл арты дыбыстары (қ, ғ, к, г) жасалады.
Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі - ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о, ө, у, ү...) жасалуына да, дауыссыз дыбыстардың (м, п, б...) жасалуына да қатысы бар. Еріннің сүйірленіп дөңгелеңуінен еріндік дауыстылар (о, у, ө...) жасалса, екі еріннің өз ара жымдасуынан ерін дауыссыздары (м, б, п...) жасалады. Астыңғы еріннің үстіңгі тіске тиюінен немесе оған жуықтауынан (ф, в) жасалады.
2. Тіл дыбыстары және олардың түрлері.Тілдердің барлығында да дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп екі топқа бөлу - ертеден келе жатқан дагды. Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырудың тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен, бұлайша топтастыруға негіз болатын басты белгілер әлі де болса жете айқындалмай келеді. Бұл мәселе жайында жалпыға бірдей ортақ көзкарастың жоқтығы да осыдан болып отыр.
Акустикалық тұрғыдан қарағанда, дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальды үн (тон) мен салдырға негізделеді. Дауыстыларда үн басым да, дауыссыздарда салдыр басым. Бұл ретте мына жағдайды да ескеру қажет: салдырдың элементтері дауыстыларда мүлдем жоқ деуге болмайды; ал кейбір дауыссыздарда, атап айтқанда, ұяңдарда музыкальды үн (тон) бар. Сонор дыбыстарды дауыстылардын немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою да қиын мәселе болып саналады. Акустикалық түрғыдан алып қарағанда, сонор дыбыстарды, әсіресе л, р дыбыстарын, дауыстылардың. қатарына емес, дауыссыздардың қатарына жатқызуға жеткілікті негіз жоқ екені айтылып жүр. Бұлай болатындығы: сонор дыбыстарда салдырға қарағанда үн (тон) басым. Ал сонор дыбыстар оқулықтар мен жеке еңбектерде дауыстылардың емес, дауыссыздардың қатарында қаралған да, тілдердің басым көпшілігінде олардың буын құрай алмайтындығы ескеріледі.
Физологиялық (артикуляциялық) тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде фонациялық ауа (сөйлеп тұрғанда шыққан ауа): 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; 3) фонациялық ауа баяу (лепсіз) шығады. Ал дауыссыздардың артикуляциясы мұнан басқаша болады. Дауыссыздарды айтқанда, фонациялық ауа: 1) кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі; 3) фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажыратуда негізге алынатын басты белгілер - міне, осылар.
Дауыссыз дыбыстар
Қандай бір тілде болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі. Сондықтан дауыссыздарды сипаттап мінездеме беру және оларды топтастырып классификация жасау акустикалық жақтан да, артикуляциялық жақтан да көптеген жайларды есепке алуды қажет етеді.
Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың (үннің) қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі - қатаң дауыссыздар, екіншісі - ұяң дауыссыздар. Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз.
Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы (голосовая связка) жиырылып қысылмаса және дауыстың (үннің) қатысы болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады. Мысалы: қ, к, т, п, с және т. б. Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы үн шығарарлық қалыпта болса, онда ұяң дыбыстар жасалады. Мысалы: ғ, г, д, б, з және т. б.
Қатаң дауыссыздар мен ұүяң дауыссыздар түрлі тілдерде дауыстың (үннің) қатысу немесе қатыспауы жағынан ажыратылады да, өз ара жұп-жұбымен айтылады. Тіл-тілде қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары, керісінше, ұяң дауыссыздардын қатаң сықарлары бар. Мысалы: к-г, п-б, т-д, с-з, ф-в және т. б.
Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, жұтқыншақтан мүрьш қуысына баратын кіре беріс жолды жауып түрса, онда ауа ауыз қуысымен өтеді де, осының нәтижесінде ауыз жолды деп атала-тын дауыссыздар (мысалы: б, д және т. б.) жасалады. Егер жүм-сақ таңдай темен түсіп, жүтқыншақтан мүрын қуысына бара-тын кіре беріс ашық болса, онда ауа мүрын қуысынан өтеді де, осының нәтижесінде мүрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады (мысалы: м, н...).
Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар (қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар және ызың дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Шұғыл дауыссыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бірі-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады. Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп, олар эксплозив дауыссыздар деп те аталады. Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар мыналар: п, б, т, д, к, г, қ.
Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив дауыссыздар деп те аталады. Олар мыналар: в. ф, ғ, с, ш, х, з,ж, һ..
Тіл-тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседі. Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады. Аффрикаттар (ц, ч...) шұғыл дауыссыз дыбыстың элементінен басталып, ызың дауыссыз дыбыстың элементімен аяқталады. (т+с, т+ш)
Дауыссыздар артикуляциялық орнына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
Еріннемесе лабиалъ дауыссыздар. Ерін дауыссыздары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе үстіңгі тіске тиюінен жасалады. Лабиаль дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан е р і н-е р і н д і к немесе билабиаль дауыссыздар жасалады. Мысалы: б, п, м; ә) астыңғы еріннің үстіңгі тіспен жуысуынан еріндік-тіс немесе лабиоденталь дауыссыздар жасалады. Мысалы: ф, в.
Тіл алды дауыссыздар. Тіл алды дауыссыздардың жасалуында тілдің алдыңғы бөлегі активті қызмет атқарады. Ол өзінің өте-мөте жылжымалы болу қасиетіне қарай, әр түрлі қалыпта болып, дауыссыздардың түр-түрін жасауға қатысады. Тіл алды дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді. а) т і с д ауыссыздары немесе денталь дауыссыздар: т, д, с, з, н. л; ә) т і л ұ ш ы н емесе а л ь в е о л я р д а у ы сс ы з д а р: ч, ш, р, ж.
Тіл ортасы дауыссыздары. Тіл ортасы дауыссыздары тілдің орта шенінің үстіңгі жағының қатты таңдайға жуықтасуынан жасалады. Бұған орыс тілі мен қазақ тіліндегі йдыбысы және неміс тілінде графикалық жақтан сһ әрпімен таңбаланатын дыбыс (мысалы, ісһ — «мен» деген мағынада қолданылатын сөздегі дыбыс) жатады.
Тіл арты дауыссыздары. Тіл арты дауыссыздары тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады. Тіл арты дауыссыздарына орыс тіліндегі к, г, х дыбыстары, қазақ тіліндегі қ, ғ, ң, дыбыстары жатады. Қазақ тілінде к, г дыбыстары тіл ортасы дыбыстарының қатарында саналып жүр.
Көмей (фарингаль) дауыссызы. Дауыссыздың бұл түрі жұтқыншақ қуысында тілдің артқы шенінің кейін шегіну және жұтқыншақ қуысының тарылуынан жасалады. Көмей дауыссызына түркі тілдері мен неміс тіліндегі һ дыбысы (неміс тіліндегі һаgеп - «болу, бар», Fгеіһеіt - «бостандық» деген мағыналарда қолданылатын сөздердің құрамындағы дыбыс) жатады.
Дыбыстардың артикуляциялық ұқсастықтары неғұрлым мол болса, олар өз ара бірімен-бірі алмасуға соғұрлым икемдірек болады. Мысалы, п дыбысы д дыбысына қарағанда б дыбысымен алмасуға икем болса, ш дыбысы т дыбысына қарағанда с дыбысымен алмасуға әлдеқайда икем. Өйткені бұл дыбыстардың (п мен б,ш мен с) артикуляциялық жақтан өз ара ұқсастықтары мол. Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі консонантизм(латын тілінің conconontis- дауыссыз дыбыс) деп те аталады.
Дауысты дыбыстар
Дауыстыларға тән акустикалық ерекшелік - оларда музыкальды тонның болуы. Әрбір дауысты дыбыста ырғағы жағынан түрліше болып келетін тонның белгілі бір мөлшері (саны) болады. Бұлардың бәрінің жиынтығынан дауыстының әуені (тембр) немесе сапасы жасалады.
Дауыстылардың жасалуының анатомия-физиологиялық жалпы жағдайының ерекшелігі мынада: сөйлеу каналында салдыр тудырарлықтай елеулі кедергінің болмауы және ауа ағысының баяу өтуі. Ауа ағысының болуы дауыстылардың жасалуының қажетті және басты шарты болып саналады.
Тіл-тілде дауысты дыбыстар саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі-түрлі болып келеді. Кейбір тілдерде дауыстылардың саны көп те, қайсыбіреулерінде аз. Мысалы, қазақ тілінде тоғыз жалаң дауысты дыбыс (монофтонг) болса (а, ә, ы, і, о, ө, ұ, ү,е), орыс тілінде алты дауысты дыбыс (а, э, и, ы, о, у) бар. Ағылшын тілінде дауыстылардың саны - жиырма бір (оның ішінде он екісі жалаң дауысты).
Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына, 2) еріннің қатысына және 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, ы, о, у) жасалса, оның (тілдің) таңдайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә,е, і, ө, ү) жасалады. Дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар (гуттураль) және жіңішке дауыстылар (палаталь) деп екі топқа бөліп қараудың түркі тілдерінде сингармонизм зандылығын (дауыстылардың үндесу заңдылығын) танып білуде үлкен мәні бар.
Ерін қатысына қарай дауыстылар еріндік және езулікболып екі топқа бөлінеді. Еріндік дауыстылар еріннің алға сүйірленуінен жасалса (о, ө, ү, ұ...), езулік дауыстылар еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуынан жасалады (ы, і, е...).
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық дауыстылар және қысаңдауыстылар болып екі топқа бөлінеді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалса (ә, а...), қысаң дауыстылар жақтың болар-болмас ашылуынан жасалады (ұ, ү, ы, і...). Ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың аралығындағы дауыстылар- о, ө, е дыбыстары.
Дифтонгтар - дауыстылардың айрықша бір түрі. Дифтонг деген термин екі дауысты деген мағынаны білдіреді. Оның артикуляциясы да күрделі болады. Әрбір дифтонг дауысты дыбыстың элементінен басталып, дауыстының элементімен аяқталады да, екі дауыстының тіркесінен құралады.
Екі дауыстыдан дифтонгтың жасалуы үшін олардың (қос дауыстының) бір буынның ішінде кірігуі шарт. Екі дауысты дыбыс бір буынның ішінде кіріккенде, біреуі дауысты дыбыс болу қалпын сақтайды да, екіншісі редукцияланып (әлсіреп), буын құрай алмайтын дыбысқа айналады.
Түркі тілдерінің фонетикалық заңы бойынша жу-ар, су-ат, ки-ер, ки-ім сияқты сөздер жу-уар, сұ-уат, кі-йер, кі-йім түрінде ғана буынға бөліне алады. Бұл да болса, у, и арқылы айтылатын фонемалардың әрқайсысы екі элементті (қосарлы) фонема екендігін айкын байқатып отыр.
Дәріс №5