І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» «Жетісу жәндігі» бөлімі
Тапсырма:І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жетісу жәндігі»бөлімінде аты аталатын аң-құстарға анықтама беріңіз, слайд жасаңыз.
Жетісу жәндігі
Баяғы баяғының заманынан,
Асқарда шың мекендеп, жайлаған аң,
Тағылар тарғыл тасқа баурын төсеп,
Бар тышқан қоныс алған балағынан.
Жасанған театрдағы ойыншыдай,
Құздардың көрінеді аң алаңынан.
Қиынның жынысыңда бар деседі,
Сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан.
Кәдімгі қасқыр серек, қарақұлақ,
Шуылдайд шүйебөрі үй артынан.
Кәдімгі қарсақ, сусар, бұлғын, жанат,
Сол таудың іздейді аңды ту сыртынан.
Таутеке, арқар, құлжа, қарақұйрық ,
Көруге болад бәрін жайылымнан.
Маралды мал ішінен атпен қуып,
Әкеп жүр ауылына айдап Албан.
Тазқара, балта жұтар, ақбас құмай,
Бұлақта отырғанын көрем ұдай,
Жарғақ бас жұртшы, саржақ су бүркітер,
Құмайдың қоғамында құдасындай.
Лашын, тұйғын, тұнжыр, тыңар, мықи,
Ителгі, бәрпі, қырғи, құр, тұрымтай.
Барайық шыңда ғана болад десед,
Бүркітпен барымталы ел ала жаздай.
Тығанақ, үкі, ақсары, құладындар
Сықылды толып жатыр мөжеп-томпай.
Албандар атын атап түстейтұғын,
Мінеки Алатауға біткен торғай:
Қара, боз, суық, бұқбас, сипті, шымшық ,
Шапшақай, майлық, маубас бұқа, шөже.
Тоқылдақ, сұрқұрқылтай, бұлбұл, шымшық
Шымшықтың сан-сапалақ атаулысы -
Айтарға сай-салада жүр лықсып,
Тас жырып, балақ біткен шыңға шықсан„
Күй тартар той қылғандай торғай сыңсып.
Көркемі көбелектің сол сайларда,
Гүл шолып, жүрер ойнап ұшып сып-сып.
Үстіңнен аю тасты сылдырлатса,
Самайдан ішкен қымыз шығар шып-шып.
Аңдар мен құстар
Қарсақ ителгі бұлғын құр тұрымтай бидайық
Ителгі– сұңқар тәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс. Қазақстанда биік таулар мен ормансыз жазықтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры – сарғылт теңбілді болады. Ителгі қанаттарын жиі қағып, ауыр ұшады. Өте биіктеп, ұзақ қалықтайды. Негізінен, наурыздың аяғы – мамырдың басында құз-жартас кемеріне, биік қарағайдың басына ұя салады. Ұядағы 3 – 5 жұмыртқаны ұябасары бір айдан аса шайқайды. Балапандары 40 – 45 күннен соң ұядан ұшады.
Қарсақ – ит тұқымдасы, түлкі туысына жататын жыртқыш аң. Өсімдікке бай ойпаң, аңғарлы сайларда, тау етегінде қоныстанады. Дене тұрқы 46 – 56 см, құйрығының ұзындығы 25 – 35 см, терісі бағалы аң. Қысқы жүні қалың, жұмсақ әрі жібектей болып келеді. Жазғы жүні қысқа, ірі және түбітсіз келеді. Қарсақтың түлкіден айырмашылығы: құлағы ақ, үлкен тұмсығы сүйір болады. Қарсақ жылына екі рет (көктемде және күзде) түлейді.
Бұлғын– сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 40 – 55 см, құйрығы – 20 см-дей, салмағы 0,4 – 1,6 кг. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі – бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Терісі өте бағалы
аң, одан бас киім тігіледі.
Ұсынылатын әдебиеттер: Жансүгіров І. 10 томдық шығ. жинағы. 1 том. Алматы, «Қазығұрт» баспасы. 2004ж., Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров – Алматы: Ғылым, 2005ж., Әбдiрахманова Т. Ақын сыры – Алматы: Жазушы, 1995ж., Сыдықов Т. Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Алматы. 2011ж., Ілиястану. Оқу құралы. // Авторлары: Т.Сыдықов, М. Иманғазинов, Ш.Кыяхметова, Қ.Сарбасова, Д.Аңсабаев, Г.Сырлыбаева. Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж.-519б.