Анатты сӨздердiҢ тӘрбиелiк мӘнi 10 страница

Көркем адамды осы сөзбен теңеуге болады.

Ц

«ЦЕЗАРЬДЫҢ СҮIКТIСI СЕЗIКТЕН ТЫС БОЛУЫ ТИIС» - Ежелгi Римде әр жыл сайын тек қана әйелдерге арналған мереке өтiп тұратын. Б.э.д. 62 жылы осындай мереке Ю.Цезарьдың жұбайы Помпеяның үйiнде өтуге тиiс болатын. Бұл жиынға әйелше киiнген Публий Клодий де қатысады. Осы қылығы үшiн ол сотқа тартылды. Бұл жағдай Цезарьдың беделiне нұқсан келтiргендiктен, ол әйелiнен айрылысуға мәжбүр болды.

Публий Клодийдiң соты болып жатқан кезде, Цезарьге: - Сiз әйелiңізбен неге ажырастыңыз, - дегенде. – «Цезарьдың сүйiктiсi сезiктен тыс болуы тиiс», - деп жауап берген екен.

Юлийдiң бұл сөзi аты өзгертiлiп қолданыла бередi.

Ш

ШЕМЯК СОТЫ - «әдiлетсiз сот» деген мағынада қолданылады. 1453 жылдары князь Дмитрий Шемяк тұсындағы феодалдық соттың әдiл емес екенi туралы сол кездегi қолжазбаларда кездеседi.

«ШЕҢБЕР IШIНДЕГI КЕПIЛДIК» (Круговая порука) - қауым шаруаларының үкiмет алдындағы мiндеттерiн жүйесi осылай аталған. Яғни, әрбiр қауымның мүшелерi сол қауымның басқа мүшелерiнiң iстерi үшiн жауапты болады.

Бұл ұғым қазiр жазадан қорыққан, сөйтiп өзiнiң сыбайластарын қорғауға мәжбүр болған адамдар туралы айтқанда қолданылады.

ШЕРЛОК ХОЛМС – ағылшын жазушысы Конан Дойлдың (1859-1930) шытырман оқиғалы әңгiмелерiнiң кейiпкерi. Ол логикалық талдау жолымен, маңызды дәлелдемелермен де салыстыра отырып қылмыстарды аша бiлген.

Оның есiмiмен жақсы iзкесушiлердi теңеймiз.

«ШЕТ ТIЛI - ӨМIР КҮРЕСI ҚҰРАЛЫ» - К.Маркстiң сөзi. Марксизм -ленинизм классиктерi шетiнен полиглот болды. Ол немiс, ағылшын, француз, орыс, испан, итальян, румын, грек, латын, санскрит және ертедегi роман-герман тiлдерi бiлген.

Ф.Энгельс немiс, ағылшын, француз, поляк, итальян, испан, серб, португал, норвеж, парсы, румын, болгар, гот, ирланд, грек,латын,санскрит тiлдерiн, ал В.И.Ленин немiс, француз, ағылшын, поляк, итальян, чех, швед, грек, латын және ескi славян тiлдерiн бiлген.

ШЕХЕРЕЗАДА - парсы патшасы Шахриярға мың бiр түн бойы ертегi айтып беру арқылы өзінің өмірін ұзартып отырған әйел бейнесi.

«ШЫБЫНДЫ ПIЛДЕЙ ҚОРУ» (Из мухи делать слона) - «түймедейдi түйедей етiп көрсету» деген мағынада қолданылады. Алғаш грек жазушысы Лукианның (б.э. III ғ.) сатиралық шығармасында кездестi.

«ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗДАРЫ» – классикалық парсы поэзиясының өкiлдерiн осылай атаймыз. Олар: Әбiлхасан Рудаки, Омар Хайям, Руми Жәлаләддин, Сагди Мұсмихеддин, Хафиз Шәмсиддин Мухаммад, Жәми Әбдiрахман.

«ШЫДАМДЫ БОЛСАҢ, КАЗАК, АТАМАН БОЛАСЫҢ» (Терпи, казак, атаманом будешь) - орыс халқының мақалы. «Қиындықтарға шыдамды болсаң, өмiрде көп нәрсеге қолың жетедi» деген мағынада қолданылатын қанатты сөз.

«ШЫН МӘНIНДЕГI ҰЛЫ АДАМ» - Ф.Энгельс I Петрдiң тарихи кызметiне сипаттама бере келiп, осылай деген болатын.

I

«IЗГI ҮМIТ МҮЙIСI» - Үндiстанға сапарға шыққан Б.Диас Африканың оңтүстiк жиегiн айналып өтiп, Үндi мұхитына шықты. Алайда экспедиция мүшелерi әрi қарай жүзуден бас тартты. Әрi қарай жүзуге келiскендер сол жердегі мүйiстi «iзгi үмiт мүйiсi» деп атады, себебi олар дәл осы мүйiстiң Үндiстанға апатаратын теңiз жолы екендiгiне шүбә келтiрген жоқ.

«IРI ӨНЕРКӘСIПТIҢ ӘМБЕБАП ДВИГАТЕЛI»- 1784 жылы Глазго университетiнiң лаборанты әрi механигi Джемс Уатт бу машинасын ойлап тапты. Бұл машинаны кез келген жерде пайдалануға болатындықтан, оны осылай атады.

Э

«ЭВРИКА» - бiр күнi Гиерон патша өзiне тәж жасаушы зергерден алтынның орныНа күмiстi көп қосып жiбердi деп қүманданыпты. Сол iстiң анық-қанығына жетудi Архимедке тапсырды. Ол көп еңбектенсе де, Нэтиже шығара алмады. Бiр күнi Архимед суда шомылып жүрген кезiнде, гидростатиканың негiзгi заңын түсiнiп, «Эврика» деп айқайлап жiбердi, сөйтiп өз теориясын тексеру үшiн ұйiне кеттi.

«Эврика» деген бейнелi сөздi жаңалық ашқанда, iздегенде, тапқанда қолданады.

ЭЗОП. ЭЗОП ТIЛI - грек мысалшысы Эзоп (б.э.д. VI ғасыр) өзi құл болғандықтан ойларын ашық айта алмайтын, сондықтан мысалдап, аллегориямен келтiруге мәжбүр болды.

Мысалдап сөйлеген адамды «Эзоп тiлiн қолданды» деп айтамыз.

ЭСКУЛАП- грек мифологиясы бойынша медицина, дәрiгерлiк құдайы.

Ю

ЮПИТЕР- рим мифологиясы бойынша құдайлардың құдайы. Оның есiмi «өзiн-өзi күштi санайтын адам» туралы айтқанда қолданылады.

ЮПИТЕРГЕ КЕШIРIЛЕТIН НӘРСЕНIҢ БӘРI, ӨГIЗГЕ КЕШIРIЛМЕЙДI(QUATT LICET JOV, NON LISET BOVI) - латын мәтелi.

«Бiр адамға рұқсат етiлетiн нәрсе, басқа адамға кешiрiлмейдi» деген ұғымды айту үшiн қолданылады. Кей жағдайда былай деп те айтуға болады: «Өгiзге кешiрiлетін нәрсенiң бәрi, Юпитерге кешiрiлмейдi».

ЮПИТЕР, СЕН ҚЫЗБАЛАНЫП ТҰРСЫҢ, ЯҒНИ СЕНІКІ ДҰРЫС ЕМЕС – латын мәтелі. «Бекерге ашуланғанша, нақты дәлелдермен түсіндіру қажет» деген ойды білдіру үшін қолданылатын бейнелі сөз.

Я

ЯНУС- рим мифологиясы бойынша уақыттың, әр нәрсенiң басы мен аяғының, кiру және шығудың құдайы. Бейнесiнде екi карсы бағыт жаққа қарап тұрған екi бас көрiнедi. Яғни, жастарға -алдағы өмiрiн, болашақты; қарттарға - өткен өмiрiн меңзейдi.

«Екi жүздi Янус» деген бейнелi сөз «екi жүздi адам» деген мағынада да қолданылады.

Наши рекомендации