Арақшылықты басқа талан таражға салудың нысандарынан ажырату.
1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-тарауы “Меншікке қарсы қылмыстар” деп аталады. Онда объективтік жағы мен жасалу әдістеріне қарай бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге байланысты қылмыстар: ұрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекше құнды заттарды ұрлау, қорқытып алушылық деп бірнеше түрге бөлінеді. Қарақшылық осы меншікке қарсы жасалған қылмыстардың ішіндегі ауыры болып есептеледі. Себебі, қарақшылық бір жағынан меншікке қарсы бағытталса, екінші жағынан адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықтар қолдану арқылы жасалатын қылмыс. Қарақшылықты осыған байланысты қос объектілі қылмыс дейді. Екі объектінің біреуі болмаса, онда қарақшылық та болмайды. Бұл жерде адам өмірі мен денсаулығына қарсы зорлық - зомбылық жасау осы қылмыстың негізгі объективтік белгісі, меншікті заңсыз иемденудің бірден-бір әдісі. Сондықтан заң шығарушы қарақшылықты меншікке қарсы қылмыстардың қатарына жатқызған. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 179- бабында: “Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау”— деп көрсетілген. Қылмыстық заңның бұл мәтінінің орыс тілінен қазақ тіліне дұрыс аударылмағанын және ұрлау бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену әдістерінің бір түрі ғана екенін “Заңгер” журналының 2003 жылғы 3 номерінде жарияланған “Меншікке қарсы қылмыстар тек ұрлаумен ғана шектеле ме?” деген мақаламда толық тоқталған едім. Бұл жолғы мақсатым — қарақшылықты меншікке қарсы басқа қылмыстардан айырудың кейбір проблемаларына заңгер оқырмандардың назарын аудару. Қылмыстық заңда қарақшылықтың объектілік жағы бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау деп анықталған. Қарақшылықтың объектілік жағының негізгі бөліктерін талдап көрсетсек, ол төмендегідей: — бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге бағытталған шабуыл; — адам өмірі және денсаулығына қауіпті күш қолданумен ұштасқан шабуыл; — адам өмірі және денсаулығына қауіпті күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл.
57.Қорқытып алушылықты талан таражға салудан ажырату.Қорқытып алушылық меншiкке қарсы пайдакүнемдiк қылмыстар қатарына жатады. Қорқытып алушылықтың мәнiсi болып бөтен мүлiк (заттар, ақша, оның iшiнде шетел валютасы, бағалы қағаздар, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiлендiрiлген нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды жеке сипаттайтын өзге де құралдар); мүлiкке құқық (өсиет, сақтандыру полисi, қолхат, шарт, қандай да болмасын құндылықтарды әр түрлi құнды қағаздарды алуға сенiмхат және оған басқа да мүлiктi алуға құқық беретiн өзге де құжат) немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттердi жасау (баламалы емес сипаттағы қызметтер, мысалы "үй-жайды күзеткенi" үшiн, бұйымдарды сатуға, қарыз алу туралы қолхатты жоюға, ортақ мүлiктегі қарыздан бас тартуға, проценттiк ставканы төмендетуге, қандай да болмасын жұмыстарды жүргiзуге "көмектескенi" үшiн және т.с.с.) табылады.
Кiнәлi адамның қалаған мақсатына жеткенiне не жетпегенiне, талап еткен мүлкiн, мүлкiн иелену құқықтарын алғанына не алмағанына немесе жәбiрленушiнiң мүлiктiк сипаттағы әрекеттердi жасауға қол жеткiзгенiне қарамастан жәбiрленушiге қорқыту арқылы мүлiктiк талаптар қойылған сәтте қорқытып алушылық аяқталған болып есептеледi. Кiнәлi адамның әрекетiн қорқытып алушылық ретiнде айқындау кезiнде қорқытудың заңның диспозициясында көзделген нақты түрiн анықтап алған жөн, осы орайда меншiк иесiнiң немесе қарауында мүлiк бар не мүлiк күзететiн тұлғаның, сондай-ақ олардың жақындарының қорқытып алушылықтан жәбiр көрушiлер болуы мүмкiн екенiн назарда ұстау керек. Қорқытып алушылықты айқындау үшiн қорқытудың түрi (ауызша немесе жазбаша, өзi айтып немесе делдал арқылы айтқызып, ашық немесе бүркемеленген түрде айтып қорқыту) маңызды емес, алайда жәбiрленушi қорқытудың мазмұнын оның нақты мағынасына сәйкес сол қалпында қабылдауы тиiс. Қорқытып алушының әрекетiн айқындау үшiн осы қорқытуды өзiнiң немесе оның қатысушыларының iске асыруы маңызды емес. Күш қолданамын деп қорқытып, мәжбүрлi психологиялық ықпал ету ниетiн бiлдiретiн әрекеттердi қорқытып алушылық деп түсiнген жөн (өлтiремiн, денсаулығына ауыр, орташа немесе жеңiл зиян келтiремiн, зорлаймын немесе өзге де зорлау әрекеттерiн жасаймын деп қорқыту).Мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы жасалған қорқытып алушылық кезiнде кiнәлiнiң әрекеттерiн айқындау үшiн қандай мүлiк туралы сөз болып отырғаны (жәбiрленушiге күзету үшiн сенiп тапсырылған немесе меншiк иесiнiң, жылжитын немесе жылжымайтын мүлкi) және осы қорқытудың қандай тәсiлмен iске асырылатыны маңызды емес. Мұндай жағдайларда қорқытудың шын мәнiсiнде орын алуға тиiс екенiн және жәбiрленушiнi қорқытатындай әсерiнiң болу мүмкiндiгiн назарда ұстаған жөн.
58. Ерік бостандығы және қылмыстағы кінә."Еркіндік дегеніміз басқаға зиян келтірмейтін әрекеттердің барлығын жасау мүмкіндігі. Сол себепті әр адамның табиғи құқықтарын жүзеге асыру барысында қоғамның басқа мүшелерінің сол құқықтарымен асыруға шектеледі. Бұл шектер тек қана заңмен белгіленеді". Адам соларға қатысты өз кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекетi (iс-әрекет немесе әрекетсiздiгi) және пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар үшiн ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Объективтi айыптауға, яғни кiнәсiз зиян келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi.
Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кiнәлi деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. Кінә қылмыстың субьективті белгісі болып табылады, себебі қылмыстық құрамының өзге элеметтері жасалған қылмыс уақиғасында болғанмен қасақаналық немесе абайсыздық түрінде бейнеленетін кінә болмаса, онда қылмыстың субьективтік жағы да жоқ деп танылады. Кінә мәселесі тек қылмыстық құқықтық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік саяси жағынан да мағына беріліп адамды жауапкершілікке тартуды кінәліктің сақталуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қағида бойынша, қылмыстық жауаптылыққа қылмыс жасаған тұлғаның кінәсі бар болғанда ғана жол беріледі. Әрбір айыпталушы тұлғаның кінәлілігі, заңмен көрсетілген тәртіпте дәлелденбегенше дейін, ол кінәсіз болып саналады. Қазіргі қолданыстағы қылмыстықзаңнамаға сәйкес кінә - бұл қылмыстың қажетті әрі маңызды белгісі, оның психологиялық мазмұны. 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде, “адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс” деп айтылған. Бұл ережелер, біздің заңнамаға “ойы”, ”қауіпті жағдайы”, “наным-сенім”, абайсызда зиян келтіргендігі үшін жауапкершілік секілді объективті айып арту жат нәрсе екенін дәлелдейді.
59. Кінәсіз зиян келтiру. Егер iс-әрекет жасаған адамның iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) және одан кейiн пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар оның ниетiмен қамтылмаса, ал ҚК абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауiптi зардаптар келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптiлiгiн ұғынбаған және iстiң мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауiптi зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе және iстiң мән-жайы бойынша оларды алдын ала бiлуге тиiс болмаса немесе бiлуi мүмкiн болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауiптi зардаптардың пайда болуын алдын ала бiлген адам оны болғызбауға жеткiлiктi негiзде сенген болса не өзiнiң психика-физиологиялық қасиеттерiнiң қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуiне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Зардап келтірудің мұндай түрінде адамның жасаған іс әрекеті туындаған зардап пен себепті байланыста болуы мүмкін, бірақ ол зардапқа қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі кінәсі болмайды. Демек, жазықсыз зиян келтіруде қылмыс құрамының субьективтік жақтан басқа барлық элементтері болуы мүмкін. Кінәсіз зиян келтіру келесі жағдайы, ол мұндай зардапты абайсыздықта келтіргені үшін де жауаптылықтың заңда қарастырылмауына немесе зардаптың туындауы мүмкін екендігін көре білуге мүмкіншілігі және міндеттілігі болмауына, сондай -ақ адамның психо-физиологиялық немесе жүйке психикалық жағдайларында зардапты тоқтата алмауына байланысты субьективтік жақтын белгілері және кінә жоқ деп танылуы болып табылады.
60. Қате түсінігі және оның жауаптылыққа әсері.Қате ретінде адамның өз іс әрекетінің құқықтық мағынасын немесе нақты жағдайын дұрыс түсінбеуі алынады. Соған орай адамның жасаған қателері екі түрге бөлінеді: заң тұрғысынан және нақты жағдайлардан қателесу. Заң тұрғысынан қателесу адамның қолданыстаңғы заңды дұрыс түсінбе немесе білмеу салдарынан жасаған іс әрекетін қате бағалауы болып табылады. Адамның заң тұрғысынан өз іс әрекетін қате бағалау себептері, заңды дұрыс түсінбеуі немесе заңнан сауатсыз болуына байланысты. Заң тұрғысынан қателесу бірнеше түрде кездеседі. Біріншісінде, адам өзі жасаған іс әрекетін қылмысты деп бағалайды, ал заң жүзінде бұл әрекет қылмыс ретінде қарастырылмайды. Заң тұрғысынан қателесуінің екінші түрі бойынша адам жасаған іс әрекетін қылмыс емес деп бағалайды, ал бұл іс әрекетті заң қылмыс ретінде қарастырады. Кінәлінің жасаған әрекетінің заң бойынша жауаптылықты ауырлататын белгі екенін білмеуі немесе оны бағалаудан қателесуі орын алғанда, заң тұрғысынан қателесудің үшінші көрінісі орын алады. Мұндай қате квалификациялаудағы қате деп аталады. Заң тұрғысынан қателесудің төртінші түрімен, көлемінен қателесу болып табылады. Нақты жағдайлардан қателесу дегеніміз қылмыстық обьективтік белгілерінен қателесу болып табылады.
1. Азамат Вагаповтыңмынадай жағдайында яғни, ол КСРО-ның Қылмыстық кодексі бойынша шартты түрде сотталу жазасын алған, әрине жаңа ҚР Қылмыстық кодексі қабылданған кезде азамат Вагаповтың өтініші қабылдануға жатады, себебі бұл заң бойынша белгілі негізі бар болып отыр. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс. Міне осы нормаларды негізге ала отырып біз Вагаповтың өтінішін қабылдаймыз.
2. Аталған мәселеде қытай азаматы Дьзянь Миньмен поезда кетіп бара жатқанда жанжал шығарды, ал ол Қытай мемлекетіне қарай Қазақстан аумағынан өтіп бара жатқанда пышақ салды, демек ҚР ҚК арнайы нормалароына сәйкес, қылмыстық заңның аумағына байланысты сонымен қатар қылмыстық заңның респкубликадан тыс жерлерде жасалған қылмыстар бойынша қолданылуы көзделген норманы негізге ала отырып белгілі бір шешімге келеміз, қылмысын саралаймыз. Бұл жағдайда, қытай азаматы екенін ескеруіміз керек, сонымен қоса қылмыс ҚР аумағында басталғандықтан, яғни пышақты осы аумақта салу жүзеге асырылғандықтан бұл қылмыстың жасалу орны ҚР аумағы болып табылады. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе азамат Дьзяньға ҚР заңы қолданылады.
3. Аталған мәселеде азаматтар яғни Киров, Павлов және Зоркин Ресей мемлекетінің азаматтары екендігін ескере отырып, бірақ қылмыстық заңнаманың аумаққа азаматтыққа сонымен қатар уақытта байланысты қолданылу негіздерін ескере отырып, аталған жағдайда осы негіздердің аумаққа байланысты қолданылу жағдайын ескеруге тиіспіз, неге десеңіз қылмыс Ресей мемлекетінің аумағында жоспарланып басталған болатын, демек халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе бұл қылмыстық топтың мүшелеріне Ресей мемлекетінің заңнамасы қолданылады және сол бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Асановтың іс-әрекеті ҚР ҚК көзделген 9 баптың 2 бөлігіне сәйкес, себебі онда көзделген норма толығымен жүзеге асып отыряғни ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнде көзделген қайсыбiр әрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiптi емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және зиян келтiру қаупiн туғызбаған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды.
5. Еремин. Сот алқасының шешімі заңға қайшы әрі негізсіз болып отыр. Себебі, қайта тергеу жүргізілгеннен кейін азамат Ереминді өлтіргені үшін қылмысы сот шешімі бойынша 98 баптың 1-бөлігі бойынша қайта қаралғандығы негізсіз деп отыр, бұндай жағдайда біз 98 баптың 1 бөлігінде көрсетілген диспозияға аса назар аударуымыз қажет, ол жерде былай делінген: Жәбiрленушiнiң күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) болған кенет пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң жүйелi түрдегi заңға қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтiру -
6. Тергеушінің шешімі заңды болар еді егер тек ҚР ҚК 257 бабының 2 бөлігі бойынша тергеу жүргізетін болса, себебі, азамат Түбекбаев институтқа мас күйінде келіп студенттермер сөз байласып, оның үйінің ауласынан атын алып кетеді. Бұл мәселеде қылмысты ерекше бөлімде көзделген баптарды негізге ала отырып, дұрыс сараламасақ тергеуші әрекеті заңсыз негізсіз болу қаупі бар.
7. Сот шешімі бойынша азамат Бөрібаевосы қылмысты саралайтын болсақ, негізсіз қасақана жасаған қылмысы үшін айыпталды деген негізсіз шешімге ұрынып отыр. Аталған қылмыс барысында азамат Сколеренко мас күйінде қылмыс жасаған болып саналады да, айыпталушы ретінде процесске қатысады, ал азамат Бөрібаев жәбірленуші болады, себебі ол қаетті қорғануды жүзеге асырған болатын, ал егер қажетті қорғанудың шегінен асып кеткен жағдайда ғана ол азамат яғни Бөрібаев айыпталуы заңды болар еді.
8.Бұл жағдайды қылмыстың обьектісі болып жеке адамға қарсы ьбағытталып отырған қоғамдық қатынастар табылады. Ал жәбірленуші ретінде азаматша Мамаджановақарастырылады, ал бұл қылмыс ҚР ҚК бойынша адамды өзін өзін өлтіруге дейін жеткізу атты нормасына сүйене отырып саралаймыз.
9.тікелей обьектісі ретінде жеке адамға қарсы бағытталған қоғамдық қатынастарды танимыз. ал Жәбірленуші ретінде азамат Омаров танылады неге десеңіз жанжал барысында азамат Тимуров азамат Омаровтың басына балтамен соққы береді, ал осы әрекеттің жалғасуы барысында азамат Омаров өлуге дейінгі қауіпті бастан кешіреді.
10.Азамат Рекинніңжасаған қылмысының обьективтік жағына талдау жасайтын болсақ, яғни оның жасалған орны уақыты тәсілі амал әрекеті туралы баяндаймыз, яғни толығырақ айтатын болсақ азамат Рекиннің қылмысының жасалу орны азамат Бурковтың үйі, кешқұрым уақытта азамат Бурковтың үйіне азамат Рекиннің арақ әкеліп оны ішуі салдарынан болған, ал Рекиннің әрекеті мен Бурковтың өлімінің арасында себепті байланыс бар, яғни себепті байланыс обьективтік жақтың қосымша белгілерінің қатарынан табылады. Осы мәселелерді негізге ала отырып, азамат Рекинге ҚР ҚК ерекше бөлімінде көзделген нормаларға сәйкес жаза тағайындалады, яғни жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша саралаймыз.
11.Себепті байланысты анықтау қоғамға қауіпті әрекет жасалғанда ғана емес, қоғамға қауіпті әрекетсіздік жағдайында да қажет. Адамның әрекеті секілді, қоғамға қауіпті әрекетсіздік те айналадағы дүниеге белгілі бір өзгерістерді әкеледі. Әрекетсіздік мінез-құлықтың енжар нысаны болып табылады. Қылмыстық құқықтық мағынада алғанда әрекетсіздік дегеніміз - әрқашанда адамның өзіне жүктелген міндеттерін орындамауы. Адамға белсенді қимылдау, белгілі бір әрекеттер жасау міндеті жүктеліп, ол оны орындамаған жағдайда соның салдарынан қоғамға қауіпті зардап туныдаса немесе зардаптың пайда болу мүмкіндігі болағанда адамның әрекетсіздігі мен туындаған салдардың араcында себепті байланыс бар деуге болады. Бұл жерде Вороновтың өлімі мен Тереховтың әрекетсіздігі арасында себепті байланыс бар.
12. Антоновтыңәрекетінің объективтік жағын талдайтын болса, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсеткен, шабуыл жасаған, яғни шабуыл жасаған және күш көрсету арқылы қылмысын жасаған. Бұл жерде адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету дегеніміз жәбірленушінің денсаулығына қасақан ауыр зиян келтіру, орташа ауырлықтағы зиян келтіру, сондай ақ жәбірленушінің өміріне тікелей қауіп тудыратын басқадай күш қолдану. Шабуыл жасау деп кінәлінің жәбірленушіге кенеттен, оның қарсылығын тойтару мақсатында өте үрдіс түрде күш қолдануы болып табылады. Бұл объективтік жақтың белгілерінің бәрі қарақшылық қылмысының белгісімен сйкес келеді. Ал, зорлықпен тонауда жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес түрде күш қолданамын деп қорқытуы жатады. Сондықтан, Антоновтың әрекеті бұл тонаудың белгісіне сйкес келмейді.
13.Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау сақсатынсыз заңсыз иелену қылмыс құрамының субъектісі болып 16 жасқа толған, ал қалған 2), 3), 4) тармақтарында 14 жасқа толған ақыл есі дұрыс адамдар танылады. Суворов пен Чернышев алдын ала сөз байласу бойынша қылмыс жасаған, яғни екінші бөлім бойынша, ал бұр жерде ылмыс субъектісі 14 жасқа толған ақыл есі дұрыс адам болаады дегенбіз. Сондықтан Чернышев 15 жаста болғанымен қылмыстық жауапқа тартылады. Егер бұл жерде кінәлінің ниеті автомобильді немесе өзге де иелік құралдарын талан-таражға салуға бағытталған болса, онда оның әрекеті иелік етудің тәсіліне қарай меншікке қарсықылмыстардың тиісті баптарымен тікелей сараланады, ал егер кінәлінің ниеті автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салуға емес, осы көлік құралдарын пайдаланып басқа қылмыс істеуге бағытталса, онда қылмыстардың жиынтығы болады.
14.Бұл жерде Грачниковтыңкінәсінің нысаны жанама қасақаналық болып отыр. Яғни, жанама қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілемейді және бұл салдар оның әрекетінің түпкі мақсатына қол жеткізуіндегі қажетті саты болып табылмайды. Алайда жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуының мүмкіндігін болжайды оларға саналы түрде жол береді немесе оларға немқұрайдылықпен қарайды. Қоғамға қауіпті салдарға тұлғаның саналы түрде жол беруіне, біз оның осы салдардың алдын-алу немесе оларды болдырмау үшін ешқандай шараларды жасамауынан байқаймыз.
15. Жуковтың кінәсінің нысаны қасақана, оның ішінде жанама болып табылады. Жанама қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілемейді және бұл салдар оның әрекетінің түпкі мақсатына қол жеткізуіндегі қажетті саты болып табылмайды. Жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуының мүмкіндігін болжайды оларға саналы түрде жол береді немесе оларға немқұрайдылықпен қарайды. Қоғамға қауіпті салдарға тұлғаның саналы түрде жол беруіне, біз оның осы салдардың алдын-алу немесе оларды болдырмау үшін ешқандай шараларды жасамауынан байқаймыз. Жуков өз әрекетінің қауіптілігін сезінді, одан белгілі бір зардаптар туындауы мүмкін екенін көре білді, бірақ қылмыс жасауға тікелей бағытталмаған әрекеттер болып көрінеді. Сондықтан оның әрекетін қасақана денсаулыққа зиян келтіру деп саралау керек,
16. Аверинніңқылмсытық әрекетінен екі қылмыстық эпозиод көрініп тұр. Біріншісі Авериннің ниеті адам өлтіруге бағытталған және өз мақсатын жүзеге асырып Берковтың басынан ұрады, бірақта Берков бұл соққыдан өлмеген еді. Бұл жерде Аверинның әрекетін адам өлтіруге оқталу деп саралаймыз. Екіншісі, Аверин қылмыстың ізін жасыру мақсатында берковты өзенге тастап жібереді, сараптаманың қорытындысы бойынша Берков өзенде тұншығып өлген. Бұл жерде Аверинның әрекетін қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру деп саралаймыз. Қорытындылай келе, Аверинның әрекетінен қылмыстар жиынтығы шығып отыр. Адас өлтіруге оқталу және қылмыс ізін жасыру мақсатында адам өлтіру.
17.Анықталған қасақаналық барысында тұлға оның іс-әрекетінен қандай зиян келетінін және оның көлемін анық біледі және тек солардың болуын тілейді немесе тұлға бірнеше анықталмаған салдарды болжайды және олардың болуын тілейді. Анықталмаған қасақаналық барысында тұлға келтірілетін залалды сезінеді, және бірнеше қауіпті салдарының болатынын болжайды. Бірақ ол салдар оның санасымен нақтыланбаған. Субъект өзінің нақты қандай салдарға қол жеткізгісі келетінін жеткілікті дәрежеде айқындамаған. Меджидов пен Ибрагимов жәбірленушіге өлім келуі немесе әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты келуі мүмкін екенін сезеді, бірақ қандай ауырлықтағы зиян келетінін нақтыламайды. Ол олардың қайсысына да қол жеткізуге мүдделі. Сондықтан кінәлілердің кінәсінің нысаны анықталмаған қасақаналық деп сараласақ болады
18.Бұл жерде кәмелетке толмаған адамды зорлау фактісі болып отыр, алайда бұл тармақпен қылмысты саралау үшін кінәлінің жәбірленушінің кәмелетке толмағандығын көрінеу білуі қажет. Кінәлі жәбірленушіні кәмелетке толмағандығын білмеген, сондықтан бұл тармақ бойынша жауапқа тартуға болмайды, Должниковтыңқылмысы ауырлығы орташа қылмыс деп саралануы керек.
19.Бұл жерде Бульгинныңниеті тікелей адам өлтіруге бағытталмаған, жай қызығушылық көру үшін бағытталған. Сондықтан субъективтік жағы абайсыздықта жасалған деп саналады Абайсыздықтың ішінде менмендік, яғни өз iс-әрекетiнiң қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлді, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенді. Осыны ескере отырып, Бульгинның әрекетін абайсызда кісі өлтіру деп саралау керек.
20. Пара беру қылмысы формальды құрамға жатады.Мемлекеттік функцияны атқаратын уәкілетті ортган ақшаны алған кезден бастап қылмыс аяқталған болып есептеледі. Ал, егер алмаған жағдайда қылмыс аяқталмаған болып табылады.
21. Бұл жерде Беременко әрекеті зорлау қылмысын жасауға оқталу деп сараланады. Себебі, Беременко күш қолдану арқылы жыныс қатынасын жасауға бағытталған, бірақ кінәліге байланыссыз себептермен орындалмай қалған қасқана әрекеті зорлауға оқталу деп есептеледі.
Есептер адресаты