Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз
Прагматизм – ілімінің өзегі адам және оның іс-әрекеті. XIX ғасырдың 70 жылдары Америкада шығып, XX ғасырдың бірінші жартысында басқа елдерге кең тарайды. Негізгі идеясы Ч. Пирстың (1839-1914) есімімен байланысты, ал ары қарай дамытушылар У. Джеймс (1842-1910), Д. Дьюи (1859-1952). Сөздіктерде “прагматизм” терминінің шығуын “іс”, “әрекет” сөздерінен туындатады. Пирс өзі ұсынған терминді И. Канттың “прагматикалық сенім” ұғымынан туындағанын айтады. И. Кант “Таза ақылға сында” былайша түсіндіреді. Адамға әрекет қажеттілігі туғанда, бірақ жағдай әлі айқын емес, және істің немен тынары туралы білім болмаса, онда оған бірер ұйғарымға келіп сену керек, яғни сенімге негізделген іс- әрекет мақсатқа жеткізеді. Білім негізделмей, сенімге негізделген іс- әрекет Пирстің жаңа философиялық доктринасының өзегі. Пирс адамның ой-санасының негізгі екі күйін-ахуалын айырады. Бірінші күйінде күмәншілік (сомнение) сана тартыншақ, көмескі, екі ұшты, әртүрлі пікірлердің арасындағы солқылдақ сана. Пирс күмәншіл сананың эмоциялық сипаттамасында ұмытпайды. Күмәншіл сана мазасыз, күйгелек дейді. Сенімнің күйінің эмоциялық сипаты жағымды, сабырлы, байсалды. Ал сенім субъектісі іс-әрекетке дайын, өйткені сенім тұрақты, үнемі жүріп жатады, тіпті дағдыға айналған. Адам (мүдделі адам) күмәндану жағдайынан құтылып сенімнің байсалды қалпіне жетуге талпынады. Біріншіден екіншіге ойлау арқылы жетеді. Ойдың жалғыз фүнкциясы тұрақты сенімге жеткізу.Сонымен бірге, адамдағы сенім тұрақты болса, онда ол оны ақиқат деп біледі. Дәстүрлі таным теориясының мақсаты – білім, ал ой ақиқат білімге жеткізетін жол. Прагматизмнің “мүдделі адамы” күмәнданудан босап психологиялық қанағат, эмоциялық тыныштық табады. Білім мақсат емес, “мүдделі адамға” тыныштық әкелетін сенім керек. Пирс танымды жоққа шығармайды. Танымның алғы шарты – құбылыс, көрініс. Ақиқат – сенімге негізделген білім. Ғылымда жеке ақиқат жоқ, ақиқат жалпыға бірдей болу керек. Ақиқатты осылай түсінуді, кейінгі прагматистер қабылдамады. Пирс көпқырлы ғалым: химик, астроном, логик, философ, математик, семиотика ілімін жасаушы. Негізгі еңбектері: “Сенімді бекіту”, “Біз идеяларымызды қалай айқын жасаймыз”. Джон Дьюи – американдық прагматистердің ең беделдісі. Дьюи, мектептің міндеті баланың басын толтыру емес, оның қабілетін ашуға көмектесу деп білген. Дьюи философиясының негізгі ұғымы – тәжірибе. Тәжірибе кең мағынада алынады, яғни адам өмірімен байланысты әлеуметтік, рухани, табиғи, мәдени көркем құбылыстардың барлығы да тәжірибе. Философияның міндеті және соның көмегімен тәжірибенің өзін жетілдіру. Дьюи, алдыменен әлеуметтік өмірді қайта құрып, адамдардың өмірін жақсарту деп түсінген болар. Адамның тәжірибесі (адамның өмірі) өзгерісте болғандықтан, айқын емес, тіпті кейде қатерлі, тұрақсыз. Тәжірибе тәуекелмен (риск) байланысты. Адам барлық істе, тұрақтылықты, айқындылықты қажет етеді. Жалпы, Дьюи абсолютті білімге, ақиқатқа қарсы. Кейбіреулер – дейді Дьюи, жетілген қоғамды, жетілген білімді және басқа да игіліктерді дайын күйінде алғысы келеді, өйткені олар адамның табиғаты өзгермейді деп сенеді. Шыңдығында адамның табиғаты құбылмалы. Дьюи, абсолютті ақиқат, яғни өзгермейтін, толысып біткен білім болмайды – дейді.Осындай пікір тек Дьюиге емес, барлық прагматисттерге тән. У. Джемс – физиолог, психолог, “Психология принциптері” атаулы еңбек жазған, Пирстің идеясын насихаттаушы, дамытушы ретінде белгілі. Өзінің философиялық дүние танымын “радикалды эмпиризм” деп атап, прагматизмді философиялық қиыншылықтан шығудың әдісі және ақиқат теориясы деп түсінген. Джемстің шығармалары: “Психологияның негіздері”, “Прагматизм”, “Плюралистік дүние”.
Көптеген экономикасы дамыған елдерде тұтынушылар нарықта ұйымдасқан топтар ретінде әрекет жасайды.Бұл тауар өндірушілердің және саудагерлердің әрекеттерін қиындатады.,себебі олар тұтынушылардың тек жеке ғана емес,сонымен қатар жалпы талаптарын ескеру керек.Тұтынушылар құқықтары абсолютті және дербес.Тұтынушыны алдау,тауар сапасын төмендету және т.б. әрекеттерді тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзу ретінде қарастыру керек.
Тұтынушылардың еркіндігін белгілейтін құралдардың ішінен тұтынушы өзіне керек деп есептейтін затты таңдап сатып алу,сатушыны және сауда орны мен уақытын ,басқа да сатып алу шарттарын еркін түрде таңдау- құқығы мен нақты мүмкіндігін айтуға болады.
Консьюмеризм дегеніміз тұтынушылардың өздерінің құқықтарын қорғауға және кеңейтуге,өндірушілер мен саудагерлерге әсер етуге жұмылған қозғалыс.
Тұнғыш рет тұтынушылардың құқықтары 1961 жылы АҚШ-та тұжырымдалған еді. Қазіргі кезде тұтынушылардың құқықтары (“тұтынушылардың жеті құқығы”) жете белгіленген:
1. Өзінің негізгі қажеттерін қанағаттандыру үшін көптеген ұсыныстардың ішінен тауарды таңдауға құқығы бар.
2. Тауардың қауіпсіздігіне және сатушы (өндіруші)ұсынысына сәйкес тауардың қажетті дұрыс орындауына талап қоя алады.
3. Тұтышушы дұрыс шешім қабылдау үшін тауардың негізгі сипаттамалары,сату орны, кепілдемесі және т.б. ақпараттар туралы мәліметті алуына құқығы бар.
4. Сапасыз тауардан қорғануға және оны пайдаланумен байланысы шеккен залал орнын толтыруға құқығы бар.
5. Талаптары тыңдалуға және өзінің мүддесін қорғау кезінде мемлекеттік және қоғамдық органдардан көмек алуға құқығы бар.
6. Тұтынушылық ағарту және жан-жақты білім мен дағды алуға құқығы бар.
7. Жақсы жне дені сау өмір сүру үшін қоршаған ортаның таза болуын талап етуге құқығы бар.
17.Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
Кәсіби этика – қандай да болсын кәсіптік қызметтің шығармашылық негізгі тірегі болып табылады. Кәсіби этика идеалдар мен құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері ретінде кәсіби мораль туралы ғылым, міндеттердің идеясы, этикалық принциптер мен өзін-өзі қажетті жағдайда ұстай білу нормалары туралы көрініс табады. Адамның өзін-өзі ұстай білуі сол кәсіптің мән-мағынасын көрсетіп, жұмыс жасау процесінде байқалатын және олардың кәсіби қызметінің аясынан шығатын адамдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кәсіби этика – бұл кәсіби топтың адамгершілік сана-сезімі, оның психологиясы мен идеологиясы.
Кәсіби этика, өз қызметінің шегінде жұмысшы бағынып, ұстанатын белгілі бір нормалар мен ережелердің жүйесі ретінде, өте ерте кезде, жеке білім саласы ретінде әлі қалыптаспаған кезде пайда болған еді. Мамандардың іс-әрекетіне байланысты құрылған алғашқы этикалық талаптардың қатарына б.з.д.
Кәсіптік этика (профессионалдық этика)- адамдардың нақты еңбек қимылдары шеңберіндегі этикалық принциптер мен нормалар анықтайды.
Медициналық этика. Гиппократ – дәрігер әр жағдайда әділ, әдемі және кең жүректі адам болуы керек деп айтқан.
Педогогикалық этика –басты мақсаты адамның ішкі рухани байлығына еркін еңбек тәрбиелеу арқылы ықпал жасау.
Әскери этика. Армияның әскери күшін нығайту мақстандағы оның басқару және ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Басқару этикасы – бұл профиссионалдық этиканың бір түрі. Басқару этикасы – ол басқару іс-қызметіне бағытталған., этикалық ұғымдар және тәрбиелік нұсқаулар жүйесі.
Педагогикалық еңбек - өзіндік қарым-қатынасты басқаратын қоғамдық өмірдің қажетті сферасы.