Психодиагностиканың оқыту пәні.

Психодиагностика - психологиялық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық психологияның негізгі формасы болып табылады. Практикалық психология адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін жасауы және қолданылуымен байланысты. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, психодиагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер,яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз.

Психодиагностика бір жағынан ғылыми-теоретикалық пән, сонымен қоса психолог атқаратын дәстүрлі тәжірибелік әрекеттердің бірі. Яғни, психодиагностика теория мен практиканы, тұлға туралы академиялық концепциялар мен оларды іс жүзінде зерттеуді байланыстыратын «көпір» деп айтуға болады. Осы жайлы Шмелев А.Г. былай деп жазады: «Психодиагностика- бұл ғылым саласы және адамның жеке дара ерекшеліктерін айқындау әдістерін жасап шығаратын және қолданатын психологиялық тәжірибенің өте маңызды формасы». Психодиагностиканың психологиялық тәжірибе түрі ретінде мақсаты – адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін айқындап, өлшеу болғандықтан, психодиагностиканың дифференциалды психологиямен байланысы түсінікті.

Билет

1.Мини – Мульт сұраулық(опросник)

Мини – Мульт сұраулығы ММРІ-дің қысқартылған варианты. Ол 71 сұрақтан , 11 шкаладан (оның ішінде 3 – бағалық ) ( Адаптация Ф. Б.Березина және М.П.Мирошникова )

Бірінші 3 бағалау шкаласы зерттелетін адамның шындығын өлшейді. Қалған 8-і негізгі деп саналып тұлғаның қасиеттерін бағалайды. Бірінші шкала астено-невротикалық типті зерттелетіннің тұлғалық қасиеттерін өлшейді. Екінші шкала зерттелетіннің социопатикалық вариантты тұлғалық деңгейге басымдылығын көрсетеді. Бесінші шкала бұл вариантта қолданылмайды 4-тен кейін бірден 6-шы қолданылады.

6-шы шкала зерттелетіннің өкпелегіштігін сипаттайды.

7-ші шкала күдікті типті тұлғаны зерттеуге қолданылады.

8-ші шкала эмоциональдық алшақтықтың дәрежесін өлшейді.

9-шы шкала тұлғаның гипертимдік түріне жақындығын көрсетеді,белсенділікті өлшейді.

Сұраулықты өткізу уақыты шектелмеген.

Нұсқау.

Сіз денсаулығыңызға және мінезіңізге қатысты тұжырымдамалармен танысасыз. Әр тұжырымдаманы оқып , өзіңізге қатыстысын шешесіз. Көп ойлауға уақыт бөлмеңіз. Ең бірінші келген шешім – ең дұрысы болады.

.2.В. К. Гайде, В. П. Захаров бойынша психодиагностикалық əдістер топтамасы:

1. Сапалық көрсеткіштеріне қарай: стандартты жəне стандарт- ты емес. 2. Қолданылу мазмұнына қарай: - жалпы диагностикалық (Р. Кеттелл жəне Г. Айзенк жеке адам типін зерттеу тесті; интеллектіні зерттеу тесті); - кəсіби қолайлылық тесті; - арнайы қабілеттілікті зерттеу тестері (техникалық, əуендік, ұшқыштарға арналған тестер); - жетістіктерді зерттеу тестері; 3. Зерттенушінің тірек материалдары бойынша: - бланктік; - заттық (КООС кубиктері, «Векслер жинағындағы пішіндерді жинау»); - аппараттық (зейін ерекшеліктерін зерттеуге арналған құралдар). 4. Зерттеушілердің санына байланысты: дара жəне топтық. 5. Жауап беру формасы қарай: жазбаша, ауызша 6. Бағыт-бағдарды тексеруге байланысты: жылдамдықты, күшті анықтауға арналған тесттер, аралас тесттер. Тесттегі тапсыр- малар күрделі жəне оны орындау уақыты шектеусіз; зерттеушіні жетістікпен қатар, тапсырманы орындау тəсілі де қызықтырады. 7. Тапсырманың біртектілігіне байланысты: гомогенді жəне гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір-біріне ұқсас, белгілі бір тұлғалық жəне даралық қасиеттерді өлшеуде қолданылады). 31 Гетерогенді тест тапсырмалары əртүрлі интеллект сипаттарын анықтауға арналған. 8. Жинақтылығы жағынан: оқшаулаған тесттер жəне тесттер жинақтары. 9. Тапсырмаларға жауап беру қасиеті бойынша: жауаптары бар немесе еркін жауап қайтаруға болатын тесттер. 10. Психиканы қамту ауданы: жеке тұлғаға бағытталған жəне ақыл-ой тесттері. 11. Ақыл-ой əрекеті сипаты бойынша: вербалды, вербалды емес.

Наши рекомендации