Психодиагностикалық әдістерге анықтама.
Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинады, дамыған эксперименттік әдістемелік аппараттарын қалыптастырды. Бірақ та осы эксперименттік фактілердің көп болуы психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуын тежеуі мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады. Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті, алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары, ұстанымдары анықталуы керек. Әдіснама – бұл шындықты ғылыми жолмен танудың және қайта өңдеудің әдістері, формалары, ұстанымдары туралы ілім. Теория - бұл қандай да болмасын жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау. Ұстаным – бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Ұстаным практикада, әдісте көрінеді. Ұстанымдар зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін қағидалары. Ал, әдістер ғылыми бағытқа байланысты, теорияға байланысты өзгеріп отырады. Әдіс - біріншіден оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншіден табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі ережелер жүйесі; үшіншіден, танымда және практикада белгілі нәтижелерге жетудің тәсілі. Әдіс-метод. Әдістеме - методика –бұл қандай да болмасын әдісті қолдануға мүмкіншілік беретін нақты тәсілдердің жиынтығы. Зерттеу процедурасы – бұл зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәсілі немесе зерттеу барысында талқыланатын барлық танымдық және ұйымдастырушы әрекеттердің реті. Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық ұстанымдардың 4 деңгейін бөліп көрсетуге болады:философиялық методологиялық принциптер деңгейі;
жалпы ғылымдық деңгейдегі ұстанымдар;жалпы психологиялық деңгейдегі ұстанымдар;нақты эксперименталды психологиялық деңгейдегі ұстанымдар.
Психологиялық зерттеу жүргізудің кезеңдері.1. Зерттеу бағдарламасын талдау:2. Эмпирикалық объектілерді анықтау:
Психологиялық зерттеу бағдарламасының тараулары: 1. әдіснамалық тарау – ғылыми мәселені, зерттеу мақсатын, міндеттерін анықтау; негізгі түсініктерді интерпретациялау, теориялық талдау жасау; болжамдарды шығару. 2. әдістемелік-процедуралық тарау - зерттеудің жоспары жасалады; қолданылатын әдістемелер анықталады.
Таңдау тобы - эмпирикалық зерттеу жүргізілетін генералды жиынтықтың бір бөлігі. Таңдау тобында алынған мәліметтер тұтастай генералды жиынтыққа ауыстырылады. Ол үшін таңдау тобы репрезентатаивті болуы қажет, яғни генералды жиынтықтың сипаттары таңдау тобында көріну керек. Таңдау тобының негізінен екі түрі болады: кездейсоқ және мақсатталған.
Психологияда адамның психологиясын зерттейтін негізгі әдіс деп айтады. Психологияда адамның психикасын зерттейтін бірнеше әдістер бар. Оның бірінші тобы негізгі әдіс, екіншісі қосалқы әдіс.
Байқау әдісі- белгілі бір жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойынша зерттеуші адамның іс-әрекетіне тікелей араласпай-ақ жүреді. Бақылауға алған адам ол туралы білмеуі керек. Егер де өзін зерттеп жүретін білсе адам өзінің қасиетін жасады. Байқаудың арнайы жоспары болады. Жоспар бақылаушылардың барысымен сәйкестігін салыстыру керек. Міндетті түрде байқау күнделікті жүргізеді. Байқау күнделігінде тек факторлар емес, болып жататын жағдайлардың бәрі тіркелеуі керек. Күнделікті жазылмаса фактілерді қорытындылап бағалауға және әр түрлі себепті ажыратуға болмайды. Бақылау әдісі арқылы жекелеген психологиялық қасиеттерді, ерік пен сезімді психологиялық жағдайды байқап көруге болады. Сонымен қатар зерттеушынің қимыл қозғалысы, мимикасы, сөз реакциясы, мінез-құлқы түгелдей байқалады. Бақылауды жаппай немесе ішінара жүргізуге болады.
Анкеталық зерттеу әдісі. Зерттелетін адамға арнап құрылған бірқатар мазмұнды сұрақтарға жауап жаздырады да, сол жазбаша жазылатын жауаптарға белгілі қорытынды жасап тиянақты пікірге келуге болады. Бұл әдістің бір ерекшелігі сұрақты құрмас бұрын баланың жас ерекшелігін ескеру керек және сұрақтың мазмұнын айқын дұрыс жауап беретіндей құрылуы керекТестілік әдіс- тесталық сынау, яғни тексеру, көру мағынасын береді. Бұл арқылы тексеріп отыратын адамның билігін, іскерлік жағынан, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін психикалық процестердей сапаларын қатынасын анықтау үшін мамандыққа деген қабілетін арнау үшін жүргізуге болады.Қызмет нәтижесін зерттеу әдісі. Мұнда әр адамның шама-шарқы, ептілік дағдысы, жұмысқа құлқы, қабілеті мен білім деңгейі психикалық процестің өзгешеліктерін ашуға мүмкіндік болады. Мұнда оқытудың әр түрлі іс-әрекеті қорытындысынан көруге болады. Оқушының іс-әрекетін, шығырмашылығы, бақылау жұмысы, сызған чертіждері мен суреті еңбек сабағы ағаштан, темірден тастан құрастыра, жаппау илеу жұмысы нәтижесі, қыздардың тіккен кестесі. Осылардың орындау нәтижесінен баланың психикалық дәрежесі туралы белгілі қорытындыға келуге болады.
Социометриялық әдіс Бұны әлеуметтік өлшемі әдісі деп те атайды. Бұл тарихи жағдайдағы эксперименттың бір түрі. Мұнда адамның жеке бас ерекшеліктері мен колектив мүшелерінің арқасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Қолданылатын негізгі тәсіл-өзара таңдаудың әр түрлі формалары қолданылады. Зерттеудің барысында зерттелетін адам өз пікірін жасырмай айтуы керек. (Не коллектив мүшелері мүшелері қалағанын) Ол үшін әдісті табиғи жағдайда жүргізеді. Ол үшін жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Әр сұрақ қатан зерттеу жұмысын жүргізгенде социаграммалақ таблица, карта жасалады. Осы картаға түскен таңдау санының қорытындысына қарай топ ішінде кімнің беделі жоғары немесе кімнің төмен себебін анықтап, топтағы баламен әр түрлі жұмыстар жүргізуге болады.
Биографиялық әдіс- биографиялық әдістің мәні жеке адамның психологиялық ерекшелітерін бейнелеп көрсетуге болатын өмірбаянның өзгешеліктерімен талдау жасап жинап қорытынды жасаумен күнделік жазбалары, хаттарының өмірбаянын анықтайтын мәліметтер, оны танитын адамның есінде қалған мәліметтер негізінде жүсеге асады. Биографиялық әдістің ерекшелігі бақылауды сырттай білу үшін іс қағазға, өмірбаянына сын көзбен қарап, тереңірек ұқыппен қарауды талап етеді. Жеке адамның психологиялық ерекшелігін зерттеп білу үшін сол адамның өз өмірбаяны туралы, жазған мәліметтерін пайдалануға болады. Сонымен, қатар бақылау және эксперимент әдісі арқылы алынған мәліметке де сүйену.
Диагностикалық мектептегі психологиялық қызметтегі негізгі, басты міндеті – балаларды бір –бірімен салыстыру емес (бірақта бұл өте қажет), тек нақты бір баланың ішкі әлеміне енү, кіру керек. Практик психологтың алдында мындай міндет тұр, ол нақты бір баланың танымын және қиын білім әлемін қабылдауын, әлеуметтік қарым – қатынасын, басқа адамдарды және өзін қабылдауы, қалай мектеп оқушысының нақты қарым – қатынасының, оның индивидуалдылығының дамуын зерттеу болып келеді.
Диагностика жұмысын жүргізгенде, психологияның проблеманы аңықтау ептілігі болу керек, дұрыс сұрақ қою керек, қатысушылардың, яғнимуғалімдерден, ата – аналардан керекті ақпарат алу керек және сол ақпараттын анализ жасап тұжырымды қортынды шығару керек.
Мектеп психологиясының диагностика – коррекциялық іс-әрекетінің процедурасы өте әлсіз өңделінеді. Мұндай процедураны бірінші рет Л.С: Высотский педогогиялық зерттеу жүйесі ретінде, қиын тәрбиеленетін және қалыпсыз балаларды зерттеу жұмысында алған. Осы жүйе – негізінде Й. Шванцара өзінің эксперементалды – психологиялық тәсілін өңдеп шығарды, тұлға даму дианостикасында. Американ әдебиетінде де мектеп психолоының диагностикалық жұмыс қадамы көрсетілді.Психотерапия мен психокоррекцияның әдістеріне:аутогенді жатығулар;психологиялық тренинг түрлері;психотехникалық тапсырмалар мен ойындар;
дәстүрлі пән бойынша оқытудың әр түрлі формалы (мәтінді жылдам, мәнерлеп оқуға, жаттығуға т.с.с.) үйрету жатады.