Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
Корсаков психозы. Созылмалы алкогольді энцифалопатияның бір формасы корсаков психозы болып табылады.
Бұл аурудың негізгі белгілеріне амнестикалық синдром (парамнезиялармен - конфабуляция және псевдореминисценциялармен бірлескен фиксациялық және ретроградты амнезия) және полиневритжатады.
Корсаков психозы өзінің алғашқы суреттемесінен кейін 100 жыл ішінде белгілі бір патоморфоздан өтті, және қазіргі уақытта полиневриттің айқын көріністерімен жүрмейді.
Корсаков психозы, ереже бойынша, алкоголизмнің соңғы сатысында пайда болады. Оның басты белгісі - фиксациялық амнезия. Науқас жаңа ақпаратты игеріп, бекіте алмайды алмайды, мысалы, өзімен сөйлесіп отырған дәрігердің есімін, бүгінгі күнді, айды және т.б. Сонымен қатар, парамнезиялар жиі бақыланады. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде науқас қиялдан шыққан жиі фантастикалық сипаттағы (конфаблуляциялар) ақпарат береді, немесе қазіргі болып жатқан жағдай орнына бұрынғы өтіп кеткенді әңгімелейді (псевдореминисценция).
Алкогольді интоксикация жалғаса берген жағдайда психоз ағымы үдемелі, ал алкогольды қолдануды тоқтатқан кезде – үдеудің айқын белегілері болмайды немесе регредиенттілікке тенденция пайда болады.
Емі. Корсаков психозы кезінде авитоминоз белгілері бақыланатындықтан, витаминотерапияға көп көңіл бөлінеді (В тобының витаминдері). Бұл кезде В витаминінің дозасы тәулігіне 1г-ға және одан да жоғары дозаға дейін жетеді. Витаминдер көктамырға енгізіледі (40% глюкоза ертіндісінде 6% 5мл В1 витаминінің ертіндісі, 3мл 5% аскорбин қышқылы ертіндісі және РР витаминінің 1мл 1% ертіндісі). Бұлшық етке тәулігіне 3 ретке дейін В6, В12 және РР витаминінің комплексі егіледі.
Мидағы метаболиз үрдісін қалыптастыратын препараттар тағайындалады: аминалон - тәуліктік дозасы 2 г, емделу курсына 1000 таблеткаға дейін, пирацетал тәулігіне 1,2 - 2,4 г әрқайсысы 3 айдан тұратын бірнеше курс.
Алкогольді жалғансалдану.Бұл созылмалы алкогольді энцефалопатияның салыстырмалы түрде сирек кездесетін ауыр формасы. Оның клиникалық көрінісі үдемелі салдануға ұқсас болып келеді. Бұл аурудың даму негізінде де В тобы витаминдарінің жетіспеушілігі жатыр.
Мұндай аурулардың психикалық жағдайында зейін концентрациясының бұзылуы, қажу, айқын фиксациялық гипомнезия, конфабуляция көрініс береді. Сонымен қатар, фрагментті ұлылық сандырақтық идеялары бақылануы мүмкін.
Неврологиялық бұзылыстар әрқашан бақыланады: дизартрия, патологиялық рефлекстер, аяқ-қол салдануы. Бұл бұзылыстар өте тұрақты, сондықтан емделуі қиынға түседі.
Гайе-Вернике энцефалопатиясы. Бұл созылмалы алкогольді энцефалопатияның аса сирек кездесетін формасы. Бұл аурудың жедел формасы алкогольді делирийдің ауыр формасына ұқсас. Емі ауыр алкогольді делирий кезіндегімен бірдей.
Гайе-Вернике энцефалопатиясының жеделдеу және созылмалы түрінде шатасумен сана өзгерісі, сөз-қимылдық қозу, абортивті делириоздық құбылыстар, эпилептиформды ұстамалар, корсаков типі бойынша ес өзгерісі және неврологиялық бұзылыстар: атаксия, экстрапирамидалық симпотоматика, көз қозғалтқыш фукция бұзылысы бақыланады.
Тарау.
ЗГЕ ИНТОКСИКАЦИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Ағзаға сырттан токсикалық заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын психикалық бұзылыстар, негізінен экзогенді реакция типімен көрініс береді.
Улану кезінде психикалық бұзылыстардың пайда болуы мен көрінісі токсикалық заттың мөлшеріне, оның ағзаға, ең бастысы ОЖЖ-не әсер ету ұзақтығына байланысты. Бұл кезде тұлғалық ерекшеліктер мен қосымша патогенді факторлар (психикалық және физикалық жарақат, денсаулықты әлсірететін басқа да жағдайлар) маңызды рөл ойнайды.
Интоксикациялық әсердің 2 типін ажыратады: жедел және созылмалы. Реакцияның экзогенді типі жиі жедел улану үрдісімен бірге жүреді. Психоактивті заттар ағзаға созылмалы әсер еткенде (орталық жүйке жүйесінде жиналады) наркомания немесе токсикомания түзілуі мүмкін.