Периодонт патологиясын біріншілік және екіншілік алдын-алуда ауыз қуысының жеке гигиенасы
Жеке гигиена деңгейін жоғарылату үшін стандартты шаралар жүргізеді:
1) ауыз қуысының жеке гигиенасының сапасын анықтау (науқас өз үйреншікті стилінде тістерді тазартқаннан кейін жүргізіледі);
2) ауыз қуысы гигиенасына қатысты науқастың (оның отбасының) дағдылары мен білімінің деңгейін анықтау (анамнез мәліметтері және өз бетімен тазартуды бақылау негізінде жүргізіледі);
3) науқастың (және оның отбасының) интеллектуальды, физикалық және әлеуметтік-экономикалық потенциалын анықтау;
4) науқастың қажеттіліктері мен мүмкіншіліктеріне бірдей гигиенаның заттары мен әдістерін таңдау;
5) өзіне көмек жасауға науқастың (және оның отбасының) мотивациясы;
6) науқасты (және оның отбасын) ауыз қуысының үй гигиенасы әдістеріне мүсінде және ауыз қуысының бақыланатын тазартуы барысында үйрету;
7) оқыту нәтижелерін бақылау, үй гигиенасындағы зияндыларын дұрыстау.
Периодонт патологиясын біріншілік алдын-алу мақсатымен үйгигиенасын өткізу үшін алдында жазылған негізгі гигиеналық заттар мен әдістер ұсынылады, айқын патологияның симптомдары болған кезде – науқастың проблемаларына бейімделген арнайы.
Периодонт патологиясы бар науқастарға ремиссия кезеңінде орташа қаттылықты қылы бар, өршу кезеңінде және оперативті кірісулерден кейін – жұмсақ қылы бар щеткаларды қолдану ұсынылады. Периодонт патологиясының бастапқы белгілері бар адамдарға щеткамен тістерді тазартудың негізгі әдісі Басс әдісі болып табылады; қызылиектің рецессиясы кезінде Стилмен әдісі, патологиялық қалталар және тістер арасында үлкен тремалар болған кезде – Чартер әдісі ұсынылады.
Периодонт патологиясын біріншілік және екіншілік алдын-алуға арналған тіс сықпалары, шайғыштар, эликсирлер және гигиенаның басқа заттарының құрамында антисептиктер (хлоргексидин, триклозан, фенолдар және басқалар), макро- және микроэлементтер, тас түзу қарқынын төмендететін және биологиялық белсенді заттар болады.
Тіс тасының түзілуіне кедергі жасайтын агенттер. Жоғары тас түзуге бейім адамдарда тіс тіндерін механикалық өңдеудің агрессивтілік дәрежесін төмендету үшін соңғы уақыт гигиена заттарының құрамына тіс жұғындыларының қатаюын болдыртпайтын химиялық заттар кіргізеді:
· еритін байланыстарының ішінен мырыш иондары (лактат, цитрат) кальций фосфатымен хелатты байланыстар түзуге және осылайша оның тіс жұғындысының матрицасына преципитация қарқынын төмендетуге қабілетті;
· лимон қышқылы хелатты қасиеттерге ие (кальций иондарын байланыстырады) және кальций байланысының преципитациясын болдыртпай рН өзгертеді;
· дифосфонаттардың фосфатты топтары кристаллдар өсуінің белсенді орталықтарында басқа иондармен бәсекелеседі және осылайша олардың одан әрі өсуін тежейді;
· пирофосфаттар кальций фосфатының аморфты, бос шөгуінің кристаллды қатты түрлерге айналуы үрдістерін ингибирлеуге, сонымен қатар қалыптасқан тастың минеральды құрылымын модификациялауға қабілетті, осымен оның механикалық қаттылығын төмендетеді.
Табиғи текті жиынтықты минеральды тұздар – теңіз және көл балшықтары (ащы сулар), олардан экстракттар (пелоидин) – алмасу үрдістерін қалпына келтіреді, қышқылды-негізгі балансты сілтілі деңгейде ұстап тұрады, осылайша ауыз қуысының қатты және жұмсақ тіндерінде физиологиялық үрдістер үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Минеральды жиынтықтардың, сонымен қатар асқа салатын тұз бен тағам содасының жоғары концентрациясы периодонт тіндерінде қанайналымды жақсартады, қабынған тіндерден экссудаттың шығуын ынталандыра отырып, жансыздандырғыш және гипертоникалық әсерді қамтамасыз етеді. Белгілі шамада минеральды тұздар тіс жұғындыларының жоғары түзілуіне кедергі жасайды, өйткені сілекей бөлінуді ынталандырады, бұл ауыз сұйықтығы тұтқырлығының төмендеуіне әкеледі.
Биологиялық белсенді қосымшаларға ауыз қуысында трофикалық үрдістерді жақсартуға қабілетті, гемостатикалық, қабынуға қарсы, жараны жазатын әсерлер көрсететін табиғи текті препараттардың үлкен әр текті тобын жатқызады. Периодонт тінінде және кілегей қабықта алмасу үрдістерін қалпына келтіру, регенерация үрдістерін ынталандыру үшін бүрген препараттары тағайындалады – каротолин, А, Е, С дәрумендері. Көк-жасыл балдыр спирулинаның биомассасы – ауыз қуысы тіндерінің резистенттілігін жоғарылатуға септігін тигізетін, каротиноидтарға, В тобының дәрумендеріне, ақуыздарға, минеральды тұздарға бай өнім. Қоңыр балдыр ламинария сол мақсатта және микробқа қарсы әсерді әр түрлі микроэлементтер, соның ішінде йод көрсетеді. Пурпурлы эхинацеяның экстракты микроэлементтер көзі және иммуностимулятор болып табылады. Жиынтықты қасиеттерге – антисептикалық, эпителизациялық – фенхель тұқымдарының, сәбіздің, жүзімнің, аршаның, женьшен түбірінің, шалфей шөбінің, дәм қабықтың, қалампырдың, лимон және бұрыш жалбызының, базиликаның, жолжелкеннің, шпинаттың, петрушканың, сельдерейдің, зімбірдің, қазотының, эвкалиптің, шай қурайдың, софордың, түймедағының, календуланың, шалфейдің, ақшешектің экстракттары, зиренің майлы сығындылары, австралия шай ағашының майы ие. Гемостатикалық әсер үшін қалақайдың, ақшешектің, шырша және қарағай қылқанының, емен қабығының препараттары қолданылады. Өсімдік препараттарының жиынтықтарын емдік-алдын-алу және емдік тіс сықпалары, сонымен қатар бальзамдар, шаюлар, тіс майлары құрамына енгізеді, мүмкіншілігінше ауыз қуысы тіндерімен бұл белсенді заттардың ұзақ өзара әрекетін қамтамасыз ете отырып, оларды үй оральды гигиенасының ақырғы сатысында қолданады.